Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:09, реферат
Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Этап дегеніміз – бұл қандай да кезең ішіндегі аралық мақсатты көздейтін әрекеттердің жиынтығы. Мысалы, а) азаматтардың шағым, арыздары бойынша іс жүргізуде істі қарау кезеңінде (стадиясында):
- факт жүзіндегі жағдайды анықтау және зерттеу (тексеру);
- сәйкес материалдық-құқықтық нормаларды таңдау;
б) құқық шығармашылық басқару актісінің жобасын талқылау кезеңі (стадиясы):
- барлық қатысушыларға онымен танысу үшін тапсыру;
- жобаға түзетулер енгізу;
- қажетті жағдайда, — сараптама.
Сонымен, процесс, оның іс жүргізулерінің 4 деңгейлік құрылымы болады: әрекеттер-(этаптар)-кезеңдер (стадиялар)-іс жүргізу (процесс).
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істер бойынша іс жүргізу.Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істер
бойынша іс жүргізу – бұл әкімшілік-
Заң әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде мынадай міндеттерді жүктейді:
1) әрбір істің жағдайларын өз уақытында, жан-жақты, толық және әділ анықтау;
2) істі заңға нақты сәйкестілікте шешу;
3) шығарған қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету;
4) әкімшілік құқық бұзушылық жасауға себеп болған себептер мен жағдайларды анықтау;
5) құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау және заңдылықты нығайту рухында тәрбиелеу.
6) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде кейбір жалпы юрисдикциялық қағидалар (жариялылық, тартыс, теңдік) толық көлемде жүзеге асырылмайды, мысалы, іс бойынша ешкімді жабық отырыста және кең аудитоияда емес жерде қабылдайды.
Кейбір жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жазылмайды, ал жаза құқық бұзушылық жасалған жерде салынады. Кейде істі қарауда тек бұзушы мен іс бойынша қаулы қабылдаушы лауазымды тұлға және сол жерде орындаушы ғана қатысады.
Тартыс қағидасына байланысты әкімшілік іс жүргізуде прокурордың, адвокаттың қатысуы міндетті емес, құқық бұзушы әрқашанда қатыса бермейді, ал айыппұл орынында салынатын кездерде тартыс мүлде жоқ.
(Қосымша өзім үшін. Қылмыстық
іс жүргізуге қарағанда
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің 2 түрі бар:
- кәдімгі ( әдеттегі, қарапайым);
- жеңілдетілген (қысқартылған).
Кәдімгі іс жүргізушілік негізгі істерге тән заңмен егжей-тегжейлі реттелген.
Жеңілдетілген іс жүргізушілік
тәртіпте Кодексте тура қарастырылған
істер қарастырылады. Ол аз мөлшердегі
процессуалдық әрекеттер мен
олардың шапшаңдығымен
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кезеңдері (стадиялары) :
І — әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау;
ІІ – істі қарау;
ІІІ — әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулы шығару;
ІУ – қабылданған шешімдерді орындау;
У – шешімге шағым беру.
1 стадия: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау – іс жүргізушіліктің бастапқы кезеңі болып табылады, өзінің нақты мақсаты және процессуалдық ресімделуі бар. Осы кезеңнің мән-маңызы процессуалдық құжат тудыру — әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы тудыру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың негізі – тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы. Әрбір құқық бұзушылыққа заңға сәйкес айыппұл салынады және төлеттіреді, ал ескерту құқық бұзушылық істеген жерде тіркеледі және осыған өкілетті лауазымды тұлға жазуы қажет.
Істі қозғау нақты әкімшілік-процессуалдық
қатынас тудыруға әкеп соғады, ол жасалған
құқық бұзушылықты ашудың және оны
процессуалдық рәсімдеудің
Сөйтіп, іс бойынша іс жүргізуді бастаудың материалдық негізі болып тұлғаның әрекетінде әкімшілік заңмен қарастырылған құқық бұзушылық құрамының болуы.
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істі қозғау туралы хаттаманы
жазуға Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы Кодексте белгіленген өкілетті
тұлғалар құқылы (ІІО лауазымды тұлғалары,
атқарушы органдардың лауазымды
тұлғалары, жол полициясының органдарының
лауазымды тұлғалары, мемлекеттік
қалалық техника қадағалау
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың мазмұнына заң нақты талаптар белгілеген. Онда міндетті түрде көрсетілуі қажет: жазылған күні және орны, хаттама жазған тұлғаның аты-жөні, әкімшілік құқық бұзушылық орны, уақыты және мәнісі; соны жасағаны үшін жауапкершілік қарастыратын нормативтік акт; куәлар, істі шешу үшін қажетті өзге де мағлұматтар.
Хаттамаға оны толтырған немесе жазған тұлға, құқық бұзушы, егер куә мен жәбірленуші болса, солар қол қояды. Құқық бұзушылық істеген адам өзінің түсінігін беруге құқылы және ол хаттамаға қосымша болуы қажет.
Іс жүргізуді одан кейін өте тиімді, әділ және заңды түрде жүргізу үшін хаттамада айғақтар тіркеледі (айғақ дегеніміз – кез келген факт жүзіндегі мәліметтер, соның негізінде заңмен белгіленген тәртіпте өкілетті органдар істі қарайды, берілген тұлғаның істеген ісінде құқық бұзушылық, кінәлілік бар ма, жоқ па соны анықтайды және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де жеғдайлар бар ма, жоқ па соны анықтайды.)
Хаттама бірден әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін өкілетті органға жіберіледі.
Кейбір жағдайда заңмен тура
қарастырылған жағдайда хаттама
толтыру, жазу міндетті емес, мысалы, егер
тұлға теміржол көлігінде жол
жүру тәртібі мен қауіпсіздігін
сақтау және қорғау бойынша ережені
бұзғанда, әуе кемесінің тәртіп ережесін
бұзғанда тұлғаға осыны істегені
үшін әкімшілік жазаға тартқанда
дауласпаса хаттама жазылмайды, сонымен
қатар өзге де жағдайларда айыппұл
салынып және төлеттіріп алынса, ал
ескерту құқық бұзушылық
Егер хаттама жазу міндетті түрде болып, ол сол жерде оны істеу мүмкін болмаса ( құқық бұзушының жеке басы анықталмаса), құқық бұзушыны өкілетті орган полицияға алып келеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау кезңінде құқық бұзушыға қажетті жағдайда мына әкімшілік бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкін: тұлғаны әкімшілік ұстау, жеке басын тексеру, қарау, заттарды қарау, тексеру, заттарды және құжаттарын алу.
Аталған шараларды істеудің мақсаты: әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, хаттама толтыру, жазу, істі уақтылы және дұрыс қарау.
Әкімшілік құқық бұзушылық
жасаған адамды әкімшілік ұстау
тек заңда қарастырылған
Жеке басын тексеру, қарау және заттарды тексеру тек осыған өкілетті лауазымды тұлғалар жүргізуі қажет. Жеке басын тінтіп, қарау қаралушы, тексерушілермен бірдей жыныстағы өкілетті тұлға және сол жыныстағы 2 куә болған жағдайда жүргізуге құқылы.
Заттарды, багажды, аңшылық құралдарын және басқа да қралдарды тексеру, қарау, тінту қандай адамның меншігінде немесе иелігінде болса, сол тұлғаның қатысуымен жүргізілуі қажет, ал оның орынды жағдайда бола алмайтын кезде заттары 2 куәнің қатысуымен ол жоқта тексеріледі, тінті жүргізіледі.
Заттар мен құжаттарды алу тек мына жағдайда ғана қолданылады, егер, біріншіден, құқық бұзушылықтың құралы немесе объектісі болып табылса; екіншіден, ұстаған кезде, жеке басын тінткенде немесе заттарын тінтуде алынса.
Алуды өкілетті органдардың лауазымды тұлғалары жүргізеді. Осы органдар алынған аттар мен құжаттарды істі қарағанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді. Істі қарағаннан кейін алынғандар белгілеген тәртіпте тәркіленеді немесе иесіне қайтарылады, немесе жойылады.
Барлық жағдайда жоғарыда аталған бұлтартпау шараларын қолданғанда лауазымды тұлға хаттама жазуы қажет немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес жазулар жасалынуы тиіс.
Айта кететін жай, бұлтартпау шараларын қолдану міндетті емес, бұл тек сәйкес құзырлы органның міндеті емес, құқығы болып табылады.
2 стадия — Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау — әкімшілік іс жүргізушіліктің негізгі кезеңі, бұнда процессуалдық қызметтің осы түріне барлық ерекшеліктері, негізгі белгілері білінеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға мына органдар мен лауазымды тұлғалар құқылы:
1) әкімшілік комиссия (заңға сйкес өзге органдардың құзырлығына берілген істерден басқа, барлық істерді шешеді);
2) поселок, село, ауыл әкімшілігінің басшысы;
3) кәмелетке жасы толмағандардың істері бойынша комиссия (кәмелетке жасы толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді);
4) аудандық (қалалық) соттар, судьлар;
5) ІІО;
6) әкімшілік қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдар мен лауазымды тұлғалар (өрт қауіпсіздігін қадағалайтын мемлекеттік органдар, жол полициясы, жер қойнауын қорғау және геология Министрлігінің органдары, Ұлттық патенттік ведомства органдары, орман шаруашылығы органдары, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік сәулет-қала салу органдары)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың құқықтық мәртебесі заңмен белгіленген. Оларға мына тұлғалар жатады: әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға, жәбірленуші, заңды өкілдер, адвокат, куә, сарапшы, тілмаш. Прокурордың қатысуы міндетті емес.
Құзырлы орган іс бойынша айғақтарды құқық бұзушылық жасаған фактіні, бұнда нақты тұлғаның кіәсін анықтау үшін, басқа да істі дұрыс қарау үшін маңызды жағдайды белгілеу үшін толық, жан-жақты , әділ бағалауы қажет.
Айғақтар:
- құқық бұзушылық туралы хаттама;
- әкімшілік құқық бұзушылық істегені үщін жауапқа тартылған тұлғаның түсінігі;
- куәлардың мәліметтері;
- жәбірленушінің мәліметі;
- сарапшының қорытындысы;
- заттық айғақтар;
- әкімшілік бұлтартпау шараларын қолдану туралы хаттама.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің өзге де материалдарын өкілетті орган алған күннен бастап істі қарау үшін жалпы мерзім – 15 күн беріледі. Істердің кейбір категориялары бойынша қараудың қысқартылған мерзімдері де қарастырылған:
А) ұсақ бұзақылық, спирт ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны туралы істерді – 1 тәулік ішінде қарау мерзімі;
Б) радиоқабылдағыш құралдарды рұқсатсыз жасау және пайдалану туралы істерді – 3 тәулік ішінде;
В) ұсақ ұрлықтар – 5 күн ішінде.
Құзырлы орган бірқатар сұрақтарды шешу кезінде істі дайындаудың маңызды мәні бар: берілген істі қарау осы органның құзырлығына жата ма?; құқық бұзушылық туралы істердің хаттамасы және өзге де материалдар дұрыс жазылған ба; барлық қажетті материалдар жинақталған ба; іске қатысушы тұлғалардың өтініштерінқанағаттандыруға жата ма; барлық қптысушы тұлғаларды істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар етеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың мынадай тәртібі белгіленген:
1) берілген істі қарайтын органның құрамын немесе лауазымды тұлғаны ұсынуды хабарлау (жариялау);
2) төрағалық етуші, қандай іс тыңдалады, жауапкершілікке кім тартылады – соны жариялайды, іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жариялау;
4) іске қатысушы тұлғаларды тыңдау, айғақтарды зерттеу.
Міндетті түрде анықталуға жатады: әкімшілік құқық бұзушылық жасалды ма; оны жасаған тұлға кінәлі ма; оған әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға бола ма; кінәні ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар бар ма; мүліктік зиян келді ме; істі қоғамның қарауына беруге негіздер бар ма немесе істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де жағдайлар бар ма.
Іс бойынша процессуалдық мәліметтер хаттамада жазылады.
3 стадия — Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару. Өкілетті орган немесе лауазымды тұлға істі қарағаннан кейін іс бойынша қаулы шығарады, онда мыналар көрсетіледі:
1) қаулы шығарған органның аты;
2) істі қараған күн;
3) іс бойынша шешім шығарған тұлға туралы мәліметтер;
4) қарау кезінде анықталған мән-жайларды баяндау;
5) осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылған нормативтік құқықтық актіге сілтеме;
6) іс бойынша қабылданған шешім;
7) қаулыға шағым беру тәртібі мен мерзімі.
Іс бойынша шығарылатын қаулының 2 түрі болады:
1) әкімшілік жазаға тарту (салу)
2) іс жүргізушілікті тоқтату туралы.
Іс жүргізушілікті тоқтату туралы қаулы мынадай жағдайларда шығарылады:
1) іс бойынша іс жүргізушілікті болдыртпайтын мән-жайлар (құқық бұзушылық оқиғасының жоқтығы, 16 жасқа толмаған тұлға құқық бұзушылық жасаса, құқық бұзушылық жасаған тұлғаның есі дұрыс емес жағдайда жасаған болса);
2) өзге де мән-жайлар (онша елеулі емес мән-жайлар және ауызша ескерту жасау, материалдарды қоғамның, прокурордың, алдын ала тергеу органдарының қарауына беру).
Істі қаруды аяқтағаннан кейін қаулы бірден жарияланады. 3 күн ішінде қаулының көшірмесі құқық бұзушы тұлғаға табыс етіледі, ал жәбірленушіге оның сұрауы бойынша беріледі.
Осы аталған тұлғалар 1 айдың
ішінде қабылдаған шаралары туралы ұсыныс
жасаған органға хабарлауы
4 стадия – қабылдаған шешімді орындау — әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің соңғы сатысы.
Әкімшілік жазаны салу туралы қаулыны барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар орындауға міндетті.
5 стадия — әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағым арыз қаулы шығарылған күннен бастап 10 күн ішінде беріледі. Бұл стадия осы іс жүргізушіліктің қосымша стадиясы болып табылады.