Құқық ұғымы, белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 05:00, курсовая работа

Краткое описание

Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................2-3

І тарау. Құқық туралы түсінік
1.1 Құқық ұғымы, белгілері...............................................................................4-8
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.....................................9-17

ІІ тарау. Құқықтық норма
2.1 Құқықтың қайнар көздері..........................................................................18-24
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы..................................25-34

ІІІ тарау. Құқықтық қатынас
3.1 Құқықтық қатынас ұғымы.........................................................................35-37
3.2 Заңды айғақ.................................................................................................38-41

Қорытынды.......................................................................................................42-43
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................44-45

Прикрепленные файлы: 1 файл

n2.doc

— 328.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     3.2. Заңды айғақ.

 

Заңды айғақтар (фактілер) – нақтылы өмірлік мән-жайлар. Сол айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Мысалы, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет; жас, стаж және зейнетақы тағайындау туралы акт. Айғақтардың мұндай жиынтығы айғақтық деп аталады.

Заңды айғақтар бірнеше негіздермен жіктеледі. Нәтижесінің сипатына қарай олар мына топтарға бөлінеді.

Құқық құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалдаушының құқықтары мен міндеттері пайда болады);

Құқық тоқтататын (үй-жайды сату нәтижесінде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айырылады).

Құқық өзгеретін (үй айырбастау нәтижесінде құқықтық қатынастардың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).

Заңды айғақтар ерік белгісіне байланысты да жіктеледі. Оған жататыны әрекет (шарт, заңды бұзу, мұра қалдыру, тағы сол сияқты). Әрекеттер өздері заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Мысалы, адамдардың әскери қызметте болуы, некеге тұруы, тағы сол сияқты заңда белгіленген заңды айғақтар болып табылады. Заңды айғақтарға оқиғалар да жатуы мүмкін. Олар – жер сілкіну, өрт, дауыл, су тасқыны оқиғалары, әрине, мұндай мән-жайлар тек заңда белгіленген болса ғана айғақтарға жатады39.

Жалпы алғанда әрекеттер дегеніміз, адамдардың ерік-ықтиярларын білдіретін жүріс-тұрыстық, іс қылықтық актілері. Адамдар өздерінің күнделікті болмысында қаншалықты мөлшер - өлшеусіз, сансыз жүріс-тұрыс (әрекет) актілерін атқарады. Солай бола тұрса да заң сол актілердің белгілі бөлігімен ғана заңдық зардаптардың болғанын байланыстыра отырып қарастырады. Сонда, тек қана осы жүріс-тұрыс (әрекеттері) актілері ғана заң мағынасындағы әрекеттер болады яғни құқықтық әрекеттер болады.

Мұндай әрекеттер заңды яғни құқықтық ұйғарымдарға сай келетіндері, оны бұзбайтындары және заңсыз болуы мүмкін. Олар құқықтық талаптарға сай келмейді, оларды бұзады.

Заңды әрекеттер өз кезегінде заңдық акт және заңды қылық деп бөлінеді.

Заңдық актілер нақты құқықтық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында атқарылған әрекеттер (азаматтық-құқықтық келісім немесе еңбек шартына отыру, некелесу және тағы басқа).

Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге кеген еді. Қоғамнығ және оның институттарының дамуына байланысты қазақтадың дәстүрлі құқығы да дамып, жетілдіріліп отырды.Қазақстан Рессейге қосылғаннан кейін оның аумағында қылмыстық іс жүргізудің екі түрі қолданылды: біріншісі, қазақтардың дауларды, құқық бұзушылықтарды және қабылданған шешімдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт дәстүрге негізделген дәстүлі құқық бойынша сот өндірісін жүргізу, екіншісі, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесіне қатысты істер бойынша сот өндірісін жүргізу.

          Сот  өндірісіне қатысты заңдық негіздердің  қалыптасуына орай, кеңестік дәуірде  Қазақстандағы соттардың дамуын  шартты түрде мынадай кезеңдерге  болады:

  1. революциялық трибуналдық декреттері, нұсқаулары, қаулылары негізіндегі сот өндірісі (1917 жылдың қазаны-1923жыл);
  2. РСФСР сот құрылысы және сот өндірісі (1923-1959 жылдар)
  3. 1960 жылғы Қазақ СССР қылмыстық іс жүргізу кодексіне қатысты сот жүйесі және оның қайта қарау институттары40.

         Заңдық  қылық - өздерінің алдына құқықтық  мақсат қоймаған, дегенмен объективті себептерден болатын, субъектісінің ерік-ықтияры мен ниетінен тысқары болып келетін құқықтық салдардың негізінде туындайтын заңды іс-әрекеттер. Мысалы, әдеби шығарманы немесе өнер табудағы шығарма, туынды шығармашылық актісі болып табылады. Бірақ осының нәтижесінде жазушының, ақынның, ғалымның авторлық құқығы пайда болыды.

