Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 15:34, курсовая работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Құқық ұғымы жәе оның мәні
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны
2 ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ, ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Құқықтың мазмұны
2.2 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс_Исп Құқықтың түсінігі, мәні және мазмұны.docx

— 67.45 Кб (Скачать документ)

 

ЖОСПАР

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 
КІРІСПЕ


 

 

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын  және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған  құқық нормаларының жүйесі.

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді?– деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.

Құқық қоғамды реттеп, басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т.б.

Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде, қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес» – деді.

Жұмыстың мақсаты құқықтың түсінігін, мәнін және мазмұнын ашып көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- Құқық ұғымы және оның мәнін анықтау;

- Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орнын қарастыру;

- Құқықтың мазмұнының өзекті тұстарына баға беру;

- Құқық жүйесі мен құрылымын, олардың мазмұнын талдау.

Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2011.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен қоса алғанда), Нормативтік құқықтық актілер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы № 213-1 Қазақстан Республикасының Заңы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса алғанда), және де Бейсенова А., Біржанова К., Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н., Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Әлібаева Г., Айтхожин Қ., Байжанова К., Жакупова А., Қуандықов Е., Маликова Ш., Есетова С., Маркс К., Энгельс Ф., Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. мәліметтері негізге алына отырып жазылды.

 

 

1 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

           1.1 Құқық ұғымы және оның мәні

 

 

Құқық көп жақты құбылыс. Сондықтан да оған берілетін де анықтамалар сан алуан. Анықтамалардың сан алуандығына қарамастан олардың мазмұны бір. Байтин М.И.: Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды анықталған нормалар жүйесі; мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды өкімдік-ресми реттеуші болып табылады. Ромашов Р. А.: Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының жиынтығы [2, 78].

Құқықтын мәні Конституцияда және басқа да зандарда бекітіліп, тиянақталған оның түпқазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интернационализм, гуманизм.

Саяси биліктің халықтың атынан жузеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады [1].

Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі— мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.

Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық субъектілерінің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететіндігі жөніндегі ереже бекітілген. Республика басқа мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен заңды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.

Демократизм азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құқығын қамтамасыз ететін оның құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демократизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.

Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылық және мәдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі теңдікті тану және оны құқықпен қамтамасыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, ұлтына, тіліне және т.б. жағдайға қарамастан құқық пен бостандық теңдігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халықтары Ассамблеясы интернационалдық ұйым.

Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдық, адамгершілік) — адамның жеке тұлға ретіндегі құндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адамның қадір-қасиеті мен құқықтарын қадірлеуді қамтамасыз етуден тұратын басты құқықтық принциптердің бірі — оның игіліктеріне қамқорлық жасау.

Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматтың ар-ожданы мен абыройына қол сұғуға болмайтыны жөнінде баяндалған.

Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне еңбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы жөніндегі қағида орнықтырылған. Осылайша, кез келген күдік дәлелденгенге дейін айыпталушы тұлғаның пайдасына шешіледі. [1]

Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері құқықта бейнеленіп көрсетіледі.

Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық жағдайы өзгерген сайын құкықта өзгеріп отырады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше өзгеріске ұшырап, толықтырылып отыруы заңды құбылыс. Қоғамдык қатынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.

Құқықтың қайнар көздері — құқық қалыптастыратын әлеуметтік факторлардың жиынтығы (мемлекет, таптар, идеология және т.б.), оған құқықтық сипат беруге қажетті мемлекеттік еріктің көріну нысаны (заң, қаулы, декрет және т. б.). Құқық бастауы болып тек құқықтық мәні бар актілер ғана танылады. Үндеулер, мәлімдемелер, декларациялар және т. б. актілер құкықтық маңызы болмағандықтан құқықтың қайнар көзіне жатпайды.

Әрбір елдің құқықтық табиғатына байланысты өзіне тән құқық қайнар көздері болады. Мемлекеттің құқықтық жүйесі өзгеруіне байланысты мемлекеттегі құкық көздері де өзгеріп отырады. Құқықтың қайнар көзіне құқықтық әдеттерді, сот (әкімшілік) прецедентін, шарттарды, ғылыми доктриналарды, нормативтік құқықтық актілерді жатқызамыз.

