Жердегі су қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 16:31, реферат

Краткое описание

Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985 мың км3.Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп су бетіне жайсақ, оныі қалыңдығы шамамен 2,5км болар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең терең максималдық тереңдік 11022 (Мариан шұңғымасы).
Жердегі судың басым көп бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97,5 % үлесін құрайды, бірақ тұщы судың көлемі де өте көп. Оның мөлшері 35 млн км2-ге тең.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жердегі с қор1.docx

— 34.66 Кб (Скачать документ)

     Ормандардағы көмірқышқыл газының орасан көп мөлшерінің концентрациясы ағаштар биомассасының үлкен болуына байланысты. Жер шарының өсімдіктерінде жиналған көміртегінің бүкіл массасының  92%-ы орман экожүйелерінде жиналған.Құрлықтың басқа жүйелерінде көміртегінің тек шамамен 7%-ы ал мұхиттың өсімдік ағзаларында – 1%-дан кемі шоғырланған. Көміртегінің көп мөлшері ормандардың өлі органикалық затында (детрит), топырақ гумусында және орман батпақтарының торфтық қабатында сақталған. Сондықтан, көміртегіні байланыстыру процестерін жылдамдату үшін ормандардың ауданын кеңейту мен өнімділігін арттыру шаралары қолға алынуы қажет.

       Өкінішке орай қазір жер шарында ормандардың ауданы мен биомассасының кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртектік функциясын ғана емес, басқа да көптеген функцияларының орындалуына әсер етеді.

       Ормандардың ауа тазартудағы қызметі. Атмосферадағы көміртегі балансына әсер етумен қатар, ормандар ауадағы басқа да бөгде заттарды жоюға қабілетті. Ауаны ластаушы заттардан тазарту оларды сіңіру арқылы да  (бірінші ретті), физикалық тұндыру (екінші ретті) арқылы да жүзеге асырылады.

       Өсімдіктердің бірінші ретті қызметі ластаушы заттарды, соның ішінде улы заттарды (күкіртті ангидрид (SO2)) денесінде жинауы арқылы көрінеді. Улы заттар кейін топыраққа түскен жапырақтармен немесе басқа жолмен ағзадан шығарылады. Мәліметтер бойынша 1 кг жапырақ маусымда 50-70 г күкіртті газ, 40-50 г хлор және 15-20 мг қорғасынды сіңіре алады. Азоттың қос оксиді және аммоний тұздары түріндегі қосылыстары аз мөлшерде сіңіріледі де, тамырдан тыс үстеме қоректендіру (жапырақ арқылы) факторы болып табылады. Бірақ бұл заттардың артық мөлшері, басқа да ластаушы заттар тәрізді өсімдіктердің тұрақтылығын төмендетіп, оларды уландырады.

      Екінші ретті қызметімен негізінен ауадағы бөлшектерді тұндыру байланысты. Бұл процесс құрғақ күйде де (ауырдың күшінің әсерінен), ылғалды атмосфералық жауын-шашында немесе су буында еріген күйде де жүруі мүмкін. Орман алабында орманды емес жермен салыстырғанда ауаны тазарту интенсивтілігі 20-30 есе жоғары болады. Ауа жоғары дәрежеде шаңданған кезде, 1 га орман жылына 50-60 т шаңды сіңіріп, тұнбаға түсіре алады. Танап қорғайтын орман белдеуі ауаны топырақтың желэрозиясының өнімдерінен тазартуында осы эффект қолданылады.

     Орман шуды кемітеді, дыбыстың таралу қашықтығын төмендетеді. Өсімдіктердің ластаушыларды нейтралдауы мен олардың өсімдіктердің тіршілік қызметіне зиянды әсер етуі қатар жүреді.

    Ормандардың климаттық және метеорологиялық қызметі. Ормандар метеорологиялық факторларға да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Метеорологиялық көрсеткіштердің өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты, егіс танабын, жолдарды, тұрғылықты жерлерді қорғауды пайдаланылады.

   Орман мен ашық жерлерді ауаның температурасы мен ылғалдығы арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Тек жазда ашық ауа райы кезінде ғана ормандарда 2-5○С төмен болуы мүмкін. Орташа алғанда жазда орманда 1-2○С ғана салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.

    Ормандар күн радиациясына көп әсер етеді. Ашық жердегі күн радияциясын 100% деп алсақ, онда орманның жарық сүйгіш өсімдіктер (қарағай, қайың, және т.б.) белдеуіне 10-15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен тұратын (шырша, самырсын) орман белдеуіне тек 3-5% ғана жарық түседі.

     Орманда ауа мен топырақтың жоғары қабатында ылғалдылық жоғары болады. Орман астындағы топырақтың терең қабаттары болса, шөптесін өсімдіктер бірлестігімен салыстырғанда құрғақ.

    Орман өзінен алыс жатқан жерлерге де әсер етеді. Орман белдеуінің шекаралас жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі ағаштардың биіктігіне, тығыздығына байланысты.

    Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтағы су деңгейінің ормандардың болуына тәуелді екенін байқаған.Әсіресе, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ормандар мен су мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Орман грунт суларымен қоректендіреді. Олар беттік су ағысының көп мөлшерін жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендерді қоректендіре отырып, олардағы су деңгейінің қыс пен жазда жоғары болуын қамтамасыз етеді. Көктемде және жаздың жауын кезінде өзендерге су ормансыз жерлерден беттік ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ эрозиясының өнімдері мен басқа да агенттермен ластануына әкеледі. Ормандардың грунт суларын арттырып, беттік ағысты кемітуінің негізгі себебі, ондағы топырақтың су өткізгіштігінің жақсы болуына (жабын қабатымен, тамырлармен қопсытылған) және оның бетіне ылғалдың біртекті түсуіне байланысты.

    Ормандар күшті эклжүйе ретінде өздігінен тазару мен техногенездің бұзушы күштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.

    Орман экожүйелер ластанған суларды тазарту үшін де қолданады. Ені 30 м орман белдеуі арқылы өткен суда аммоний тұздарының мөлшері 5 есе аз, SO2 – 6 еседен астам, фосфор менкалий 10 есе кеміген.

    Орман экожүйеллері судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне қолайлы әсер етеді. Егіс танабынан алынған жауын суының коли-индексі (1 л судағы ішек таяқшасының саны) 18-ге тең, ал 45 метрлік орман белдеуі арқылы өткенде 9-ға дейін кеміген. Судың мөлдірлігі 5 есе артқан.

   Орман кесілгенде. Оның с у  қорғау және басқа да қаситтері  жойылады. Екінші реттік су сукцессиясы  нәтижесінде орман қалпына келсе,  бұл қасиет те қалпына келеді.

    Өсімдіктердің тікелей су қоймасындағы  суды тазартудағы маңызы зор.  Америкада осы мақсатта гиацинттердің  бір түрі қолданылады.Бізде шахталар  мен шайынды суларды тазалауда  қамыс, рогоза пайданылады.

   Антропогендік қысым жағдайында ормандардың тұрақтылығын сақтау мәселесі. Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануы мен тұрақтылығының төмендеуімен, жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының жалпы зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс-шаралары төмендегідей:

