Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 19:01, курсовая работа
Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді.
Кіріспе 4
1 Әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық сипаттамасы 5
1.1 Әкімшілік жауапкершілік түсінігі 5
1.2 Әкімшілік жауапкершілік қағидалары 5
1.3 Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары 7
2 Әкімшілік жауаптылыққа болуға тиіс тұлғалар 10
2.1 Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы 10
2.2 Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы
2.3 Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы 13
2.4 Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы 13
3 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар 16
3.1 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлардың түрлері 16
3.2 Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату негіздері 17
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер ттізімі 23
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адаммен бiтiмгершiлiкке келгеннен кейiн тоқтатылуға жатады.
Бiтiмгершiлiкке келу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.
Қорытынды
Қоғам қашанда белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа сүйене отырып өмір сүреді. Ол әрбір азаматтың саналы, жақсы тіршілігі мен жарқын болашағына жол ашады. Ал қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, ондай қоғамның келешегі болмайды. Сол себепті қоғамды белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, тәртіп орнатудың маңызы зор. Қоғамдағы тәртіп адамдардың мінез - құлқын, іс - әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Барлық қарым - қатынасты құқықтық тұрғыдан реттеу өте күрделі; ол көп салалы және көп жүйелі процесс. Дегенмен, қазіргі уақытта реттелу субъектілері мен объектілеріне байланысты, белгілі жағдай мен аумақ аясында қолданылатын реттеу түрлері мен тәсілдері қалыптасқан. Соның бірі - заңды жауапкершілік.
Заңды жауапкершілік - жеке
адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат-мүддесін
қорғаудағы өте күрделі, өте маңызды
шара. Оның әрбір салаға байланысты
бөлінетін түрлері бар, солардың
ішіндегі ең маңыздысы – әкімшілік жауапкершілік болып табылады.
Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз - әкімшілік
құқық нормаларына сүйене отырып үкіметтің
арнайы органы немесе лауазымды өкілінің
құқық бұзушыға әкімшілік жауапқа тарту,
қалпына келтіру шараларын қолдануда
көрініс табатын заңды жауапкершіліктің
маңызды түрі. Басқа заңды жауапкершіліктің
түрлеріндегідей, әкімшілік жауапкершіліктің
өзіне тән қағидалары бар. Бұл қағидалар
заңды жауапкершіліктің негізінде құрылып,
әкімшілік құқықтың қағидаларымен айқындалады.
Сол сияқты, әкімшілік жауапкершіліктің
нақты мақсат-мүдделерін және міндеттерін
айқындайды.
Әкімшілік жауапкершілік қағидалары:
а) әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заңмен, заңға тәуелді актілермен және оның нормаларымен бекітіледі. Демек, әкімшілік жауапкершіліктің жеке нормативтік - құқықтық жүйесі бар. Әкімшілік жауапкершілік нормалары жеке әкімшілік құқық институтын қалыптастырады. Мысалы, қылмыстық жауапкершілік - арнайы заңмен; тәртіптік жауапкершілік - мемлекеттік қызметшілердің категориялық бөлінісіне сәйкес заңдар мен заңға тәуелді актілермен және Еңбек туралы заңмен; материалдық (қаржылық) жауапкершілік Еңбек туралы, Азаматтық жөніндегі заңдармен, кейбір жағдайда әкімшілік құқық нормаларымен бекітіледі немесе жауапкершілікке тартылады.;
б) әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауапкершіліктің ұйтқысы болып табылады. Олар қылмыс, тәртіптік іс немесе материалдық залал келтіру немесе азаматтық - құқықтық деликт (құқық бұзушылық) болуы мүмкін;
в) әкімшілік құқық бұзушылардың іс-әрекеттеріне негізделген арнайы заңдарға сүйеніп әкімшілік жауапкершілік түрлі негізде әдістер қолданады. Әрбір жағдай белгілі бір нормаларға бағытталып, заңды түрде қарастырылуы тиіс. Жасалған құқық бұзушылық немесе теріс қылық үшін әкімшілік жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады;
г) қоғамда құқықтық тәртіп орнатудың құралы болып есептеледі;
д) құқық бұзушылармен үнемі күрес жүргізеді және іс-әрекеттері оларға қарсы бағытталады.
Айтылғандарға қоса әкімшілік құқықтың өзіне ғана тән қағидалары арқылы, оның басқа жауапкершіліктерден айрықша ететін ерекешеліктері бар:
1) Қылмыстық жауапкершіліктен айырмашылығы - әкімшілік жауапкершілікті сот және басқа да уәкілетті органдар да қадағалай отырып, сонымен қатар олар әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.
2) Азаматтық құқықтық жауапкершілікте басты көңілге алынатын материалдық залал - әкімшілік жауапкершіліктің қажетті қағидасы болып саналмайды.
3) Тәртіптік жауапкершілікте құқық бұзушылық атқаратын қызметі әсер етеді, ал әкімшілік құқықта ешбір қызмет немесе қызмет бағыныштылығы әсер етпейді. Демек, әкімшілік жауапкершілік барлық азаматтарға бірдей жүреді және оның алдында барлық азаматтар тең құқылы.
Әкімшілік жауапкершілік жөнінде қалыптасқан заңдарға сүйене отырып мемлекеттің жергілікті атқарушы билік органдары да шешім қабылдауға құқылы. Яғни, олар «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдары туралы» заңға сәйкес, мәслихат депутаттар жиналысы мына сұрақтарға әкімшілік жауапкершілікті міндеттейтін ережелер қалыптастыруына болады: халық қоныстанған аумақтағы жаңа құрылыстардың дұрыс орналасуы жөніндегі мәселе; жер, орман алқаптарын, су ресурстары мен табиғи объектілерді, тарихи ескерткіштер мен мәдениет ошақтарын қорғау жөніндегі мәселе; қоғамдық тәртіп пен жол және өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік жөніндегі мәселе; қоғамдық көліктерді пайдалану мен автокөліктердің тұрақтарын ұйымдастыру сияқты және т.б. мәселелерді ішінара ұйымдастыру сияқты жолдармен шешуге үкімет тарапынан рұқсат берілген. Бұл ережелер қабылданған күннен бастап 2 апта аралығында заңды күшіне енеді. Тек эпидемиялық, күтпеген жағдайдағы оқиғалар мен эпизоотиялы мәселелерін шешу және заңды күшіне ендіру мәселесінің мерзімі нақты белгіленбейді. Ал бұл ережелердің дұрыс қолданылуын әкімшілік басшылары - әкімдер мәслихат депутаттары қадағалайды. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін, не регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті - Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекс (КоАП) болып есептеледі. Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін немесе жоятын актілер кері күшке ие, яғни олардың басылымына дейінгі жасалған құқық бұзушылыққа да танылады. Әкімшілік жауапкершілікті қиындататын және бекітетін актілердің кері күші жоқ. Жауапкершілікке қатысушылардың жастық ерекшеліктері де маңызды. Мысалы, 16 жастан 18 жасқа дейінгі құқық бұзушыларға кәмелеттік жасқа дейін қолданылатын шаралар арнайы комиссия мүшелерінің қаулысымен қадағаланады.
Ал әскер қызметкерлері мен әскерде әскери борышын өтеушілерге, ішкі істер органының төменгі және басқарушы өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл азаматтарға қазба байлықтарды, жер және су ресурстарын, атмосфералық ауа мен өсімдік және жануарлар әлемін, жол жүру ережелері мен кеден ережелерін, өсімдіктердің карантині жайлы ережелер мен контрабандалық әрекеттерге жол бермеуді қадағалайтын нормаларды орындамаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке жалпы түрде тартылады. Аталған азаматтарға әкімшілік қадағалау орындалмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданатын жалпы әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Ал Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтары жасаған құқық бұзушылыққа әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану дипломатиялық келісімдер арқылы шешіледі. Әкімшілік жауапкершіліктің мәні болып, әкімшілік кұқық бұзушылық жасағаны үшін құқық бұзушыға әкімшілік нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жаза түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Бұл шаралар мемлекеттік уәкілді органдармен тағайындалады. Әкімшілік жауапкершілікті Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті мемлекеттік өкілді және аткарушы органдар айқындайды. Жеке тұлғаның әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан басталады Республикамызда, қоғамдық тәртіпті басқару тәртібін орнату азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын жүзеге асыру азаматтардыңдем алуы мен еңбек етуі үшін (ем алу) қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында, сақталуы қажетті болатын ережелер өте көп. Ол ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, қауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады. Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, қылмыстық жауапкершілік туғызады.
Еңбекті тәртіпті бұзғаны үшін, кінәлі
тұлға тәртіптік
Әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып табылады. Әкімшілік құқықтық бұзу ережелері:
1) Құқыққа қарсылық, құқықтық норманы бұзады
2) Кінәлілік, кінәлі адам өзінің құқыққа қарсы іс-әрекеті
3) Жазалаушылық, яғни, әкімшілік жазасы көрсетілген іс-қимыл
Кәмілетке жасы толмағандар болып
әкімшілік құқық жазалау
Келтірілген залалды өз еркімен
төйлеу. Әкімшілік құқық бұзушылықты
алғаш рет жасаған тұлға
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Әкімшілік құқық. Жоғары оқу орындарына арналған. Е. Баянов. Алматы 2007.
2 Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер Астана «Данекер» 2005 ж.
3 ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі. 14 қантар 2001 ж. // Казахстанская правда, 30.01.2001ж. (кейінгі өзгертулер және толықтыруларымен).
4 Административное право РК. Учебное пособие (общая часть) Алматы «Данекер» 2000 г.
5 Административное право. Академический курс. А.А. Таранов. Алматы «Жеті жарғы 2005. -196 с.
6 Административное право РК Часть общая: Учебник. А.А. Таранов. 2-е изд., Алматы «Жеті жарғы 2006. -225 с.
7 Административное право РК Часть особенная: Учебник. А.А. Таранов. 2-е изд., Алматы «Жеті жарғы 2007. -272 с.
8 Бекетов О.И. Актуальные
проблемы административного
9 Бахрах Д. Н. Административное право. Москва .Бек. 1993 г.
10Васильев А.М. Правовые категории. Методологические аспекты разработки системы категории теории права. Москва. Юридическая литература. 1976 г.
11 Драго Р. Административное право. Москва. Прогресс. 2005 г.
12 Учебник. Административное право Республики Казахстан. Алматы. «Жеті жарғы». 2008.
13 Братусь С.К. Юридическая ответственность и законность. Москва. 2004 г.
14 Шергин А.П. Проблемы административного права. Государство и право. 1994г. № 9.