Құқықтық әдеттер — адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар. Кезінде қазақ елінде қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелгені белгілі. Құқықтың бұл бастауы бұл күндері араб елдеріне және басқа да діни-ғұрыптық құқықтық жүйедегі елдерге тән.

Құқық прецеденті - жоғары сот органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі сот органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецедентінің шыққан елі — Англия. Бүгінде құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Құқықтық шарттар негізінен халықаралық қатынастардағы құқықтың бірден бір көзі болып табылады. Олар екі немесе одан да көп субъектілердің тек өзара міндетті құқық ережелерін қамтиды.

Нормативтік құқықтық актілер — құқықтың ең басты қайнар көзі ретінде танылады. Олар қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпы ережелерден тұратын мемлекеттік органдар ресми қабылдаған актілер.

Біздің республикамызда танылатын құқық қайнар көздері еліміз Конституциясында баянды етілген. Конституцияның 4-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасында колданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген.

Нормативтік актілердің өзгеру тәртібі және олардың жүйесі Конституция мен 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңында көрсетіліп нақтыланған. Нормативтік құқықтық актілер мазмұнының сипаты, күші және олардың әрекет аумағының қаншалықты екені норма шығармашылық қызметті іске асыратын органға тікелей байланысты. [3]

Жоғарыда аталған «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заңның 4-бабының 1, 2-тармақтарында нормативтік құқықтық актілердің иерархиялық сипатта орналасқан төмендегідей сатысы көрсетілген:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  • Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар еңгізетін заңдар;

  • ҚР Кодекстері, Заңдары;

  • ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;

  • ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

  • министрлердің нормативтік бұйрықтары, мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары;

— мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.

Заңның осы бабының 4-тармағында жоғарыда көрсетілген сатыдан тыс тұратын нормативтік қаулылар көрсетілген. Олар:

  • ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;

  • ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

—ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары.

Заңның 3-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды түрлерге бөлінеді.

Жоғарыда көрсетілгендер актілердің негізгі түрлеріне жатады, ал нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады: регламент, ереже, қағида, нұсқаулық.

Бүкіл құқықтың бастауы болатын Конституцияны Негізгі Заң деп те атайды. Өйткені ол өз мазмұны жөнінен мейлінше маңызды, басты заң болып табылады, ағымдағы заңнаманы немесе басқа да нормативтік актілерді қабылдауда бастапқы саты ретінде тиянақты қызмет атқарады.

Конституция— қоғамдық және мемлекеттік құрылысты, биліктің өкілді органдарының тәртібі мен принциптерін, сайлау жүйесін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін мемлекеттің Негізгі Заңы. Оның жоғары зандық күші бар және ол еліміздегі барлық заңнаманың нормативті базасы болып табылады, әрі Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады.

Ата Заңда Конституция ережелеріне қарсы келетін заңдардың және басқа да актілердің заңдық күші болмайды деп атап көрсетілген.

Маңызды құқық бастауы Парламент қабылдаған заңдар болып табылады. Олар нормативтік актілерге (қаулыларға және т.б.) қатысты жоғары заңды күшке ие. Мемлекеттің орталық атқарушы; уәкілетті органдары қабылдаған нормативтік актілердің бәрі заңға сәйкес акт болып табылады. Заң ережелері мемлекеттік органдардың барлығы үшін сақталуға міндетті. Әрекет шеңберіне және заңдық күшінің деңгейіне қарай заңдар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін, конституциялық және ағымдағы заңдар болып бөлінеді.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар еңгізген заң 1998 жылғы 7 қазанда қабылданды. Осы Заңға сәйкес Конституциядағы Президент, Парламент депутаттары өкілеттік мерзімдеріне қатысты және т.б. нормаларға өзгерістер мен толықтырулар еңгізілді.

Информация о работе Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны