Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 15:34, курсовая работа
Краткое описание
Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.
Содержание
КІРІСПЕ 1 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 1.1 Құқық ұғымы жәе оның мәні 1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны 2 ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ, ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ 2.1 Құқықтың мазмұны 2.2 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі замандағы өркениетті
мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың
еркін білдіретін саяси құралға айнала
бастағанын мойындау керек. Қазақстан
мемлекетінде қалыптасып келе жатқан
құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан
қарау шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.
Қоғамның диалектикалық даму
процесінде қарым-қатынастарды дұрыс
реттеп, басқарып, дағдарысқа ұшыратпау
үшін мемлекет пен құқық объективтік жолмен
өмірге келді. Бұл қоғамның прогрестік
жолмен дамуының нәтижесі. Құқық адамдардың,
ұйымдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты,
олардың бостандығының шеңберін, мүдде-мақсаттарының
орындалу шеңберін анықтап, реттеп басқарып
отырады. Құқықтық норманың қалыптасуы
үш кезеңнен тұрады: мүдде, қатынас, норма.
Құқықтың негізгі үш тірегі бар: имандылық,
қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
және мемлекет. Құқық имандылықтан нәр
алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық
шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың
сапасы да, абыройы да жоғары болады.
Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы
рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде
қоғамның экономикалық, рухани, мәдени
сипатына байланысты. Құқықтың дамуына
күресімен бірге саяси-әлеуметтік ұлттық
қатынастар, идеология, қоғамның мәдени
өсу дәрежесі де үлкен әсер етеді. К.Маркс
«Гота программасына сын» деген еңбегінде:
«Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан
және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан
жоғары бола алмақ емес» – деген [11, 15].
Құқықтың нормалары қоғам дамуының
экономикалық мұқтаждарына неғұрлым сай
келсе, соғұрлым пайдалы болмақ. Қоғам
өмірін құқық арқылы реттеу процесінде
әртүрлі құқықтық қатынастар туады, яғни
қоғам мүшелері, мемлекеттік ұйымдар мен
мекемелер құқықтық нормалардың талаптарын
іс жүзіне асыру үшін өзара қарым-қатынастарға
түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді
орындауға тиісті болады.
Құқық – мемлекет шығарған
немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік
аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп
отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің
(нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері
бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқықтың мазмұнының негізгі
элементтері:
- қоғамның және адамдардың
мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп,
басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай,
экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдениеттік
т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың,
қоғамдық ұйымдардың құзыретін,
ара қатынасын реттеп, басқарып
отыру;
- халықаралық қатынастарды реттеп,
басқару.
Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі
болады: біріншісі – құқықтың объективтік
түсінігі қоғамның объективтік дамуына
сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
екіншісі – құқықтың субъективтік түсінігі
объективтік қалыптасқан қатынастарды
реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді
уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың негізгі қағидалары:
1. Қоғамдағы әртүрлі мүдде-мақсаттарды
нормативтік жүйемен реттеп-басқару;
2. Адамдардың, ұйымдардың
бостандығының іс-әрекетінің деңгейін,
шеңберін норма арқылы анықтап
отыру;
3. Адамдардың, ұйымдардың
ара қатынасындағы келіспеушілікті
шешудің, реттеудің негізгі түрлерін
белгілеп отыру;
4. Мемлекеттік органның
қабылдаған, бекіткен нормативтік
актілерінің орындалуын бақылап
отыру.
Құқықтың мазмұны дегеніміз
– қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып
отыратын нормативтік актілердің ішкі
құрылысы.
Құқықтық теңдік жалпылама
түрде айтылады, іс жүзінде қатынастардың
субъектілері нақты белгілі болмағандықтан,
теңдік нормалар да абстракты түрде жазылады.
Құқықты дұрыс орындамаса кінәлі субъектілер
жауапқа тартылуы керек. Міне осы кезеңнен
бастап заңның кезеңі, мемлекеттің жұмысы
басталады.
Құқық – үстем таптың және қоғамның
заңға айналдырылған мүддесі. Бұл мүддені
заңға айналдырушы және оны орындаушы
мемлекеттік аппарат.
Құқықтың негізгі белгі-нышандары:
1. Құқықтық нормаларды
мемлекеттік органдар ресми түрде
қалыптастырады; әлеуметтік нормалардың
басқа түрлерін қоғамдық ұйымдар
қабылдайды, мемлекеттің оған қатысы
жоқ.
2. Құқықтық нормалардың
мемлекеттің барлық аумағына, барлық
халықтарына және барлық ұйымдарға
заңды күші болады.
3. Құқықтық нормалар жеке
адамдардың және қоғамдық мүдде-мақсаттарды
қамтиды; басқа нормалар жеке
ұйымдардың, бірлестіктердің мақсатын
қамтиды.
4. Құқықтық нормалардың
орындалуын мемлекеттік органдар
бақылап отырады; басқа нормаларға
мемлекеттің қатысы жоқ, олардың
орындалуын ұйымдар, бірлестіктер
бақылайды.
Сонымен, құқық дегеніміз –
адам мен қоғамның объективтік құрылысымен
байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін,
қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми
құжаттарда формальды түрде анықталған,
мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін
нормалардың жиынтығы.
Қоғамның өмірінде белсенді
жұмыс атқаратын құқықтың функциялары.
Оның бағыттары толып жатыр. Ең күрделі
бағыты мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау.
Өйткені мемлекеттің жұмысының мазмұны,
бағыты нормативтік актілерде көрсетіліп,
анықталып отырады. Құқықтың негізгі функцияларының
түрлері:
1. Қоғамның әр саласына
сәйкес құқықтың экономикалық, әлеуметтік,
мәдениеттік, тәрбиелік, экологиялық,
қаржылық т.б. функциялары болады.
2. Мемлекеттік биліктің
үш түріне сәйкес құқықтың
да үш функциясы болады: заң
шығару, заңды орындау, заңды қорғау.
Құқықтың бұл екі топтағы функциялары
мемлекеттің функцияларымен сәйкес келеді.
Сонымен бірге құқықтың өзіне тән екі
міндеттері болады: қоғамдағы қарым-қатынастарды
дұрыс реттеп, орындалуын тездету және
қатынастардың байланысын бақылап, қорғап
отыру. Міне осы міндеттерге сәйкес құқықтың
өзіне тән екі функциясы болады: реттеу
және қорғау [12, 54].
Құқықтың реттеу функциясы
– нормативтік актілер арқылы қоғамдық
қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын,
бағыттарын анықтап отыру. Бұл функция
екі әдіс-тәсілмен орындалады: біріншісі
– құқықтық нормада қатынастың орындалу
жолдарын, бағытын көрсету; екіншісі –
нормативтік актіде субъектілерге толық
бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын
көрсету.
Құқықтың қорғау функциясы
– нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа
ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға
тыйым салу. Бұл функцияның әдіс-тәсілдері:
- қоғамдағы қатынастардың
дұрыс орындалуын бақылау;
- құқықты нормада тыйым
салудың себептерін көрсету;
- жауапкершіліктің түрін
көрсету;
- жасаған қателіктері
үшін субъектілерді жауапқа тарту.
Құқықтың функциясы дегеніміз
– адамдардың іс-әрекетіне, мінезіне,
тәртібіне нормативтік актілердің жасайтын
ықпалы мен әсері, сол арқылы қатынастардың
дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз
ету.
Құқықтың мазмұнына, нысанына,
белгі-нышандарына, функцияларына, қағидаларына
жан-жақты түсінік беруді аяқтап, енді
құқықтың қоғамдағы құндылығына қысқаша
тоқтала кетейік. Құқықсыз қоғам дұрыс,
прогрестік жолмен жақсы дами алмайды.
Құқық пен мемлекет қоғамды дағдарысқа
ұшыратпай, дұрыс басқарып, дамытып келеді.
Бұл объективтік процесс. Құқықтың әлеуметтік
құндылығы:
1. Құқық адамдардың іс-әрекетінің,
жұмысының нақты келісімді, тұрақты,
жақсы орындалуын қамтамасыз
етеді. Құқық қоғамдық тәртіпті
дамытып, нығайтып, қоғамдық мүдде-мақсаттың
жақсы орындалуына мүмкіншілік
жасайды.
2. Құқық адамдардың өзара
қатынасын дұрыс реттеп, дұрыс
басқарып олардың мінезінің, тәртібінің,
сана-сезімінің, іс-әрекетінің жақсаруына
мүмкіншілік жасап, сол арқылы
қоғамның дамуын жақсартып отырады.
3. Құқықтың құндылығы
адамдардың бостандығын, теңдігін
қалыптастырып, қорғауында. Құқық пен
бостандық бір-бірімен тығыз байланысты.
Құқық бостандықтың, теңдіктің шеңберін,
шекарасын үнемі анықтап, бақылап
отырады.
4. Құқық қоғамдағы әділеттікті
жақтап, бақылап отырады. Сондықтан
халық арасына кең тараған
мақал бар: «Құқық қағаз жүзіндегі
әділеттік, бостандық, теңдік». Құқық
пен әділеттік байланысының, бірлігінің
тереңдігі сонда, егер қоғамдағы
барлық жүйелері әділеттікке
қатаң бақылау жүргізсе.
5. Құқық қоғамдағы барлық
прогрестік дамудың негізгі құралы.
Азаматтық қоғамды, демократиялық
мемлекетті құрудың бірден-бір
даңғыл жолы. Бұл дүние жүзінің
мемлекеттерінің тәжірибесінен
қалыптасқан шындық.
6. Құқық халықаралық прогрестік
қатынастың, байланыстың қайнар
көзі-бұлағы. Дүниежүзілік экологияны
жақсартудың құралы [13, 26].
Сонымен, кұқық қоғамда зор
қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық
салаларына, жеке адамның өміріне өзіне
тән әдістерімен дұрыс жағымды әсер етеді.
Құқықтың саяси қызметі мемлекет органдарының
қалыптасу, қызмет істеу, атқару тәртібін
анықтаудан, саяси партиялардың, бірлестіктердің,
ұжымдардың ұйымдастырылуына жол ашудан,
азаматтардың құқықтарын пайдалануына
мүмкіндік туғызудан байқалады. Құқық
қоғамдағы барлық кәсіпорындардың жұмысын
тікелей реттеп, жөнге салып отырады. Демек,
құқық саяси, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени, тәрбие құбылыстың барлық салаларын
реттеп, жөнге салып отыратын құрал болып
есептеледі. Құқық мемлекетті, қоғамды,
азаматтардың заңды мүдделерін қорғау
қызметін де жүзеге асырады. Осыларға
қоса құқық заңды бұзудың, алдын алу қызметін
де атқарады.
2.2 Құқық жүйесі
мен құрылымы, олардың мазмұны
Адам қоғамының даму процесінде
бір-бірімен байланысты миллиондаған
қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып,
ескіріп жатады. Бұл объективтік дилектикалық
процесс. Осы процесті реттеп, басқару
барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға,
жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың
объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың
құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып,
дамып отырады.
Сондықтан құқық қоғамдағы
нормативтік актілердің тек жиынтығы
емес. Ол қоғамның әр саласына сәйкес объективтік,
диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын
әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс.
Бұл күрделі құқық процесі сала-салаға,
жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді.
Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік
дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын
реттеп, басқарып отырады. Нормативтік
актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін
толықтырып, құқықтық нормаларды қоғамның
объективтік процесіне сәйкес дамытып,
олардың орындалуын тездетіп жақсартады.
Бұл процестің байланысында, қатынасында
алшақтыққа және қайшылықка құқықтың
құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән
белгілері:
Бірінші – құқық қоғамның объективтік-диалектикалық
даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік
актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның
даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық
жүйелері субъективтік жолмен қалыптаспайды,
сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік
тығыз байланыста, қатынаста болады. Қоғамның
дамуына жақсы әсер етеді. Егерде қоғам
мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы
дұрыс дамымаса, қоғам дағдарысқа ұшырайды.
Екінші – құқық қоғамның көп
жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-қатынастарын
реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей
міндетті нормалар.
Құқықтың жүйелері қоғамның
әр саласына сәйкес қалыптасып сол саланы
реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік
актілер бәрі бірігіп, қоғамдық құқықтың
алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсаггы
орындайды [13, 26].
Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық
нормативтік актілердің мазмұнына сәйкес
қалыптасады және сол құқықтық нормалардың
қалай іске асуын, қалай орындалу тәсілдері
мен әдістерін анықтап отырады. Құқық
құрылымының жақсы, дұрыс дамуына қоғамның
мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық,
әлеуметтік, рухани, демократиялық даму
деңгейі зор әсер етеді.
Қоғамдағы демократия, бостандық,
әділеттік, теңдік, әлеуметтік-экономикалық
жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың
дәрежесі төмен болса, құқық құрылымы
да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы
екінші сұрақта толығырақ айтылады.
Құқықтық жүйе. Құқық теориясында
құқық жүйесі және құқықтық жүйе деген
екі дербестік ғылыми ұғым бар. Жер жүзіндегі
барлық мемлекеттердің құқық құрылымы,
жүйесінің қалыптасуы, дамуы бірдей –
ешқандай айырмашылығы жоқ. Ал, құқықтық
жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың
тарихи өмірге келуі, дамуы әр елде әртүрлі
болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы,
ұлттың қалыптасуы, мемлекеттік саяси-экономикалық
құрылысы бір-біріне ұқсамайды.
Сондықтан құқықтық жүйелерінің
де қалыптасуы, дамуы әр түрлі болады.
Мұны жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы.
Әр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы тәжірбиелерін
алып, пайдаланып, өз ұлттық құқықтық жүйені
жақсы дамытуға болады.
Құқықтық жүйе дегеніміз –
әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне
қарай, әдет-ғұрып, дәстүрінде қалыптасатын
құқықтық жүйелер.
Құқық құрылымы дегеніміз –
құқыктық нормалардың ішкі құрылымы және
олардың дамуының, орындалуының әдістері
мен тәсілдері.
Құқық жүйесі дегеніміз – құқықтың
өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге бөлінуінің
объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі
тақырыптың ең күрделі өзекті мазмұны.
Құқық құрылымы мен құқықтық жүйе қоғамдағы
құқықты дамыту, нығайту үшін, оның жұмысын
жақсарту үшін қалыптасады.
Қоғамның даму процесінде көпшілік
қарым-қатынастар өмірге келеді. Сол қатынастарды
реттеу, басқару үшін объективтік жолмен
құқық жүйелері қалыптасады. Қоғамдағы
құқықтың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік
актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.
Ең төменгі деңгейдегі бірінші
бөлім – құқықтық норма. Бұл деңгейде
норма бір қатынастың ішкі мазмұнын, оның,
орындалу жолдарын, субъектілердің екі
жақты құқық, міндет, жауапкершіліктері
көрсетіледі. Өмірде қатынас бір нормамен
шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше
ұқсас қатынастардың толық дұрыс орындалуына
бірнеше құқықтық нормаларды біріктіруге
тура келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар,
қылмыскердің құқықтары т.б.
Құқықтық институт – бұл жүйеге
бір-бірімен байланысты нормалардың және
қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай
реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықта
меншік, шарттық байланыстары т.б. мәселелері;
әкімшілік құқықта лауазымды тұлғалардың
жауапкершілігі, мемлекеттік органдарының
қызметтерінің қағидалары мен функциялары
т.б.