Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 12:23, реферат
Курстық жұмыс өзектілігі. КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды[2, 234 б].
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. КСРО – НЫҢ ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ЫДЫРАУ ТАРИХЫ
1.1 КСРО-ның құрылуының тарихы.....................................................................5
1.2 КСРО –ның ыдырауы......................................................................................12
ІІ. 1977 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯ
2.1 1977 жылғы КСРО Конституцияның қабылдануы.......................................18
2.2 1977 жылғы Конституцияның нәтижесі........................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................27
КСРО сияқты жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан империяның күйреп, тарих сахнасынан кетуі — XX ғасыр соңындағы әлем халықтары тарихының басты оқиғасы болды. КСРО-ның күйреуі, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал етті. Әлем "социалистік" және "капиталистік" деп аталған жүйелер арасындағы бәсекелестік пен текетірестен құтылып, халыктар мен мемлекеттер қатынасының жаңа кезеңіне аяқ басты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болып, қалыптасуы да сол империяның күйреуімен тікелей байланысты. Сондықтан КСРО-ның күйреу тарихы, оның себептері мен салдары біздер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Келешекте бүл мәселенің, тарихымыздың түйінді проблемалары ретінде арнайы да кешенді зерттелері күмәнсіз.
Тәуелсіздігіміздің объективті алғышарттарының маңызды факторларының бірі ретінде, КСРО-ның куйреу себептерін талдауда Казақстаннын тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің дерек көздері ретінде алар орны ерекше. 1980 жылдан Қазақстан Ком-партиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген, 1989 жылдың маусымында Казақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы,1990 жылдың 24 сәуірінде Казақстан Президенті болып сайланған Н.Назарбаевка қызмет жағдайына байланысты КСРО-ның күйреу процесін іштей бакылап, КСРО-ның күйреуін тездеткен Мәскеулік басшылардың тақ үшін таластарының куәгері болуына тура келді. Ол туралы Н.Назарбаевтың өзі: "Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, әрдайым оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға және салыстыруға, қорытындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын" — деп жазды.
Бұл жерде ерекше көңіл аударатын нәрсе, ол Н.Назарбаевтың "өзінің жеке пікірін айтуға бару" себебі, Одақты жанарту арқылы сақтап қалу болғандығы. Оның өз кітабында: "Шындықтың бетіне қаймықпай тура қарайтын кездің келгеніне көп болды... Бізге керегі қоғамдағы күштердің басын қосып біріктіру, мұны құрғақ ұран деуге тіпті де болмайды. Бәрімізді біріктіре алатын қуатты күш ретінде дағдарысты жағдайдан шығу, адамдардың аман-саулығы, республикалардың гүлденуі, ұлы Одағымыздың жаңаруы мен нығаюы сияқты ортақ мақсаттарымыз күшті қызмет ете алады" — деп жазуы. Соның айқын дәлелі.
Н.Назарбаевтың Одақты сақтап қалу, оны жаңарту арқылы дамыту үшін күресі өмір шындығынан туындаған қажеттілік еді. Ол туралы Н.Назарбаев: "Егерде республикалар бас-басына тым-тырақайлап, өздерінің ұлттық отауларына бөлініп алып тамаға тұйық өмір сүрсе, не болатынын бәріміз бірдей жеріне жете ойланып, түсіне койдық па? Бүгінгі таңдағы интеграция дәрежесіне жеткен шақта қарға тамырлы болып кеткен экономикалық байланыс-тарымызды бытшыт етіп үзудің каншалықгы кедерлі екенін алдын ала болжай білу үшін тіпті де арнайы теориялық білімнің қажеті жоқ. Оның үстіне бір-біріне мүлде тәуелсіз, жаңа мемлекеттерді құру дегеніңіз де өте қымбатқа түсетін іс екенін дәлелдеп жатудың сірә, керегі бола қоймас" — деді.
Н.Ә. Назарбаевтың жаңартылған Одақты сақтау үшін жасаған әрекеттері туралы кезінде бүрынғы Одақтық орталық баспасөз беттерінде әр түрлі пікірлер айтылды. Мысалы, Н.Назарбаевтың Одақты жаңарту арқылы сактап калу үшін жүргізген күресі туралы "Правда" газетінің тілшісі Д. Валовой: "Демократиялық басылымдарда Н.Назарбаев Одақты жаңартылған түрінде сақтап қалу мәселесінде Горбачевпен бірге тым ұзақ жүрді деген сын айтылады" дей келе, Н.Назарбаевтың неліктен олай еткендігі туралы: "Ол президентке деген сүйіспеншіліктен немесе оның қызметіне риза болу-шылықтан жасалынған жоқ. Әңгіме тіптен басқада. Нұрсұлтан Әбішұлы барлық уақытта өндіріспен, экономикамен тығыз байланыста болды, олардың ішкі проблемаларын жете білді. Республикалардың аз ғана жетекшілерінің бірі ретінде, ол халық шаруашылығының барлық салаларының интеграцияланғандығын терең түсінді, шаруашылық байланыстарының жылдам үзілуінің қандай қасіреттерге әкелетіндігі туралы ол өзіне есеп берді. Біртұтас экономикалық кеңістікті бүзу ұлттық валютаны енгізу, кеден бекеттерін орнату, баж салығын енгізу, виза ашу т.т қажеттігін туғызады, ал ең соңында шекараларды бекіту керек болады. Мұның бәрі экономикаға қосымша салмақ түсіретін[13, 621 б].
Сондықтан жаңартылған Одақты
сақтап калу идеясын қызу
Н.Назарбаевтың жаңартылған Одақты сақтап қалу үшін күресу себебін "Азия асқарларында": "Халқының арман-аңсарын анық білетін және өзегінен өткізе сезінетін ұлт перзенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаев кайта құруды жан-тәнімен қабыл алды. Кашанда айрықша стратегиялық түйсігімен ерекшеленетін ол империя үстемдігінен құтылудың мүмкіндігі ашыжанын анық көрді. Алайда прагматик ретінде ол бұл жолдың жақын да болса алыс екенін тамаша түсінді. Бір жағынан желтоқсанның канды оқиғаларын, бірақ енді көпұлтты ел аумағында қайталау қаупі бар еді, ал бұл азамат соғысын андататын оның мысалдары, сол кездің өзінде табылатын. Екінші жағынан, Казақстан экономикасы жалпы одақтық рынокқа тым етене қабыстырылған, сонан да бұл байланыстарды үзіп жіберу жалпы қан тамыры жүйесінен қол ұзгенмен бірдей. Осының бәрі жинақтала келе Н.Назарбаевтың ыдырай бастаған Кеңестік Республикалар Одағына деген ұстанымын айқындады.
Біртұтас экономикалық кеңістіктің заңды түрде, бірақ тым тез күйреп түсуінің қандай катері бар екенін Н.Назарбаев жұрттың бәрінен айқын ұғынды. Сол кезге дайындалып үлгеру үшін Казақстанға уақыт керек еді. Ақыры болмай қоймайтын қирау сәтін мүмкіндігінше ұзарту үшін ол жаңартылған Одақты сақтап қалуға ұмтылған түйінді тұлғалардың біріне айналды. Алайда жүрдек дамып жатқан оқиғалар уақыттың таусылуға айналғанын көрсетіп берді" — деп түсіндіреді.
Бұл фактор кітапта айтылған өткен ғасырдың 70 — 80-жылдарында қалыптасып, 90-жылдары шарықтау шегіне жеткен кемшіліктер туралы пікірлердің шыңайылық деңгейінің жоғары екендігін дәлелдейді. КСРО-ның көп ұзамай-ақ сол кітап жарық көрген 1991 жыл-дың күзінде күйреуі, тарихшыларға Н.Назарбаевтың сын пікірлерін КСРО-ның күйреу себептері ретінде қарастыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Өйткені кітапта айтылған кемшіліктердің асқынғандығы соңшалықты, оларды түзету мүмкін болмай шықты. Ал асқынған аурудың алмай қоймайтындығы белгілі. КСРО сияқты алып империя көз алдымызда күйреді. КСРО-ның күйреуінің ең басты себептерінің бірі — елде сөз бен істің бірлігінің болмауы еді. Бар билікті өз қолына жинап алған Коммунистік партияның саясатына сай "дұрыс" сөйлеу, бірақ басқаша ойлап іс жүзінде керісінше істеудің, яғни екіжүзділікке барудың елде кең етек алғандығы бүгінгі аға ұрпақтың есінде. Мұндай ел тағдыры үшін аса қауіпті үрдістің пайда болып, қалыптасуына және дамуына кінәлі басқа емес, басынан шіріген балық сияқты, сол ел басқарып отырған партияның ең жоғарғы басшыларының өздері еді. Ол туралы Н.Назарбаев: "Жетпісінші жылдардан бастап партияның жоғарғы эшелондарында сөз бен істің бірлігіне шақырған үндеулер барған сайын күштірек әрі табандылықпен естіле бастады. Жоғары басшылықтағылар мұндай бірлікке ең алдымен өздерін өздері шақыруы тиіс болатын. Л.И. Брежневтің жеке басына табынуды қоздыра отырып және ең бірінші кісіге жақын адамдарға жасалатын бүкіл игіліктерді пайдалана жүріп, ат төбеліндей әміршіл топ партия бұқарасынан барған сайын қол үзе бастаған еді" — дейді.
Ең жоғарғы дәрежедегі шешімдер де мемлекеттің, кеңес халқынын. мүддесіне емес, сол партия басшылығындағы ат төбеліндей әміршіл топтың мүддесіне сай кітапта айтылғандай, "Жоғарыдағылардың алаңсыз өмір сүруі үшін" кабылданатын болды. Автор пікірінің сол кезде қалыптасқан өмір шындығына толық сай келетіндігін көптеген нақты фактілер арқылы дәлелдеуге болады. Солардың бірі — 80-жылдардың басынан бастап елдегі биліктің ең ұшар басында отырған КОКП ОК Бас хатшыларының денсаулыктарына байланысты бірінен соң бірінің қайтыс болуы, яғни елдегі ең жоғары билікке ауруы асқынған адамдардың келуі. Ел тағдырының, мемлекет тағдырының денсаулыұтарының нашарлауына байланысты өз басымен қайғы болып жүрген ауру адамдардың қолында болуы.
2 1977 жылғы Конституция
2.1 1977 жылғы КСРО Конституцияның қабылдануы
Кеңестер Одағы кезінде бізде тоталитарлық жүйені қалыптастырып, оның талап-тілектеріне жауап беретін үш Конституция болды. Біріншісі – Қазақ Автономды Советтік Социалистік Республикасының 1924 жылғы Конституциясы. Екіншісі – Сталиндік деп аталған 1936 жылғы Конституцияның негізінде қабылданған ҚазақКСР-нің 1937 жылғы Конституциясы. Жаңа Конституцияны КСРО-ның сол 1936 жылғы Конституциясының көшірмесі десек те болады. Бірақ, онда құқықтар біршама азайтылды. Бұл құжат қабылданғаннан кейін оған 500-ден астам өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Өйткені, 1937 жылғы Конституцияда министрліктердің, облыстардың және облыстық органдар құрылымдарының тізімі берілген болатын. Сондықтан да, оқтын-оқтын өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тура келді. ҚазақКСР-інің 1978 жылғы Конституциясы КСРО-ның 1977 жылғы «Адам бейнелі Социализм Конституциясы» деп аталған низам негізінде қабылданды. Бұл Конституция да Республикамыздың егеменді де тәуелді құқықтарын терең қамти алмады. Соған қарамай, онда «Қазақстан Республикасы егеменді социалистік мемлекет ретінде танылады» деп жазылған еді. Ал, іс жүзіне келгенде Республикамыздың егеменді құқықтары болмады. Біз үшін барлық мәселелерді орталық шешті. Бір ғана мысал, Республикамыздың бүкіл кірісінің 93 пайызы орталыққа жіберіліп, бізде тек 7 пайызы ғана қалатын. Сондықтан да біздің Республикамызды дотациялық деп атап жүрді. Міне, осының барлығы да біздің ұлтымызға жасалынған қиянат болатын. Тек шынайы егемендікке ие болып, ҚР 1993 жылғы Конституицяны қабылдағаннан кейін ғана еліміз жеке-дара толыққанды өмір сүре бастады[14, 472 б].
1993 жылғы және 1995 жылғы Конституция тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі конституциялық заңдарымыздан бастау алады. Ең алдымен, 1990 жылы 24 сәуірде Қазақстанда Президенттік басқару формасы туралы заң қабылданды. Аталған заңды қабылдай отырып, біз біртұтас мемлекеттік билікті атқарушы, заң шығарушы және сот билігі деп үш тармаққа бөлдік. Бұдан кейін 1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы Декларацияны жария еттік. Осы тұста атап өтетін бір жағдай, алғаш қабылданған Егемендік туралы декларациямыз заң емес, ол келешекте не істейтінімізді, болашақта қандай бағыт-бағдар ұстанатынымызды анықтап берген саяси құжат еді. Бұл біздің егемен ел, тәуелсіз мемлекет боламыз, өзінің елтаңбасы, әнұраны, туы әрі органдары болуы тиіс деген заңды талабымызды айқындап берді. Сөйтіп, осы негізде 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік туралы заңды бүкіл әлемге паш еттік.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) - Еуропада 1922 жылдан 1991 жылға дейiн және Азия бар болған мемлекет. КСРО 1/6 бөлiгi мекенделетiн орналасты кептiр және 1917 жылға Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiсiз орналасатын және (Карстың жерi, Түркия қазiр) кейбiр басқа аумақ аумақтағы әлемiнiң елiн аудан бойынша өзi iрi болды, бiрақ шамшатпен, Оңтүстiк Сағалинмен және Курилдермен ғалициямен, Закарпатьемен, Пруссияның бiр бөлiгi, Северндермен.
1977 жылдың Конституцияларына сәйкес, КСРО бiртұтас одақты көп ұлттық және социалистiк мемлекетпен жариялады.
Ауғанстанмен, Венгриямен, Иранмен, Қытаймен Қытаймен, (1948 жылдың 9 қыркүйегiнен) КХДР, Маңғол елмен, Норвегиямен, Польшамен, Румыниямен, Түркиямен, Финляндиямен, Чехосовакиямен және тек қана теңiздегi АҚШтан, Швециямен және Жапониямен КСРО-ның Екiншi дүниежүзілік соғысынан соғысынан кейiн жаяу шекарасы болды.
КСРО Ресей КФСР, Украина КСР, Беларусь КСР және Закавказ СФСР бiрiктiруi 1922 жылдың 30 желтоқсаны жолымен жасалды.
КСРО жасалды Желтоқсанның 30 1922 Беларусь КСР, Ресей КФСР, Украина КСР, Закавказ КФСР.
Конституциясы бойынша егемендi мемлекеттiк болып табылған (әртүрлi жылдарда 4пен 16мен аралығындағы) одақтас республикалардан тұрды; әрбiр одақтас республикаға одақтан еркiн бөлiнiп шығу правосысы сақталынды. Одақтас республика шет мемлекеттерi бар қатынаста кiрiп, келiсiм шарттары олармен тұжырымдап және дипломаттық және консулдiқ өкiлдермен ауысып кетiп, халықаралық ұйымдардың қызметiнде қатысуға құқығы болды. КСРОмен Біріккен Ұлттар Ұйымы- ның 50 ел-негiздеушiлерiнiң арасында қатар болды Беларусь КСР және Украина КСР.
АҚШтан КСРОның екiншi әлемдiк соғысынан кейiн, қатар, жоғарғы держава болды. Кеңес одағы Социализмның дүниелiк жүйесiнде үстем болды, сонымен бiрге Біріккен Ұлттар Ұйымының қауiпсiздiгiнiң тұрақты кеңестiң мүше болды.
КСРОны ыдыратты орталық одақты өкiмет және (одақтас республикаларды жоғарғы кеңестер, президенттер) орындарында жаңа сайланған өкiметпен өкiлдердiң арасындағы өткiр қарсы тұрумен бейнелендi. Республикалық жоғарғы кеңестер 1989—1990 барлық жылдардағы мемлекеттiк егемендiк туралы декларациялармен қабылдады, кейбiреулер - тәуелсiздiктiң декларациясы. ССРОның 15-шi республикаларының 9-шысына 1991 жылдың 17 наурызы азаматтардың үштен екiсiнде жаңартылған одақтың сақтауларына айтып қалатын ССРО сақтау туралы Бүкiл одақтық референдум жүргiзiлдi. Орталық өкiметтерге бiрақ ахуалды тұрақтандырудың сәтi түспедi.
Сәтi түспеген мемлекеттiк төңкерiске прибалтика республикалардың тәуелсiздiгiнiң ресми мойындауы ердi. Не туралы тұрғынның көпшiлiгi Украина тәуелсiздiгiне айтып қалатын тәуелсiздiктер туралы Бүкiл Украиналық референдумнан кейiн мемлекеттiк бiлiм сияқты КСРО сақтау мүмкiн емес болды (Беларусь республикасы) Беларусь КСР (Украина ) Украина КСР және Шушкевич (Ресей Федерациясы ) , Кравчукпен одақтас республикалардың үш-шi тарауларын 1991 жылдың 8 желтоқсан қол қойылған ельцинмен Тәуелсiз мемлекеттердiң достастығының жасауы туралы келiсiмде мәлiмдеген. КСРО ресми 1991 жылдың 26 желтоқсанының өз болуы тоқтатты. Федерацияның соңында 1991 Ресейлiк жылы қатынастардың халықаралық-құқықтыларда ССР одағының мемлекетiмен мойындалып және БҰҰ қауiпсiздiк кеңесiндегi оның орыны алған болды.
1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші
Конституциясы елдің қоғамдық-
Кеңес заманындағы Қазақстан тарихында 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР-нің Конституциясына тоқталып өткеніміз дұрыс болар. Себебі, сол Конституциямен егемен Қазақстанның Негізгі заңын салыстырғанда ғана Қазақстанда он бес жылдың ішінде тарихи салада, экономикада, әлеуметтік қатынастарда, қоғамның, өмірдің басқа да құбылыстарында қандай түбегейлі, тарихи маңызы бар өзгерістердің орын алғандығын анығырақ түсінбекпіз.