Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:00, курсовая работа
Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық, тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақтық байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберін-
де ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді.
Кіріспе
Зерттеу жұмысының тақырыбы «Қоғамдық өмірдегі заң мәдениеті» болып табылады. Бұл тақырып бүгінгі күні мәдениет саласы, заң саласында да өзекті тақырыптардың қатарына жатады. Демек, мәдениет-адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. Қоғамдық өмірдегі мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси, экономикалық, әлеуметтік, парасаттылық, инабаттылық, экологиялық, заң т.б. мәдениет жүйе салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси,әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп,басқарып отырады. Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып, қоғамның экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартып, нығайтып отырады.
Жақсы дамыған экономика мәдениеттің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекеттпен бірге бірлестіктер, одақтар, ұжымдар зор үлес қосады. Жоғары деңгейі мәдениетке жол ашады.
Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық, тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақтық байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберін-
де ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді.
Мысалы, дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып, оладың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп, мәдениетін дамытады.
Мәдениеттің мазмұны туралы ғылымда бірнеше пікірлер бар, оларды үш топқа бөлуге болады: антропологиялық, социологиялық, философиялық көзқарастар-жіктеулер:
- антропологиялық жіктеу адамдардың іс әрекеті мен қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасқан материалдық және рухани жетістіктер. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын жақсы түсіну үшін қоғамның барлық саласының жетістіктерін біріктіріп зерттеуді жақтайды ;
- социологиялық жіктеу – қоғамның даму процесінде қалыптасқан рухани жетістіктер. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіну үшін қоғамның әлеуметтік және идеологиялық жетістіктерін біріктіріп зерттеуді қостайды;
- философиялық жіктеу – қоғамның барлық материалдық және рухани құбылыстардың жиынтығы – деп түсіндіреді. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіну үшін қоғамдағы барлық құбылыстардың объективтік және субъективтік заңдылықтарын зерттеп, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасауды дұрыс дейді.
Заңнамалық қызмет құқықтық реттеу және қоғамды басқару бағытындағы маңызды орынға ие. Бұл ретте заң шығарушылық үрдістің мәдениеті мен деңгейі, сондай-ақ қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер сапасы қоғам өркениеттілігі мен мемлекеттегі демократияның даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады [3].
Қазақтанда қоғам өмірінің барлық маңызды салаларында туындайтын құқықтық қарым-қатынастарының 250-ден астам заңдар, 17 кодекстер мен 10 конституциялық заңнама бар.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған.
1 Қоғамдық өмірдегі заң мәдениетінің теориялық негіздері
1.1 Ұлттық заң мәдениеттің қалыптасуы
Қоғам мәдениетінің ең негізгі салаларының бірі заң мәдениеті.
Бұл қоғамдағы мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды заң нормалар арқылы реттеп, басқару. Заң мәдениеті қоғамдағы мәдениеттің деңгейінен жоғары бола алмайды. Бұл объективтік процесс.
Заң мәдениеті қоғамның заң санасының айнасы деуге болады. Өйткені бұл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының заң мәдениетінің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады. Заң мәдениеті екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет.
Сурет 1- Заң мәдениетінің түрлері
Жеке тұлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Заң мәдениет жалпы-халықтық байлық, ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі.
Заң мәдениеті жеке тұлғалардың білімінің деңгейіне қарай үшке бөлінеді: күнделікті, профессионалдық, теоретикалық. Күнделікті мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің көлеміндегі дәреже. Бұл дәреже еңбектенсе өсуі мүмкін. Профессионалдық мәдениеттің бір немесе бірнеше саласын игеру. Теоретикалық мәдениеттің теориясын жақсы білу.
Қоғамдық жүйедегі нормативтік актілер барлық халықты қамтып, қоғамдық көлемде мәдениетті дамыту; топтық жүйе – бірлестіктер, одақтар, ұжымдар көлемінде мәдениет мәселесімен шұғылдану; жеке тұлға жүйесі – жеке адамдардың рухани сана-сезімін, білімін, мәдени тәжірбиесін дамыту.
Бұл күнде ұлт тағдыры барша халықты ойланта бастаған секілді. Осыған қарағанда саны аз ұлттардың өз ертеңіне қобалжи қарап, болашағымыз не болады,алда бізді не күтіп тұр,деген ойлардың құшағына берілуі әбден заңды да. Ерте өмір сүрген талай халықтардың бұл күнде тарих таңының астында қалғанынан әркім-ақ хабардар. Сондықтан да қазіргі кезде ертеңін ойламайтын халық кемде-кем.
Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі, болашағы қазақ ұлтының өркениетті әлемде тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан-жылға күшейіп, өткен кезеңде жақсы көрініс тапты.
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту – бүгінгі сара бағытымыз, ашық та айқын саясатымыз. Мұның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп ұлтты Қазақстан қазақтың тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан,ол қазақтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін қорғауға, қастерлеуге міндетті. Осы қажеттіліктің өзі оны XX ғасырдың соңында дүниеге қайта оралтып, өмірге әкеліп отырғаны белгілі [7].
Тарихқа үңілер болсақ біз қазақ хандығының алғаш құрылған кезеңінде де одан кейінгі уақытта да қазақ халқының заң мәдениетте елеулі орын алатын, заң қатынастарды реттейтін заң нормаларын, жинақтарын, баршылыққа міндетті әдет-ғұрып ережелерін қалыптастырып,соларға сүйене отырып билік, саясат жүргізгенін білуге болады. Ондай заңдардың ішінде ежелгі «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», кейіннен Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Абылай ханның заңдары қазақ хандығының қоғамында алғашқы заң мәдениеттің пайда болуының бастамасы болды. Қазақ дәстүрлі қоғамында ұлттық мәдениеттің маңызы зор болды.
Сол мәдениет қазіргі заманғы мәдениеттің бастауы ретінде қалыптасып, бізге біртұтас, құрылымды құқықты мәдениет ретінде бізге жетті.
Сондықтан да Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері қоян-қолтық бірлесіп, ынтымағы жараса өмір сүре отырып, қазақтардың ұлттық өсіп-өнуіне жағдай жасайтын тек Қазақстан екенін, оның басқа Отаны, елі жоқ екенін терең сезініп, оған түсіністікпен қарауы – бірлесіп ынтымақтасып өмір сүрудің нақты кепілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында барлық азаматтардың, ұлттардың, халықтардың бостандығын, құқықтарын, мәдениетін, тілін қорғауға мемлекет кепілдік береді – деген. Осы саясатты іске асыру үшін ұлттар Ассамблеясы құрылды, оның жұмысын басқаратын комитеттің құрамында барлық ұлттардың өкілдері бар.
Мемлекеттің өкілетті органдарында,заң нормаларда мәдени ағарту мекемелерінің,көркемөнерпаздар ұжымдарының, халық театрлары мен ән-би ансамбльдерінің , мәдениет мектептерінің жұмысы, тілек-талаптары жиі талқыланып, мемлекетіміздің мүмкіншілігіне сәйкес іс-әрекеттер жасалып, тиісті нормативтік нормалар қабылдануда. Еліміздің экономикалық дағдарыстан шығып, нарықты экономикалық жүйені толық қалыптастыру процесі аяқталса, мәдениет мәселесі мемлекет пен құқықты қызметінің негізгі бағытына айналады. Өйткені мәдениеті төмен дәрежедегі елдер өркениетті елдер дәрежесіне кіре алмайды. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясында ашық айтылған.
Қазіргі жағдайда қоғамымыздың заң мәдениетінің қалыптасуы біркелкі емес десе болады. Шынтуайтқа келгенде, бұқаралық ақпарат құралдары заң нигилизм, заңдық озбырлық және заңдық мәдениетсіздік тақырыбын көтермейтін күн жоқ. Заң нигилизмнің етек жаю ауқымы кеңейіп барады. Көп жағдайда заң нигилизм қоғам дамуының тарихи жолы ерекшелігінің туындысы болып табылады. Көп уақытқа созылған заң озбырлық қоғамдық санада тұлғаға қол сұқпаушылық, барлық адамдардың заң алдында бірдей болуы, сотта іс қараудың әділ болуы сияқты басты демократиялық принциптердің шынайылығына деген сенімсіздіктің туындауына алып келді. Ал қазіргі өтпелі кезеңде қоғамдағы заңдық нигилизмді азайтуға септігі болмай отыр, бұл, басқасын айтпағанда, экономикада сондай-ақ қоғам өмірінің өзге де салаларында криминогендік алғышарттың ұлғаюына алып келді.Бүгін заң мемлекет қалыптастыру жолында құқықтың қоғамдық өмірде алатын орнына деген бұрынғы көзқарасты өзгерту керек сияқты.Мемлекетпен құқықтың өзара қатынасында құқықтың рөлі басым болуы керек, ал барлық мемлекеттік органдар Заңға, қолданыстағы заң нормаларына сөзсіз бағынуы тиіс.
Қазіргі қоғамдық қатынастарды заманға лайық ету,заң мемлекетті қалыптастыру бағытында таңдау жасалған кезде заң мәдениет, оның деңгейін жоғарылату кезек күттірмес мәселеге айналып отыр және оның табысты шешілуі Қазақстандағы мемлекеттік-заң құрылыстың тағдырына көп әсерін тигізеді. Әзірше заң ақпарат пен насихаттың бірегей жүйесі жоқ, заң білім негіздерін мақсатты оқыту,нормативтік материалды және заң әдебиетін көпшіліктің қолы жетерліктей жариялау жолға қойылмаған. Заң мәдениетті жоғарылату мәселелері – қоғамның өмір сүруінің объективтік жағдайларының өзгеруіне, мақсатқа бағындырылған идеологиялық, ұйымдық жұмысқа, әлеуметтік-заңдық шараларды жүзеге асыруға байланысты ұзақ процесс екендігін қайталап айтқан артық болмас. Осындай жағдайда заң сананы қалыптастыру мемлекеттік билік институттары алдында тұрған аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Осы міндет орындалмай азаматтық қоғам құру,өмірдің көптеген саласын реформалау, әлеуметтік жағымсыз мінез-құлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу мүмкін емес. Әрине, бүкіл заңдарды білу іс жүзінде мүмкін емес, әсіресе заң мәселелерімен арнайы айналыспайтын азаматтар үшін бұл тіпті қиын. Сондықтан азаматтардың білуі үшін неғұрлым қажетті және қолданыстағы заңнамада бағыт-бағдар ұстануға мүмкіндік беретін заңнама салалары мен ережелерін айқындап алу міндеті тұр.
Заң мәддениетке қарама-қарсы бағыт – заң нигилизм.
Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы,жағымды мұраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын,қоғамдық өмір нысандарын т.б. жоққа шығарып,мойындамау. Ресейде, Германияда, Испанияда т.б. еуропалық елдерде нигилизм XIX ғасырда қалыптасқан саяси реакцияшыл ағым. Марксизм болашақта – комунизмде – мемлекет пен құқық болмайды деп түсіндіреді. Қазіргі заманда саясатшылар, заңгерлер,ғалымдар құқық пен мемлекет адам қоғамымен бірге өмір сүреді дейді.
Нигилизм әлеуметтік құбылыс, оның аз да болса дұрыс бағыты болады. Мысалы Ресейдегі патшалық саяси-экономикалық жүйеге демократтардың қарсы күресі ( XIX ғ.). Кеңестік дәуірде тоталитарлық саяси басқару жүйесіне еліміздегі қарсы күрес. Бұл саяси күрестердің стратегиясы дұрыс,тактикасы – күресті жүргізу нысаны реакцияшыл бағытта болды – террор, төңкеріс т.б. Бірақ бұл саяси ағындарды нигилизмге толық жатқызуға болмайды [4].
Нигилизмнің өзіне тән белгі-нышандары: субъективизм, волюнтаризм, үстемділік, асыра сілтеу, террор, төңкеріс, контрреволюция т.б. Нигилизмдік саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде әр түрлі нысандарда үзіліссіз жүріп жатты. Постсоветтік республикаларда нигилизмнің түрлері, нысандары көбеюде. Олар әр түрлі саяси бағыттағы қозғалыстар, монархистер, социалистер, большевиктер, т.б.
Бұл қозғалыстар қоғамның, халықтың өміріне көп зияндар келтіруде: рухани, моральдық, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді жоюда,еңбексіз баю жолында, ар-ұятты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді аяқ асты қылуда.
Бұл топтың біразы мемлекеттің ең жоғарғы басқару аппаратына орналасып алған. Қазіргі кезде постсоветтік республикаларда нигилизмнің көріністері жоғары мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетінен байқала бастады. Социалистік жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшеміз деп еліміздің экономикалық, әлеуметтік байлығын талан-таражға салып, өздері байып, жұртты қу-тақырға отырғызды.
Нигиллизм сан қырлы, өте қауіпті саяси ағым. Ол өзінің реакцияшыл тактикасын неше түрлі шым-шырақай өзгерістерге айналдырып , халықты алдауға өте шебер. Осы реакцияшыл тактиканың негізгі түрлері :
1) Қоғамдағы заң нормалардың талаптарын қасақана орындамау іс- әрекеті немесе әрекетсіздігі. Бұл құқық бұзушылық қылмыс немесе теріс қылық, қоғамға, ұйымдарға, адамдарғаморальдық, материалдық зиян келтіретін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін қоғамға жат қылықтар.
2) Адамдардың жаппай заңды нұсқауларды орындамай, өздерінің ойдан шығарған нормасымен жүріп, қоғамдағы азаматтық, әкімшілік тәртіпті бұзуы. Бұл мемлекеттің әлсіздігі.