Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 17:45, курсовая работа
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады .
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс.
Кіріспе........................................................................................................................3
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі....................................5
1.2 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары.............8
1.3 Жауапкершілік түрлері ............................................................................11
1.4 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік....................13
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез.....................................................................................15
2.2 Себепті байланыс.........................................................................................17
2.3 Кінә....................................................................................................................21
2.4 Зиян...................................................................................................................26
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы.................................................27
Қорытынды..............................................................................................................29
Қолданылған әдебиет тізім..................................................................................30
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
«Фемида» заң колледжі.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Азаматтық құқық»
Қарағанды 2013
МАЗМҰНЫ
Жоспар:
Кіріспе.......................
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің
түсінігі......................
1.2 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары.............8
1.3 Жауапкершілік түрлері ..............................
1.4 Құқық бұзушылықтың басқа
түрлері үшін жауапкершілік.................
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез.........
2.2 Себепті байланыс.............
2.3 Кінә..........................
2.4 Зиян..........................
2.5 Тұтынушылардың құқығын
қорғау құралы.................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиет тізім.................
Кіріспе
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады 1.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.
Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ю.Г. Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым Е.А.Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.
Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.
Нарықтық қатынастарға
негізделген қазіргі
І – тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
1.1. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту,
азаматтық құқық бұзушылық
жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі 2.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан ( мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік 3– Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы – ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те –міндет, алайда олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады.
Жауапкершілікті ретроспиктивті
көзқарас ретінде түсінудің
Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым құбылыс болғаны ма?
Бірден және кездейсоқ
пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты
жауапкершілік теориясындағы
Біздің құқықтық жүйеміздің
қазіргі реформалары ең алдымен
оны орнықтыру тәсілдерін жаңғыртуды
көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм
әділеттілік бастауларын
Заңдылықты нормативті-
Нақты алғанда құқық күрделі
құбылыс. Оның мазмұнында адамдардың еркін
олардың творчестволық
Сонымен, заңдық
Қ. Мұздытаев атап көрсеткендей жауапкершілік
ретроспиктивті бағыттан перспективті
көрінеді. Бұл ретте адамдардың болашақ
іс-әреетінің нәтижелерін
1.2. Азаматтық - құқықтың жауапкершілік нысандары
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің нысаны ретінде құқық бұзушыға жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырылады.
Азаматтық кодекстің 20-бабында былай деп көрсетілген:
1. Азамат өз міндеттемелері
бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлікпен
жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес
ақы өндіріп алуға болмайтын
мүліктер кірмейді.
2. Азаматтардың ақы өндіріп
алуға болмайтын мүлкінің
тізбесі
Қазақстан Республикасының
АІЖК белгіленеді.
Азаматтық кодекстің 298-бабында: "Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады 4".
Борышқор кінәлі болған кезде, егер заңдарға немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндетемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, мерзімін өткеріп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңмен немесе шартпен белгіленген ақша соммасы айыптөлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша жасалады. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеп соқтырады 5.