Заңды актілер де және заңды қылықтар да формальды болуы мүмкін (олардағы құқықтық салдардың туындысына сол әрекеттер жеткілікті болатын болса). Сонымен қатар нәтижелі болуы мүмкін (егер де құқықтық салдарда туындайтындар сол әрекеттердің өзі емес, тек олардың нәтижелері болатын болса). Мысалы, ақшаны қарызға беру фактісінің өзі қарыз алушының алған қарызын қайтаруды талап ету құқығын туындатады. Сот шешімінің заңдық салдары оны дайындау мен жазып шығудағы әрекеттерден туындамайды. Керісінше, сол шешімнің құқықтық акт ретіндегі күшінен туындайды. Сондай-ақ авторлық құқық әдеби, живопистік және тағы басқа ой еңбегі шығармаларының жарық көргеннен кейін ғана барып пайда болады, алдыңғы және соңғы жағдайда да іс-әрекеттің нәтижесінде туындап отыр.

Заңдық салдар заңсыз іс-әрекеттердің де салдарынан заңдық салдарын туындатады: тергеу органдарының қылмысты ашуы, оны табу, білу туралы міндеттерін туындатады; жәбірленушінің және басқалардың да өтініш, арызды құқық қорғай органдарына беру құқығы және тағы басқа туындайды.

Заңсыз іс-әрекеттер құқық бұзушылық (қылмыс және теріс қылық, яғни тәртіпсіздік) және объективті түрдегі құқыққа қарсы іс-әрекеттер деп жіктелінеді. Осы екеуінің арасындағы айырмашылыққа келер болсақ: құқық бұзушылық басқа да түрлі құқықтық қатынастармен бірге заң алдында жауапты болу қатынастарында (қылмыстық, әкімшілік және тағы басқа), ал объективті түрдегі құқыққа қарсы іс-әрекеттер заң алдындағы жауапшылықты туындатпайды. Мысалы, ойын баласы (жасөспірім) ойнап жүріп көршілерінің қора-қопсысына өрт қойып өртеп алғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін емес. Ондайда, қылмыстық құқықтық қатынастар туындамайды. Бірақ оның әрекеті азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуына негіз болады – зиян шеккеннен келтірілген зардаптарының өтелуін талап ету құқығы туындайды41.

Құқықтық оқиғалар – яғни белгілі бір салдардың туындауын болғызатын оқиғалар. Бұлардың көпшілігі табиғатта кездесетін, адамның саналы тіршілігіндегі жүріс-тұрыстарымен (әрекеттерімен) байланысты болмайтын құбылыстар: жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да табиғат апаттары, мерзімнің өтіп кетуі, заң белгілеген жасқа келу, адамның қартайып барып өмірден озуы және тағы сондайлар. Мұндай оқиғаларды абсолюттік оқиғалар деп атайды.

Алайда, құқықтық оқиғалар салыстырмалы да болуы мүмкін, яғни құқықтық қатынастардың қатысушылары болмайтын адамдардың теріс қылықтары мен әрекеттері туындатқан оқиғалар. Мысалы, адамның қаза табуы немесе оның мүлкін жойып жіберу тек табиғат апатының салдарынан ғана болуы мүмкін емес, сонымен бірге адамның мінезі жүріс-тұрыс актісінің салдары да болуы мүмкін ғой (өлтіру, өртеу). Егер де заңдық жауапкершілік қатынастарын нақты қылмыстық әрекеттер туындатса, яғни кінәлілердің ерік-ықтиярлы әрекеттерімен (немесе әрекетсіздігімен) туындаған болса, онда қауіпсіздендіру шарты жағдайының туындауы жаңағы әрекеттердің тікелей салдары емес, тек олардың нәтижесінің ғана (өлуінің, мүліктің жойылуының) салдары болады, яғни дәл нақты оқиғалардың салдары оларды туындатқан себептеріне қарамастан-ақ пайда болады.

Заңдық фактілердің араларында ерекше орында тұратыны құқықтық жай-күй, ахуал яғни созылмалы жағдай, субъектінің қоғамдағы алатын орнын, басқалармен анық қатынастарын білдіретін және тағы, тағы. (азаматтылық, некелік, ауру-сырқаулығы, еңбек стажы) – құқықтық ахуал, жай-күй заңды және заңсыз әрекеттердің нәтижесі де болуы мүмкін (некеде тұруы немесе іздеуде болуы). Сондай-ақ оқиғаларда да (туыстық қатынастар) болуы мүмкін.

