Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 10:21, реферат
азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;
169-бап. Еңбек шарты
тараптарының келтірілген
(зиянды) өтеу тәртібі
Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде сот шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді.
15-тарау. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ
170-бап. Жеке еңбек
дауларын қарау жөніндегі
1. Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары
және (немесе) соттар қарайды.
2. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының
өтініші бойынша келісім комиссиясы қарайды.
3. Еңбек шартының тараптары жеке еңбек
дауын шешу үшін өз қалауы бойынша тікелей
сотқа жүгіне алады.
171-бап. Келісу комиссиясын
құру және оның жұмысын
ұйымдастыру
1. Келісу комиссиясы тепе-теңдік негізінде
жұмыс берушінің және қызметкерлердің
өкілдерінің бірдей санынан құрылады.
2. Келісу комиссиясының сандық құрамы,
оның жұмыс істеу тәртібі және келісім
комиссиясы өкілеттігінің мерзімі жұмыс
беруші мен қызметкерлердің арасындағы
келісім бойынша қызметкерлердің жалпы
жиналысында (конференциясында) белгіленеді.
3. Келісу комиссиясының қызметкерлерден
құрылатын мүшелері қызметкерлердің жалпы
жиналысында (конференциясында) сайланады.
Келісу комиссиясының жұмыс берушіден
құрылатын мүшелері жұмыс берушінің актісімен
тағайындалады. Келісу комиссиясының
мүшелері бірінші ұйымдастыру отырысында
көпшілік дауыспен өз құрамынан төраға
мен хатшыны сайлайды.
4. Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш
берген күннен бастап жеті күндік мерзімде
қарайды.
5. Қарау нәтижесі бойынша келісу комиссиясының
шешімі қабылданады, ол қабылданған күннен
бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей
өтініш иесіне беріледі.
172-бап. Жеке еңбек
дауларын қарау жөніндегі
жүгіну мерзімі
Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі
органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер
белгіленеді:
1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша
- жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы
актісінің көшірмесі табыс етілген күннен
бастап үш ай;
2) басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер
немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны
туралы білген немесе білуге тиісті күннен
бастап бір жыл.
173-бап. Еңбек даулары
жөніндегі келісу комиссиясының
құзыреті
Келісу комиссиясы, осы Кодексте және
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
қараудың өзгеше тәртібі белгіленген
дауларды қоспағанда, ұйымдарда туындайтын
еңбек дауларын қарау жөніндегі орган
болып табылады.
Егер қызметкер келіспеушіліктерді жұмыс
берушімен арадағы өзі немесе өз өкілі
қатысатын тікелей келіссөздер барысында
реттемеген болса, еңбек дауын келісу
комиссиясы қарайды.
174-бап. Еңбек дауларын
келісу комиссиясында қарау
тәртібі
Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш
аталған комиссияда міндетті түрде тіркелуге
тиіс.
Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш
берілген күннен бастап күнтізбелік жеті
күн ішінде қарауға міндетті.
Дау өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік
берген өкілдің қатысуымен қаралады. Дауды
қызметкердің немесе оның өкілінің қатысуынсыз
қарауға тек оның жазбаша өтініші бойынша
ғана жол беріледі. Қызметкер немесе оның
өкілі аталған комиссияның отырысына
келмей қалған жағдайда, еңбек дауын қарау
кейінге қалдырылады. Қызметкер немесе
оның өкілі дәлелді себептерсіз екінші
рет келмей қалған жағдайда, келісім комиссиясы
мәселені қараудан алып тастау туралы
шешім шығаруы мүмкін, мұның өзі қызметкерді
осы Кодексте белгіленген мерзім шегінде
еңбек дауын қарау туралы қайтадан өтініш
беру құқығынан айырмайды.
Келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді
шақыртуға, мамандарды шақыруға құқылы.
Комиссияның талап етуі бойынша ұйымның
басшысы оған қажетті құжаттарды белгіленген
мерзімде табыс етуге міндетті.
Келісу комиссиясының отырысы оған қызметкерлер
атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде
жартысы және жұмыс беруші атынан өкілдік
ететін мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан
жағдайда, заңды деп есептеледі.
Келісу комиссиясының отырысында хаттама
жүргізіледі, оған комиссияның төрағасы
немесе оның орынбасары қол қояды.
175-бап. Келісу комиссиясының
шешім қабылдау тәртібі
және оның мазмұны
Келісу комиссиясы отырысқа қатысып
отырған комиссия мүшелерінің жай көпшілік
даусымен шешім қабылдайды. Өтініш берушінің
немесе комиссия мүшелерінің бірінің
талап етуі бойынша дауыс беру жасырын
өткізіледі.
Келісу комиссиясының шешімінде:
ұйымның (бөлімшенің) атауы, комиссияға
жүгінген қызметкердің тегі, аты, әкесінің
аты, лауазымы, кәсібі немесе мамандығы;
комиссияға жүгінген күн мен дауды қарау
күні, даудың мәні;
комиссия мүшелері мен отырысқа қатысқан
басқа да адамдардың тегі, аты, әкесінің
аты;
шешімнің мәні және оның негіздемесі
(заңға, өзге де нормативтік құқықтық актіге
сілтеме жасай отырып);
дауыс беру нәтижелері көрсетіледі.
Келісу комиссиясы шешімінің тиісінше
расталған көшірмелері шешім қабылданған
күннен бастап үш күн ішінде ұйымның қызметкері
мен басшысына беріледі.
176-бап. Келісу комиссиясының шешімдерін орындау
Келісу комиссиясының шешімі онда белгіленген
мерзімде орындалуға тиіс.
Комиссияның шешімі белгіленген мерзімде
орындалмаған жағдайда қызметкер немесе
жұмыс беруші еңбек дауын шешуді сот тәртібімен
жүзеге асыруға құқылы.
177-бап. Жеке еңбек
дауын қарау жөніндегі органның
қызметкерді жұмысына
қайта алдыртуы
1. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген
жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бұған
заңды негізсіз, не басқа жұмысқа заңсыз
ауыстыру, басқа жұмыс орнына заңсыз көшіру,
еңбек жағдайларын заңсыз өзгерту, жұмыстан
заңсыз шеттету себебінен тоқтатылған
жағдайда, жеке еңбек дауын қарау жөніндегі
орган қызметтерді бұрынғы жұмысына қайта
алу туралы шешім шығарады.
2. Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге
амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген)
барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе
төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны
үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа
жалақыдағы айырма төленеді.
3. Жеке еңбек дауын қарайтын орган қызметкердің
өтініші бойынша қызметкерге осы баптың
2-тармағында көрсетілген мөлшерде жалақы
төлеу туралы шешім шығарумен шектелуі
мүмкін.
4. Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі органның
қызметкерді бұрынғы жұмысында қайта
алу туралы шешімі дереу орындалуға тиіс.
Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы
шешімнің орындалуын кідірткен кезде,
жеке еңбек дауын қарау жөніндегі орган
қызметкерге шешімнің орындалуы кідіртілген
уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысының
айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.
3-БӨЛІМ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІН
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
16-тарау. ОН СЕГІЗ
ЖАСҚА ТОЛМАҒАН
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
178-бап. Он сегіз
жасқа толмаған
саласындағы құқықтары
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында осы Кодексте белгіленген қосымша кепілдіктерді пайдаланады.
179-бап. Он сегіз
жасқа толмаған қызметкерлердің
еңбегін пайдалануға
тыйым салынатын жұмыстар
1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің
еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары
зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың
денсаулығы мен имандылығының дамуына
зиян келтіруі мүмкін жұмыстарда (ойын
бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі
жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын,
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды
өндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға
тыйым салынады.
2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің
өздеріне белгіленген шекті нормалардан
артық жүктерді тасуына және қозғалтуына
тыйым салынады.
3. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің
еңбегін пайдалануға тыйым салынатын
жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған
қызметкерлердің жүктерді тасуы мен қозғалтуының
шекті нормаларын еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы
уәкілетті мемлекеттік органмен келісім
бойынша белгілейді.
180-бап. Он сегіз
жасқа толмаған қызметкерлерді
міндетті медициналық
тексерулер
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарттары алдын ала міндетті медициналық тексеруден кейін ғана жасалады. Одан әрі қызметкерлер он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс.
181-бап. Он сегіз
жасқа толмаған қызметкерлер
үшін
жұмыс уақытының ұзақтығы
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі
қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан
аспайтын;
2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі
қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан
аспайтын;
3) білім беру мекемелерінде оқитын және
оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар
алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа
дейінгі оқушыларға - күніне 2,5 сағат, он
алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға
күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған
ұзақтығы белгіленеді.
182-бап. Он сегіз
жасқа толмаған қызметкерлер үшін
еңбекке ақы төлеу
және өндірім нормалары
1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің
еңбегіне ақы төлеу жұмыс уақытының қысқартылған
ұзақтығы ескеріле отырып жүргізіледі.
2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің
өндірім нормалары қызметкерлерге арналған
жалпы өндірім нормаларын негізге ала
отырып, осы Кодекстің 181-бабында белгіленген
жұмыс уақытының барабар қысқартылған
ұзақтығымен белгіленеді.
3. Орта, техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарын бітіргеннен кейін жұмысқа
кіретін, сондай-ақ өндірісте кәсіптік
оқытудан өткен он сегіз жасқа дейінгі
қызметкерлер үшін өндірімнің азайтылған
нормалары белгіленуі мүмкін.
4. Жұмыс беруші он сегіз жасқа толмаған
қызметкерлерге күнделікті жұмыстың толық
ұзақтығы кезінде қызметкерлердің еңбегіне
ақы төлеу деңгейіне дейін қосымша ақы
төлей алады.
Ескерту. 182-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
183-бап. Он сегіз жасқа
толмаған қызметкерлердің еңбек
және тынығу режимінің
ерекшеліктері
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі жұмысқа тартуға, оларды іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға тыйым салынады.
184-бап. Он сегіз
жасқа толмаған қызметкерлердің
материалдық жауапкершілігін
шектеу
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасуға тыйым салынады.
17-тарау. ӘЙЕЛДЕРДІҢ
ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ БАР
ӨЗГЕ
АДАМДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
185-бап. Жұмыс берушінің
бастамасы бойынша еңбек шартын
бұзуды шектеу
1. Жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі
балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа
дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі
мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты
аналармен, аталған балалар санатын анасыз
тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен
еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы
бойынша бұзуға, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының
1), 3) - 18) тармақшаларында көзделген жағдайларды
қоспағанда, жол берілмейді.
2. Егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған
күні мерзімі он екі апта және одан көп
апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды
ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші
бойынша еңбек шартының
мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін
оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған
күнге дейін ұзартуға міндетті.
186-бап. Әйелдердің
еңбегін пайдалануға тыйым
жұмыстар
1. Әйелдердің еңбегін ауыр жұмыстарда,
еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды)
және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға
тыйым салынады.
2. Әйелдердің өздері үшін белгіленген
шекті нормалардан асатын жүкті қолмен
көтеруіне және жылжытуына тыйым салынады.
3. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым
салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің
жүктерді қолмен көтеруінің және қозғалтуының
шекті нормаларын еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы
уәкілетті мемлекеттік органмен келісе
отырып айқындайды.
187-бап. Әйелдердің
және отбасылық міндеттері бар
басқа
да адамдардың еңбегі
мен тынығу режимінің
ерекшеліктері
1. Жұмыс берушінің жүкті әйелдерді түнгі
уақыттағы жұмысқа, демалыс және мереке
күндеріндегі жұмысқа, үстеме жұмысқа
тартуға, оларды іссапарға жіберуге, сондай-ақ
оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан
кері шақырып алуға құқығы жоқ.
2. Жұмыс берушінің:
1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді
және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз
тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;
2) егер үш жасқа дейінгі балалар, мүгедек
балалар не отбасының ауру мүшесі медициналық
қорытынды негізінде тұрақты күтім жасауға
мұқтаж болса, отбасының ауру мүшелеріне
күтім жасайтын не мүгедек балаларды тәрбиелеп
отырған қызметкерлерді жазбаша келісімінсіз
түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа
тартуға, сондай-ақ іссапарға және вахталық
әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге
құқығы жоқ.
188-бап. Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер