Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:10, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................5
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы...............................8
Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................. 9
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................10
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері......................................................................................................................13
2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................19
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................20
Қорытынды............................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқық нормасының түсінігі. Негізгі белгілері..doc

— 225.50 Кб (Скачать документ)

     Құқықтық  қатынастардың  өмірге  келуінің ,  өзгеруінің,  ескеруінің,   жаңаруың,    дамуының  заңды  себептерінен  басқа  үш  бөлімнен   тұратын негізі   болады:  нормативтік   актілер,  заңды  себептер,   субъективтік  құқық.  Осы  күрделі  үш  негіздер  арқылы  құқықтық  қатынастар  дамып,  нығайып  қоғамның  объективтік  даму  процесін  реттеп,  басқарып  отырады.

 

2.2 Қоғамдық қатынастар.

 

Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективтік, адамдардың санасы мен еркін байланысты емес. Материалдық қоғамдық  қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас қоғамдық өндірістін қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндірісі орын алады. 

 

  Идеологиялық қатынастар  адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары  саяси, құқықтық, моральдік, ұлттық, діни т.б. қатынастар . Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы-өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады .

   Қоғамдық  қатынас антогонистік және антогонистік  емес болып екіге бөлінеді. Антогонистік  қоғамдық қатынастар жеке меншікке  және адамды қанауға негізделген  қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антогонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ комунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.

   Қоғамдық  қатынастардың басым көпшілігі  әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б.  күрделі мәселелер құықтық нормалар  арқылы  реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне  айналады.               

  Құқықтық  қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік  байланысы, қарым- қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл обьективті процес. қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процес әр түрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекеттің шеңбері кеңеиеді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.

   Қоғамдық  қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдік, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыстар-қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

   Қоғамдағы  барлық қатынастар құқықтық нормалармен  реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері.

  Құқықтық  қатынастар қоғамдағы әлеуметтік  құбылыстардың ең күрделісі және  ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар  толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамсыз етеді. Құқықтық қатынастардың түрлері:

  1. Қоғамдық  барлық қатынастар және нормативтік  актілер құқықтың жүйе-саласына  сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.

   2. Құқықтық  норманың атқаратын ісіне қарай  қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші  және қорғушы. Реттеуші нормалар  қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

   3. Құқықтық  қатынастар мазмұнына қарай екіге  бөлінеді: жалпылық және нақты.  Жалпылық түрде құқықтық қатынас  мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғада расталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

   4. Құқықтық  қатынастардың субьектілерінің  жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субьектіде болады, ал екінші жағындағы субьектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субьектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субьектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік қүбылыстардың  ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.

Құқықтық қатынастардың нышан белгілері:

Бірінші  құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің кұқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары  мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының  міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші  субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын  іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші  егер қатынаста нормативтік актінің  мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Құқықтық  қатынастың құрамының бөлшектері Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады.  Құқықтық қатынас  бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде жақсартуға мүмкіншілік жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Қорыта айтқанда, құқықтық қатынастар  адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиеді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғам-дағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде мақсаттары түрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым қатынастарға шектеу қойылды.

Құқықтық қатынастардың өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субъективтік кұқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып қоғамның объективтік даму процесін реттеп, басқарып отырады. Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды. Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:  Реттейтін құқықтық қатынастар субьектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек т.б. құқықтық қатынастар.

Қорғайтын құқықтық қатынастар  субьектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату.

Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың  барлығы міндеттітарап болып  саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.

 Салыстырмалы  құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс қатынастар моральдық, әдет-ғүрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр,  діни нормалармен реттеліп жатады.

Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Құқықтық қатынас мемлекеттік кепіддіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан белгілері:

Құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің кұқықтары мен міндеттері, дүрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады. Субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды. Егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер 
қүқықтың жүйе саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: 
мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық  процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.

Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

   Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, саудасату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

  Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын кұқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның қүқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар  арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.  Құқықтық қатынастар құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде иайда болады. Құқықтық қатынас бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптерді жақсартуға мүмкіншілік жасайды. Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, занды міндеттер.

Субъективтік  құқық бар жерде сонымен бірге занды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дүрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге болады. Жекелеген субъектілермен ұйымның құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігінің айырмашылығы  мақсаттары мен міндеттеріне байланысты тежеледі, себебі сол үшін құрылып қызмет істейді. Әр түрлі ұйымдардың қызметі заңдармен не болмаса олардың меншік ережелерімен белгіленеді. Ережелер мемлекеттік билік органдармен рұқсат етілген және оның құқықтық негіздеріне қайшы болмауы қажет. Әржақты осындай қызметтеріне  қарамай ол жалпы не болмаса жекелеген адамдардың мүдделерін құқықтық қатынас субъектілері ретінде қанағаттандыруға бағытталған. Ұйымдардың құқығы және міндеттері қатаң түрде олардың атқаратын қызметтеріне қарай анық белгіленген. Сол қалыпта ұйымдардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі  іске асырылады. Ұйымның әрекеттілігі тікелей ұйымның атынан шыққан өкілдер лауазымды адамдардың белгілі қимылдарынан көрінеді.

Информация о работе Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы