Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 10:21, реферат

Краткое описание

азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.doc

— 698.50 Кб (Скачать документ)

91-бап. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу тәртібі     

 1. Жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асыруға тиіс.  
      2. Қызметкер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт қамтылатын нақты жұмыс уақыты есепке алынуға тиіс.  
      3. Жұмыс істелген уақыт құрамында нақты жұмыс істелген жұмыс уақыты және жұмыс уақытына жатқызылатын өзге де уақыт кезеңдері есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндердегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есептеледі.  
      4. Жұмыс істелмеген уақыт құрамында ақы төленетін және ақы төленбейтін уақыт, сондай-ақ қызметкердің және (немесе) жұмыс берушінің кінәсінен жоғалтылған жұмыс уақыты есепке алынуға тиіс. 
      5. Жұмыс уақытын есепке алу жұмыс беруші айқындаған құжаттарда жүргізіледі. 
      6. Қызметкердің жұмыс уақытына жұмыстарды жұмыс орнынан тыс жерлерде орындаған не олардың орындалуын жұмыс беруші нақты уақытпен тіркей алмайтын кезеңдер қосылатын жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында белгіленген жұмыстар көлемін орындау ретінде белгіленеді. 

8-тарау. ТЫНЫҒУ  УАҚЫТЫ      

92-бап. Тынығу уақытының  түрлері     

 Тынығу уақытының түрлері: 
      1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер - тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер; 
      2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу; 
      3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу); 
      4) мереке күндері; 
      5) демалыстар болып табылады.      

93-бап. Тынығуға  және тамақтануға арналған үзіліс     

 1. Қызметкерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс. 
      2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде үш сағат өткеннен кейін және төрт сағаттан кешіктірілмей белгіленуге тиіс. 
      3. Ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделікті жұмыста (жұмыс ауысымында) жұмыс уақытының икемді жиынтық есебі режимі кезінде тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде төрт сағат өткеннен кейін белгіленуі мүмкін. 
      4. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек тәртіптемесі ережелерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді. 
      5. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерді жұмыс уақытында арнаулы жабдықталған орында тынығу және тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, тынығудың және тамақтанудың тәртібі мен орны ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып шығарылған актілерінде белгіленеді.      

94-бап. Ауысымішілік  және арнаулы үзілістер     

 1. Жұмыстың жекелеген түрлерінде қызметкерлерге технологияға және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымішілік үзілістер беріледі. Бұл жұмыс түрлері, мұндай үзілістер берудің ұзақтығы мен тәртібі ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде белгіленеді. 
      2. Жылдың суық мезгілінде ашық ауада немесе жылытылмайтын жабық үй-жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге жылыну және тынығу үшін жұмыс уақытына қосылатын арнаулы үзілістер беріледі. Жұмыс беруші қызметкерлердің жылынуы мен тынығуына арналған үй-жайлардың жабдықталуын қамтамасыз етуге міндетті. 
      3. Бір жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге тынығуға және тамақтануға арналған үзілістен бөлек, осы Кодекстің 188-бабына сәйкес баланы тамақтандыруға арналған қосымша үзілістер беріледі.      

95-бап. Күнделікті (ауысымаралық) тынығудың ұзақтығы     

 Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.      

96-бап. Демалыс  күндері     

 1. Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі.     

 2. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында - бір күн беріледі.      

 3. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісінде немесе ауысым кестесінде белгіленеді. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында өзгеше белгіленбесе, екі демалыс күні қатар беріледі.     

 4. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.     

 5. Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет ету қажеттігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін қызметкерлерге демалыс күндері жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде бекітілген ауысымдық кестеге сәйкес қызметкерлерге (қызметкерлер тобына) аптаның әр күндері кезекпен беріледі.      

 6. Іссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек тәртіптемесіне сәйкес пайдаланады.        

97-бап. Демалыс  және мереке күндеріндегі жұмыс      

 1. Осы Кодекстің 98-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қызметкердің жазбаша келісімімен жол беріледі. 
      2. Демалыс және мереке күндерінде қызметкердің бастамасы бойынша жұмысқа жұмыс берушінің рұқсаты негізінде жол беріледі. 
      3. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кезінде қызметкердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 128-бабында көрсетілген мөлшерде ақы төленеді.      

98-бап. Қызметкердің  келісімінсіз демалыс және мереке 
              күндері жұмысқа тартудың ерекше жағдайлары     

 Қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда: 
      1) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін; 
      2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің опат болуын немесе бүлінуін болдырмау және оларға тексеру жүргізу үшін; 
      3) жалпы ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелді болатын шұғыл, бұрын көзделмеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.      

99-бап. Қызметкерлерді  демалыс және мереке күндері 
              жұмысқа тартуды ресімдеу     

 Қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.      

100-бап. Демалыс  түрлері     

 1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері:     

 1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;      

 2) әлеуметтік демалыстар беріледі.     

 2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.     

 3. Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.     

 4. Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері:     

 1) жалақы сақталмайтын демалыс;     

 2) оқу демалысы;     

 3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беріледі.      

101-бап. Жыл сайынғы  ақылы еңбек демалысының ұзақтығы      

 Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Z960048      

102-бап. Жыл сайынғы  ақылы қосымша еңбек демалыстары      

 1. Мыналарға: 
      1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі; 
      2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі. 
      2. Қызметкерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ең төменгі ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін. 
      3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.      

103-бап. Жыл сайынғы  ақылы еңбек демалысының ұзақтығын 
                есептеу     

 1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі. 
      2. Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейді.       

104-бап. Жыл сайынғы  ақылы еңбек демалысына құқық 
                беретін жұмыс стажын есептеу     

 Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына: 
      1) нақты жұмыс істелген уақыт; 
      2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт; 
      3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт; 
      4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт қосылады.       

105-бап. Жыл сайынғы  ақылы еңбек демалыстарын беру 
                тәртібі     

 1. Қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. 
      2. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру ерекшеліктері осы Кодекстің 213-бабында белгіленеді. 
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. 
      4. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстің 108-бабының 3-тармағындағы талаптар сақтала отырып, осы Кодекстің 108 және 109-баптарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ауыстырылады, ұзартылады, үзіледі. 
      5. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан үш күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіледі.      

106-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру 
                кезеңін айқындау      

 Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды құрайды.      

107-бап. Жыл сайынғы  ақылы еңбек демалыстарын беру 
                кезектілігі     

 1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезектілігі еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс беруші қызметкерлердің пікірін ескере отырып бекітетін демалыс кестесінде белгіленеді. 
      2. Демалыс кестелері өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда жұмыс беруші бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабарлауға міндетті.      

108-бап. Жыл сайынғы  ақылы еңбек демалысын ауыстырудың 
                немесе ұзартудың жағдайлары мен тәртібі     

 1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы: 
      қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктілікке және босануға байланысты демалыста болған; 
      егер бұл үшін заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін. 
      2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бір бөлігі) қызметкердің жазбаша келісімімен немесе оның өтінуі бойынша ғана ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкін. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта бөлек берілуі мүмкін. 
      3. Еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.      

109-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып 
                алу     

 1. Жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. Қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып табылмайды. 
      2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек 
демалысына қосылады. 
      3. Қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін. 
      4. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді, жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейді.      

110-бап. Еңбек шарты  тоқтатылған кезде пайдаланылмаған 
                жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы 
                төлемі     

 Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.       

111-бап. Жалақы сақталмайтын  демалыс     

 1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша қызметкердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. 
      2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады. 
      3. Жұмыс беруші: 
      1) неке тіркелген; 
      2) бала туылған; 
      3) жақын туыстары қайтыс болған; 
      4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезінде қызметкердің жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.      

Информация о работе Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі