Пестицидтердің
мәдени шаруашылықтың нәтижесі
деп қарастыру керек.Оларды адам
қолдан жасаға жасанды жүйелерде
(агроценоз) немесе өздігінен
реттелу механизмдері (го-меостаз)
бұзылған табиғи экожүйелерде қолданылады.Кейде
пестицидтерді тұрақты табиғи даму кезіндегі
жекеленген ағзалардың шектен тыс көбейіп
кетуін басу үшін де пай- даланады.Бұл
құбылыс әсіресе орман экожүйелерінде
жиі байқалады.
Ғалымдардың
болжамы бойынша пестицидтердің
көмегімен адамның және үй
жануарларының шамамен 30 ауруының
алдын алуға 25 млн. Адамныңөмірін
сақтауға және 1 млрд.-қа жуық ауруларды
болдырмауға қол жеткізілді.
Пестицидтерді
қолдану толығынан дерлік мына ауруларды
безгек,кене энцефалит,туляремия және
т.б. жоюға мүмкіндік берді.
ФАО мәліметтері
бойынша дүние жүзінде өсімдік
аурулары, арамшөптер мен зиянкестерден
жыл сайын шамамен өнімнің 35%-ы
шығын болады.Оның ішінде дамушы елдерде
арамшөптер мен зиянкестерден өнімнің
50%-ы,ал дамыған елдерде шамамен
15%-ы жойылады.
Пестицидтерді
қолданудың экалогиялық зардаптары.Есептеулер
қоршаған ортаға енгізілген улардың
тек 1%-ы ғана олар қарсы пайдаланатын
ағзалармен тікелей жанасатынын
көрсетті. Ал қалған массасы қоршаған
ортаның әртурлі звеноларына
түседі.Олардың әсері ізсіз кетпейді.
Пестицидтердің
экалогиялық зияндылығы негізінен
олардың улылығына,өмір сүру уақытына,
жеке ағзаларға таңдамалы түрде
әсер етуіне және ортада өзгеруіне
байланысты болады.
Белгілі
ДДТ препараты уллтракүлгін сәулелердің
әсерінен басқа тұрақты және
улы көмірсутек-полихлорлы бифенилге
(ПХБ) айналады.Бұлзаттың ДДТ
тәрізді өмір сүру уақыты үлкен,
қоректік тізбек буындарына жиналады
және көбею мүшелерін зақымдайды.
Пестицидтерге
тірі ағзаларға таңдамалы түрде
әсер еткенімен, бұл таңдамалылық
салыстырмалы болып табылады.Пестицидтердің
ішінде тек бір ағзаларды ғана
жоятындары жоқ. Олар әсіресе
жүйелік жағынан жақын ағзаларды
жояды.Оның үстіне пестицидтердің
көректін тізбектегі концентрациясы
артады.(29-сурет).
26-сурет.Қоректік тізбектегі ДДТ-ның
биологиялық жиналуы
(консентірленуі)(С.В. Алексеев бойынша)
Экалогиялық
жағынан, әсіресе, жылдан-жылға пестицидтерді
пайдалану көлемінің артуы қауіп
туғызып отыр.Бұл тек өңделетін
жерлердің артуы мен ғана емес,
ағзалардың пстицидтерге үйренуімен де
байланысты. Уақыт өтуіне қарай бірдей
нәтиже алу үшін пестицидтерді көп
қолдану қажет.
Адам қоректену
тізбегінің жоғары деңгейінен қоректік
заттар алады.Сондықтан, пестицидтер
мен олардың туындылары адам ағзасына
жоғары консентірленген түрде түседі.
Дүние жүзінде жыл сайын шамамен
500 мың адам пестицидтерден зардап шегеді.
Пестицидтерді
қолданудың белгілі бір сатысында
адам өзі зиянкестердің көбеюін
туғызады.Бұған жылдам бейімделуден
басқа,олардың бәсекелестерін немесе
жыртқыштарын жою әсер етеді.
7.5.Биологиялық күресу әдістері
Адам үшін кажетсіз түрлердің
санын реттеудің биологиялық
әдістері биология мен экалогияны
білуді талап етеді. Биологиялық
агент ретіне антогонист-ағзалар
немесе олардың тіршілік өкілдері;экожүйелерге
және алынытын өнімге зиян тигізбейтін
кейбір заттар мен агротехникалық заттар
қолданылады.
Пестицидсіз
техналогиялар ауыл шаруашылығында
кеңінен таралып келеді. Бұл кезде
пестицидтермен қатар минералдық
тыңайтқыштар,өсуді жылдамдататын
заттар және т.б. қолдану да
кемиді.Шет елдерде өнім химиялық
қүралдарсыз өсірілетін шаруашылықтарды
органикалық фермалар деп атайды.Мұндай
өнімнің бағасы жоғары болса
да,оған деген сұраныс көп.Бір
қатар елдерде (Швеция, Голландия,
Венгрия , Дания және т.б.) улы
химикаттарды пайдалануды кеміту
бағдарламалары жүзеге асырылуда.
А.Б.
Яблоков (1990) ағзалардың санын
реттеудің биологиялық және басқа
да химиялық емес шараларының
жүйесін ұсынды.Мысалы:
1. Зиянды түрлердің жыртқыштқыштары
мен паразиттері, оларды қолдан
өсіру және экожүйеге енгізу.
Оларға құмырсқалар, паразит-бунақденелілер,
ызылдауықтар,қансыз және т.б.
жатады.Дүние жүзінде қазір шамамен
300-ге жуық антогонист-ағзалардың
түрлері өсіріледі.
2. Вирустық және бактериялық препараттар.
Мұндай препараттардың үлесі
зиянды түрлермен күресудің биологиялық
құралдарының шамамен 10%-ын құрайды.
3. Популияцияға ұрпақ бермейтін
немесе ұрпағында өміршең емес
қатарлар беретін даралар енгізу.Қазір
осы генетикалық әдіс кеңінен
қолданылып келеді. АҚШ-та аталықтарды
толық ұрықсыздандыру әдісі кеңінен
қолданылады. Олардың табиғи популияцияларға
енгізеді.Шағылысу болғанымен ұрықтану
болмайды.
4. Жануарлардың белгілі бір даму
кезеңдерін үзу немесе қорқыту
мен өзіне көңіл аударатын
табиғи заттарды қолдану не
оларға ұқсас заттарды қолдан
жасау.Бұл заттарды феромондар
деп атайды (грек тілінен аударғанда,
фереин-ауыстыру,ормон-қозу). Әсіресе,
ферромондардың бір тобы-жыныстық
атрактанттар кеңінен қолданылып
келеді. Бұл заттар басқа жыныс
дараларын өзіне тарататын заттар.
Ферромондарды кейде бунақденелілердің
жекелеген даму кезеңдеріне кедергі
кетіру үшін де қолданылады.
Мысалы, ферромондардың біреуі жұлдызқұрттың
қуыршаққа айналу кезеңін болдырмайды.Басқа
кезеңдерге де әсер еттетін
заттар бар.
5. Тек белгілі бір өсімдік
түрлерімен ғана қоректенетін
жануарлар. Егер мұндай өсімдік
арамшөп болса, онда жануарлар
оларды жоюды да, ауыл шаруашылық
дақылдарына тимейді.
6. Табиғи пестицидтер ( негізінен
инсектицидтер). Мұндай препараттарға
темекінің сөлі, ұнтағы, қызанақ,
сарымсақ, түймедағы және т.б
өсімдіктер жатады. Қазір биологиялық
табиғаты бар 800-дей пестицидтерді
ауыстыра алатын заттар бөлініп
алынған. 200-ден астамы қолданылуда.
7. Пестицидтік қасиеті бар физикалық
препараттар.Мысалы, бунақденелілермен
«диатомды топырақпен» күресу
әдісі белгілі.Бұл диатомды балдырлардан
алынған өте ұсақ шаң. Мұндай
шаң бунақденелілердіңтрахеясын
тыныс алу кезінде жауып қалады.
8. Белгілі бір зиянкестерге
тұрақты қол тұқымдарды шығарудың
селекциялық әдістері. Мысалы, АҚШ
ғалымдары тегіс жапырақты мақта
сортын шығарған. Ол өсімдікке
бунақденелінің жұмыртқасын бекітуге
мүмкіндік бермейді. Фитофторға
тұрақты картоптың тұқымдары
шығарылған. Өкінішке орай өнімділігі
жоғары өсімдік тұқымдары
зианкестермен ауруларға тұрақтылығы
төмен болуымен сипатталады. Ағзалардың
зианкестер мен ауруларға
тұрақтылығын артыруға мүмкіндік
беретін гендік инженрия әдістері
қолданылуда. Адамға қажет ағзаға
қорқыту немесе улы (пестицидтік)
қасиеті бар бөтен гендерді
енгізу. Мысалы, томаттың тұрақтылығын
оның геномына зианкес бунақденелілердің
жұлдызқұрттарын өлтіруге қабілетті
ақуыз синтездейтін бактериялдық
генді енгізу.