Әкімшілік жауапгершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 19:01, курсовая работа

Краткое описание

Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді.

Содержание

Кіріспе 4
1 Әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық сипаттамасы 5
1.1 Әкімшілік жауапкершілік түсінігі 5
1.2 Әкімшілік жауапкершілік қағидалары 5
1.3 Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары 7
2 Әкімшілік жауаптылыққа болуға тиіс тұлғалар 10
2.1 Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы 10
2.2 Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы
2.3 Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы 13
2.4 Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы 13
3 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар 16
3.1 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлардың түрлері 16
3.2 Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату негіздері 17
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер ттізімі 23

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ 2012 год Әкімшілік жауапкершілік.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)

Егер тәуекелмен байланысты емес іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) аталған мақсатқа қол жеткізу мүмкін болмағанда және тәуекел жасаған адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуін болдырмау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел негізді деп танылады.

Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау үшін әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекетті жасауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттің жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам әкімшілік жауаптылықта болады.

Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау үшін қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау әкімшілік жауаптылықты болдырмайды.

Әкімшілік жауапкершілікке мынадай  жағдайда тартылмайды:

Жеңіл тәртіп бұзушылық  деп танылса.

-  арнайы орган немесе  лауазымды тұлға жеңіл тәртіп  бұзушылықтың мән-жайын тексеріп, Оның ешбір ауыр залалы болмағанын  растаса, оларға ауызша ескертулер  айтып қана қояды. Яғни, мұндай  жағдай заңды олқылықтар мен  ауыртпалықтарға әкелмейді (ақысыз  жол жүру, шу көтеру);

Басқа жауапкершілік  түрлерімен алмастыру немесе қоғамдық ықпал ету шараларын қолдану.

- сот билігіне немесе  ұжымдық талдауға барлық материалдарды  беруге болады; (мұндай жағдайлар  тәрбиелік маңызды болып, объективтік  негізде қалыптасқан жағдайда ғана қолданылады);

-  әкімшілік жауапкершілікті  басқа жауапкершіліктермен алмастыру  әскер қызметкерлері мен әскери  борышын өтеушілерге, сот, прокуратура  қызметкерлеріне қолданылады;   

-  жауапкершіліктің  мерзімін қысқартуға болады. Мұндай  жағдай құрмет көрсетіп, тәртіп пен тәрбиелік танытқан жағдайда жүзеге асады.

Әкімшілік жауапкершілікті  жеңілдететін жағдайлар:

- мойындау;

- кінәлаушының шын көңілмен өкінуі;

- жасалған әрекеттерді қалпына келтіру және оның қаупін болдырмау;

- кәмелеттік жасқа толмағандығы;

- жүкті әйел немесе 1 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы. Мұның бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілуі шарт.

Дегенмен, істі зерттеп, талдаған арнайы орган заңда көрсетілмеген  басқа жағдайларда да, яғни жауапкершілікті  жеңілдетуге негізделген факторларды да анықтауына болады. Ауырлататын жағдайларға:

- бір рет әкімшілік жауапкершілікке бірнеше олқылықтар үшін жауап беру; бір жылда екі рет қайталанған құқық бұзушылық үшін бір рет жауапқа тартылу;

- кәмелетке толмаған жас өспірімдерді құқық бұзушылыққа итермелеген не тартқан жағдай болса;

- құқық бұзушылық топ адамдармен жасалса;

- күтпеген күрт оқиғалар үстінде жасалған болса;

- алкоголь ішімдігін қолданып жасалған жағдай болса;

- ескертулерден ешқандай қорытынды жасамаған тұлғаларға;

- бұрын қылмыс жасаған адам болса [6].

Осы себептердің бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде  бекітілуі тиіс, сонда ғана ол заңды  болып танылады.

Әкімшілік жауапкершіліктің заңды жауапкершіліктің ішінде алатын орны ерекше. Дегенмен, жауапкершілік  болғаннан кейін, заңды жауапкершілік түрлерінің міндеттері ұқсас болып келеді. Салалық ерекшеліктеріне қарай әкімшілік жауапкершілік басқа жауапкершіліктерге қарағанда күрделі қадағалауды талап етеді және әрбір әрекеттің белгілі тәсілдерімен шешілуі байқалады. Құрылымдық ерекшеліктері жас мөлшерін, ұлттық қатынастарды қамтиды. Қазіргі уақытта, әкімшілік жауапкершілік жөнінде жаңа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс қолданыста. Бұл кодекс 2002 жылы жарық көрді, ал оған дейін бұрынғы, Қазақ КСР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қолданылып келді. Әкімшілік жауапкершілікке жеке куәлікті жоғалтқан тұлғалар мен қоғамдық жерлерде темекі шеккен адамдар да тартылады. Оларға 872 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Демек, осындай жолдар арқылы әкімшілік жауапкершілік қоғамда белгілі бір тәртіпті қалыптастыруға қызмет етуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Әкімшілік  жауаптылыққа болуға тиіс тұлғалар

 

 

2.1 Жеке адамның  әкімшілік жауаптылығы

 

    

Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:

          1) ақыл-есi дұрыс, осы Кодекс бойынша белгiленген жасқа жеткен жеке адам;

          2) заңды тұлға.

          Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

Құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есi кем жағдайда болған, яғни өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн түсiне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы бұзылуының, ақыл-ес кемдiгiнiң немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан ақыл-есi кем жағдайда болған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.

Лауазымды адам қызметтiк мiндеттерiн  орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық  жасаған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы негiздерде жауаптылықта болуға тиiс.

Заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген және заңды тұлға құрмай дара кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрi - дара кәсiпкерлер), жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, сол сияқты дара кәсiпкердiң және заңды тұлғаның ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын жұмыскерлерi, сондай-ақ заңды тұлғаның басшылары лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

Луазымды адамдар, дара кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылатыны көрсетiлмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша лауазымды адамдар, дара кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық жеке тұлғаларға қатысты қолданылады [7].

Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады.

       Әкiмшiлiк құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайда, жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi (иелерi) тартылады.

Егер көлiк құралының  меншiк иесiнiң (иесiнiң) хабарламасы  немесе өтiнiшi бойынша тексеру барысында  құқық бұзушылық тiркелген кезде  көлiк құралы иелiгiнде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң салдарынан көлiк құралы оның иелiгiнен шыққан болса, осы көлiк құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшiн ол әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.

Көлiк құралын меншiк құқығымен иеленетiн жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берiлген жеке тұлғалар көлiк құралдарының иелерi болып танылады.

Сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды бақылау мен тiркеудiң метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi мен уақытын, көлiк құралының түрiн, маркасын, мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсiн, сондай-ақ жүрiсiнiң жылдамдығы мен бағытын тiркейтiн фото-, бейне аппаратураны түсiну қажет.

Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер, ҚРӘҚБК-нің 512-1 - 512-4-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тиiстi органдарда қызмет өтеу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан  Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi, санитариялық заңнаманы, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жолда жүру ережелерiн, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерiн, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнаманы, бюджет және салық заңнамасын, аң аулау, балық аулау ережелерiн, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелерi мен нормаларын бұзғаны үшiн жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға болмайды.

Мерзiмдi әскери қызметiн өткерiп жүрген әскери қызметшiлерге, әскери және арнаулы оқу орындарының курсанттарына әкiмшiлiк айыппұл түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдануға болмайды.

Қызмет туралы тәртiптiк  жарғылардың немесе арнайы ережелердiң  күшi қолданылатын, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталғандардан басқа адамдар осы актiлерде тiкелей көзделген жағдайларда - қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта, ал қалған жағдайларда жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

Әкiмшiлiк жаза қолдану  құқығы берiлген органдар (лауазымды  адамдар) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде  аталған адамдарға әкiмшiлiк жаза қолданудың орнына, кiнәлi адамдарды  тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруi мүмкiн.

Тәртiп туралы жарғылардың  күшi қолданылатын темiр жол, теңiз, өзен көлiгi мен азаматтық авиацияның қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн  атқару кезiнде мынадай құқық  бұзушылық жасағаны үшiн осы жарғыларға сәйкес:

- темiр жол көлiгiнiң қызметкерлерi;

- теңiз көлiгiнiң қызметкерлерi;

- өзен көлiгiнiң қызметкерлерi [8,с .7-9 ].

 

 

2.2 Заңды тұлғалардың  әкімшілік жауаптылығы

 

 

Көзделген әрекеттi заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

Жеке адамға немесе заңды тұлғаға қолданылатын-қолданылмайтыны көрсетiлмесе, осы нормалардың мәнi бойынша олар тек жеке адамға қатысты және соған ғана қолданылуы мүмкiн жағдайларды қоспағанда, осы нормалар жеке адамға және заңды тұлғаға қатысты бiрдей дәрежеде қолданылады.

Шағын немесе орта кәсiпкерлiк, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға немесе өзге ұйымдарға қолданылатыны көрсетiлмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша олар шағын немесе орта кәсiпкерлiк, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық заңды тұлғаларға қатысты бiрдей дәрежеде қолданылады.

Әкiмшiлiк жаза барлық заңды тұлғаларға қатысты бiрдей дәрежеде қолданылатын жағдайларды  қоспағанда, мемлекеттiк кәсiпорын  жүзеге асырылатын қызмет түрiне, қызметкерлердiң  санына және активтердiң бiр жылдағы орташа жылдық құнына байланысты шағын немесе орта не iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалар үшiн көзделген тәртiппен әкiмшiлiк жауапкершiлiкте болады.

Дербес салық төлеушi болып табылатын және салық салу саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

 

 

2.3 Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және  азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік  жауаптылығы

 

 

Қазақстан Республикасының  аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң  құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлға ретiнде әкiмшiлiк жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасының  континенттiк қайраңында Қазақстан  Республикасының егемендiк құқықтарына  қол сұғатын әкiмшiлiк құқық  бұзушылық жасағаны үшiн шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

Шет мемлекеттердiң дипломатиялық  өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетелдiктер Қазақстан Республикасының  аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық  бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi [9].

 

 

2.4 Кәмелетке толмағандардың  әкімшілік жауаптылығы

 

 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн.

      Кәмелетке  толмаған адамға салынатын әкiмшiлiк  айыппұлдың мөлшерi осы Кодекстiң  ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген  айыппұл мөлшерiне қарамастан, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен кем болмауға және он айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.

      Айыппұл  кәмелетке толмаған адамда бар  мүлiктiң есебiнен төленедi. Кәмелетке  толмаған адамның айыппұл төлеуге  жеткiлiктi мүлкi болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады.

Информация о работе Әкімшілік жауапгершілік