Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 10:21, реферат
азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;
1. Жалақы Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда
айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші
онкүндігінен кешіктірілмей төленеді.
Жалақы төленетін күн еңбек шартында,
ұжымдық шартта көзделеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір
қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі
жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген
ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері
туралы, оның ішінде ұстап қалынған және
аударылған міндетті зейнетақы жарналары
туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы
ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша
түрде ай сайын хабарлауға міндетті.
3. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке
күндеріне тура келген кезде төлем олардың
қарсаңында жүргізіледі.
4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын
бұзуға байланысты өзге де төлемдерді
төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген
кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек
пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері
жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді
орындау күніне Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын
негізге ала отырып есептеледі және төлем
жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен
бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік
күн үшін есептеледі және төлем жасалған
күнмен аяқталады.
5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс
берушіден қызметкерге тиесілі барлық
сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен
кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей
жүргізіледі.
135-бап. Жалақы төленетін орын
Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс істейтін орнында жүргізілуге тиіс.
136-бап. Қызметкердің орташа айлық жалақысын есептеу
1. Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс
аптасында орташа айлық жалақыны есептеу
белгіленген қосымша ақылар мен үстеме
ақылар, сыйлықақылар және еңбекке ақы
төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы
басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле
отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік
(сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс
істелген уақыт үшін жүргізіледі.
2. Осы Кодекске сәйкес тиісті ақы (төлем)
төлеуге байланысты оқиғаның алдындағы
он екі күнтізбелік ай орташа жалақыны
есептеу үшін есептік кезең болып табылады.
Күнтізбелік он екі айдан аз жұмыс істеген
қызметкерлер үшін орташа айлық жалақы
нақты жұмыс істелген уақыт бойынша айқындалады.
3. Орташа айлық жалақыны айқындаудың
осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары
үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі
оны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
4. Егер бұл қызметкердің жағдайын нашарлатпайтын
болса, ұжымдық шартта орташа жалақыны
есептеудің өзге кезеңдері көзделуі мүмкін.
137-бап. Жалақыдан ұстап қалу
1. Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу
сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген
жағдайларда жүргізіледі.
2. Қызметкердің өзі жұмыс істейтін ұйымға
берешегін өтеу үшін оның жалақысынан
ұстап қалу қызметкердің жазбаша келісімі
бар болған кезде жұмыс берушінің актісі
негізінде жүргізілуі мүмкін.
3. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшері
қызметкерге тиесілі жалақының елу процентінен
аспауға тиіс.
138-бап. Қызметкердің
қайтыс болуына байланысты
алынбаған жалақыны
беру
Қызметкердің қайтыс болуына байланысты
алынбаған жалақы Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасында
11-тарау. КӘСІПТІК
ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ
139-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) оқыту шарты - жұмыс беруші мен оқитын
адамның арасындағы кәсіптік даярлау,
қайта даярлау және біліктілікті арттыру
шарттары туралы жазбаша келісім;
2) кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс
түрін орындауға қажетті жаңа кәсіби дағдыларды
меңгеру немесе кәсіби дағдыларды өзгерту
үшін адамды дамытуға бағытталған кәсіптік
оқыту нысаны;
3) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе
мамандықты игеруге мүмкіндік беретін
кәсіптік оқыту нысаны;
4) біліктілікті арттыру - бұрын алған
кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын
қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге
мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.
140-бап. Жұмыс берушінің
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
жөніндегі құқықтары мен
міндеттері
1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін
кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен
біліктілікті арттырудың қажеттігін және
оның көлемін жұмыс беруші айқындайды.
2. Жұмыс беруші қызметкерлерді немесе
өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын
өзге адамдарды (бұдан әрі - оқитын адамдар)
кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және
олардың біліктілігін арттыруды:
1) тікелей ұйымда;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарында
жүргізеді.
3. Жұмыс беруші кәсіптік даярлаудан, қайта
даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан
өтетін қызметкерлерге осы Кодексте, келісімдерде,
ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген
жұмысты оқумен қатар алып жүру үшін жағдайлар
жасауға міндетті.
