Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:09, реферат
Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
3) Әкімшілік жазалау шаралары, мысалы, айыппұл салу, тәркілеу, әкімшілік қамау - заңды жауапкершілік шараларын білдіреді және нақты құқық бұзушылықтарды істегенде қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының бұл тобы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны заңдылықты сақтау, адамзат тұрмыс – тіршілігінің ережелерін құрметтеу және құқық бұзушылардың өзерін, сондай-ақ басқа да тұлғалардың жаңа құқық бұзушылықтарды жасамауларын ескерту рухында тәрбиелеу мақсатында қолданылады.
Әкімшілік -құқықтық режимдер
Құқықтық реттеу ондағы жеке, топтық, мемлекет және қоғам мүдделерінің тұрақты теңдігін қамтамасыз ететін (міндетті нормативті және әкімшілік ұйғарымдар, құқықтық реттеу типтері), сондай-ақ жеке адамның мүдделерінің өзіндік ерекшеліктерін, сақтау және есепке алынуын және жеке мен жалпылық көлемдерін қамтамасыз ету құралдарының болуын қамтамасыз етеді. Белгілі бір объектке, қызметтің белгілі бір бөлігіне қатысты жеке адамның, мемлекеттің, қоғамның мүдделерін қамтамасыз ететін, осы қызмет бөлігіндегі заңды реттеу ерекшелігін айқындауға көмектесетін құралдардың бірі құқықтық режим. «Құқықтық режим» құқықтық реттеудің қатаңдығы деңгейін, белгілі бір шектеулер мен жеңілдіктердің болуын, субъектілердің белсенділігіннің рұқсат етілген деңгейінің олардың құқықтық дербестігінің шектерін білдіреді [С.С.Алексеев. Общие дозволения и общие запреты в Советском праве. -М.: юридическая литература, 1989. - с. 186]. Әрбір құқықтық режим шегінде әрқашанда барлық құқықтық реттеу тәсілдері (позитивті міндеттеу, рұқсат берушіліктер, тиым салушылықтар) қатысады, бірақ әрбір режимде осы тәсілдердің біреуі жетекші болып қатысуы, соның ерекшелігін айқындайды, оның «түр-келбетін» анықтайды.
Әкімшілік — құқықтық режим — бұл реттеудің әкімшілік — құқықтық құралдарын нақтылы үйлесуі, орталықтандыру тәртібінде, құқықтық қатынас субъектілері өзінің мәртебесі бойынша заңды тұрғыдағы позицияда болатындығы көрінетін құқықтық ықпал етудің императивті тәсілі [Бахрах Д.И. Административное право. -М.: БЕК, 1993- 280с.]. Тараптардың теңсіздігінің мәні — мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі ерекшелік: қолданыстағы құқықтық ұғарымдарына сәйкес азаматтар өкілетті басқару органдарына келуі тиіс, не болмаса олардың субъективті құқықтарын жүзеге асырудың басқа жолы жоқ.
Құқықтық режимдерді 2 топқа бөлуге болады: жалпы және туынды.
Жалпы режимдерге құқық салаларының құқықтық режимдері жатады. Құқық салаларының құқықтық режимі — бұл зерттеудің заңды құралдарының жиынтығы — салалық құқықтық ықпал ету әдістерімекн туындаған және нақты құқық саласының өзіне тән қағидаларына негізделген салалық заңды құрал. Жалпы алғанда, салалық режимдердің ерекше реттеушілік бағыттарындағы нақты бір құқық салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардағы қосалқы режимдерді құру негізі болып табылады.
Қосалқы режимдер — бұл жалпыға қарағанда азаматтар мен ұйымдардың конституциялық мәртебесін, рұқсат берушіліктердің не болмаса қосымша тиым салушылықтар немесе позитивті міндеттеулерден тұратын ереше шектеулердің мөлшерін, мемлекеттік органдардарда функционалды міндеттеулердің мөлшерінің өзгеру деңгейімен ерекшелінетін жалпыны модификациялаудан тұратын режим.
Қосалқы әкімшілік — құқықтық режимдер екі топқа бөлінеді:
1) әдеттегі;
2) төтенше;
Әдеттегі режимдер — тұрақтылық, мемлекеттік басқару органдарында қандайда болсын төтенше құзырлықтың боллмайтындығыфмен, азаматтар мен ұйымдардың өздерінің субъективті құқықтарын жүзеге асыру бойынша дербестігімен сипатталады. Әдеттегі әкімшілік — құқықтық режимдер әртүрлі негіздер бойынша жіктеледі:
а) территоиялар бойынша (қорықтар және т.б.);
б) жекелеген объектілерге байланысты (қару-жарақ, есірткі және т.б.);
г) қызмет түріне байланысты (азаматтың қорғаныстың республикалық жүйесінің жұмыс істеуі, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою).
Төтенше әкімшілік — құқықтық режим азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың шаруашылық қызметін шектеумен, төтенше құзырлықтағы мемлекеттік органдарды құрумен, жұмыс істеп жатқан мемлекеттік органдарға ттенше өкілеттіліктер берумен, азаматтар мен ұйымдарға қосымша міндеттер жүктеумен сипатталады. Заңнамада төтенше жағдайлардың 3 түрі белгіленген: шұғыл, әскери және ерекше.
Әкімшілік — құқықтық режимдердің құқықтық негізін ҚР Конституциясы және әдеттегі, сондай-ақ төтенше режимдерді белгілейтін жалпы ережелерден тұратын заңдар құрайды.
Төтенше жағдайлардың құқықтық режимі ҚР Конституциясы мен 1993 жылғы 15 қазандағы «Төтенше жағдайлардың құқықтық режимі туралы» ҚР заңымен, сонымен қатар негізінен төтенше жағдайлар кезіндегі жекелеген басқару органдарының мәртебесі мен қызметін реттейтін ҚР Президентінің жарлықтарында бекітілген. Төтенше жағдайлар қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуді ауырлатады, сондықтан мемлекетті қоғамдық қатынастарға қатаң заңды-ұйымдық ықпал ету шараларын белгілеуге, осындай жағдайларды жою үшін және қоғамды қалыпты өмір сүру жағдайларына қайтару үшін құқықтық құралдарды өзгертуге міндеттейді. Төтенше жағдайларды жариялау үшін мына жағдайлар негіз болады («Төтенше жағдайлардың құқықтық режимі туралы» ҚР заңында белгіленген):
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қалыпты қызметі үшін қауіп төндіретін табиғи апаттардың, техногендік катастрофалардың немесе олардың пайда болу қауіпі болғанда; сонымен қатар халықтың игілігіне келтіретін зиянды төмендету мақсатында жедел құтқарушылық және авариялық — қалпына келтіруші жұмыстардың, эпидемиялардың, ірі авариялардың болуы;
2) күштеумен ұштаса жүретін, конституциялық құрылысты өзгерту қадамдары, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қадамдар; жаппай бассыздықтар; әлеуметтік немесе ұлтаралыққ жанжалдар; жекелеген жергілікті жерлерді қоршап алу; мемлекеттік шекарадан көршілес мемлекеттердің территорияларына жалпылай өту.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістер: түсінігі, ерекшелігі және кезеңдері
Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің міндеттері:
1) әрбір істің мән – жайларын өз уақытында, жан - жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау;
2) оны заңнамамен нақты сәйкестендіре шешу;
3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту.
Жалпы құқық қолданушылық қызмет – ұсақ бөлімдердің жиынтығынан, іс жүргізулерден, яғни іс жүргізулердің жиынтығынан тұрады.
Әкімшілік іс жүргізушілік дегеніміз – нақты жеке әікмшілік істерді қарайтын және шешетін өкілетті субъектілердің нормативті реттелген әрекеттерінің тәртібі.
Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте оның тарабы болып қатысуы мүмкін, сондай-ақ оның басқа да қатысушылары ретінде — сарапшы, куә, процестің тараптарының құқықтарын қорғаушы болып қатысуы, яғни басқа да азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың немесе мемлекеттің (заңды өкілдер, қорғаушы, қоғам өкілдері, ұйымның әкімшілігінің өкілдері) мүдде-макқсаттарын білдіруі мүмкін.
Процесте толық қанды
субъектісі болып қатысу үшін азаматтың
әкімшілік құқық
Азаматтардың әкімшілік-
Әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік процесте жақтың шектеуі әрекет қабілеттікті көрсетеді. Әкімшілік-процессуалдық құқық қабілеттілік көп жағдайда азаматтық-процессуалдыққа ұқсайды.
Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік-процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады:
1) істің негізінде заңды мүдделі болуы;
2) азаматқа нақты әкімшілік іс бойынша қабылданған шешімнің барлық құқықтың салдарлары таралады.
Әкімшілік процесте азаматтың жағдайы басқару аппатары мен жеке азаматтың арасындағы өзара қатынастарының ерекшелігімен анықталады. Атқарушы органдар, лауазымды тұлғалардың және ааматтардың арасындағы қатынастар құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың ынтасы бойынша туындайды.
Азаматтардың міндеттерін орындауы бойынша қатынастар азаматтардың өзінің ынтасы бойынша, сондай-ақ сәйкес атқарушы билік органдарының ынтасы бойынша да қалыптасуы мүмкін.
Азаматтардың қатысуымен
болатын іс жүргізудің ерекшелігі төменгі
басқару органдарын және лауазымды
тұлғалардың шешімдері мен
Әкімшілік іс жүргізушілік — әкімшілік процестің құрылымды бөлігі.
Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері.
Әкімшілік-процессуалдық құқық қолданушылық қызмет ұсақ бөлімдерден – іс жүргізулерден қалыптасады, яғни процесс дегеніміз – іс жүргізулердің жиынтығы.
Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз – нақты жеке әкімшілік істерді қарау және шешу бойынша өкілетті субъектілердің нормативті реттелген қызметтерінің тәртібі.
Әкімшілік іс жүргізушілік басқалардан шешетін істерінің сипаттарымен ерекшеленеді.
Істердің сипаты іс жүргізудің алдында тұрған нақты міндеттердің ерекшелігін анықтайды, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, арыз бойынша шешім қабылдау.
Құқық беруші әкімшілік процеске мынадай іс жүргізулердің түрлері жатады:
- жеке құрамды жинақтау (әскери қызметке шақыру, ЖОО қабылдау);
- жекешелендіру;
- азаматтардың арыз, өтініштерін қарау;
- өнертапқыштық туралы істерді, патент туралы істерді;
- мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждық үшін жерлерді алу;
- жер бөліктеріне иелік етуге, пайдалануға және азаматтар мен заңды тұлғаларға жалға беру;
- тарату.
Әкімшілік-юрисдикциялық процеске мына іс жүргізулер жатады:
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс;
- қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстың белгілері бар әрекеттер туралы істер бойынша әкімшілік жазалау шараларын қолдану;
- әкімшілік кесу шараларын қолдану;
- арыздар, шағымдар;
- ҚР-сының шегінен шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды қуу;
- өздігінен шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды қулату туралы істер;
- бюджетке белгіленген
мерзімде төлемеген салықтар
және өзге де төлемдерді
- даусыз тәртіпте республикалық
бюджеттен бөлінген және
- жерлерді пайдалану
Іс жүргізуді сәйкес процестің құрамды бөлігі ретінде ғана қарастыруға болмайды, сондай-ақ әкімшілік-процессуалдық құқықтың институты ретінде де қарастыруға болады. Өзінің тұрғысынан алып қарағанда іс жүргізу дегеніміз – нақты категориядағы істер бойынша құқық қолдануды реттейтін процессуалдық нормалардың жиынтығы.
(Қосымша. Қазіргі уақытта
әкімшілік процесс көптеген
Кез келген процесс кезеңдерге (стадияларға) бөлінеді.
Кезең (стадия) дегеніміз
– процесс субъектілерінің
Әкімшілік-процессуадлық кезеңдер процестің қозғалысын көрсетеді:
- оның алғашқы сәттері;
- аралық бөліктері;
- процессуалдық актіде ресімделетін қисынды (логикалық) аяқталған бөлімі.
Әрбір кезең бір-бірінен дербес, өзінде нақты аралық міндеттерді шешуге арналған өз мақсаттары бар. Процестің кез келген кезеңінде оған қатысушылар арнайы процессуалды рөлді атқарады, сәйкес процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болад (беріледі), анықталған тәсілмен белгіленген процнссуалдық іс-әрекеттер жасайды. Кейбір кезеңдер (стадиялар) процестің аяқталу сипатында жүреді.
Кез келген әлеуметтік басқару, соның ішінде мемлекеттік басқару, циклді болады, сондықтан әкімшілік процесс те осындай қасиет бар. Әрбір заңды іс процесте кезеңдерден өтеді, ал олардың жиынтығы (қосындысы) басқару циклін құрайды.
Әкімшілік іс жүргізулердің кез келгенінде осы аталған кезеңдердің (стадиялардың) барлығы бола бермейді, мысалы азаматтардың арыз, шағымдары бойынша іс жүргізуде мәселелерді анықтау кезеңі қажетті емес, себебі ол шағым, арыз, өтініштің өзінде де болады.
Құқық шығармашылық басқару процесіне қатысты мына кезеңдерді (стадияларда) бөлуге болады:
1) актіні шығарудың қажеттілігін анықтау;
2) актінің жобасын дайындау;
3) басқару органының қарауына актінің жобасын шығару;
4) жобаны талқылау;
5) жоба бойынша шешім қабылдау;
6) қабылданған актіні жариялау.
Көптеген кезеңдерді (стадияларды) этаптарға бөлуге болады.