Қоғамдық өмірдегі заң мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:00, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық, тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақтық байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберін-
де ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кукыктык омирдегы зан мадениеты.doc

— 190.00 Кб (Скачать документ)

    Өкінішке орай, бұл міндеттер әлі толық орындалған жоқ. Жоғарыда аталған Құқық түсіндіру жұмысы, заң мәдениетті қалыптастыру, заң сауат және заң тәрбие бойынша арналған бағдарлама жобасында қағидатты жаңа міндеттер қойылып көрсетілген проблемаларды шешудің инновациялық жолдары көрсетілген.

     Сонымен,  құқық түсіндіру жұмысын тиімді  жүргізуде жаңа көзқарас қалыптастырылып,  пәрменді әдістер қолдану –  түбінен жаңа әдістермен көзқарас  қолдану – заман талабы.Сол  себепті заман ағымынан қалмай, сандық көрсеткіштерден сапаға өтуіміз қажет.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Адамның құқықтық мәдениеті  күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды. Құқықтық мемлекет демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Демократияны жетілдіру  мемлекеттік және қоғамдық өмірдің  құқықтық негізін бекітуге тікелей  тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.

- заңдылықтарды үздіксіз  жетілдіру;

- заңның орындалуын  бекіту;

-қоғамдық тәртіп орнатуға  әрбір азаматтың қатынасуы. Бұдан  заңдылық пен құқықтық тәртіптің  бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.

Адамның жалпы мәдениеті  мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамды бөлігі ретінде  қарастырамыз. 
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады. Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.

Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды  білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде оқушы  заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі – орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.

Сонымен қоғамдық өмірдегі заң мәдениеті дегеніміз – орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.

Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан  көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін  түсіну қиын емес.

Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.

Құқықтық   мемлекеттің  негізгі  белгісі  – халықтың  құқықтық  мәдениетінің  болуы.  Құқықтық  мәдениет қоғам   мәдениетінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Ол  екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет.  Адамның   жалпы мәдениеті мен    құқықтық  мәдениет, құқықтық мәдениет пен   құқықтық   сана  өзара тығыз байланысты.  Құқықтық   мәдениет   құқықтық  санамен салыстырғанда  әлдеқайда  кең ұғым. Азаматтардың құқықтық мәдениеті олардың  қолданыстағы   заңдар  жөніндегі   білімінен  байқалады.  Барлық   заңдарды  білу қажеттілігі  мүмкін емес болса  да, негізгі  қоғамдық    қатынастарды   реттейтін  заң талаптарын  әрине   әрбір  азамат  білгені  жөн.  Азаматтар өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін біліп, оны  өзгелердің және мемлекеттің мүддесіне  қайшы  келтірмей   түсініп саналы орындауы, мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуі құптарлық іс.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 2008 жыл
  2. Г.Искакова, Н.Ғазизова,А.Сембаева, Қазақстан Республикасындағы адам құқығы, оқу құралы, Астана, 2008 ж,  9 бет
  3. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және  құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 198 бет
  4. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және  құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 181 бет
  5. Бабаев С., Оңалбек Ж. «Жалпы педагогика», Алматы, 2005ж, 163-бет
  6. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және  құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 197 бет
  7. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және  құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 175 бет
  8. А.Ә.Маханбетова, Р.С.Егізбаева, «Кәмелетке толмағандарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу», Алматы, 2010 ж, 20 бет

 




Информация о работе Қоғамдық өмірдегі заң мәдениеті