  1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид пен оның туындыларымен ластануы болады. Сонымен қатар азот тотықтары, фтор, хлор фотохимиялық смог өнімдері де айтарлықтай зиянды әсер етеді.
  2. Улы заттар өсімдіктерге де құрңақ тұнбалар түрінде, не қышқыл жауын-шашынға айналғанда әсер етеді. Ең алдымен ассимиляциялаушы аппарат зақымданады. Сонымен қатар токсиканттар, әсіресе қышқыл жауын түрінде өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінен биогендік және басқа да заттардың сілтенуі, топырақтың қышқылдануы, тамыр жүйесінің улнуы мен бұзылуы арқылы әсер етеді. Жер асты мүшелеріне минералдар мне қосылыстардан токсинаттардың әсерінен бөліп шығатын алюминий күшті уландырғыштық әсер етеді.
  3. Улы заттардың өсімдіктері әсері баяу улану немесе кую түрінде болуы мүмкін. Олардың жойылу да баяу немесе бірден болуы мүмкін.
  4. Улануға және жойылуға көбінесе қылқанжапырақты ормандар ұшырайды. Бұл құбылыстың себебі – ұзақ өмір сүретін қылқанның улануы. Сондықтан қылқанжапрақты ағаштардың зақымдануының бірінші белгілеріне қылқанның өмір сүру уақытының кемуі мен ағаш қылқандары санының кемуі жатады. Тұрақты түрлерге көгілдір шырша жатады. Сондықтан бұл ағашты қалаларда жиі өсіреді.
  5. Жалпақжапырақты ағаштардан улы заттардың әсерінен емен, бук және басқа қатты сүректі ағаштар тез зақымдалады. Жұмсақ, жапырақты ағаштар (қайың) тұрақтырақ. Сондыұтан қалаларда, өндіріс орындарының айналасында олар қылқанжапырақты ормандарды ауыстырады. Өте күшті ластанған жерлерде жапырақты ағаштарды жағдай талғамайтын шөптесін өсімдіктер алмастырады.
  6. Улы заттарға қыналардың сезімталдығы жоғары. Оларды ластанудың индикаторы ретінде пайдаланады. Токсиканттар мен көптеген мәдени дақылдар тез зақымданады (қызанақ, қияр)
  7. Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмірі сүру жасы қысқарады. Бұл ағзалардың созылмалы улануына және жасқа байланысты токсиканттарға деген сезімталдық артыруна да байланысты.
  8. Адам үшін   жасалған ластаушы заттардың рұқсат етілген концентрация (РЕК) кортеген өсімдіктерге колдануға болмайды. Себебі , өсімдік ағсаның сезімталдығы жоғары
  9. Атмосфераның ластануының орманда биологиялық іс-шаралар қолданылады. Оларға: өсімдіктердің анағұрлым тұрақты түрлері мен формаларын (экотиптер) анықтау мен пайдалану, топырақтың құнарлығын артыру (тынайтқыштар,суару),фитоценоздарды жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымдарды шығару және т.б. жатады.

 

    1. Ормандарға рекреациялық қысымның әсері

 

«Рекреация» ұғымы үйден тыс жерде адамдардың денсаулығы мен еңбекке жарамдылығы  қалпына келтіруді сипаттайды. Рекакциялық  обьект ретінде ормандар мен ормандық ландшафттар кеңінен қолданды.

     Қала тұрғынына табиғат аясында  күшін қалпына келтіру үшін  қала не тығыз коныстанған  басқа да жермен салырғанда 4-5 есе аз уақыт қажет екен.

    Қала халқының санының артуы  мен стрестік құбылыстардың артуы  әсерінен адамдар табиғатқа жақын  болуға тырысады. Осыған байланысты  рекреакциялық мақсатта қолданылатын  ормандардың көлемі де, оларға  жасалған қысымда артып отыр. Орман өсіру ғылымының жеке  бөлімі – рекреакциялық орман  шаруашылығы қалыптасқан. Оның міндеті - жекелеген экожүйелердің рекреакциялық бағасын анықтау, қысымды реттеу іс-шараларын жасау, экожүйелер мен шаруашылыққа зиянын төмендету.

     Реакциялық ормандарға жасалатын  зақымданушыларды кеміту үшін  арнаулы іс-шаралар жүргізіледі.

  1. қысымды реттеу. Орманға келетін адамдарды белгілі бір саны арқылы жүзеге асырылады;
  2. қысымның теріс әсерлерін кеміту. Жолдарды жасау, автокөлік туратын жер, демалатын орындарды белгілеу;
  3. демалушылар арасында тәрбиеліе және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

       6.5.  Су тапшылығы  мәселесін   шешу    

Су  қорының  сандық сарқылуының алдын алуға  бағытталған іс-шаралар:

1) Суды аз пайдаланатын технологияларды қолдану;

2) Өндірістік жағдайда суды бірінше рет пайдалануға өту (тұйық немесе қайтымды циклдер)

3) Өндірістік процестерге ауызсуға арналып берілетін суды пайдаланбау.Бұл ең алдымен сапасы жоғары жерасты суларына  қатысты;

4) Ауызсу, тамақ дайындау және санитарлық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын суды бөлек беру. Суды қайта пайдалану;

5) Судың ысырап болмауын және  суды өлшеп беруді қамтамасыз ететін су  таратушы қондырғыларды пайдалану ;

6) Тұтынушыларға жеткізу кезінде және әкетуде   судың ысырап болмауына жол бермеу;

7) Суға экономикалық тұрғыдан дәлелденген бағаны тағайындау . Ол суды үнемдеуге және қайтадан пайдалануға әкелетіндей болуы қажет. Іс жүзіндегі бағаны қою суды үнемдеуді 1,5-2 есе атртырады.

8) Су қоймаларын жасау және оның бетінен булануды кеміту. Мұндай шығынды болдырмаудың негізгі жолы –су қоймаларының ауданың жағалауларда көтеру мен тауз жерлерін бөліп тастау. Ірі су қоймаларын өзендерде салу тиімсіз;

9) Қайтымсыз шығын болатын суды кеміту;

10) Суармалы егіншілікте суды тиімді пайдалануда жетілдірілген технологиялар мен жана суару әдістерін қолданудын мүмкіндіктері зор.

 

7.4.   ПЕСТИЦИДТЕР  ЖӘНЕ ОЛАРДЫ  ҚОЛДАНУДЫҢ                                   

               ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Пестицидтердің  түрлері. Адам үшін қажетсіз ағзаларды  жоюға не саның кемітуде қолданылатын заттарды пестицидтер ( лат.пестис-жүқпалы,қажетсіз, цедус-өлтіру) деп атайды. Бұл заттардың  барлығы ксенобиотиктер,яғни тірі ағзалар  мен тұтас алғандағы биосфера үшін богде заттар болып табылады.                                                                          

    Пестицидтерге   мына препораттар жатады; өсімдіктерді  жою үшін қолданылатын –гербицидтер,бунақ  денелерді-инсектицидтер,саңрауқұлақтарды-фунгицидтер,кенелерге  қарсы-акарицидтер,балдырларға қарсы-альгицидтер  және т.б.

  Пестицидтерге  сонымен қатар, ағзалардың физиологиялық  функцияларын фзгертетін немесе  оның жекеленген мүшелеріне әсер  ететін заттар да жатады.Дефолианттар- өсімдікткрдін жапырағын түсіретін,дефлоранттар  –өсімдіктердің гүлдердін жою  үшін, репеллент –жануарларды қорқыту  үшін ,аттрактанттар-жануарларды өзіне  тарту үшін, фумиганттар-дезинфекция  мақсатында ауыл шаруашылық танаптарын  немесе ғимараттарды түтіндету  үшін қолданылады.

    Пестицидтердің  топтары.Соңғы жылдары улылық  дәрежесі жоғары, бірақ тіршілік  периоды қысқа пестицидтерге  сұраныс артуда.Пестицидтерге мысал,  кеңінен танымал препарат ДДТ  (дихлордифенилтрихлорэтан) ,дильдрин,линдан,альдрин  және т.б.жатады.  Аталған препараттардың  зиянды экалогиялық эффектісі-улылығы  төмен болғанмен өмір сүру  уақытының ұзақ болуы. ДДТ қоршаған  ортада ондаған жыл сақталады  (жартылай ыдырау кезеңі шамамен  20 жыл).  

   Пестицидтердің  өздерінің өмір сүру уақыттының  ұзақтығылымен қатар,ағзаларға олардың  ыдырау өнімдерінің де әсерін  есепке алу қажет. Мұндай пестицидтерге  құрамында ауыр металдар болатын(қорғасын,мышьяк, сынап) препараттар жатады. Олардың  органикалық мысылы сынапорганикалық (гранозан, меркуран) немесе бейорганикалық, мысалы мышьякты( натрий арсенаты, калий арсенаты )  табиғаты болуы  мүмкін.Аталған пестицидтердің Б.Небел  бірінші буынның пестицидтеріне  жатқызады.Олар тұрақты болуымен (сынапорганикалық -10 жылға дейін)  сипатталады. Олардың ыдырау өнімдері (ауыр металдар) өте жоғары тұрақтылықпен  сипатталады.Бұл заттар топырақта,қоректік  тізбекткрде, олай болса азық  түлікте жиналуға қабілетті.      

Информация о работе Жердегі су қоры