Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 11:31, курсовая работа

Краткое описание

Бітіру жұмыстың мақсатына жету үшін қойылатын негізгі міндеттер:
- дәлелдеудің түсінігі мен міндетін көрсету;
- дәлелдемелерді ұсыну, оған жол беру және растығын қарастыру;
- дәлелдемелерді қамтамасыз ету;
- куәнің айғақтары, міндеттері мен құқықтары;
- жазбаша дәлелдемелер;
- заттай дәлелдемелер;
- сараптама тағайындау және оны жүргізудің тәртібі.

Содержание

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13
II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17
§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18
§4. Жазбаша дәлелдемелер.........................................................................19
§5. Сарапшылардың қорытындысы...........................................................22
§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері.docx

— 80.28 Кб (Скачать документ)

Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаші  дәлелдемелер болып табылады.

Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша сот  талап етуі мүмкін.

Егер  құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар  баяндаған немесе куәландырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға, соның  ішінде Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 66-бабында көзделген тәртіппен  алынған, талап етілген немесе табыс  етілген компьютерлік хабарламаны  қамтитын материалдар, фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.

Соттың  алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын  тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтінім жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі  болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.

Соттың  азаматтардан немесе заңды тұлғалардан  талап ететін жазбаша дәлелдемелері  тікелей сотқа жіберіледі.

Сот жазбаша  дәлелдеме талап ету туралы өтінім берген тұлғаға соңынан сотқа  табыс ету үшін алу құқығын  беретін сұрату бере алады.

Талап етілген  жазбаша дәлелдемелерді табыс ету  немесе оны сот белгілеген мерзімде табыс ету мүмкіндігі жоқ тұлғалар бұл туралы себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті.

Сот хабардар етілмеген жағдайда, сондай-ақ соттың жазбаша дәлелдемелерін табыс ету  талабы сот дәлелсіз деп таныған  себептер бойынша орындалмаса, іске қатысушы тұлғалар - он айлық есептік  көрсеткіш мөлшерінде, ал соттың қайталама  және одан кейінгі талаптарын орындамаған  жағдайда, жиырма айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл  салу өзінде жазбаша дәлелдемені  ұстап отырған тұлғаны сот  талап еткен затты беру міндетінен босатпайды.                                     

Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа күйінде  беріледі. Егер құжаттың көшірмесі  берілсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге  құқылы.

Жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді талап ете алады немесе жазбаша  дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерде қарай алады және зерттей  алады.

Түпнұсқа  жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың  өтініші бойынша сот шешімі заңды  күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істе жазбаша  дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.

Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін, егер сот мүмкін деп  тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін.

 

 

§5. Сарапшылардың қорытындысы

 

Сот көптеген азаматтық істерді қараған кезде  арнаулы білімді сарапшының зерттеуін  талап ететін фактілер кездеседі. Бұндай фактіге мысал ретінде адамның  ауыруын сипаттау оның өзі істеп  жатқан әрекеттеріне есеп беру мүмкіндігін  анықтау, еңбекке жарамдылық қабілетін  нығайту деңгейін ажырату, техникалық нормалар фактісін бүзу фактісі т.б.                                 

Бұңдай  дәлелдемелерден дәлелдеу мазмұнын алу арнайы білімде сарапшыға  керек етеді. Ондай жағдайда сот  экспертиза тағайындайды.

Заңгерлер азаматтық процестегі арнайы білімі бар адамдарға тапсырыс беруді бірнеше  формаға бөліп қарайды.

1. Арнайы  білімі бар маманнан белгілі  бір сұраққа байланысты консультация  немесе анықтама сипатында алу;

2. Арнайы  білімді қорытындысы соттық экспертиза  емес ведомстволық    тексеру,  аудиторлық тексеру сипатында  қолдану;

3. Арнайы  білімді мысалы суретке  түсіруден,  т.б.   мәселелер бойынша маман ретінде шақыру;

4. Арнайы  білімді соттық экспертиза жүргізу  үшін қолдану34.

Сараптама процессуалдық заңда бірнеше түрі көрсетілген: жеке және комиссиялық сараптама; кешенді сараптама, қосымша және, қайталама сараптама. Сараптама жүргізу тәртібі қандай сараптама түрі болмасын бірдей. Сараптама жүргізудің тәртбі 93-бапта көрсетілген. Осы бапқа шейін сараптама зерттеу сипатына ие сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотқа немесе соттан тыс жүргізіледі. Сараптамалық зертеу объектісінің дұрыстығына және жол бөлімділігіне сот кепілдік береді. Сараптамалық зерттеудің объектілері, егер олардың көлемі және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буынып-түйіліп және марлет бекітілген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрғын орынға жеткізуді, оларға кодексінің бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіріп жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы іске қатысушы адамдарды сараптама жүргізуге қатыстыру туралы өтініштерді сот қанағаттандырылған жағдайда аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт хабарланады. Хабарландырылған адамдардың сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді. Соттан тыс сараптама жүргізу кезнде іске қатысушы адамдар болған жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын белгілейді. Сараптаманы жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде сот сарапатма тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысыныа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органның ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау ұйғарымында нақты сарапшы көрсетілмей, сарапшыны мақтауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асыруды, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды. Басшы сараптама жүргізуді ұйымдастырады. Оны жүргізу мерзімдерін белгілейді. Сараптамалық реттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама объектілерінің сақталуына қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.

Теориядағы  даулы  мәселе   бұл   "арнаулы  білім"   терминінің ашылып көрсетілмеуі. Осы себептен заң бойынша бұл арнаулы білімде қаншалықты көлемде қолдану мәселесі да жауапсыз қалып отыр. Бірақ А.А.Эйсмонның атауы бойынша арнаулы білімді қажет ететін жағдайлар бұл тар текті мамандарды қажет ететін жағдайлар дейді. Ол көпке белгілі білімді қажет ететін жағдайларда экспертиза тағайындауының мұқтаждығы жоқ35.

 

§6. Заттық дәлелдемелер

 

Кез келген әрекет белгілі бір объектіде  із қалдырады. Бұл әркеттер өзі туралы мәліметте сол контактада болған объектіде қалдырады. Әрекеттің  болмауы бізді қоршаған материалды дүниеде із қалдырмайды. Егер бізді  қоршған немесе оқиға болған жердегі  объектілерде із болмаса ендеше әрекет те болмаған деген қорытындыға келуге болады. Заттық дәлелдемелердің басқа  дәлелдемелерден басты айырмашылығы заттық дәлелдемелер бұлар "үнсіз  куәлар" деп аталады. Заттық дәлелдемелер куәлардан басты айырмашылығы олар материалдық объект. Заттық дәлелдемелердің  басқа дәлелдемелеріне қарағанда  өзінің артықшылығы да кемшіліктері де бар. Артықшылықтарын айтатын  болсақ заттық дәлелдемелерде субъектілік  фактор дәлелдемелік дәлелдеу күшіне ешқандай әсер етпейді. Заттай дәлелдемелер көптеген уақыт бойы (басым бөлігі) өзінде әрекет немесе оқиға жүйелі мәлімет сақтап тұрады.

Сонымен заттық дәлелдемелер дегеніміз өзінің ішкі қасиеттерімен, сыртқы формасымен, орналасқан орнымен, т.б. белгілерімен іс үшін маңызды мән-жағдайларды  бекітетін немесе жоққа шығаратын  бұйымдар.

Заттай  дәлелдемелердің басқа дәлелдемелерден  айырмашылығы бұл заттай дәлелдемелердің  процессуалдық формасы мен қайнар көзінің бірігіп кететіндігі. Мысалы, куәнің айғағында, айғақ дәлелдеменің процессуалдық формасы, ал куә дәлелдеменің қайнар көзі болып табылса, заттай дәлелдемелерде бұндай бөлістер жүргізу мүмкін емес36. Бірақ бұнысына қарамастан заттық дәлеледемелер басқа дәлелдемелермен тең процессуалдық құқықты.

Әдебиеттерде  заттай дәлелдемелерді: алғашқы заттай дәлелдемелер және туынды заттай дәлелдемелер деп екі топқа бөліп қарайды. Алғашқы заттай дәлелдемелер дегеніміз дәлелдеуге жататын фактімен қалдырылған заттағы өзгерістер, іздер т.б.

Кейбір  авторлар туынды заттай дәлелдемелер деген ұғыммен келіспейді. Өйткені  заттан атқа дәл сондай із қалдыру мүмкін емес деген негзге сүйеніп. Бірақ ол қателік ой. Өйткені туынды дәлелдемелер болады. Мысалы, машинаның дөңгелегінің протекторының ізі. Бұл із тез арада бойылып кетуі мүмкі. Бұндай жағыдайда біз туынды заттай дәлелдеме жасаушыларға тура келеді. Немесе адамның саусағының ізі, бұл да көп уақытқа шыдамайтын заттық дәлелдеме. Оны фактологиялық пленкаға түсіру арқылы немесе туынды заттық дәлелдеме жасау арқылы біз заттық дәлелдемелерді ұзақ мерзімге сақтаймыз. Заттай дәлелдемелерді тала ету соттық құзыретіне жатады. Сот тек қана ісқе қатысты заттай дәлелдемелерді ғана талап ете алады. Заттай дәлелдемені іске қосу туралы өтініш жасап отырған адам осы заттай дәлелдеменің сыртқы пішінін, қасиеттерін сипаттап және де өзінің заттай дәлелдемені іске қосуға кедегі болып отырған мән-жайларды толық сипаттауы керек. Дәлелдемелер тікелей сотқа алып келінеді. Заттай дәлелдемелер істе сақталынады немесе айрықша пікірі бойынша соттың заттай дәлелдемеле сақтау камерасына өткізіледі. Сот дәлелдеменің өзгерісіз қалпында сақтауға шара қабылдайды. Сотқа әкелу мүмкін емес. Заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада егжей-тегжейлі сипататуға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мөрмен бекітілуге тиіс. Бұл дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне өткеннен кейін олар алынған адамдарға немесе сот бұл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі. Заң бойынша азаматтар иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы тақырыбымызда  қорытындылай келе, мен осы тақырыпты  қарастырғанда дәлелдемелердің  түсінігі және түрлерін қарастырып, осы  жерде дәлелдемелердің азаматтық  іс жүргізу процессіндегі маңызын  қарастыруымызға әрекет жасағанмын.

Сонымен дәлелдемелер дегеніміз — заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың  талаптары мен қарсылықтарын  негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде  алынған нақты деректер.

Бұл нақты  деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың  түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарыма, заттай дәлелдемелермен, сарапшының қорытындыларымен іс жүргізу әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттарымен анықталады.

Жалпы дәлелдемелер сотта азаматтық іс жүргізу кепілдігі. Объективтік шындыққа жетудің маңызды  құралы болып табылады. Осыған орай осы дәлелдемелерді азаматтық іс жүргізудің маңызды ролін атқарады. Және оны толығымен ашып зерттеу  сот әділдігін жүзеге асыруда  маңызды ролін атқарады.

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидаттары бұзылады. Соның барысында, мұндай істер бойынша шығарылған шешімдердің күші жойылып бізде, әлде болса да дәлелдеме институты толық қалыптаспаған және одан әрі зерттелуге жатады.

Бітіру  жұмысын қорыта келе, мынадай төмендегідей ықшам қорытындылар шығаруға болады.

Заңмен  көзделген тәртіпте сот тараптардың  талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Бұл нақты  деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың  түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың  қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің  хаттамаларымен және өзге де құжаттармен  анықталады.

Істі  қараушы сот іске катысушы адамның  басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінімін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа  белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға тапсырма береді.

Істі  қараушы сот іске қатысушы адамдардың Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсету жөнінде келісімі бар басқа мемлекетте дәлелдемелер жинау туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда осы келісімнің ережелеріне  сәйкес сот тапсырмасын жібереді.

Өздері  үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну  соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық  келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету  туралы сұрай алады.

Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету куәлардан жауап  алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.

Егер  заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен  немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз  болса, олар заттай дәлелдемелер деп  танылады.

Заттай  дәлелдемелер істе сақталады немесе айрықша тізілім бойынша соттың заттай дәлелдемелер сақтау камерасына өткізіледі. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шара қабылдайды.

Заттай  дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін олар алынған адамдарға  қайтарылады немесе сот бұл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі немесе сот белгілеген тәртіппен  өткізіледі.

Заң бойынша  азаматтардың иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі.

Іске  қатысушы адамдар - дәлелдемелерді жинау  мақсатында, сондай-ақ сот оларды зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқылы.

Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман шақыруы мүмкін.

Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды.

Куәні шақыру туралы өтінім жасаған адам оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл куәдан жауап алу қажеттілігін негіздеуге міндетті.

Куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақ беруге міндетті.

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде  жүргізетін іс материалдарын зерттеу  нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды.

Қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалады. Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстығы күмән тудырған, не сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталама іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін консультациялар алу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету мақсатында сот мамандар тартуға құқылы. Маман тараптар ұсынған адамдардың арасынан тартылуы мүмкін. Маманды тағайындау сот ұйғарымымен ресімделеді.

Информация о работе Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері