Әкімшілік жауапгершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 19:01, курсовая работа

Краткое описание

Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді.

Содержание

Кіріспе 4
1 Әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық сипаттамасы 5
1.1 Әкімшілік жауапкершілік түсінігі 5
1.2 Әкімшілік жауапкершілік қағидалары 5
1.3 Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары 7
2 Әкімшілік жауаптылыққа болуға тиіс тұлғалар 10
2.1 Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы 10
2.2 Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы
2.3 Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы 13
2.4 Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы 13
3 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар 16
3.1 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлардың түрлері 16
3.2 Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату негіздері 17
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер ттізімі 23

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ 2012 год Әкімшілік жауапкершілік.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе                                                                                                                     4

1 Әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық  сипаттамасы                                     5

1.1 Әкімшілік жауапкершілік түсінігі                                                                  5

1.2 Әкімшілік жауапкершілік қағидалары                                                           5

1.3 Әкімшілік жауапкершіліктен  босату жағдайлары                                        7

2 Әкімшілік жауаптылыққа болуға тиіс тұлғалар                                              10

2.1 Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы                                                       10

2.2 Заңды тұлғалардың әкімшілік  жауаптылығы

2.3 Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы                                                                 13

2.4 Кәмелетке толмағандардың әкімшілік  жауаптылығы                                 13

3 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар                                 16

3.1 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын  мән-жайлардың түрлері          16

3.2 Әкімшілік жауаптылықтан және  әкімшілік жазадан босату негіздері       17

Қорытынды                                                                                                            20

Қолданылған әдебиеттер ттізімі                                                                          23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілікті тудырады.

Әкімшілік жауапкершілік  жасалынған әкімшілік кұқык бұзушылыққа  деген мемлекеттің реакқиясы  болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік  — қылмыстық, тәртіптік және азаматтық-құкықтықпен қатар жауапкершіліктің бір түрі.

Әкімшілік жауапкершіліктің мәні болып, әкімшілік кұқық бұзушылық  жасағаны үшін құқық бұзушыға әкімшілік  нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік  жаза түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу  шаралары қолданылады. Бұл шаралар мемлекеттік уәкілді органдармен тағайындалады.

Әкімшілік жауапкершілікті Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті мемлекеттік  өкілді және аткарушы органдар айқындайды. Жеке тұлғаның әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан басталады.

Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар  мен лауазымды адамдардың өздерінің  әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің  бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық  бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады [1].

Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша  әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.

 

1 Әкімшілік  жауапкершіліктің құқықтық сипаттамасы

 

 

1.1 Әкімшілік  жауапкершілік түсінігі

 

 

Қоғам қашанда белгілі  бір тәртіпке, заңдылыққа сүйене отырып өмір сүреді. Ол әрбір азаматтың  саналы, жақсы тіршілігі мен жарқын болашағына жол ашады. Ал қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, ондай қоғамның келешегі болмайды. Сол себепті қоғамды белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, тәртіп орнатудың маңызы зор. Қоғамдағы тәртіп адамдардың мінез - құлқын, іс - әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Барлық қарым - қатынасты құқықтық тұрғыдан реттеу өте күрделі; ол көп салалы және көп жүйелі процесс. Дегенмен, қазіргі уақытта реттелу субъектілері мен объектілеріне байланысты, белгілі жағдай мен аумақ аясында қолданылатын реттеу түрлері мен тәсілдері қалыптасқан. Соның бірі - заңды жауапкершілік.

Заңды жауапкершілік - жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат-мүддесін қорғаудағы өте күрделі, өте маңызды  шара. Оның әрбір салаға байланысты бөлінетін түрлері бар, солардың ішіндегі ең маңыздысы – әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз - әкімшілік құқық нормаларына сүйене отырып үкіметтің арнайы органы немесе лауазымды өкілінің құқық бұзушыға әкімшілік жауапқа тарту, қалпына келтіру шараларын қолдануда көрініс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі [2].

 Басқа заңды жауапкершіліктің  түрлеріндегідей, әкімшілік жауапкершіліктің  өзіне тән қағидалары бар. Бұл  қағидалар заңды жауапкершіліктің  негізінде құрылып, әкімшілік  құқықтың қағидаларымен айқындалады.  Сол сияқты, әкімшілік жауапкершіліктің нақты мақсат-мүдделерін және міндеттерін айқындайды.                       

 

 

1.2 Әкімшілік  жауапкершілік қағидалары

 

 

а) әкімшілік құқық  бұзушылық жөніндегі заңмен, заңға  тәуелді актілермен және оның нормаларымен бекітіледі. Демек, әкімшілік жауапкершіліктің жеке нормативтік - құқықтық жүйесі бар. Әкімшілік жауапкершілік нормалары жеке әкімшілік құқық институтын қалыптастырады. Мысалы, қылмыстық жауапкершілік - арнайы заңмен; тәртіптік жауапкершілік - мемлекеттік қызметшілердің категориялық бөлінісіне сәйкес заңдар мен заңға тәуелді актілермен және Еңбек туралы заңмен; материалдық (қаржылық) жауапкершілік Еңбек туралы, Азаматтық жөніндегі заңдармен, кейбір жағдайда әкімшілік құқық нормаларымен бекітіледі немесе жауапкершілікке тартылады.;

б) әкімшілік құқық  бұзушылық - әкімшілік жауапкершіліктің ұйтқысы болып табылады. Олар қылмыс, тәртіптік іс немесе материалдық  залал келтіру немесе азаматтық - құқықтық деликт (құқық бұзушылық) болуы мүмкін;

в) әкімшілік құқық  бұзушылардың іс-әрекеттеріне негізделген арнайы заңдарға сүйеніп әкімшілік жауапкершілік түрлі негізде әдістер қолданады. Әрбір жағдай белгілі бір нормаларға бағытталып, заңды түрде қарастырылуы тиіс. Жасалған құқық бұзушылық немесе теріс қылық үшін әкімшілік жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады;

г) қоғамда құқықтық тәртіп орнатудың құралы болып есептеледі;

д) құқық бұзушылармен үнемі күрес жүргізеді және іс-әрекеттері оларға қарсы бағытталады [3].

Айтылғандарға қоса әкімшілік  құқықтың өзіне ғана тән қағидалары арқылы, оның басқа жауапкершіліктерден айрықша ететін ерекешеліктері бар:

Қылмыстық жауапкершіліктен айырмашылығы - әкімшілік жауапкершілікті  сот және басқа да уәкілетті органдар да қадағалай отырып, сонымен қатар  олар әкімшілік жауапкершілікке  тарта алады.

Азаматтық құқықтық жауапкершілікте басты көңілге алынатын материалдық залал - әкімшілік жауапкершіліктің қажетті қағидасы болып саналмайды.

Тәртіптік жауапкершілікте  құқық бұзушылық атқаратын қызметі  әсер етеді, ал әкімшілік құқықта  ешбір қызмет немесе қызмет бағыныштылығы әсер етпейді. Демек, әкімшілік жауапкершілік барлық азаматтарға бірдей жүреді және оның алдында барлық азаматтар тең құқылы.

Әкімшілік жауапкершілік  жөнінде қалыптасқан заңдарға сүйене отырып мемлекеттің жергілікті атқарушы билік органдары да шешім қабылдауға құқылы. Яғни, олар «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдары туралы» заңға сәйкес, мәслихат депутаттар жиналысы мына сұрақтарға әкімшілік жауапкершілікті міндеттейтін ережелер қалыптастыруына болады: халық қоныстанған аумақтағы жаңа құрылыстардың дұрыс орналасуы жөніндегі мәселе; жер, орман алқаптарын, су ресурстары мен табиғи объектілерді, тарихи ескерткіштер мен мәдениет ошақтарын қорғау жөніндегі мәселе; қоғамдық тәртіп пен жол және өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік жөніндегі мәселе; қоғамдық көліктерді пайдалану мен автокөліктердің тұрақтарын ұйымдастыру сияқты және т.б. мәселелерді ішінара ұйымдастыру сияқты жолдармен шешуге үкімет тарапынан рұқсат берілген. Бұл ережелер қабылданған күннен бастап 2 апта аралығында заңды күшіне енеді. Тек эпидемиялық, күтпеген жағдайдағы оқиғалар мен эпизоотиялы мәселелерін шешу және заңды күшіне ендіру мәселесінің мерзімі нақты белгіленбейді. Ал бұл ережелердің дұрыс қолданылуын әкімшілік басшылары - әкімдер мәслихат депутаттары қадағалайды. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін, не регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті - Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекс (КоАП) болып есептеледі. Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін немесе жоятын актілер кері күшке ие, яғни олардың басылымына дейінгі жасалған құқық бұзушылыққа да танылады. Әкімшілік жауапкершілікті қиындататын және бекітетін актілердің кері күші жоқ. Жауапкершілікке қатысушылардың жастық ерекшеліктері де маңызды. Мысалы, 16 жастан 18 жасқа дейінгі құқық бұзушыларға кәмелеттік жасқа дейін қолданылатын шаралар арнайы комиссия мүшелерінің қаулысымен қадағаланады.

Ал әскер қызметкерлері  мен әскерде әскери борышын өтеушілерге, ішкі істер органының төменгі  және басқарушы өкілдері әкімшілік  құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл азаматтарға қазба байлықтарды, жер және су ресурстарын, атмосфералық ауа мен өсімдік және жануарлар әлемін, жол жүру ережелері мен кеден ережелерін, өсімдіктердің карантині жайлы ережелер мен контрабандалық әрекеттерге жол бермеуді қадағалайтын нормаларды орындамаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке жалпы түрде тартылады. Аталған азаматтарға әкімшілік қадағалау орындалмайды.

Қазақстан Республикасының  аумағындағы шетел азаматтары мен  азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданатын жалпы әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Ал Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтары жасаған құқық бұзушылыққа әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану дипломатиялық келісімдер арқылы шешіледі [4].

 

 

1.3 Әкімшілік  жауапкершіліктен босату жағдайлары

 

 

Қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезінде, егер бұл ретте қажетті қорғану шегінен шығып кетуге жол берілмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.

Өздерінің кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бірдей дәрежеде қажетті  қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы  қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгіну мүмкіндігі болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесілі болады.

Қол сұғу сипаты мен дәрежесіне қорғанудың айқын сәйкес келмеуі, осының нәтижесінде қол сұғушыға жағдайдан  туындамаған шектен тыс айқын  зиян келтіру қажетті қорғану  шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Кұқыққа қарсы қол  сұғудан туындаған үрейдің, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажетті қорғаныс шегінен асып кеткен адам әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс емес.

Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтар мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне  тікелей қатер төндіретін қауіпті  жою үшін осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен асуға жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.

Қатер төндірген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіп жойылған, құқық қорғау мүдделеріне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбірек зиян келтірген жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтірген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады [5].

Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізді тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру әкімшілік  құқық бұзушылық болып табылмайды.

Информация о работе Әкімшілік жауапгершілік