Қоғамдық өмірдегі заң мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:00, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық, тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақтық байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберін-
де ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кукыктык омирдегы зан мадениеты.doc

— 190.00 Кб (Скачать документ)

3) Заңдардың     арасындағы    күрес – соғыс ,     нормативтік     актілердің арасындағы қайшылықтар. Кейде заңға тәуелді нормалар   заңнан  жоғары болып кетуі де кездесіп жатады. Бұл нигилистік асыра сілтеу...Заңдардың, биліктің күресі – соғысы қоғамға өте қауіпті  нигилистік іс-әрекет.

4)   Заңдылықты   субъективтік,   прагматикалық   саясатпен    ауыстыруға талаптанған ағымдар да өмірде кездесіп жатады.Олар қоғамның объективтік дамуына көп зиян келтіреді.

5) Мемлекеттік билік және басқару  органдарының  арасындағы   күрес-қайшылықтар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы  Кеңесі мен Президентінің   арасындағы келіспеушіліктер, Жоғарғы Кеңестің таратылуы.

6) Қоғамда адамдардың бостандығы,құқықтары,теңдігі толық қамтамасыз етілмесе  саяси нигилизмнің  негізіне   айналып, көп зиян келтіруі   мүмкін. Мысалы, Ресейдегі чечен халқына деген соғыс.

7) Әр түрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер. Мысалы марксистік және буржуазиялық идеологияның күресі  50 жыл атом қаруын себепсіз дамытып, дүние жүзіндегі халыққа қауіп төндірді.

 

 1.2 Құқықтық сана – заң мәдениеттің негізгі элементі

    

Құқықтық сана – қоғамдық және жеке сана саласына жататын жоғары дамыған құрылыс. Ол жеке тұлғаның   құқыққа деген түсінігі мен сезімінің, көзқарастарының,  қатынастары   мен  бағасының   жиынтығын   білдіреді.

Құқықтық сана адамдардың жаңадан қабылданған заңдарды, нормативтік актілердің  жобаларын   қолдауы  немесе  қабылдамай   тастауы  т.б.

Құқықтық сана – сезім  белгілері мыналар:

  • заң қажеттілікті ұғынуы және сезінуі;
  • құқықты бағалауы;
  • құқықты жете түсіну,дамыған заң шығару жүйесін құрудың қажеттілігі;
  • қимылдағы нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің мұқтаждығы.           

Сана  кез-келген  қызмет процесінде пайда болады.Заң сананың қызметі оның субъектісінің қызметінің нәтижесі.

Құқықтық сананың негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

1) танымдық қызметі,жеке адамның  заң тәжірбиесіне байланысты құқықтың өмірдегі  құбылыстарға қатынасын анықтау;

2)   бағалаушылық   қызметі ,   жеке   адамның   заң   тәжірбиесіне байланысты  құқықтың   өмірдегі   құбылыстарға  қатынасын  анықтау .

Құқықтық сананың  құрылымы екі  негізгі элементтен тұрады: құқықтық психология және құқықтық идеология.

Құқықтық    психология    қоршаған     заң     болмыстың   әсерінен қалыптасып, пайда болатын, заң сананың алғашқы, бастапқы тәжірбиелік сатысы. Ол қоғамның заң сезімін, ақыл-ойын, әдет-ғұрып, дәстүрін біріктіреді   және   адамдардың,   қоғам мүшелерінің   әр  түрлі   топтарының санасында – заңдарға   олардың қолдануына байланысты туған әсерлер,көңіл- күйі және сезімдері жатады.

Заң психология арқылы мыналар іске асырылады:

 а) заң мәдениетке тән әдет-ғұрып және салт-дәстүр,жеке адамға тән әдетке айналған, тұрмысындағы,мәдениетіндегі нәрсенің бәрі;

б) өзін-өзі  бағалауы, өзінің іс-әрекетін заң нормаларға сай бағалауы арқылы т.б.

Заң идеология дегеніміз – қоғамдағы құбылыстарды,қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге келтіру.

Құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастар белгілі бір жүйеге  келтіріліп, ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Заң идеология қоғамдағы түрлі бағыттағы,  әр саладағы мақсаттарды біріктіріп дамытады [5].

Құқықтық идеология – заң сана  құрылымының негізгі   элементі.

Заң  мәдениет   заң   санамен тығыз   байланысты,  бірақ ол заң  санадан әлде қайда  мағыналы  түсінік, осыған байланысты ол психологиялық және идеологиялық элементтерді, сонымен бірге заңды мінез- құлықты да қамтиды.

Заң мәдениет мыналардан көрінеді:

1) заң шындықты   сезіммен қабылдаудың және заң ойлаудың нақты дәрежесінен;

2) тұрғындардың  заңдарды  білуінің тиісті жағдайынан;

3) жоғары дәрежеде  құқық нормаларын сыйлауы,оның  беделдігін арттырудан;

4) заң шығармашылық және құқықты  іске асыру процесінің сапалы дәрежесінен;

5) заң   қызметтің арнайы тәсілдерінен (құқық қорғау  органдары қызметінен, конституциялық бақылаудан  т.б.);

6) адамдар  қалыптастырған рухани және материалдық   айлық   түріндегі заң   қызметтің нәтижесінен (заңдар,сот тәжірбиесі, заң шығарушылық жүйесі және т.б.) көрінеді.

Бұлардың  әрқайсысын жеке  тұрғыдан және  қоғамдық тұрғыдан да көруге болады.

Жеке адамның  заң мәдениеті дегеніміз – бұл құқықты білу және түсіну, сонымен бірге, соған сәйкес әрекет ету   Жеке  адамның  заң мәдениеті адамның заң білімділігін білдіреді,оған құқықтың саналығы, құқықты пайдалануы, заң  нормаларына, өзінің  іс-әрекеттерін   бағындыруы кіреді. Жеке адамның заң мәдениетінің құрылымы мына элементтерден тұрады :

1) психологиялық элементі – құқықтық психология ;

2) идеологиялық элементі – құқықтық идеология ;

3) кұнделікті элементі – тұлғаның  іс-әрекетінің заңды маңызы .

Қоғамның   заң  мәдениеті    дегеніміз – бұл     қоғамның  заң белсенділігі және заң санасының дәрежесі, заң нормаларының және заң қызметінің  белсенділігі.

Қоғамның  заң мәдениеті жалпы мәдениеттің негізгі салаларының бірі. Бұл қоғамдағы мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды заң нормалар арқылы реттеп, басқару.

Қоғамның  заң мәдениетінің  қозғаушы күштері мыналар:

а) құқыққа қажеттіліктің шынайылығы;

б) мемлекеттегі заңдылықтың және заң тәртіптің жағдайы;

в) қоғамда заң ғылымының және заң білімінің даму дәрежесі.

Заң мәдениеттің   жақсы  дамуыны негізгі   шарттары:   халықтың рухани  сана-сезімін  дамыту; мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жұмысын жақсарту; заңдылықты, заң тәртіпті орнату; мәдениеттің жетістіктерін қоғау; заң  мемлекетті қалыптастыру.

Қоғамның  заң  мәдениетінің  құрылымы  келесі    элементтерден тұрады:

1)Қоғамның заң санасының және заң белсенділігінің дәрежесі ;

2)Заң нормаларының прогрессивті  сатысы

3)Заң қызметінің прогессивті  дәрежесі (заң шығармашылықтың,

заң қолданушылықтың,заң қорғаушылықтың мәдениеті)

 

1.3 Құқықтық сауаттылық және оның құқыққа қатысы

 

Құқықты  түсіндіру  жұмысы   және   заң   сауат мәселелері өзара байланысты  әрі бірін-бірі қамтамасыз ететін түсініктер  болып табылады. Қазақстан   Республикасының   президентінің 1995 жылғы   21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей заңды оқуды ұйымдастыру шаралары туралы»  № 2347 қаулысы,   Қазақстан  Республикасы    Үкіметінің 1996 жылғы 13 мамырдағы «Қазақстан Республикасында жалпыға   бірдей заң оқуды ұйымдастыру шаралары  туралы»  № 591 қаулысын,    Қ.Р Үкіметінің   2004   жылғы  24 желтоқсандағы  «Құқықты түсіндіру   жұмысы, заң  мәдениетті  қалыптастыру,  азаматтарды  заң  оқыту    мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы» № 13 82   қаулысы   және  Қазақстан Республикасы   Әділет   министрлігінің    алқа шешімдері, комитеттің нұсқау хаттары мен тапсырмалары осы мәселені шешу мақсатында  қолданылған  іс-шаралар  болып  табылады.

Құқықтық сауаттылық     дегеніміз – азаматтардың    заң      және     құқық нормаларын  жете түсініп, соларға және әлеуметтік мақсаттарға сай әрекет етуі. Құқықты сауаттылықтың арқасында заң міне-құлық қалыптасады.

Бұл   тек   құқық   пен құқық нормаларын, заң мәдениетін түсіндіру жолы арқылы ғана болады.

Заң   мәдениетін  түсіндірудің   негізгі   әдістері: антропологиялық, әлеуметтік, философиялық.

Құқық  нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің,лауазымды тұлғалардың, қоғамдық   ұйымдардың,    жекелеген   азаматтардың құқық   нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған әлеуметтік күштердің    еркін    ашуға   бағытталған  қызметі.    Түсіндіру     процесінде нормативтік    ереженің  мәні,      оның  негізгі    мақсаты  мен      әлеуметтік бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары,оның заң реттеу жүйесіндегі   орны   және т.б.  анықталады.  Түсіндірудің    мақсаты – заңшығарушының  не  айтқысы   келгенін   емес,    оның   қалыптастырған ережесінің мәнін анықтау. Түсіндіру қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар  енгізбейді  және  енгізе алмайды да, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге және нақтылауға бағытталған. Түсіндіру екі  жақтан құралады:

  • норманың мәні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін) ;
  • норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін) .

 Түсіндіру  тәсілдері – бұл  заң   нормалардың   мазмұнын  анықтауға бағытталған  тәсілдер  мен  бағыттардың жиынтығы. Түсіндіру тәсілдерінің мынадай түрлері   бар:

1) грамматикалық – тіл    құралдарының,    грамматика   ережелерінің, орфографияның және т.б. көмегімен түсіндіру;

2) логикалық – логика  заңдарының  және   ережелерінің көмегімен түсіндіру;

3) жүйелік – заң нормасының  басқа нормалармен жүйелік байланысын,нақты  жүріс-тұрыстың құқық жүйесіндегі  ролі мен орнын талдау арқылы түсіндіру;

4) тарихи-саяси – заң норманы қабылдаудың нақты тарихи және саяси жағдайларының көмегімен түсіндіру;

5) телеологиялық  (мақсатты) – нормативтік    актіні қабылдау мақсаттарын анықтаудың  көмегімен анықтау;

6) арнайы-заңды – заңнамада   қолданылатын   заң   терминдерінің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру [6].

Құқықты   түсіндіру   жұмысын  күшейтудің  маңызды   шарты – заңдық ақпаратқа   қол  жетушілікті   қамтамасыз  ету,  кодекстерді,   анықтамалық сипаттағы және көпшілікке арналған заң әдебиеттерін   үлкен таралыммен басып шығару. Халық арасында  заң білімді насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдары негізгі рөл атқарады.

Заңгер ғалымдардың  пікірінше, азаматтардың заң жағынан  сауатты, талап қоя білуі мемлекеттік  органдарды,  барлық лауазымды  тұлғаларды өздерінің қызмет  бабындағы  міндеттерін  орындауда жауапкершіліктерін арттырып, азаматтардың   сұранымдарына  дұрыс  қарап,   шешуге  итермелейді.

Субъектілеріне   байланысты   түсіндірудің    мынадай   түрлері   болады :

- Ресми; мұндай түсіндіруді өкілетті субъетілер ғана береді, олар арнайы актілерде көрініс табады және заңды салдарды туындатады;

- Бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндеті болмайды және биліктік күші жоқ.

Ресми түсіндіру нормативтік (тұлғалар мен жағдайлардың кең шеңберінде таралады)   және   казуалды   (тек нақты бір жағдай үшін мішдетті болып табылады) болып   екіге  бөлінеді.  Нормативтік   түсіндіру,  өз кезегінде, аутентикалық    (нормативтік  актіні қабылдайын  органмен  беріледі)   және легалды (өкілетті субъектілер береді) болып екіге бөлінеді.

Түсіндірудің   нәтижелері заң нормаларының шын мәніндегі мазмұны мен мәтінінің  қатынасына  қарай  әр түрлі болуы мүмкін. Осындай арақатынастықтың негізінде түсіндірудің үш түрін бөліп қарастырады (көлемі бойынша түсіндіру):

1) дәлме-дәл түсіндіру  – құқық  нормасының  шын мәніндегі мағынасы мен оның  мәтінді көрінісі сәйкес келген  жағдайда мүмкін;

2) шектелген түсіндіру  – құқық нормасының шын мәніндегі мағынасы оның мәтіндік көрінісінен тар болған жағдайда қолданылады;

3) кеңейтілген түсіндіру  – құқық нормасының шын мәніндегі  мағынасы оның мәтіндік көрінісінен  кең болған жағдайда қолданылады  .

Құқықты түсіндіру актісі – бұл заң нормаларының мағынасын  түсіндіруге бағытталған  заң   акт.  Құқықты  түсіндіру актілерінің ерекшеліктері :

- заң нормасының мағынасын түсіндіруге бағыттаған;

- нормативтік емес  нақтылаушы ережелерден құралған;

- дербес  сипатқа ие емес және өзі түсіндіріп отырған нормалармен бірге әрекет етеді ;

- құқықтың қайнар көзі болып табылмайды .

Құқықты түсіндіру актілерінің төмендегідей түрлері болады :

1) ресми түсіндірудің  түрлеріне қарай олар нормативтік  (ауреникалдық және легалды ) казуалды  түсіндіру актілері болып бөлінеді;

2) түсіндірудің  жүзеге асырып отырған органдарына   қарай – мемлекеттік биліктік органдардың,  басқару органдарының,  сот, прокуратура органдарының түсіндіру актілері;

3) заң реттеу пәніне қарай – қылмыстық, азаматтық,әкімшілік және т.б. құқықты түсіндіру актілері;

4) сипатына қарай –  материалдық іс жүргізушілік  түсіндіру актілері ;

5) нысанына қарай –  жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар,  нұс

қаулар және т.б.     

Информация о работе Қоғамдық өмірдегі заң мәдениеті