Құқық ұғымы, белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 05:00, курсовая работа

Краткое описание

Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................2-3

І тарау. Құқық туралы түсінік
1.1 Құқық ұғымы, белгілері...............................................................................4-8
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.....................................9-17

ІІ тарау. Құқықтық норма
2.1 Құқықтың қайнар көздері..........................................................................18-24
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы..................................25-34

ІІІ тарау. Құқықтық қатынас
3.1 Құқықтық қатынас ұғымы.........................................................................35-37
3.2 Заңды айғақ.................................................................................................38-41

Қорытынды.......................................................................................................42-43
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................44-45

Прикрепленные файлы: 1 файл

n2.doc

— 328.50 Кб (Скачать документ)

Сондықтан, Қазақстанның әл-ауқаты мен тұрақтылығының, демократиялық жолмен дамуының іргетасы болған Конституцияны құрметтеу және оны сақтау-әрбір азаматтың борышы.Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі- Конституция.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамдық тіршілік тынысын реттеуші және қазақ халқын басқа мемлекеттерден қалмай биік шыңға жетелеуші және ол шынайы демократиялық құжат екеніне көзіміз жеткен секілді.Еліміз Конституцияға бағынғанда ғана ол бізге қызымет ететіндігін ұғынуымыз қажет20.

 

                                               Кесте1


 

 



 

Құқық нормалары;                                   техникалық құралдарды пайдалану,


                                                                    қолдану ережелері;      

Мораль (имандылық, өнеге)


нормалары;

                                                                    санитарлық-гигиеналық нормалар;


қоғамдық ұйымдар


(корпоративтік)

нормалары;                                               агрономиялық нормалар;


 

әдет-ғұрыптар;                                          басқалары.


 

дін нормалары;


 

басқалары.


 

Кесте 2

 


 




 

 

 

құқық нормалары;   саяси;   стихиялық   ауызекі


(сұрапылдық)

        түрде;   жазбаша.


имандылық (мораль,  ұйымдық;


өнеге) нормалары;

 

әдет-ғұрыптар;   этикалық  саналы түрде.


(әдептік);

 

корпоративтік


нормалар;    эстетикалық;


 

 

дін нормалары;   басқалары;


 

 

басқалары.


 

 

Кесте 3

 

ҚҰҚЫҚ ПЕН МОРАЛЬДЫҢ (ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ, ӨНЕГЕНІҢ) ЖАЛПЫЛАМА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

  • Экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады;
  • Нормативтік мазмұнда болады;
  • Қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады;
  • әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді;
  • көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады;
  • жүзеге асырылудық ішкі кепілі – адамның ар-ұяты мен намысы.

 

 

 

 

Кесте 4

 


 

 

 

 

ҚҰҚЫҚ:

ИМАНДЫЛЫҚ, ӨНЕГЕ (мораль)


 

  • мемлекетпен бірге қатар пайда болады;
  • нормалардан (жүріс-тұрыс ережелерінен) тұрады;
  • нақтылығы (деректілігі), айқындылығы арқылы сипатталады;
  • мемлекеттік мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі;
  • нақты шаралар мен мәжбүрлеудің түрлері күні бұрын көрсетілген болады;
  • тек қана құқық бұзушының жүріс-тұрысын жан-жақты бағалайды;
  • мемлекетпен бірге қатар жойылады;
  • мемлекеттен бұрын пайда болады;
  • күрделірек құрылымды болады;
  • мазмұнының тым күрделі болуымен сипатталады;

 

  • дағды арқылы немесе қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етіледі;
  • мәжбүрлеудің шаралары мен түрлері күні бұрын көрсетілмеген болады;
  • адамның жүріс-тұрысы жан-жақты бағаланады;

 

  • кез-келген қоғамда орын алады.

 

Корпоративтік нормалар (қоғамдық ұйымдардың нормалары) дегеніміз қоғамдық ұйымдардың қызмет атқаруда мақсаттарына жету үшін жасалған жарғыларында, ережелерінде, шешімдерінде бар болатын, белгіленген жүріс-тұрыс ережелері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте  5

 

 


 

 

 




 

 

 Айқын, нақты жүріс-    қамтамасыз ету дәрежесі


тұрыс ережелері болады;

 

 Арнайы актілерде     мәжбүрлеу түрлері;


баяндалған болып келеді;

        құқық нормаларының


 Нормалары жүйеге     басымдылығы.


келтірілген болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

 

ІІ тарау. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА

 

    1. . Құқықтың қайнар көздері

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында былай делінген:

  1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен  бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
  2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешікім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
  3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.  
  4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше

     көзделмесе, шетелдіктер  мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада

     азаматтар үшін белгіленген  құқықтар мен бостандықтарды  пайдаланады,

     сондай-ақ міндеттер  атқарады   

  1. Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары21.

12.1. Бұл бап Республикада адам қүқықтары мен бостандықтарын тану мен қорғаудың негізгі ережелері мен принциптерін тану мен қорғаудан тұрады.

Онда еліміздің қүқықтық жүйесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын тану институты, сондай-ақ заң шығарушылардың оларды - экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси-құқьіқтық жағынан қорғалу кепілдігін қамтамасыз ету міндеттемесі бар екендігі танылған. Бұл кепілдіктер әртүрлі нысанда Конституцияның II-бөлімінің келесі бөлімдерінде де жазылған, алайда тұтас алғанда олар сығымдалып түсіндірілген деуге болады. Мысалы, саяси-қүқықтық кепілдіктер айтар-лықтай толық ашылса, әлеуметтік-экономикалык, және мәдени кепілдіктер ықшамдалып берілген22.

12.2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің басты ілімі және негізгі принципі ретінде адамның табиғи құқығының теориясы тұжырымдамасы алынған. Сөйтіп, осы нормаға сәйкес заң шығарудың және заң қолданудың басты өлшемі олардың жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына сәйкестігі болып табылады. Яғни, осы тармақ мемлекет саясатындағы жүйелік орталықтандырудан жеке бастық орталықтандырудың басымдығын ресми түрде орнықтырды. Ол мемлекеттің бұрынғы кеңестік режимі кезінде үстемдік еткен ұжымдық демократия тұжырымдамасынан ресми түрде бас тартуды білдіреді. Аталған қағиданың іс жүзінде қолданылуына әр заңды және әр заң жобасын гуманитарлық, оның ішінде қоғамдық сараптамадан өткізу және мемлекеттік органдардың қызметіне конституциялық бақылау жасау үшін іргелі негіздер қалау мүмкіндігін жатқызуға болады.

Еліміздің құқықтық жүйесінде бірлестіріліп жүйеленген табиғи-құқықтық теория құқықтың мемлекет қызметінен басымдығын табиғи түрде қамтамасыз етеді, сөйтіп Президентті қоса алғанда лауазымды адамдарға қоғамдық қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік туады.

12.3. Осы тармақта адам  мен азаматтың құқықтық мәртебесі  ерекшеленген. Егер адам құқығы  тумысынан жазылған болса,  азаматтың құқығы кейін пайда болады.  Азаматтың құқықтық мәртебесіне табиғи түрде адам құқығы, сондай-ақ жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізіне қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси қүқықтар мен міндеттер кешені кіреді.  Азаматтың мәртебесі,  осы аталғандарға қоса, тек құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын да қамтиды, айталық азамат иеленген саяси билікке деген құқығы осы билікті мемлекеттің осы адамға қатысты құқығының екінші жағы ретінде арнау міндетінің болуы қажеттігімен де ерекшеленеді.

12.4. Конституцияның осы  нормасына сәйкес шетелдіктер  мен отансыз адамдардың (апатридтердің) Қазақстан Республикасы азаматтарымен әлеуметтік-экономикалық және тиісінше саяси салада азаматтық құқықтары мен міндеттерінің толық теңдігі белгіленген. Әдеттегідей, мемлекет азаматтары барынша кең саяси құқықтық субъектілікті пайдаланады, алайда жекелеген жағдайларда, айталық, дипломатиялық корпус үшін, Республиканың халықаралық келісім жасасуларынан туындайтын ішінара ерекшеліктер болуы мүмкін.

12.5. Осы норма бұзылған  жағдайда кері зардаптарға әкеліп  соқтыруы мүмкін құқықтары мен  бостандықтарын жеке адамның   іске асыруының шегін орнықтырады. Бұл, мысалы, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтары, конституциялық құрылыс және қоғамдық; имандылық. Аталған шектеулер құқықтық практикада жалпыға мәлім шектеулер болып табылады. Мәселе заң қолданушылардың осы шектеуді түсінуіне келіп тіреледі. Орталықтандырылған құқықтық саясат кезінде мұндай түсіндірме бүкіл ел "көлемімде айтарлықтай жеңіл таратылуы да, кеңейтілуі де мүмкін, ол - қорғауды, тіпті жеке адамның құқықтық мәртебесінің өзін биліктің толық жоққа шығаруына мүмкіндік жасайды.  Сондықтан аталған ереже тиісті нормативтік актілермен дәл нақтылауды қажет етеді.23

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында былай делінген:

1. Әркімің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

2. Әркімнің   өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі24

13.1. Конституцияның 13-бабының 1-тармағының нормалары азаматтық  заңдарда дамытылған. Конституцияның 13-бабында айтылатын "құқық субъектісі" санаты азаматтардың құқық қабілеттілігі  мен әрекет қабілеттілігінің  азаматтық-құқықтық ұғымын құрайды.

ҚР АК-інің 13-6абында азаматтық құқығы және міндеттілік жүктеу қабілеті болудың (азаматтық құқық қабілеті) барлық азаматтар үшін бірдей дәрежеде танылатындығы белгіленген. Азаматтық құқық қабілеті ол туған сәттен бастап болады және ол қайтыс болуымен тоқтатылады.

Азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, сондай-ақ шет елдерде де мүлікке, оның ішінде шет ел валютасына меншік құқығына; мүлікті мұралыққа алу және мұралыққа беруге; реслублика аумағында еркін жүру және тұратын орнын еркін таңдауға; Республика шегін еркін тастап шығу және оның аумағына еркін қайта оралуға; заң актілерімен тыйым салынба-ған кез келген қызметпен айналысуға; занды тұлғаны жеке немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірлесе құруға; заң актілерімен тыйым салынбаған кез келген мәміле жасауға және міндеттемелерге қатысуға; жаңалық ашуға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына және өзге де ой еңбегіне жеке меншік құқығы болуға; материалдык, және моральдық зардаптардың орны толтырылуын талап етуге; басқа да мүліктік және жеке құқықтарды иеленуге құқылы (ҚРАК-інің14-бабы).25

Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықты иелену және оны жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттерді туғызу, оларды орындау (азаматтык, қабілеттілік) оның кәмелеттік жасқа келуімен, яғни жасының он сегізге толуымен толық көлемінде туады.

Заң актілерімен он сегіз жасқа толмай некеге отыруға жол берілген азаматтың әрекет қабілеттілігі толық, көлемінде ол некеге отырған күннен басталады. Егер заң актілерімен өзгеше кезделмесе барлық азаматтың әрекет қабілеттілігі бірдей болады (ҚР АК-інің 17-бабы).26

ҚР АК-інің 18-бабында құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен айыру мен оны шектеуге жол берілмейтіні туралы ереже белгіленген. Атап айтқанда, заң актілерімен көзделген реттер мен тәртіптен өзге жағдайда ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне шектеу қоя алмайтындығы белгіленген.

Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің заң актілерімен белгіленген шарты мен тәртібін немесе олардың кесіпкерлікпен не өзге қызметпен айналысу құқығын сақтамау тиісті шектеулерді белгіленген мемлекеттік немесе өзге орган актісінің заңсыздығын көрсетеді.

Азаматтың құқықтық қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігінен және құқықтық қабілеттілігін немесе ерекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған басқа да мәмілелерден толық немесе ішінара бас тартуы, заң актілерімен рұқсат етілгендерден өзге реттерде заңсыз болып табылады.

Азаматтық құқықты қорғау тәсілдері ҚР АК-інің 9-бабында белгіленген. Азаматтық құқықтарды қорғауды: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін іс-әрекеттердің жолын кесу; міндеттіліктің іс жүзінде орындалуына үкім ету; шығындарды, айыптарды өтеу; мәмілелерді заңсыз деп тану; моральдық зардаптардың орнын толтыру; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару немесе жергілікті өкілді не атқарушы органдардың заңдарға сәйкес келмейтін актілерін заңсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқық иеленуіне немесе оны жүзеге асыруына кедергі келтіргені үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айып өндірту жолымен, сондай-ақ заң актілерімен көзделген өзге де тәсілдермен сот немесе аралық сот жүзеге асырады.

Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет немесе басқару органына жүгіну, егер заң актілерімен көзделмеген өзге реттерде, құқықты қорғау туралы сотқа жүгінуге кедергі келтірмейді.

Заң актілерімен арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған жеке немесе заңды тұлғалардың тікелей өздері арқылы жүзеге асырылады (өзін-өзі қорғау).

Информация о работе Құқық ұғымы, белгілері