Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 17:45, курсовая работа
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады .
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс.
Кіріспе........................................................................................................................3
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі....................................5
1.2 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары.............8
1.3 Жауапкершілік түрлері ............................................................................11
1.4 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік....................13
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез.....................................................................................15
2.2 Себепті байланыс.........................................................................................17
2.3 Кінә....................................................................................................................21
2.4 Зиян...................................................................................................................26
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы.................................................27
Қорытынды..............................................................................................................29
Қолданылған әдебиет тізім..................................................................................30
Осы екеуін ажырату үшін одан да тереңірек бағдарлау қажет. Бұл бағдарлар ғылым дамуымен жетілген. Абайсыздықтың менмендік түрінде тараптың іс-әрекетіне байқаушылық және мұқияттылық болмайды, алайда құқық бұзушылықтан арылуға жеткіліксіз. Мысалы, азамат светофор жасыл жанған кезде өтсе, онда абайсыздықтың қарапайым түрі, ал трамвай жолында ұйықтап жатқан азамат мұқияттылық және байқаушылық элементтері болғанымен, абайсыздықтың менмендік түріне жол береді.
Жалпы ережеге сәйкес азаматтық заңдылыққа кінә жауапкершілікті шарасы ретінде емес, шарты болып саналады. Егер кінә болған жағдайда құқық бұзушы азамат кінәнің формасына қарамастан келтірілген зиянды толық көлемде өтейді. Алайда заңмен немесе шартпен кінә формасы көзделсе, онда азаматтық-жауапкершілік мөлшерінде әсер етуі мүмкін. Бұл жалпы ережеден ауытқиды, бірақ қылмыстық құқықтағыдай кінәні төрт түрге бөлу қажеті жоқ. Көп ретте жоғарыда көрсетілгендей кінәнің үш мүшелігі кінәнің ауапкершілік мөлшерінде әсер ететін болса жеткілікті. Азаматтық құқықта аралас кінә ездеседі. Аралас кінә төмендегі белгілермен сипатталады:
а) зиян тек қана несие берушінің мүліктік сферасында жинақталады.
б) зиян бүтіндей бірлікті құрап, борышқордың кінәлі әрекетін және несие берушінің кінәлі әрекетін анықтауға мүмкін болмайды9.
Аралас кінә түрінде борышқордың зиянды әрекеті қанша, ал несие берушінің кінәсінің қанша екендігін анықтау мүмкін болмаған кезде, осылардың арасындағы зиянды анықтау кезінде тек бір белгі ретінде борышқордың және несие берушінің кінәсімен дәрежесін (формасын) анықтауға қолданды. Бұл кезде міндеттеме қайсы тараптың кінә дәрежесі көбірек болса, зиянның көп бөлігі м соның есебінен өтеледі.
а) зиян несие берушінің мүліктік сферасына пайда болады.
б) зиян екі немесе одан да көп тараптардың құқыққа қарсы әрекетімен келтіріледі.
в) тараптардың қайсысының әрекетіне зиян келтіру мөлшерін анықтау болмайды.
г) бірлесіп зиян келтірушілер несие берушінің алдында солидарлы жауапкершілікте болады.
Кінәнің болмауынан міндеттемені бұзған тарап дәлелдейді.
Қылмыстық құқыққа қарағанда азамматтық құқықта құқық бұзушының кінәлі презумпциясын көрсетеді. Соңғы өзінің кінәсіздігін дәлелдегенше кінәлі деп танылады. Егер азаматтық айналымға қатысушылардың біреуі құқыққа қарсы әрекетімен азамматтық айналымды бұзатын болса, әрекет салдарынан зиянның болғанын зиян келген тарап қана біледі. Сондықтан осы тарапқа зиянның болуы және құқыққа қарсы әрекетімен азаматтық айналымды бұзатын болса, әрекет салдарынан зиянның болғанын зиян келген тарап қана біледі. Сондықтан осы тарапқа зиянның болуы және құқыққа қарсы әрекетімен құқық бұзушының арасындағы себепті байланысты себепті байланысты дәлелдеу фактілері жүктеледі.
Алайда талапкер
құқық бұзушының
Азаматтық айналымдағы қатардағы субъеатілермен бірге өзінің кәсіпкерлік қызметін тәуекелге бел буып жүргізетін тауар-ақша қатынасындағы кәсіпкерлер де қатыса алады.
Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы азамматтық құқықтық жауапкершілік тәуекел кезінде құрылады.
Азаматтық Кодекстің 359 –бабында 2-ші бөлігі және 360 - бабында былай делінген: «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше жән тойтаруға болмайтын мән-жайдың (дүлей-құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықта болады. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда міндеттемені орындау үшін қажетті тауарлардың , жұмыстардың , немесе қызмет көрсетудің рынокта болмауы жатпайды.
Егер міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлде бір жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нәтижсін пайдалануды мүмкін еместігі немесе оны пайдаланудың тиімсіз болу тәуекелі кәсіпкерге жүктеледі.
Кәсіпкерге міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде өзінің кәсіпкерлік қызметін орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.
Алайда, кәсіпкерлік қызметпен байланысты мес міндеттеме кәсіпкер қатысы оның жауапкершілігі тәуекел ету барысында емес, кінәсіне қарай болады. Кәсіпекерлік қызметті жүзеге асырудағы кәсіпкердің жауапкершілігі шексіз емес. Егер міндеттемені орындауда бой бермейтін күштің әсерінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкін болмағандығын дәлелдей алса, кәсіпкер жауапкершіліктен босатылады.
Бұл ереже диспозитивті сипатта екендігін естен шығармау керек. Осы сұрақтың басқа шешімі заңда немесе шартта көзделуі мүмкін. Азаматтық заңдылық негіздеріне сәйкес келтірілген зиян үшін жауапкершілік егер оның кінәсінен болмағандығын дәлелдей алса, залалды өтеуден босатылады.
2.4. Зиян
Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын деленеді.
Азаматтық кодекстің 9-шы бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.
Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс 10.
Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді:
1) Құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
2) Сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда).
Мысалы: тасымалдау шарты
бойынша мүлік бүлінсе немесе
Егер құқықты бұзған тұлға кейін кіріс түсіретін болса, онда құқығы бұзылған тұлға өзге де айырылып қалған пайдасымен қоса түсуге тиісті кірістен кем емес мөлшерде орын алған залалды қалпына келтіруді талап ете алады.
Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдік адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал, біреудің атын пайдаланып оған залал және т.б. жатады.
2.5. Азаматтық –құқықтық жауапкершілік тұтынушылардың құқығын қорғау құралы.
Тұтынушылардың құқығын қорғау ретінде мүліктік жауапкершілік ерекше орын алады. Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты мүліктік жауапкершіліктің ролі артып келеді. Оның негізгі мақсаты құқығы бұзылған тараптың мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік
юридистикалық жауапкер-
В.П.Грибановтың пікірі бойынша мүліктік жауапкершілік мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мәжбүрлеу формасы.
Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы ретінде азаматтық –құқықтық жауапкершілікті қарастыра отырып оның қызметін анықтап алуымыз қажет. Әдебиеттерде азаматтық-құқықтық жауапкершілік компенцациялық сипатта кеңінен таралған11.
Нарықтық экономикасы таралған елдерде дайындаушының шығарған затының кемшілігі арқылы келтірген зияны үшін тікелей жауапкершілік шектелген. Англо-американдық құқықтар деффектілі өнімді шығарғаны үшін жауапкершілік прецедент ретінде қалыптасады.
Қызмет көрсетуі кезінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік жұмысшылар немесе ұйым мүшелерінің қызметінің нәтижесінде құқыққа қарсы іс-әрекетінде пайда болады. Ұйым тек қана оның қызметкерлерінің немесе жұмысшыларының ұйым тапсырмасын орындау кезінде ғана іс-әрекетіне жауап береді. Ұйым қызметкерлері мен мүшелері талапкерлер алдында еңбек құқығының нормалары негізінде жауап береді. Мүліктік залал келтірілген ұйымның кінәсі мен юридистикалық міндеттемені бұзу арқылы келтірілген зиян арасында себепті байланыс болуы қажет. Азаматтық заңдылыққа сәйкес келтірілген зиян үшін ұйымды жауапкершіліктен босату оның кінәсінің жоқ болуымен байланысты.
Азаматтық құқықта келтірілген зиян үшін жауапкершілік объективті болып табылады. Халықтың денсаулығы мен қауіпті тауарлар шығару және қызмет көрсету жауапкершіліктің ерекше түрін көрсетеді. Азаматтық –құқықтық жауапкершілікте халықтың денсаулығы мен өміріне қауіпті тауар шығару және қызмет көрсетуден пайда болған келтірілген зиян үшін жауапкершіліктен босатылмайды. Басқа сөзбен айтқанда бұл жауапкершілік түрі абсолютті.
Тағы да маңызды сұрақ етінде тұтынушылардың құқығымен байланысты мүліктік жауапкершілікпен қатар моральдік зиян өтеу қолданылады. Ұзақ уақыт бойы советтік құқық ғылымында моральдік зиянды өтеу буржуазиялық құқықтың белгісі ретінде қалыптасып келеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ролі артып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет құруды алға мақсат етіп қойды. Ал құқықтық мемлекет құру заңдылықты оқу, білу және заң бұзушылыққа жол бермеу қажет. Заң бұзушылықты болдырмау үшін жауапкершілікті қолданамыз.
Қылмыстық құқыққа қарағанда азаматтық құқықтық жауапкершілік жиі қолданылады. Жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының түрі. Сондықтан мемлекет тарапынан шығарылатын заңдар, нормативті құқықтық актілерді жауапкершілік шегі көрсетіледі.
Сонымен қатар жауапкершілікті үлесті, солидарлы және субсолидарлы деп бөлудің өзіндік себептері бар. Несие берушінің құқығын қорғауда жан-жақты қарастырылып отырған жауапкершілік түрлерінің маңызы артады. Яғни несие берушінің құқығы бұзылған кезде борышқордың кез келгенімен өндіріп алу артықшылығы туындайды.
Қылмыстық заңда көрсетілгендей кінәсіз адамды жауапкершілікке тартуға болмайды. Қашан соттың үкімі шықпағанынша ол кінәсіз деп танылады. Осыны кінәсіздік презумпциясы дейді. Ал азаматтық заңдылықта кінәсіздік презумпциясы қолданылмады. Борышқордың кінәсін бар-жоғына қарамастан келтірілген зиян үшін несие берушінің алдында жауап береді. Бұл да азаматтық құқықтық жауапкершіліктің артықшылығын көрсетеді. Азаматтық Кодексте көрсетілгендей материалдық және материалдық емес игіліктер заңмен қорғалады. Материалдық емес игіліктерге азаматтың рухани залалын айтуға болады. Ал несие берушінің жеке басына, денсаулығына зиян келсе, онда рухани залал орын алады. Онда екі залал да өтелуі тиіс.
Қолданылған әдебиет тізім: