Интеллектуалдық меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 07:12, курсовая работа

Краткое описание

Интеллектуалдық шығармаларға және оларға теңестірілген объектілірге қатысты ерекше құқықтарға арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормалары өзінің жиынтығы бойынша қазақстандық азаматтық құқықтың ерекше саласын құрайды. Интеллектуалдық меншік объектілердің жиындық көлемі бойынша және қайнар көздерінің жүйесі бойынша қарастырып отырған азаматтық құқық саласы өзара тәуелсіз төрт институтқа бөлінеді. Өзара ұқсас ерекшеліқтеріне қарамастан, әрбір институттың құқықтық нормаларда көрініс тапқан өзіне тиесілі белгілері бар.
Ең алдымен Авторлық құқық пен сабақтас құқық ерекшеленеді. Бұл құқықпен ғылым, әдебиет пен өнер, фонограмма,

Содержание

I КІРІСПЕ 3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
2.1 Интеллектуалдық меншік құқығы және оның объектілері мен субъектілері. 5
2.2 Интеллектуладық меншік құқығының түрлері. 11
2.3 Лицензиялық шарт. 15
III ҚОРЫТЫНДЫ 19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая по Азаматтык кукык.doc

— 170.50 Кб (Скачать документ)

     Интеллектуалдық  шығармашылық қызметтiң  нәтижелерiн  жасау және пайдалану туралы  шарт.

     Автор  шарт бойынша туындыны, өнертабысты  немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң өзге де нәтижесiн жасау және өзiнiң жұмыс берушiсi болып табылмайтын тапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын беруге өзiне мiндеттеме алуы мүмкiн.

     Шарттың  белгiлi бiр түрдегi не белгiлi бiр саладағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң  нәтижелерiн жасауға автордың құқығын шектейтiн талаптары жарамсыз болады.

Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.

Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.

• Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.

Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану  лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.

• Лицензиялық  шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру  құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.   

     Ресми  құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер  менбелгiлердiң  жобаларына құқық. Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң  жобаларына авторлық құқыққа жобаларды жасаған адам (жасаушы) ие болады. Ресми құжаттардың, рәмiздер мен белгiлердiң жобаларын жасаушылар, егер оны жасауға тапсырма берушi оған тыйым салмаса, ондай жобаларды жариялауға құқылы. Жобаны жариялаған жағдайда оны жасаушылар өз есiмiн көрсетуге құқылы. Жобаны, жасаушының келiсiмiнсiз, егер бұл жобаны автор жарияласа немесе тиiстi органға жiберсе, оны ресми құжат дайындау үшiн құзыреттi органның пайдалануы мүмкiн.  Ресми құжаттарды, мемлекеттiк рәмiздердi немесе белгiлердi жобаның негiзiнде дайындаған кезде оған ресми құжатты, мемлекеттiк рәмiздi немесе белгiнi дайындауды жүзеге асырушы орган өз қалауы бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуi мүмкiн.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

       Интеллектуалдық меншік құқығы азаматтық құқықтың халықаралық деңгейіндегі ең жоғары дамып отырған салаларының бірі. Теориялық жағынан интеллектуалдық меншікті қоғау қатынастары бойынша халықаралық келісім-шартқа отыру – ерікті іс, шартқа отырмаған елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымының мүшесі бола алмайды, оларға ұлы сауда державалар мәжбүрлеп енгізу әрекеттерін жүргізе отырып қысым жасай алмайды.  
Интеллектуалдық меншіктің халықаралық құқықтық аспектісінің басқа да ерекшеліктері бар. Халықаралық қауымдастықта бірқатар мемлекеттер интеллектуалдық меншіктің экспортері болса, басқалары импортерлер болып табылады. Интеллектуалдық меншіктің елеулі мөлшері ірі көпұлттық корпорациялармен өндіріледі. Олар бүкіл әлемде өз құқықтарын қорғауда мүдделі. Мысалы, жақсы фильм Европада, Азияда және Солтүстік Америкада да бірдей үлкен табыспен сатылуы мүмкін. Кіші елдегі, мысалы Финляндияның жаңа ұялы телефонның өндірушісі өзінің құқықтарын АҚШ немесе Жапонияда тіркеуге мүдделі, себебі тауарды бұл елдерде сату үлкен табысты әкеледі.  
Қазақстанда ғылым, әдебиет, өнермен байланысты интеллектуалдық меншік аз дамыған. Сондықтан да Қазақстанның интеллектуалдық меншіктің импортері деп айтудың уақыты әлі келген жоқ. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі және қатысушылармен тең жағдайда әрекет етуі тек интеллектуалдық меншіктің іс жүзінде қорғалуы негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ өкінішке орай бұл мәселені шешу үшін елімізде қажетті алғышарттар қалыптасқан жоқ. Саяси және экономикалық тұрақсыздық, заңсыздық, қылмыстың қоғам өмірінің барлық салаларына кірудің салдарынан, құқықтық мәдениет деңгейі мен азаматтардың салғырттығы және т.б. көптеген факторлар интеллектуалдық меншіктің дамуына қолайлы жағдай жасайды деп айтуға болмайды. Қорыта келгенде елімізде қарапайым тәртіп орнамайынша интеллектуалдық меншікті қорғау жайлы сөз қозғаудың ешқандай негізі жоқ.

    Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау жүйесі қазіргі кезде Ұлттық инфрақұрылымның құрамдас бөлігіне айналды. ХХІ ғасыр Интеллектуалдық экономиканың ғасыры деп жорамалдауға негіз бар, соның негізін шығармашылық әрекеттері және оның құқықтық қорғаудың тіректі жүйесі құрайды. Қазақстан Республикасы халықаралық мәдениет пен ғылыми-техникалық айналымға еніп, Дүниежүзілік Интеллектуалдық меншік ұйымына кіре отырып (ДИМҰ), әлемдік деңгейге сай қазақстандықтар мен шетелдік интеллектуалдық меншік иегерлерінің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуі қажет.

    Авторлық  құқық объектілерінің авторлары  оларға өте мәнді мүліктік (айрықша) және жеке мүліктік емес құқықтары  бар, авторлық құқық автордың бүкiл өмiрi бойына және ол қайтыс болғаннан кейiн, автор қайтыс болғаннан кейiнгі келесi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде, жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн ол қоғамның игiлiгiне айналады. Қоғамның игiлiгi болып табылатын туындыларды кез келген тұлға авторлық сыйақы төлеместен еркiн пайдалана алады. Дегенмен, бұл орайда авторлық құқық, автор есiмiне құқық және туындыға қол сұқпаушылық құқығы сақталуға тиiс, өйткені осы құқықтар ҚР АК 6 т. 982 бабына сәйкес авторлық, автордың есiмi және туындыға қол сұқпаушылық мерзiмсiз қорғалады.

      Айрықша авторлық құқық иесi  өз құқықтары  туралы мәлiмдеу  үшiн туындының әрбiр  данасына  салынған және үш элементтен:

      1)    қоршауға алынған латынша «С» әріппен;

      2)   айрықша авторлық құқықтар  иесінің  есімімен (атауынан);

туындының бірінші  жарияланған жылынан тұратын  авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.

     Сабақтас  құқықтардың пайда болуы және  жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:

     1) қоршауға алынған латынша Р  әрпi: Р;

     2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң  есiмi (атауы);

     3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.

     Сонымен,  жоғарыда айтылғаның қорытындысын  шығарсақ, келесіні айтуға қажет,  авторлық құқықтарды және сабақтас  құқықтарды заңсыз пайдалануы үшін азаматтық (ҚР АК нормалары), әкімшілік (ҚР ӘҚБК 129 бабы), және қылмыстық (ҚР ҚК 184 бабы) жауапкершілік көзделген.

Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.

Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.

• Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.

Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану  лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.

• Лицензиялық  шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру  құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

    1. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2

    2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1988 ж (ерекше бөлімі) (кейнгі өзгерістер мен толықтырулармен).

    3. Жайлин Г.А. Азаматтық құқық (ерекше бөлімі) Т.1. Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 20004ж.

    4. Толеугалиев Г. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы Т.2. Оқулық. – Алматы, 2001 ж.

    5. Авторлық және сабақтас құқықтар туралы 1996 ж. 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (кеінгі өзгерістер мен толықтыруларымен).

    6. Қазақстан Республикасының патент заңы 1999 ж 16 шілдедегі № 427-I Қазақстан Республикасының Заңы (кейінгі өзгерістер және толықтырулар). 

   7. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы, 2003.

    8. Азаматтық құқық. Жайлин Ғ.А., Оқулық, Ерекше бөлім. 1 том.- Алматы: Заң әдебиеті.-2005.- 90-110 б

    9. Гражданское  право: Учеб. / Под ред. М.К. Сулейменова,  Ю.Г. Басина. Алматы, 2000.

   10. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ҚР-ның 2004 жылғы 11 мамырдағы №552-ІІ Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар) – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 309б.  
   11. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26.07.1999, №456-І  
   12. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10.06.1996, №6-І  
   13.Қазақстан Республикасының Патент заңы  
   14. Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау концепциясын жариялау туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы. 26.09.2001. №1249  
   15. «Селекциялық жетістіктерге патент беруге өтінім беру және қарау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті Төрайымының 2004 жылғы 14 қазандағы N 72-п бұйрығы.  
   16. «Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы»  
Қазақстан Республикасы әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 146 бұйрығы.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Интеллектуалдық меншік құқығы