Ескерту. 140-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
141-бап. Жұмыс берушінің
жолдамасы бойынша білім беру
ұйымдарында кәсіптік
даярлау, қайта даярлау
және біліктілікті
арттыру
1. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша
білім беру ұйымдарында оқитын адамдарды
кәсіптік даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына
сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе
Қазақстан Республикасының заңнамасында
тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен
жүзеге асырылады.
2. Келісімде, ұжымдық шартта және (немесе)
еңбек шартында оқытуға байланысты жеңілдіктер
мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін.
142-бап. Ұйымда қызметкерлерді
кәсіптік даярлау, қайта
даярлау және олардың
біліктілігін арттыру
1. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлауды,
қайта даярлауды және олардың біліктілігін
арттыруды жұмыс беруші жүзеге асырады.
2. Кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау
және олардың біліктілігін арттыру нысандарын
жұмыс беруші айқындайды.
3. Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға,
қайта даярлауға және олардың біліктілігін
арттыруға қойылатын жалпы талаптарды
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
143-бап. Қызметкерлердің
кәсіптік даярлау, қайта
даярлау және біліктілікті
арттыру жөніндегі
құқықтары мен міндеттері
1. Қызметкерлердің жаңа кәсіптер мен
мамандықтарға оқытуды қоса алғанда, кәсіптік
даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті
арттыруға құқығы бар.
2. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан
немесе біліктілікті арттырудан өтетін
қызметкерлер жұмыс берушімен келісе
отырып жұмыстан босатылуы не жұмысты
толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы
мүмкін.
3. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан
немесе біліктілікті арттырудан өтетін
қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта,
еңбек шартында көзделген кепілдіктерді
пайдаланады.
4. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін
оқитын адам тараптар оқыту шартында келіскен
мерзімде жұмыс берушіде жұмыспен өтеуге
міндетті.
5. Еңбек шарты қызметкердің бастамасы
бойынша немесе қызметкердің кінәсі салдарынан
жұмыс берушінің бастамасы бойынша мерзімінен
бұрын бұзылған жағдайда қызметкер өзін
оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен
өтеу мерзімінің жұмыс істелмеген мерзіміне
барабар мөлшерде жұмыс берушіге өтейді.
144-бап. Оқыту шартының мазмұны
1. Оқыту шарты:
1) оқитын адам алатын нақты кәсіпке, мамандыққа,
біліктілікке сілтемені;
2) жұмыс берушінің және оқитын адамның
құқықтары мен міндеттерін;
3) оқыту мерзімін және оқыту аяқталғаннан
кейін жұмыс берушіде жұмыспен өтеу мерзімін;
4) оқытуға байланысты кепілдіктер мен
өтемақы төлемдерін;
5) тараптардың жауапкершілігін қамтуға
тиіс.
2. Оқыту шартында тараптардың келісімімен
айқындалған өзге де талаптар қамтылуы
мүмкін.
12-тарау. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
145-бап. Жұмысқа
орналастыру кезіндегі мемлекеттік
кепілдіктер
Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында
азаматтарға:
1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан
қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда тең
мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге;
2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін
арттыруға және жұмыссыздар үшін қоғамдық
жұмыстар ұйымдастыруға;
3) шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға
жәрдемдесуге;
4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті орган және жұмыспен қамтудың
жекеше агенттігі арқылы еңбек делдалдығын
ұйымдастыруға;
5) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге,
бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы
ақпараттар беруге;
6) кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында
сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағдарлауға;
7) жұмыс күшін мемлекеттік бағдарламаларға
сәйкес өңіраралық қайта бөлуге;
8) еңбек қатынастарын анықтау және жария
ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және
іске асыруға;
9) инвестициялық келісім-шарттарда инвестордың
кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс орындарын
ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу
жөніндегі міндеттерін белгілеуге;
10) кәсіптік даярлықты, қайта даярлықты
және біліктілікті дамытуға тікелей ұйымдарда
жағдай жасауға;
11) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті
органдардың жұмыс берушілермен өзара
іс-қимылына;
12) нысаналы топтарға кіретін адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жағдайлармен
қамтамасыз етуге кепілдіктер береді.
146-бап. Азаматтардың
жұмысқа орналасу саласындағы
құқықтары
Азаматтардың:
1) жұмыс берушілерге тікелей өтініш білдіру
жолымен, сондай-ақ халықтың жұмысқа орналасуына
жәрдем көрсететін жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті органның немесе
жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің
еңбек делдалдығы арқылы қызмет пен кәсіп
түрін еркін таңдауға;
2) жұмысты өзі іздеуге және жұмысқа орналасуға,
соның ішінде шетелден жұмыс іздеуге және
жұмысқа орналасуға;
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органдардан және жұмыспен
қамтудың жекеше агенттіктерінен консультациялар
мен ақпараттар алуға;
4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы
бар.
147-бап. Жұмыс берушінің
жұмысқа орналастыру кезіндегі
құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыс берушінің:
1) кадрлар іріктеуді жүзеге асыруға;
2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органдардан еңбек нарығының
жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері
туралы дәйекті, толық және жедел ақпарат
алуға құқығы бар.
2. Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті органға:
қызметкерлердің ұйымның таратылуына,
қызметкерлер санының немесе штатының
қысқартылуына байланысты алдағы уақытта
жұмыстан босатылуы туралы жұмыстан босату
басталардан кемінде бір ай бұрын;
қызметкерлерді жалдауға деген қажеттіктері
туралы және жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган жіберген азаматтармен
әңгімелесудің нәтижелері туралы бес
жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
148-бап. Еңбек делдалдығы
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті орган немесе жұмыспен қамтудың
жекеше агенттігі:
1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкіндігі
туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен
қамтылу мүмкіндігі туралы хабардар ету;
2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем
көрсету;
3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа
орналасу үшін жұмыс берушіге жолдама
беру;
4) еңбек нарығы жөніндегі деректер базасын
қалыптастыру;
5) өтініш білдірген азаматтарды есепке
алу мен тіркеу;
6) кәсіптік бағдар жасауда қызметтер
көрсету;
7) жұмыс берушілермен шарттар негізінде
жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде
өзара іс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын
жүзеге асырады.
13-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ
149-бап. Қызметкерлер
мемлекеттік немесе қоғамдық
міндеттерді орындаған
кезде берілетін
кепілдіктер
1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жағдайларда қызметкерлер
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді
орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс
орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек
міндеттерін орындаудан босатады.
2. Қызметкерлерге мемлекеттік және қоғамдық
міндеттерді орындағаны үшін аталған
міндеттерді орындайтын жері бойынша,
бірақ негізгі жұмыс орнындағы орташа
жалақысынан төмен емес жалақы төленеді.
3. Мерзімді әскери қызметін өткеріп келген
қызметкер өзі мерзімдік әскери қызметке
шақырылғанға дейін жұмыс істеген кәсіпорынға
жұмысқа қабылдау кезінде артықшылықты
құқыққа ие болады.
150-бап. Медициналық
тексеруге жіберілетін
үшін кепілдіктер
Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес кезеңдік медициналық тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлердің олардан өткен уақытта жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
151-бап. Донор болып
табылатын қызметкерлер үшін
кепілдіктер
Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан тапсыру уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
152-бап. Іссапарларға
жіберілетін қызметкерлер үшін
кепілдіктер мен өтемақы
төлемдері
1. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс
орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.
2. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге: P001428
1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда
болған күнтізбелік күндері үшін тәуліктік
төлемдер;
2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы
жол жүру шығыстары;
3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.
3. Қызметкерлерді іссапарларға жіберудің
талаптары мен мерзімдері еңбек шартымен,
ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің
актісімен айқындалады.
4. Қызметкерлерді іссапарларға жіберу
осы Кодекстің 183, 187, 226-баптарында көзделген
шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.