Интеллектуалдық меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 07:12, курсовая работа

Краткое описание

Интеллектуалдық шығармаларға және оларға теңестірілген объектілірге қатысты ерекше құқықтарға арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормалары өзінің жиынтығы бойынша қазақстандық азаматтық құқықтың ерекше саласын құрайды. Интеллектуалдық меншік объектілердің жиындық көлемі бойынша және қайнар көздерінің жүйесі бойынша қарастырып отырған азаматтық құқық саласы өзара тәуелсіз төрт институтқа бөлінеді. Өзара ұқсас ерекшеліқтеріне қарамастан, әрбір институттың құқықтық нормаларда көрініс тапқан өзіне тиесілі белгілері бар.
Ең алдымен Авторлық құқық пен сабақтас құқық ерекшеленеді. Бұл құқықпен ғылым, әдебиет пен өнер, фонограмма,

Содержание

I КІРІСПЕ 3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
2.1 Интеллектуалдық меншік құқығы және оның объектілері мен субъектілері. 5
2.2 Интеллектуладық меншік құқығының түрлері. 11
2.3 Лицензиялық шарт. 15
III ҚОРЫТЫНДЫ 19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая по Азаматтык кукык.doc

— 170.50 Кб (Скачать документ)

    Патент

    Патенттеу – шығарылған өнімне құқығын қамтамасыз ету тәсілі. Соның негізінде басқа біреудің оны қолдануға болмайды. Коммерциялық құпияны қорғауға мүмкіндік болмайтын жағдайда патенттік қорғау келеді. Нарықта жаңадан өнім пайда болған кезде бәсекелестер дәл сондай өнімді шығаруға тырысады, нәтижесінде өнімнен алған табысын өнімге кеткен қаражатқа теңестіреді. Патенттеу өнімге кеткен қаражатын өтеу қызметін жүзеге асырады.  
    Патент – бұл қоғам үшін аса қымбас құқықтық қорғау институты. Патентиесі өнімді шығарған кезде оған кеткен қаражатты өтеуге және үстінен табысты алуға сәйкес бағасын бекітеді. Өндірістің көлемі мұндай монополиеде бәсеке кезінде шығарылғанмен салыстырғанда төмен, бұл жағдайда бағаның төмендеуіне себеп болды. Сондықтан да патент – бұл қоғам үшін қымбат монополие, және де оның шектеулі көлемде таратылып, керекті өндіріс техника саласына салынуы керек.  
    Қазақстандық интеллектуалдық меншік доктринасы қазақстандық кәсіптік меншік заңнамасына сүйене отырып, патентқұқығын шығарманы қорғау құқығымен шектемейді, сонымен қатар оны өндірістік үлгілер мен тиімді модельдерге таратады.  
    Патент заңына сәйкес өндірістің объектісі болып құрылғы, тәсіл, микроорганизмнің штаммы, зат, өсімдік пен жануар жасушасы, және олардың жаңадан мақсаты үшін қолданылуы.  
    Құрылғыларға өндірістің объектісі ретінде әр түрлі конструкциялар – машина, құрал, тетік, транспорттық құрал, құрылыс, жабдық, аспап және т.б.  
Тәсілдерге шығарманың объектісі ретінде материалдық объектілерді шығару барысында қолданылатын процесстер жатады. Объект ретінде тәсіл технологиялық құралмен ерекшеленеді - әрекет немесе әрекет жиынтығы, әрекеттерді орындау тәртібі, әрекет орындау жағдайы, қолдану режимі және т.б.  
     Шығармалардың объектілерімен қатар ҚР Патент Заңында патенттеуге келмейтін объектілер тізімі көрсетілген.

Олар:

- ғылыми теориялар және математикалық әдістер;  
- шаруашылықты басқару және ұйымдастыру әдістері;  
- шартты белгілер, кестелер, ережелер;  
- шаруашылық операциялар жүргізу тәсілдері;  
- ЕЭМ үшін алгоритмдер мен программалар;  
- Ғимарат, құрылыс пен территориялардың жоспарлау схемалары;  
- Эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы өнімнің тек сыртқы түріне ғана қатысты шешімдер;  
- Интегралды микросхемалардың топологиялары;  
- Жануарлар мен өсімдіктер тұқымы;  
- Қоғам мүддесіне, адамгершілік және моральдық қағидаларына қайшы келетін шешімдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ  МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

     Күнделікті  өмірімізде біз «интеллектуалдық  меншік» немесе «интеллектуалдық  меншік құқығы» деген сөздерді  жиі болмаса да естіп жатамыз.  Егер бұл сөздерге ден қойып  көңіл аударар болсақ, оның мәні  тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей:  «Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады». Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.

     Интеллектуалдық  меншік құқығының объектілері  алуан түрлі болып келеді. Оларға  мыналарды жатқызуға болады:

• интеллектуалдық  қызметтің  туындылары;

• ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

• өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;

• фирмалық атаулар;

• тауарлық белгілері және т. б.

     Объектілерді  интеллектуалдык шығармашылык қызметтің   нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.

     Жоғарыда  көрсетілген  интеллектуалдық шығармашылық қызметінің  нәтижелері, біріншіден, адамның   ой еңбегінің, қиялының, идеясының  жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен  қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа  ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.

     Интеллектуалдық  меншік құқығы объектілерінің  екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.

     Питер Пэн туралы ертегінің жас батыры — Вендидің есімі ойдан құрастырылған. Шығарма жарық көрген соң, аталған есім кең тарап кетті, бірақ бұған дейін Англияда ондай есім болмаған. Жас өспірімдер П.Пэн туралы ертегінің авторы Джеймс Барриді өзінің досы ретінде танып, Маргарет Хенли есімді бір қыз оны «досым» деп атағанда ағылшынша «френди» орнына «венди» сөзі шығады, себебі ол қыз кейбір дыбыстарды айта алмаған. Сол кезден бастап жаңа есім пайда болады.

     1929 жылы Барри өзінің  «Питер Пэн» ертегісінің авторлық құқығын Лондонның қалалық балалар ауруханасына береді, аталмыш аурухана аталған құқықты үшінші тұлғаларға беруден түскен пайдаға медициналық зерттеулер мен ауруханаға түрлі құрап жабдықтар сатып алады.

     Интеллектуалдық  шығармашылық қызмет нәтижелерiнiң  авторлары осы нәтижелерге қатысты  жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады.

     Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады.

     Интеллектуалдық  шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жуапкершiлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.

 

     Авторлық құқық

    Қазақстан Республикасының  Авторлық құқығы контингенттік еуропалық құқықтан бастау алады және Кеңес дәуірі кезінде де соның негізінде дамыды. Негізінен отандық авторлық құқықтың қорғалу деңгейі және даму деңгейі еуропалық авторлық құқыққа қарағанда төмен екеніне қарамастан, қазақстандық авторлық құқықтың ішінде негізгі орынды субхективтік авторлық құқықтар алады; бұл құқықтар құрамында мүліктік емес жеке құқықтар ерекшеленеді; авторлық құқық иеліктен шығарылмайтын деп саналады.  
10 шілде 1996 жылы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шыққаннан көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақстанның авторлық заңдарын зерттей келе, келесіні айтуға болады. Бұл заңды қабылдағаннан кейін қазақстандық авторлық құқық тарихта бірінші рет авторлық құқықты қорғау деңгейімен жақындады. Бұған ең алғашқы қадам Азаматтық Кодексі негізінде жасалды. Егер заңшығарушы авторлық құқық қатынастарын реттеудің қағидалы жақтарын көрсетсе, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заң «Әдеби және көркем шығармаларын қорғау туралы» Берн Конвенциясындағы көрсетілген кепілдіктерін қамтамасыз етеді деп айтуға болады. Сабақтас құқықтарға тоқталатын болсақ, олардың анықтамалары және құқықтық реттелуі қазақстандық заңнамасында алғаш рет жарияланды.  
    Авторлық құқықтың объектісі болып тек қана шығарма табылмайды, сонымен қатар шығармашылық нәтиже болып табылатын өздігінен қолданыла алатын оның бір бөлігі де болы алады.  
    Авторлық құқықтың ғылыми көзқарастарына сәйкес авторлық құқық шығарманың мазмұнын емес, тек нысанын ғана қорғайды.  
    Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.

     Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:

интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;

азаматтық айналымға  қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру  құралдары жатады.

Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:

ғылым, әдебиет  және өнер туындылары;

эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының  орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;

өнертабыс, пайдалы  үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;

селекциялық жетiстiктер;

интегралдық микросызба топологиялары;

ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);

Азаматтық айналымға  қатысушыларды,тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына:

фирмалық атаулар;

тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi);

тауарлар шығарылатын  жерлердiң атаулары (шығатын жерiн көрсету);

     Кодексте  және заң актiлерiнде көзделген  реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң  басқа да дараландыру құралдары  жатады.

     Интеллектуалдық  меншiк объектiлерiне құқықтың

 пайда болу  негiздерi.   Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық оларды құру фактiсiнiң күшiмен не Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтық қорғауды беруi нәтижесiнен туындайды.

     Интеллектуалдық  меншiк объектiлерiне жеке   мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар.

     Интеллектуалдық  шығармашылық қызмет нәтижелерiнiң  авторлары осы нәтижелерге қатысты  жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады.

     Жеке  мүлiктiк емес құқықтар, оның мүлiктiк құқығына қарамастан, авторға тиесiлi болады және оның мүлiктiк құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметiнiң нәтижелерiне ауысқан жағдайда өзiнде сақталып қалады.

     Азаматтық  айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына (бұдан әрi - дараландыру құралдары) арналған құқық иелерi осы құралдарға қатысты мүлiктiк құқықтарға ие болады.

     Интеллектуалдық  шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады.

Авторлық құқықты  иелiктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды.

     Егер  нәтиже екi немесе одан да көп адамның  бiрлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншiктiң жекелеген объектiлерiне қатысты заң актiлерiмен шектелуi мүмкiн. 

Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне   айрықша құқықтар.

     Интеллектуалдық  шығармашылық меншiк объектiсiн оның иесiнiң өз қалауы бойынша кез  келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк  құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру  құралына айрықша құқық болып  танылады.

     Айрықша  құқық объектiсiн басқа тұлғалардың  пайдалануына тек құқық иесiнiң  келiсiмiмен ғана жол берiледi.

     Интеллектуалдық  меншiк объектiсiне айрықша құқықты  иеленушi, егер ол осы Кодекстiң және өзге де заң актiлерiнiң ережелерiне қайшы келмесе, осы құқықты басқа адамға толық немесе iшiнара беруге, интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы.

     Айрықша  құқықтарды шектеуге, осы құқықтарды  жарамсыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға) осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, шектер мен тәртiп бойынша жол берiледi. 

     Айрықша  құқықтардың басқа адамға ауысуы. Егер Кодексте немесе өзге  де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады.

     Айрықша  құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары жарамсыз болады.

     Басқа  адамға оның қолданылуы кезеңiнде шектеулi уақытқа айрықша құқық берудi көздейтiн шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 966-бабы). 

       Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетiлген материалдық объектiге меншiк құқығына қарамастан, айрықша құқық қолданылады.

     Интеллектуалдық  меншiк объектiсiне айрықша құқық  осы Кодексте немесе өзге де заң  актiлерiнде көзделген мерзiм iшiнде  қолданылады.

     Заң  актiлерiнде мұндай мерзiмдi ұзартудың мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне жеке мүлiктiк емес құқық мерзiмсiз қолданылады. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда айрықша құқықтың қолданылуы оны белгiлi бiр уақыт iшiнде қолданбаудың салдарынан тоқтатылуы мүмкiн.     

Информация о работе Интеллектуалдық меншік құқығы