Құқықтық қатынастардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуына жиі реттерде бір ғана заңдық факт емес, ондайдың бірнешеулері жиынтығымен қажет болатын жағдайлар да кездеседі. Оның үстіне олар әр алуан сыныптамалық топтамаларға жатуы да мүмкін. Осындай жиынтықты заңдық құрам деп атайды. Мысалы, кәрілігі бойынша зейнетақы алуға құқылы болу үшін: белгілі зейнеткерлік жасына болуы қажет (оқиға), еңбегінің белгіленген стажы болуы (құқықтық ахуалы, жай-күйі) және құқық өкілеттігі бар мемлекеттік органның шешімі (заңдық акт) болулары қажет. Тұлғаны депутаттыққа кандидат ретінде тіркеутүшін заң белгіленген тәртіппен оны депутаттыққа кандидат етіп ұсыну, осыны дәлелдейтін және тиісті түрде жазылып толтырылған құжат, кандидаттыққа ұсынылуын білдіретін азаматтардың белгілі қолдары қойылған парақтардың болуы, сол тұлғаның жазбаша түрдегі келісімі, құқыққа өкілеттігі бар сайлау комиссиясының шешімі қажет болады. Жоғары оқу орнының студенті болу үшін орта мектепті тәмәмдағаны туралы аттестаты, денсаулығын куәландырған медицина мекемесінің анықтамасы, жеке басын куәландыратын төлқұжаты немесе куәлігі, арызы, оқу орнына түсудегі емтихандарды тапсыру парақшасы және сол оқу орнына қабылданғандығы туралы бұйрық болуы қажет.

Сонымен заңды айғақ дегеніміз – нақтылы өмірлік мән – жайлар. Сол айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтардың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Бұған жоғарыда айтып өткенімізжей, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет; жас, стаж және зейнетақы тағайындау туралы акт деп мысал келтіруге болады.

Заңды айғақтар бірнеше негіздермен жіктеледі. Нәтижесінің сипатына қарай олар мына топтарға бөлінеді.

Құқық құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалдаушының құқықтары мен міндеттері пайда болады);

Құқық тоқтататын (үй-жайды сату нәтижесінде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айырылады).

Құқық өзгеретін (үй айырбастау нәтижесінде құқықтық қатынастардың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы”, атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:

Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.

Неге менің бұл жұмысымда “құқық” түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: “Құқықтық норма” ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – “құқық” термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.

Демек, менің айтар ойым мынада: жоғарыдағы тарауларда белгілі болғандай құқықтық норма ұғымы құқық түсінігімен, құқықтың қайнар көздерімен тығыз байланыста.

Құқықтың құқықтық норма тудыратыны белгілі болды. Енді құқықтық норма мен құқықтың қайнар көздері арасындағы байланысты айқындап көрелік.

Біріншіден, құқықтың қай негізден бастау алғандығы құқықтық норманың белгісін айқындауға мүмкіндік тудырады.

Екіншіден, жылдар бұрын, тіпті ғасырлар бұрын, өзге саяси режим тұсында қабылданған құқықтық нормалардың өзі бұл кездері теориялық тұрғыда құқықтың қайнар көздері бола алады деген сөз.

Міне, осындайлық тығыз байланысты аша келе мен оқырман қауымға айтар ойымды жеткізе алдым деген сенімдемін.

1995 жылы қабылданған Қазақстан  Республикасы Конституциясының 1 бабында  біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген. Осыған орай және елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсті.

Сондай- ақ , Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» атты жолдауына сәйкес, Қазақстан Орта Азияның Барысына айналуды көздеп отыр. Ол үшін «әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидатты ұстана, еліміз нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, демократияландыру бағытында алға жылжып отыр. Бұл өзін - өзі ақтайды. Тек ол үшін демократияға бастау болатын алғы шарт жасау керек. Мұндай процесс мемлекетте құқықтық базаны құру мен нығайтудан туындайтынын ескеретін болсақ, аталған процесте менің «Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы» атты диплом жұмысымның тақырыбы қандайлық орын алатыны айтпаса да белгілі.

 Және де Ел Президентінің Қазақстан халқына биылғы жылғы долдауында «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрғаны» баян етілген. Ел Президенті Қазақтан Республикасы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына  кіру керек деп, елімздің алдағы жүрер жолы, негізгі стратегиялық бағдарды айқындап берді . Бұл жағдайдың өзі де мемлекеттегі құқықтық жағдайдың нығая түсуін қажет етеді. Себебі мемлекеттің алдағы бағдарламаларын іске асырудың кепіл ретінде мемлекеттің құқықтық жағдайы айқындалады.

Осыған да сәйкес мемлекетіміздің елеулі қайраткер ғалымдары халық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында “мемлекет және құқық теориясы” пәні аясында белді еңбектер жаза бастады.

Бұл еңбектерде елдің өткені мен болашағының теориялық негіздері қаланды десе болады. Сол негіздер ең алдымен “құқық” пен “мемлекет” ұғымдарын түсініп білуге бағытталады.

Менің де “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы” аталмыш дипломдық жұмысым өз кезегінде заң ғылымындағы белгілі бір теориялық ілімдерді дәлелдеп, дамытуға үлес қосар деген ойдамын.

Информация о работе Құқық ұғымы, белгілері