Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 15:34, курсовая работа
Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.
КІРІСПЕ
1 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Құқық ұғымы жәе оның мәні
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны
2 ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ, ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Құқықтың мазмұны
2.2 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.
Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз - мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі.
Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандық, өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпоративтік) нормалары, әдет-ғұрыптар, дін нормалары және тағы басқа.
Әлеуметтік-техникалық нормалар – техникалық құралдарды пайдалану, қолдану ережелері; санитарлық-гигиеналық нормалар; агрономиялық нормалар және тағы басқа.
Әлеуметтік нормалар белгілеу және қамтамасыз ету тәсілдері бойынша ерекшеленеді.
Мысалы, құқық нормаларын мемлекет белгілейді және қамтамасыз етеді, имандылық, әдет-ғұрып нормалары қоғам өмірінен туындайды және қоғам пікірімен, адамның сана-сезімі арқылы қамтамасыз етіледі, діни нормалар діннен туындайды және Алла тағаланың күшімен, адам сана-сезімімен қамтамасыз етіледі [5, 124].
Жасалу тәсілі бойынша нормалар саналы және стихиялық (сұрапылдық) түрге бөлінеді. Баяндау және көріну тәсілдері бойынша нормалар ауызекі және жазбаша түрге бөлінеді.
Мысалы, құқық нормалары әрқашан да жазбаша, ал өнегелік нормалар ауызекі болады.
Әдет-ғұрып дегеніміз – адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, адамдардың сана-сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, адамдардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін бағыттап отырады.
Мысалы, қазақ даласында, қазақ халқында әдет-ғұрыптар, дәстүрлер құқықтың қайнар көзі болған.
Қазіргі заманда әдет-ғұрыптар әр түрлі дәрежеде сақталған. Негізінде әдет-ғұрыптар отбасы, туыстық қатынастарды реттейді.
Құқық пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.
Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.
Құқық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады және жүзеге асырылуының ішкі кепілі – адамның ар-ұяты мен намысы.
Құқық нормаларының талаптары моральдық талаптарға негізделеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 бабында былай айтылған: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті».
Бұл талапта құқық нормасының талабы және мораль нормасының талабы бірдей көрініс табады.
Кейбір құқық салаларында моральдық талаптардың ықпалы аздау. Мысалы, салалық құқықта, азаматтық құқықта, қаржылық құқықта және тағы басқа. Ал отбасы, қылмыс, халықаралық құқықта моральдың маңызы өте зор [6, 98 ].
Енді құқық пен моральдың айырмашылығына тоқталу қажет.
Құқыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде, жалпы және айрықша белгілер тән.
Марксизм-ленинизм негізін қалаушылар әділдікті тек таптық мүдделермен байланыстырады.
Бостандық – адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады [7, 14].
Құқықтың жүйелілігі – оның тағы бір қасиеті. Заңдарда жазылған құқықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, қалыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.
Құқықтың тағы бір қасиеті – оның өзгермелілігінде. Қоғамдық өмір тоқтап қалмай, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі, қалыпты түрде адамдарға қолданылады.
Осының өзі құқықты теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әртүрлі: біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ.
Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды.
Әрине өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардың жағдайы бірдей.
Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық нормаларының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек [8, 85].
Конституция мемлекеттің негізгі заңы және ол сол мемлекеттің құқықтық жүйесінде приоритетті жағдайды иеленеді. Конституция құрамына мемлекет және құқықтың әлеуметтік сфералары саясаттың, экономиканың, қоғамның мәнін анықтайтын базалық идеяларды білдіреді. Конституцияда мемлекеттік реттеудің мәні мен шектері бекітілген, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бастаулары анықталған, ұлттық және халықаралық құқықтардың ара-қатынасы көрсетілген.
ҚР-ның Конституциясымен ҚР-да Президенттік басқару формасы анықталған және мемлекеттің басты қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары.
Республика қызыметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу [9, 17].
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдалану қажеттігі, оның әлемдегі демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отырғандығын және Конституцияда берілген құқықтарды айқын пайдалану жайында ғана болуға тиістігін атап көрсетеді.
Бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасындағы оң өзгерістер біртіндеп жүзеге аса бастағаны және соның арқасында сотқа деген халықтың сенімі күннен күнге артып келе жатқанын айта кетпесе болмас.
Көптеген заңдар қабылданып, өзгерістер енгізілді, әрине алда, шешімін табуға тиіс басқа да келесі мәселелер бары белгілі.
Дегенмен, басшылыққа алып, бағдар беретін негізгі заң өз әлеуетін әлі жоғалтқан жоқ. Мәселе оның орындалуына қатысты болуға тиіс.
Сондықтан, Қазақстанның әл-ауқаты мен тұрақтылығының, демократиялық жолмен дамуының іргетасы болған Конституцияны құрметтеу және оны сақтау – әрбір азаматтың борышы. Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі - Конституция.
Информация о работе Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны