Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 11:31, курсовая работа

Краткое описание

Бітіру жұмыстың мақсатына жету үшін қойылатын негізгі міндеттер:
- дәлелдеудің түсінігі мен міндетін көрсету;
- дәлелдемелерді ұсыну, оған жол беру және растығын қарастыру;
- дәлелдемелерді қамтамасыз ету;
- куәнің айғақтары, міндеттері мен құқықтары;
- жазбаша дәлелдемелер;
- заттай дәлелдемелер;
- сараптама тағайындау және оны жүргізудің тәртібі.

Содержание

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13
II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17
§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18
§4. Жазбаша дәлелдемелер.........................................................................19
§5. Сарапшылардың қорытындысы...........................................................22
§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері.docx

— 80.28 Кб (Скачать документ)
  1. Жоғарыда тұрған  мамандандырылған сот құру;
  2. Жоғарыда тұрған соттардан сот мамандандыруын ұйымдастыру;
  3. Сапа негізінде мамандандырылған соттардың құқық бұзуын немесе материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауын болдырмау.

Бүгінгі таңда қаржыландырудың  жетіспеуінен, жоғарыда тұрған мамандандырылған соттарды бөлу есебімен сот жүйесін кардиналдық өзгертуге мүмкін болмай отыр.

Жоғарыда тұрған соттардың судьяларды мамандандыруы, біздің көзқарасымызша, ол да онша мақсатқа сай келмейді.

Соттардағы бар істерді алқа бойынша бөлу экономикалық даулардың  ерекшелігін ескеруге мүмкіндік  береді.

Құқық бұзушылық немесе материалдық  құқық нормаларын дұрыс қолданбау  сияқты қайта қарау негіздерін болғызбау  жолымен, мамандандырылған соттардың  қаулыларын қайта қарау негіздерін шектеу, біздің пікірімізше, сот қорғауында азаматтардың конституциялық құқығын  шектеген болып табылады. Оның үстіне, бұл заңды түсіндіру туралы қадағалау  инстанциясы соттарының АІЖК-нің  нормаларында белгіленген міндетті нұсқауларына қайшы келеді. Қадағалау  өндірісі сот өндірісіндегі заңдылықты өндіруге, сот қателіктерін жою мақсатында әділ сот актілерінің кез-келгенін қайта қарау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.  Мамандандырылған сот істі қарауы кезінде сот қателіктер жіберуге болмайды деп қарауға болмайды, сондықтан,  мамандандырылған соттардың қаулыларына  қатысты қадағалау тәртібімен сот  актілерін қайта қараудың барлық негіздерін сақтау дұрыс деп есептейміз.

Сонымен, мамандандырылған сот қаулыларына  қатысты қайта қараудың қолданымдағы тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу  қағидаларымен сәйкес келеді және заңдылық талаптарына жауап береді.

 

 

 

§3 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету

 

Өздері  үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну  соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық  келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету  туралы сұрай алады.

Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету куәлардан жауап  алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.

Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтініш сотқа  дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі  іс жүргізу әрекеттері жасалуға тиісті аумақ бойынша беріледі.

Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтініште қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, растау үшін осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар, өтініш берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ қамтамасыз етілетін дәлелдемелер қажет болып отырған іс көрсетілуге тиіс.

Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтінішті қарау  нәтижесі бойынша сот ұйғарым  шығарады. Мұндай өтінішті қабылдаудан  бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жекеше шағым берілуі мүмкін.

Дәлелдемелерді  қамтамасыз етуді судья жүргізеді.

Істің сотта  туындауға дейін дәлелдемелерді қамтамасыз етуді заңдармен көзделген  тәртіппен сотта нотариустар  немесе консулдық мекемелердің лауазымды  адамдары жүргізеді.

Өтініш  беруші және іске қатысушы басқа тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарауға  кедергі болып табылмайды.

Хаттамалар  және дәлелдемелерді қамтамасыз ету  тәртібімен жиналған нәрсенің бәрі іске қатысушы тұлғаларға хабарлана отырып, істі қараушы сотқа беріледі.

Әрбір дәлелдеме - қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалануға тиіс.

Судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты   даусыз   айқындауға   жол   беретін   және   сенімді   дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар  тексеруге және бағалауға жатады.

Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

Тараптың  талабын немесе қарсылығын негіздейтін  фактілерді екінші тараптың мойындауы  ол тарапты осы фактілерді одан әрі  дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап  мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні  мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндалған болса, ол іске қосып тігіледі.

Егер  фактілерді тану шындығында болған мән-жайды  жасыру мақсатымен не алдаудың, күш  қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың  әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге  тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ТАРАУ.  ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРІ.

 

§1. Дәлелдеу құралдары

 

Дәлелдеу  құралдарына азаматтық іс жүргізу  кодексінің 78, 79, 81, 86, 96 — баптарыңца көрсетілген дәлелдемелер түрлері  жатады. Енді осы баптарда берілген дәлелдеу құралдарының түсінікгемелеріне  тоқталып өтейік. Кодекстің 78-бабында  тараптардың және үшінші тұлғалардың  түсініктемелерне байланысты келесідей  қалыптар бекітілген. Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша  жиналған басқа да дәлелдемелермен  қатар тежелуге және бағалауға жатады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері  ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Тараптардың талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді, екінші тараптың мойындауы ол тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына өткізіледі және оған фактіні  мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндаған  болса, ол іске қосып тігіледі. Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды  жасыру мақсатынмен не алдаудың, күш  қолданудың, қорқытудың немесе жақылудың  әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелдеуге тиіс. Кодекстің келесі бабында куәнің айғақтарына байланысты ережелер бекітілген. Оған сәйкес іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә  болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін  көрсете алмаса, дәлелдеме деп  танылмайды. Жазбаша дәлелдемелердің  анықтамасы 81-бапта орын тапқан. Ол бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтер қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады делінген. Заттай дәлелдемелер түсінігі 66-бапта бекітілген. Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар  мән-жайды анықтау құралы бола алады  деп ұйғарға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады. 96-бапта сарапшының қорытындысы  туралы түсініктемелер берілген. Сарапшының қорытындысы бұл сарапшының алдына сот зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілетін заттай дәлелдемелер мен үліглерге  негізделген қорытындылар. Сараптама  өз негізінде жеке және комиссиялық  сараптама, кешенді сараптама, қосымша  және қайталама сараптама болып  бөлінеді. Комиссиялық сараптама  күрделі сараптаманың зерттеулер жүргізу  қажет болған жағдайларда тағайындалады  және оны бір мамандықтағы бірнеше  сарапшы жүргізеді. Сараптамалық комиссияның  мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп жолдайды және ортақ пікірге келе отырып, қортындыға қол қояды не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарларға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қорытындысымен сәйкес келмейтін сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды. Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеу жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшы өздерінің құзыреті шеңберінде жүргізеді. Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, оны қандай көлемде жүргізгені және сарапшының қандай қорытындыға келгені көрсетілуі тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөліміне қол қояды. Қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалады. Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстығын күмән тудырған, не сараптама жүргізудегі іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол обьектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.

 

 

§2. Тараптардың және үшінші жақтардың  түсініктемелері

 

Кодексте  және әдебиеттерде көрсетілген дәлелдеу құралдарының ішіндегі сот үшін ең маңыздысы тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелері болып табылады. Сол себептен заң бойыша бұндай дәлелдемелер міндетті түрде тексеріліп зерттеліп, бағалануы керек (кодекстің 78-бабының 1-ші тармақшасы). Сотта түсініктеме  беру сол себептен заңмен қамтамасыз етілген. (кодекстің 47-бабының 1-ші тармақшасы). Сот мәжілісіне қатысушылардың біреуі сот мәжілісінің болатын орны мен уақыты туралы хабарсыз қалу себебінен  сот мәжілісіне келмеген жағдайда бұндай іс бойынша шыққан сот шешімі күшін  жабады. Себепті тараптар материалдық  қатынастың субъектісі болғандықтан олардың  біреуінсіз олардың түсініктемесінің іс қараған дұрыс емес.

Жауапкердің және талапкердің түсініктемелері  өзіндік дәлелдемелерді бір түрі болып табылады. Өйткені субъекті дәлелдемелік мәліметке өз ойында сақтап өзі мәлімет тасымалдаушы ретінде  сотқа түсініктеме беріп тұр. Тараптардың және үшінші жақтардың  түсініктемелері толық зерттеліп  бағалануы қажет. Себебі бұл тұлғалар істің бір жақты шешілуіне  материалды мүдделі тұлғалар болып  табылады. Ең алғашқысы тараптардың түсініктемелерінің дәлелдемелік күшін түсіну үшін алдымен сол дәлелдемелердің қайнар көзі болып табылатын тараптардың өзін зерттеп білуіміз керек. Тараптар, жауапкер және талапкер, материалдық қатыстылық субъектісі болғандықтан болған дау туралы олардан артық білетін адам болуы мүмкін емес. Әдетте құқықтық қатыстық пайда болуы өзгеруі және тоқтатылуы оқиға емес көбінде қатысушылардың жүріс-тұрысына немесе әрекеттеріне байланысты. Бірақ бұл екі жағдайдың екеуінде материалдық қатынастық қатысушылары дәлелдеуші мәлімет тасмалдаушы болып табылады. Кейбір заң әдебиеттерінде тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелерінің басқа дәлелдеме құралдарынан айырмашылығы анық көрсетілген29.

Біріншіден, тараптар — даулы қатынастың қатысушылары және істің шешілуіне мүдделі  тұлғалар. Осы себептен марапаттаудың  түсініктемелері талап ету сипатында  болады.

Екіншіден фактілер туралы деректер хабарламасын тараптардың құқығы және міндеті  ретінде бір мезгілде қарауға  болады. Тараптарды дұрыс және толық  мәлімет беруге істің тез арада  және әділетті шешілуіне мүдделілігі  итермелейді. Тараптар өз түсініктемелерінде талап арыз қоя алады, оның мөлшерін көбеймеді немесе кішірейеді, өтініштер  жариялайды, бейбітшілік келісімге  келуге шақырады, сот талқылауы барысында  туындаған мәселелер бойынша  өз ойларына, шешу жолдарымен бөліседі жәнеде осы түсініктеме ішінде дәлелдемелі  фактілер бойынша деректер ұсынады. Көптеген авторлар тараптардың әрекеттерінің, түсініктемелерінің ішінен тек өзгермелік фактілер туралы деректерді ғана бөліп  дәлелдеу құралы ретінде таниды30. Осы айтылған ойларды қортындылай келе тараптардың түсініктемесіндей мәліметтерді мағынасы бойынша 5 топқа бөлуге болады31.

1.  Мәлімет,  деректі фактілер немесе дәлелдемелер;

2.  Ерік  білдіру;

3.  Құқықтық қатынасты юридикалық сараптау туралы ойлары;

4. Мотивтері, аргументері (өз позициясын негізді етіп көрсетуге бағытталған);

5.  Түсініктеме   берушінің   эмоциясын,   көңіл-күйін   білдіретін бөлім;

Осы I бөлімнің ішіндегі тек бірінші бөлім ғана дәлелдеу құралы ретінде қарауға болады. Ал қалған 4 топ ерік білдіру, аргументтер, құқықтық баға беру т.б.) соттық дәлелдеме жатпайды. Өйткені бұл топтарды мәліметтерде делелдеу күші жоқ. Сол себептен марапаттардың және үшінші жақтың берген түсініктемелерінің барлығын соттың дәлелдеме ретінде қарай беруге болмайды32.

Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелерін дұрыс біліп түсіну үшін теорияда бұл дәлелдемелерді бөлек түрлерге бөлу әдісі қолданылады. Сонымен бұл дәлелдемелерді бөлудің басты негізі дәлелдемелерді сотқа жеткізу әдісіне байланысты болу. Бұл негізде түсінктемелер ауызша түсініктемелер және жазбаша түсініктемелер болып екіге бөлінеді. Процессуалдық заң біреуіне екіншісінің алдында ерекше күш бермейді. Керісінше азаматтық іс жүргізу ауызша және жазбаша түрдің бір-бірін толықтырып қатар жүруіне бағытталған.

 

§3. Куәнің айғақтары

 

Қоғамдық  қатыстың құрамдас бөлігі құқықтық қатынас  әдетте қатынастың қатысушысы болып  табылмайтын басқа адамдардың көз  алдында туындайды, өзгереді тоқтайды. Адам "нені пральды" жағдайда тұрса  да болып жатқан жағдайды объективті түрде қабылдап қайтадан шығаруға қабілетті.

Осы жағдайдан  куәнің процессуалдық фигураны анықтап  болмайды. Сонымен куә дегеніміз  өзінің физикалық және психикалық даму деңгейімен болып жатқан оқиғаны  дұрыс қабылдап, сақтап, сот мәжілісінде  қайтадан шығаруға қабілетті және соттың шешімінде юридикалық мүддені елес тұлға. Куә ретінде жоғарыда аталып өткен талаптарға сай кез келген адам бола алады. Куәнің айғақтарының құндылығы куәнің юридикалық мүдделі  тұлға еместігінде. Сол себеппен куәнің деректі фактілерді нақтылы  өмірде болған күйінде айтпауында толық  негіз жоқ. Басты шарт адамның  өз көзімен көрген несие етілген  мәліметі дәлелденіп отырған фактіге  байланыты болуы керек. Азаматтық  іс жүргізу кодексінің 79-бабының 2-тармағында куә ретінде шақыруға болмайтын  субъектілер тізімі берілген. Оған сәйкес келесі адамдар куә міндетін атқара алмайды:

1. Балаларды  тәрбиелеу туралы даулар бойынша  істерді қоспағанда  өзінің  жастығына,  дене немесе психикалық кемістілігіне  орай фактілерді дұрыс қабылдауға  және олар туралы дұрыс айғақ  беруге қабілетсіз адамдар.

2. Өкімдік  немесе қорғаушының міндетін  атқаруына байланысты өздеріне  белгілі болған мән-жайлар туралы  — азаматтық   іс   бойынша   актілер немесе қылмыстық   іс бойынша қорғаушылар;

3. Шешім  немесе үшін шығару көзінде  мәселелерді істің мән-жайын   кеңесу бөлмесінде талқылау кезінде  туындаған мәселелер туралы —  судья;

4. Оларға  тәубаға келу кезінде сенім  білдірген адамдардан белгілі  болған мән-жайлар туралы —  дін құрметшілері;

5. Заңда  көрсетілген басқа адамдар жауап  алуға жатпайды. Физикалық кемістігі бар адам куә бола алмайды емес. Мысалы, құлағы нашар естімейтін адам көру арқылы іс бойынша маңызды мәліметтер алуына мүмкіндігі бар. Сондықтан әрқашанда куәнің айғақтары қашан және қандай жағдайда қалыптасқандығы туралы толық анықтамауы қажет. Куәнің айғақ екі бөліктен тұрады: жалпы және арнайы бөлім. Жалпы бөлімде куәнің жеке басын анықтайтын мәліметтер, оның тараптарға қатысын және іске қатысын көрсететін, мәліметтер кіреді. Ал арнаулы бөлімге дәлелдемелік мағынасы бар мәліметтер кіреді.

Процессуалдық заң куәні қосымша құқықтар мен міндеттерге ие еткен. Кодекстің 80-бабына сәйкес куә сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақ беруге міндетті. Науқастығының (қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот куәдан өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін. Көрнеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқан немесе жалтарғаны үшін куә Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 35, 353-баптарында көзделген жауаптылықтарына болады. Бұл жерде "заңда көзделмеген негіздер бойынша" деген сөз осы кодекстің 17-бабына сілтеме жасап тұр. Бұл бап бойынша ешкім өзіне, жұбайына, және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.

 

 

§4. Жазбаша дәлелдемелер

 

Жазбаша дәлелдемелердің толық анықтамасы процессуалдық заңда берілмеген. Тек 81-баптың жазбаша дәлелдемелердің  жалпы сипатымен кейбір үлгілері ұсталып өтілген. Сонымен бұл  бапта іс үшін маңызы бар мән-жайлар мәліметтерді қылмыстық актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады. Жазбаша дәлелдемелер туралы түсінік 82-85-баптарда одан әрі анықталады. Жинау  тәртібіне келетін болсақ бұл  дәлелдемелер де басқа да дәлелдемелер сияқты тараптар мен басқа да іске қатысушылар тапсыруы арқылы жүзеге асады. Егерде жазбаша дәлелдеме  алу тараптарға немесе басқа қатысушы тұлғалар қиын түсетін немесе мүмкін болмаған жағдайларда олардың өтініші  бойынша сот осы дәлелдемелерді жасап өтуі мүмкін. Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған  немесе куәландырылған мәліметтер азаматық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып  табылады. Соттың алдында іске қатысатын  немесе қатыспайтын тұлғалардан  жазбаша дәлелдемелер талап ету  туралы өтніш жасайтын тұлға осы  дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше  алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көретуге тиіс. Заң нормасы бойынша азаматтардың өтініші бойынша сәтпен талап  етілген құжаттар өтініш берген азаматтарға  емес талап еткен сотқа келіп  түседі. Ал егер жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған жағдайда сот  тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді берудегі талап  ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерге қарай  алады және зерттей алады. Жазбаша  дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне етене дейін, егер сот мүмкін деп  тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін. Түпнұсқа дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар олары  табыс еткен тұлғалардың өтініші  бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл жағдайда істе жазбаша дәлелдемелердің  судья куәландырылған көшірмесі  қалады. Көптеген авторлардың ойлары бойынша жазбаша дәлелдемелер өзінің пайда болу процесінде бірнеше тарапты  өтеді: 1) субъектімен нақты жағдайда қабылдауы; 2) алынған мәліметерде  өзінің елінде сақтауы; 3) елінде қалған мәліметтерді әртүрлі белгілер (әріп, сот т.б.) арқылы бекіту. 4) Бекітілген мәліметті беру; 5) оларды сақтау. Жазбаша  дәлелдемелердің шындыққа сайлылығын, анықтылығын осы дәлелдемелерді қабыладған, қағазда бектікен адамның  мүдделігіне, физикалық, психологиялық  қабілеттілігіне байланысты болып  табылады. Жазбаша дәлелдемелер әдетте сот процессіне дейін қалыптасады, бірақ кейбір жазбаша дәлелдемелер, мысалы, анықтамалар, есепшоттық, соттық процеспен байланысты пайда болуы  мүмкін. Теорияда электро есетегіш машиналардың көмегімен жазылған жазбалар қай дәлелдемелер түріне жатады деген  сұрақ әлі күшіне дейін өзекті мәселе. В.В.Молчанов бұл жағдайларды  негізінен, жазбаша дәлелдемелерге жатқызған жөн дейді33. Автордың бұл жазуларды жазбаша дәлелдемелерге жатқызудағы басты шарты ретінде бұл жазбалардың юридикалық күшінің болуын қояды. Ал юридикалық күші дегеніміз бұл жазбаша белгілі бер реквизиттердің болуын айтады. Сонымен ЭЕМ жазбалары жазбаша дәлелдемелерге жатуы үшін олардың мекенінің аты, орналасқан жері, құжатты жасаған адамның аты жөні, құжатты дайындаудағы жауапты тұлғаның коды, құжатты бекіткен адамның коды. Бұнан басқа құжат адамқоарлық болуы керек. Бұл дегеніміз көпшілік қолданатын әдіс арқылы құжаттың мазмұны.

Информация о работе Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері