КСРО-ның құрылуының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 12:23, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыс өзектілігі. КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды[2, 234 б].

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. КСРО – НЫҢ ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ЫДЫРАУ ТАРИХЫ
1.1 КСРО-ның құрылуының тарихы.....................................................................5
1.2 КСРО –ның ыдырауы......................................................................................12

ІІ. 1977 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯ
2.1 1977 жылғы КСРО Конституцияның қабылдануы.......................................18
2.2 1977 жылғы Конституцияның нәтижесі........................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

1977 Конституция 555.doc

— 242.50 Кб (Скачать документ)

Шынында, сол тарихи өзгерістер алдымен Қазақстан мемлекеттілігінің өзгеруіне байланысты. Қазақ КСР-нің 1978 жылғы Конституциясы бойынша Қазақстан егемен мемлекет деп танылды. Бірақ, мұндай тұжырым шындыққа сәйкес келіңкіремейтін. Қазақстан КСРО құрамындағы он бес одақтас республикалардың бірі болатын. Шаруашылыққа, саясатқа, әлеуметтік жағдайға, мәдениетке байланысты мәселелердің баршасы тек одақтық партия және мемлекеттік органдар арқылы ғана қаралып, шешіліп отырған-ды. Оған қоса, мәселелерді орталықтандыру дәстүрі жылдан-жылға күшейіп, тіпті асқынып кетті. Одақтас республикалардағы болмашы мәселенің өзі Мәскеу арқылы шешілетін. Соның бір айғағы: аспиранттардан кандидаттық емтихан алу үшін олардың тізімі жасалып, рұқсат алуға Мәскеуге жіберілетін. Осындай жағдайдағы республикаларды дербес мемлекет деп санауға болар ма еді?

Бұл ретте мен Қазақ КСР-нің 1978 жылғы Конституциясын, Қазақстанның кеңестер дәуіріндегі жағдайын сынап отырғаным жоқ. Кеңес дәуірінде Қазақстанда өмірдің барлық салаларының едәуір алға басқанын жоққа шығаруға болмайды. Айталық, көптеген қалалар салынды, өсті, зауыт-фабрикалар құрылып, үздіксіз жұмыс істеп тұрды, білім мен ғылым дамып, айтарлықтай жетістіктерге қол жетті. Алайда, 60-70 жылдары осының бәрінің тұралап, дамымай қалғаны тағы рас. Түрлі реформалар, қайта құру еш нәтиже бермеді. Ақырында, Кеңестер Одағы саяси, экономикалық, әлеуметтік дағдарысқа ұшырап, құлдырай бастады. Қуатты, мызғымас Кеңес мемлекеті құрдымға жол тартып, он бес мемлекет өз алдарына бөлініп шықты. Формальді тұрғысынан қандай жақсы болса да, КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясы алып мемлекетті сақтап қала алмады.

Қазақстанның нағыз өзіндік тарихы тәуелсіздікке, егемендікке жеткен мезгілден басталды. Міне, содан бері, он бес жыл өтті. Осы мерзімді шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – “Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы” Декларациядан (25 қазан 1990 жыл), “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңынан басталып, Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын (28 қаңтар 1993 жыл) қабылдауға дейін созылады. Екінші кезең – 30 тамыз 1995 жылғы Республикалық референдуммен қабылданған, қазіргі қолданыстағы Конституциядан бастау алады.

Тұңғыш Конституциямыздың қабылданғанына он жыл толып отыр. Он жыл жеке адамның өмірінде онша көп уақыт емес сияқты. Ал, мемлекетті алсақ, бір жағынан аз, бір жағынан көп. Аз дейтінім, мемлекет дегеніңіз өте күрделі, зор құбылыстарға толы. Бүкіл елді, қоғамды қамтитын, маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, басқаратын жоғары, орталық және жергілікті органдарды құру, олардың қызметін реттеу, түрлі мемлекет органдарында қызмет істейтін адамдарды даярлау, сұрыптау, олардың өкілдіктерін анықтау, органдардың заңдарды қалтқысыз қолдануын қадағалап отыру, тағы басқа қызметтерді күнделікті атқарып отыру өте күрделі де қиын жұмыс. Осы айтылғандардың барлығы бұрын қалыптасқан дағдылы, дәстүрлі істер, қызметтер емес еді. Қазақстан мемлекетін құрайтын барлық органдарды – Парламенттен, Үкіметтен бастап, министрліктерді, мемлекеттік комитеттерді, агенттіктерді, облыстық, аудандық, ауылдық атқару органдарын, өкілдік органдарын, жоғарыдан бастап, аудандық деңгейге дейінгі сот, прокуратура органдарын тәуелсіз мемлекеттің органдары ретінде қайта құрып, олардың өкілеттіктерін айқындау қажет болды. Кейбір мемлекеттік органдар жүйесін екі-үш реттен қайталап өзгертуге, олардың қызметтерін реттеуге тура келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2.2 1977 жылғы Конституцияның нәтижесі

 

«Конституция» термині (лат. соnstitutio – бекіту) Ежелгі Римде белгілі болған және императордың әр түрлі бекітулері мен қаулыларын көрсетуде қолданған. Бірақ құл иеленушілік, феодалдық мемлекетте де оның құрылымын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы ретіндегі конституциясы болған жоқ.

Заң ғылымында конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.

Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі «Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы» Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Атанған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттң қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.  
1990 жылы 25 қазандағы Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Онда республиканың жаңа Конституциясын дайындау үшін негіз ретінде маңызы жарияланды. Декларацияда Қазақ КСР-ның басқа республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым-қатынас құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды.

Сонымен бірге Декларацияда: «Қазақ КСР-ы ұлттық мемлекетті қорғау, сақтау және нығайту жөнінде шаралар қолданады» деп алғаш рет ұлттық мемлекеттік туралы жария етілді, онда қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың Қазақ КСР-ның мемлекеттілігініңең маңызды міндеттерінің бірі екендігі белгіленді.

Декларация – Қазақ КСР-ның бұрын буржазиялық саяси институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығаратын билік бөлісу принципін бірінші реет жарияланған акт.

Заң шағару билігі жоғарғы кеңеске беріледі, ал Президент республика басшысы болады және жоғарғы атқарушы билікті иеленді. Сот билігі жоғарғы сотта болды.

Декларация Қазақстан аумағындағы бүкіл экономикалық және ғылыми-техникалық, барлық табиғи ресурстары тек Қазақ КСР-ның меншігінде болатынын жариялады.

Декларацияда мемлекеттің әлеуметтік негізінің анықтамасы таптық көзқарас жоқ. Қазақ КСР конституциясының 1 бабындағы «жұмысшылар», «шаруалар»,«интеллигенция» түсініктері заң нормаларынан алынды. Халық егемендік пен мемлекеттік билікті ұстаушы деп жарияланды.  
Қазақ КСР-і халықаралық қатынасқа тәуелсіз субъект ретінде қатысу құқығын алды. 1978 жылы Конституция бойынша Қазақ КСР-нің сыртқы істер министрлігі болса да жеке халықаралық аренаға шыға алмады. Конституцияның 28 бабына сәйкес Қазақ КСР өзінің ішкі саяси қызметінде КСРО Конституциясымен белгіленген ішкі саясаттың міндеттеріне, мақсаттарына және принциптеріне сүйенуі қажет болды.  
Осылайша, Қазақстанда тәуелсіздікті жариялағанға дейін 1 жылдан көп уақыт ішінде Конституциялық сипаттағы актілер қабылданды. Олар КСРО Конституциясының негізгі нормаларының әрекетін тоқтатты және жеке, тәуелсіз дамудың бастауына жол салды. Қазақ КСР 1978 жылғы Конституциясына қабылданған әр түрлі заңдар мағналы өзгерістер енгізді. Бұл 1990 жылы 20 қарашадағы «Мемлекетік билік пен басқару құрылымын жетілдіру туралы» Заң. Конституцияға Президент атқару биліктің басшысы болады, Министрлер кеңесі Министрлер кабинеті болып ауыстырылып, оны жоғарғы кеңес бекітеді деген жағдайлар енгізілді. Конституция Қазақ КСР өзінің барлық жоғарғы билік органдарындағы сұрақтарды шешуге қатысады. Оларды бұрын КСРО шешкен болатын.

Маңызды конституциялық мағналы 1991 жылы 15 ақпандағы «Жергілікті өзін басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті Кеңесі туралы» Заңы да иеленді. Осы заңға сәйкес Қазақ КСР-нің 1978 жылғы Конституциясына қосымша өзгертулер енгізілді. Заң жергілікті өзін басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті кеңесін, аумақтық қоғамдық өзін басқару органдарын, жергілікті референдумдар , жиналыстар, азаматтардың конференцияларын енгізді және олар Кеңес тарағанға дейін әрекет етті.

Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады. Заң конституциялық деп аталмаса да, ол шындығында сондай болды, өйткені Қазақ КСР конституциясына және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер енгізді. Мұнымен бірге мемлекеттік ұйымдастырудың идеологиялық негізі алынды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды, онда Республиканың тәуелсіздігі жарияланып, «Қазақ халқының еркін көрсетіп, қазақ ұлтының өзін айқындау құқығы бекітілді».

Бұл Конституциялық заңда алғаш рет тәуелсіздік жарияланып, онда тәуелсіз мемлекеттерге тән элементтер бекітілді: ортақ азаматтық, территориялық мемлекеттік органдардың өзіндік жүйесі, өзіндік экономикалық жүйе, өзінің қарулы күштерінің болуы.  
Бұл кезеңде бұл конституциялық заңмен бірге Қазақ КСР Конституциясы нормалары және КСРО мен Қазақ КСР заңдары әрекететті, өйткені олар мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңға қайшы келмеді.  
Сонымен қатар бұл кезеңде 1978 жылы Конституцияға мағналы өзгерістер енгізген бірнеше конституциялық заңдар қабылданды. 1991 жылы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заң КСРО азаматтығын және қос азаматтық институтын жойды. Бұл заңмен Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жаңа негізі бекітілді.  
Осы енгізілген өзгерістер мен қосымшалардың ешқайсысы одақтың республика Конституциясының егеменді мемлекет конституциясының талаптарына сай келмейтінін көрсетті. Осыған байланысты 1991 жылы маусымда Конституциялық комиссия мен жаңа Конституцияның жобасын дайындауға жұмыс тобы құрылды.

ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады. 1993 жылғы Конституция 1978 жылы Қазақстанның КСР-ның кейбір жағдайларын сақтап қалды, мысалы, жоғарғы кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығару органы болып қалды, бірақ енді барлық билікті қамтыған орган болмады. Жергілікті өкілетті орган ретінде кеңестер сақталып қалды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен еркіндіктерінің 1978 жылы Қазақ КСР-нің Конституциясында жарияланған жағдайлар мен идеяларды сақтап қалды.  
Мұнымен бірге 1993 жылы Конституцияның бірқатар қайшылықтары да болды. Қазақстан Республикасы «қазақ ұлтын өзіндік айқындаушы мемлекеттік форма ретінде» жариялады, сондай-ақ қазақ халқы Республиканың мемлекеттік билігінің жалғыз көзі деп бекітілді. Осыған байланысты мемлекеттік егемендіктің негізінде қазақ ұлтын айқындауда қиындықтар туындады.

Конституцияда алғаш рет «зайырлы және унитарлық мемлекет» түсінігі қолданылды, ол діни ұйымдар мемлекеттерінен бөлінгендігін және ҚР аумағында саяси, сонымен қатар мәдени автономияны құру мүмін еместіг көрсетілді.

Конституция қарама-қайшылық пен ұстамдылық жүйесін қолдана отырып билік тармағы арасындағы өзара әрекеті туралы жағдайды бектті.  
1993 жылы 10 желтоқсанда республиканың жоғарғы кеңесі Президентке уақытша заң шығару өкілеттілігін берді. Ол бойынша Конституциялық соттың қаулысына сәйкес Президент әдеттегі заңдармен қатар конституциялық заңдық күші бар қаулылар қабылдау құқығы берілді. Жоғарғы Кеңестің мұндай шешімін Конституцияға енгізілген өзгерту мен толықтыру деп бағалауға болады, өйткені 1993 жылы Конституция мұндай мүмкіндікті қарастырмаған.

Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезегі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның Конституциясы мен заңдарына болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру-заң шығару органының міндеті.

        Қорытынды

 

Кеңес өкіметінің Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу жүргізуіне байланысты, 1924 ж. 27 қазанда Түркістан АКСР-і таратылып, қазақ облыстары Қазақ АКСР-іне қосылды. Ол 1936 ж. Қазақ КСР-іне айналды. Алайда орталық Кеңес өкіметі (қ. Кеңес Одағы) одақтас республикаларға дербес билік жүргізу мүмкіндігін берген жоқ. Ресейдегі мемл. биліктің сайланбалы органы 1918 – 36 ж. Жұмысшы, шаруа және қызыләскерлер депутаттарының Кеңестері болды. Қазіргі Қазақстан аумағы алғашқыда жекелеген Ресей губернияларының, 1920 – 36 ж. Қазақ АКСР-і ретінде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының құрамына қосылатын. Кеңес өкіметінің 1917 – 36 ж. жергілікті және орталық билік органдары – құрамы көп сатылы және ашық дауыс беретін сайлау жолымен қалыптасатын кеңестер съездері болды. 1936 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес, кеңестер съезінің орнына халық тікелей сайлайтын Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің біртұтас жүйесі белгіленді. Бұл өзгерістердің баршасы коммунистер қолымен жасалды, шын мәнінде мемл. билікті большевиктер партиясы жүргізді. Өкімет билігі кеңестер қолында деп есептелгенмен, олардың қызметін партия органдары басқарды. 1977 жылғы КСРО Конституциясы бойынша, Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің жүйесі Халық депутаттары кеңестері болып өзгертілді. Кеңестерге депутаттар сайлау формальді сипат алды. Кеңес өкіметі бір партиялы тоталитарлық жүйенің көз алдайтын демократиялық фасады рөлін ғана атқарды. Бір партияның билігіндегі әкімшіл-әміршіл жүйемен сіңісіп кеткендіктен, Кеңес өкіметі терең дағдарысқа ұшырады. Жүргізілген реформалар (жаңа экон. саясатты аяғына жеткізбей тұжыру, жеделдетіп индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыруды өткізу, тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын жүргізу, қайта құру, т.б.) елді уақытша табыстарға жеткізгенімен, негізінен, экон. және әлеум. қайшылықтарды тереңдете түсті, ұлт мәселесінің шешімін тосқан түйінді тұстарын елеусіз қалдырды, 1977 ж. КСРО Конституциясы бойынша жетекшілік рөлін заңдастырып алған (6-баб) КОКП мемл. құрылымдарды толығымен билеп, Кеңес өкіметін алмастыруын ашық жүргізді, Кеңес өкіметінің басқару жүйесі онан әрі тығырыққа тірелді. Кеңес өкіметінің дамыған елдерге қарағанда саяси және экон. жағынан көп артта қалып қоюы – басқару жүйесін жетілдіруді талап етті. Осы мақсатта 1986 ж. жариялылық, жеделдету, қайта құру саясатын жүргізе бастау – партиялық диктатура мен оған тығыз байлаулы кеңестік жүйені тоқырауға ұшыратты. 1991 ж. КСРО-ның ыдырауына байланысты, орталық Кеңес өкіметі құлады. Тәуелсіздік алған одақтас республикалардың бәрі өз елдеріндегі Кеңес өкіметінен бас тартып, өркениет талабына сай жаңа мемлекеттік құрылымдар жасауға көшті. 1993 ж. қарашаның аяғына дейін Қазақстанда 100-ге жуық кеңестер өзін-өзі таратқанын жариялады. 1993 ж. 13 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесі өзін-өзі таратты. Осылайша, Қазақстандағы Кеңес өкіметінің билігі тоқтатылып, Республиканы басқару тұтқасы уақытша Президент қолына көшті. 1995 ж. 30 тамызда өткен республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан құқықтық негіздегі президенттік республикаға айналды.

Кеңес заманындағы Қазақстан тарихында 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР-нің Конституциясына тоқталып өткеніміз дұрыс болар. Себебі, сол Конституциямен егемен Қазақстанның Негізгі заңын салыстырғанда ғана Қазақстанда он бес жылдың ішінде тарихи салада, экономикада, әлеуметтік қатынастарда, қоғамның, өмірдің басқа да құбылыстарында қандай түбегейлі, тарихи маңызы бар өзгерістердің орын алғандығын анығырақ түсінбекпіз.

Шынында, сол тарихи өзгерістер алдымен Қазақстан мемлекеттілігінің өзгеруіне байланысты. Қазақ КСР-нің 1978 жылғы Конституциясы бойынша Қазақстан егемен мемлекет деп танылды.

Міне, жұмысты жазу барысында  Кеңес өкіметінің құрылуы, КСРО – ң 1977 жылғы Конституциясының қабылдануы және оның тарихи маңызы, КСРО-ң құлауы т.б. еліміздің тарихы мен мемлекеттік құқық тарихына тоқталдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. -117 б

2.Лукьянов А.И. Разработка и принятие Конституции СССР 1977 года (1962-1977 гг.). Хронологический перечень мероприятий, связанных с разработкой и принятием Конституции СССР 1977 г.

  1. Конституция (Основной закон) Союза Советских Социалистических Республик (принята на внеочередной седьмой сессии Верховного Совета СССР девятого созыва 7 октября 1977 г.) (в редакции от 14 марта 1990 г.)

4.Мемлекет және құқық негіздері//Баянов Е., Алматы – 2001 – 231 б

5.Теория, государство, право// Алматы –2003.- с. 258

6.Ағдарбеков, Т. Құқық және мемлекет теориясы, «Болашақ – Баспа – 2001».- 354 б.

7.Жоламан, Қ.Д. , Мұхтарова, А.Қ., Тәукелов,А.Н., Мемлекет және құқық теориясы, Алматы – 1999.- 214 б

8.История государства и права России//М., 1991 .- с. 299

9.Конституция СССР 1936 г. [Текст] / [Электронный ресурс] : [Утверждена Постановлением Чрезвычайного VIII Съезда Советов Союза ССР от 5 декабря 1936 года] // Справочная правовая система Консультант Плюс. 
10.   Кукушкин Ю.С., Чистяков О.И. Очерк истории советской Конституции. /  Кукушкин Ю.С., Чистяков О.И. – М, 1987. – с. 89

11.Исаев И.А. История государства и права России в вопросах и ответах. Учебное пособие. / Исаев И.А.   – М., Юристъ, 2004. – 114 с.

12.Исаев И.А. История государства и права России. Учебник. 2-е издание. / Исаев И.А.  – М., Юристъ, 2001. – 247 с.

Информация о работе КСРО-ның құрылуының тарихы