Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 05:00, курсовая работа
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
Кіріспе................................................................................................................2-3
І тарау. Құқық туралы түсінік
1.1 Құқық ұғымы, белгілері...............................................................................4-8
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.....................................9-17
ІІ тарау. Құқықтық норма
2.1 Құқықтың қайнар көздері..........................................................................18-24
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы..................................25-34
ІІІ тарау. Құқықтық қатынас
3.1 Құқықтық қатынас ұғымы.........................................................................35-37
3.2 Заңды айғақ.................................................................................................38-41
Қорытынды.......................................................................................................42-43
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................44-45
Қазақстан Республикасының Парламент бекіткен халықаралық шарттарының оның заңдарынан басымдығы болады. Егер Конституцияда жай заңдар мен конституциялык, заңдардың шектелгендігін ескерсек, оңда, әрине, Қазақстан Республикасының Парламент бекіткен халықаралық шарттарының тек жәй заң алдында ғана басым екендігі түсінікті болады. Казақстан Республикасының Парләамент бекіткен халықаралық шарттары тікелей қолданылады. Бұл құқықтық нормалары бар мұндай шарттардың тиісті қоғамдық қатынастарды реттейтін, оларға қатысушылардың құқықтарын, міндетіері мен жауап кершіліктерін тудыратынын білдіреді.
Халықаралық шарттарда олардағы нормативтік ережелерді қолдану үшін заң шығарудың қажеттілін керсетілуі мумкін.
Онда халықаралық шарттардың ережелері заң қабылдау арқылы іске асырылады.
Сондықтан бекітілгенге дейін халықаралық шарттардың Қазақстан Респубпикасы Конституциясына сәйкестігі қаралады. Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің жүгінуімен Қазақстан Реслубликасының халықаралық шарттарының Кон-ституцияға сәйкестігін оларды бекіткенге дейін қарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған халықаралық шарттар бекітілмейді және қолданысқа енгізілмейді.
Мұндай заңның ерекшелігі мынада, біріншіден, оның қайнар көзі халықаралық шарт болып табылады, екіншіден, мұндай заңмен халықаралық; шартқа өзгеріс, толықтыру енгізілмейді; және үшіншіден, оған Казакстан Республикасының заңдарын қабылдау тәртібі қолданылады.
4.4. Конституцияға сәйкес,
Республика қатысушы болып
Аталған барлық акілер, сондай-ақ өзге де баспасөз органдарында жариялануы, теледидар, радио арқылы хабарлануы, телеграф арқылы берілуі, тиісті органдар мен ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Қазақстән Республикасының Заңдары, Парламенттің нормативтік сипаттағы басқа да актілері "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде немесе олардьің ресми қосымшаларында жарияланған күннен кейін он күн өткен соң Республиканың бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енеді. Заңның күшіне енуінің көрсетілген мерзімі Республика Парламенті актіні қабылдаған кезде оны қолдануға енгізудің басқа мерзімін белгілеген жағдайда қолданылмайды.
Бұл жағдайда әңгіме Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының барлық түрлерінің жариялануы жөнінде болып отыр.Казақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою тәртібі туралы" заң күші бар Жарлығында оларды жариялау тәртібі көзделген. Парламент бекіткен, Қазәқстан Республикасы үшін күшіне енген мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар Парламенттің ресми басылымдарында жарияланады.
Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген, бекітуге жатпайтын мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосылуы, Президенттің келтірілген жарлығы белгілеген тәртіпте жүзеге асырылған үкіметаралық шарттар "Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жинағында" жарияланады. Ведомствоаралык,, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосылуы Президент жарлығымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылған шарттарды қоса алғанда, Казақстан Республи-касы үшін күшіне енгізілген халықаралық шарттар "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, келісімдерінің және жекелеген заң актілерінің Бюллетенінде" жарияланады) Қазақстан Республикасының шетел тілінде мәтіні бірдей жасалған халықаралық шарттары осы тілдердің бірінен қазақ және орыс тілдеріне ресми түрдегі аудармасымен жарияланады.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік қүқықтық актілер де ресми, яғни оларды қабылдаған мемлекеттік органдардың атынан ресми түрде жариялануы тиіс. Тек осындай реттерде ғана оларды нақты жағдайларға қолдануға болады.Осы ретте әңгіме Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың қаулылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік актілері жөнінде болып отыр.
Қазақстанның ежелгі дәстүрлі құқық нормаларын жан-жақты зерттеп алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апеллияциялық өндіріс жайлы толыққанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес. Өкінішке орай, отандық қылмыстық процесс жүйесінде соттың үкімдері мен шешімдерін апелляциялық қайта қарау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандықтан, Қазан төңкерілісіне дейінгі қазақ құқықнамасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып алудың қиын екені де рас.
Дәстүрлі құқық туралы сөз
қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы
жағынан біркелкі болғанын
Қазан төңкерілісіне
дейін қазақтардың дәстүрлі
“Қылмыспен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек тұрмыс-салты басқаша дамыған қырғыздардан (қазақтардан) орыстармен немесе басқа еуропалықтармен бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес”35.
ІІІ тарау. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС.
3.1. Құқықтық қатынас ұғымы.
Мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясаты
Осы тұрғыдан
Елбасы Н.Назарбаев мынадай
Қорлардың
заңмен және құрылтай
Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Олар:
Құқықтық қатынастардың түрлері:
Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз – қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.
Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады.
Құқық субъектісі – заңи немесе жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, тағы сол сияқты. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңи тұлға деп аталады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлғалар болып саналады.
Субъективтік құқық – тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шек аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па ол тұлғаның өз еркі.
Заңды міндет - заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жіктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.
Құқықтық қатынастың объектісі (заты) – табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.
Осы тарауды қорыта келе, ондағы қарастырған негізгі ұғым құқықтық қатынас дегеніміздің не екенін және де бір айқындап өтелік. Сонымен құқықтық қатынас дегеніміз – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдар арасындағы қатынас және олардың іс - әрекетімен, мінез – құлқымен тікелей байланысты. Және ол адамның мінез – құлқына құқықтық пайда болады.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені және тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші кезекке қояды.Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да сауатты рухани-психологиялық мәдениеттің қалыптасуымен жетілуіне жол ашу- қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың ондағы формалық мазмұнның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.