Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:29, реферат
Адвокат – міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Заңымен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам — босатылған күнінен бастап бір жыл бойы адвокат бола алмайды.
Адвокат – міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Заңымен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады.
Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам — босатылған күнінен бастап бір жыл бойы адвокат бола алмайды.
Жоғарыда аталған Заңның 8-бабында былай деп жазылған:
«1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы ммкiн.
2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының
(келiсiм-шартының) негiзiнде заң консультациясында,
адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық
қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың
жанында жұмыс iстей алады.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары
бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың
тапсырмаларын орындауға құқылы.
3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады. Тағылымдамадан өтушілер тағылымда туралы шарттың негізінде адвокаттарда тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
4. Тағлымдаманың тәртiбiн,
2. Лицензия аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігі бекітетін
2-1. Аттестаттаудан өтпестен
3. Біліктілік емтиханын
4. Лицензия негізгі, тұрақты
болып табылады және оның күші
Қазақстан Республикасының
Адвокатураның міндеттері: азаматтар мен ұйымдарға заң қызметін көрсету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және зңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, заңдылықты сақтау болып табылады.
Жоғарыда аталған Заңда
Жоғарыда аталған Заңның 1-бабына сәйкес: «1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғ¬ау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды».
Жоғарыда аталған Заңның 3-бабына сәйкес «адвокатура ұйымдастырылуы мен қызметi:
1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;
2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстермен және құралдармен жүзеге асыру;
3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;
4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау қағидаттарына негiзделедi».
Адвокат өзiнiң кәсiби қызметiнде әртүрлi заң көмегiмен көрсетедi. Қазақстан Республикасыың Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде әрбiр адамға бiлiктi заң көмегiн алудың үлкен және тең мүмкiндiгiн бередi. Бұл жағдайда заң көмегi өзiнiң мазмұны бойынша iс-әрекеттiң үлкен шеңберiн қамтиды, сот органдарында заңды және жеке тұлғаларға өкiлдiк ету мен қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы-бұл адвокат қызметiн маңызды түрлерiнiң бiрi, ол негiзiнен жүзеге айыптаушыны (сезiктi) қорғау әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты.
Қорғау — қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қаматамазыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi.
Қорғану тарабы сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлдерi болып табылады.
Қылмыстық процестiң әрбiр сатысында айыпталушы қорғаушы көмегiн қажетсiнедi, онсыз айыпталушы өз кiнәсiздiгiнiң дәлелдерiн келтiруге, сондай-ақ айыптауды терiске шығаратын немесе жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн мән-жайларды анықтауға дәрмесiз.
Қорғаушы – заңда белгiленген
тәртiппен сезiктiлердi айыпталушы мен
олардың құқықтары мен
Тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады
деп күмән келтiрiлгендiгiн
Өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзiне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық iс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекiткен адам айыпталушы болып танылады.
Заң қорғаушы ретiнде жiберiлуi мүмкiн тұлғаларды нақты анықтайды. Оған жататындар:
а) адвокаттар, яғни адвокаттар алқасында мүшелiкке тұрған тұлғалар;
б) жұбайы (зайыбы);
в) жақын туыстары мен заңды өкiлдерi;
г) өз бiрлестiктерi мүшелерiнiң iстерi бойынша кәсiподақтың және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, олар өз өкiлiн бөлiп, қорғаушы ретiндегi оның өкiлеттiгiн айғақтайтын тиiстi құжаттармен (шешiм немесе хаттама, сенiм хат) қамсыздандырады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында (ҚІЖК 70-бап 2-тармақ) қорғаушы ретiнде iске, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында өзара негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен iске қорғаушы ретiнде шетел адвокаттарының қатысуына жол берiледi.
Қорғаушылар (адвокаттар) iске қатысуға тұлға айып тағылған немесе ұсталған, айыпталушы деп танылған не айыпталғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жiберiледi.
Бiр адам, екi сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.
Қылмыстық iс бойынша кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.
Бiлiктi заң көмегiн алу құқығын
жариялай отырып Қазақстан Республикасының
Конституциясы барлық азаматтарды
бостандықтары мен заңды
Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде процесс барысында бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар субъектiлер анықталды. Олар қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында құқықтары мен мүдделерiн қорғалатын немесе бiлдiретiн тұлғалар (сезiктi, айыпталушы, сотталушы, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, куә).
Бұл арада кәсiби қорғаудың қылмыстық
iс бойынша қорғаудың
Сондықтан кәсiби қорғау – адвокаттың
бiлiктi заң көмегiн көрсету мақсатында
қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген
және белгiленген құралдар мен әдiстер
негiзiнде ғана жүзеге асыратын iс
жүргiзу қызметi, оның құрамдас бөлiгi айыпталушының,
сезiктiнiң құқықтары мен
Кәсiби қорғаушының (адвокаттың) көмегiн
пайдалануға қажеттiлiк сондай-
Осы негiзгi конституциялық пртнциптi сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде сақтамауды қылмыстық iс жүргiзу нормаларын өрескел бұзу деп санауға болады. Осы жайт мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың кез келген шешiмнiң, егер олар айыпталушының (сезiктiнiң) қорғану құқығын шектейтiн болса, күшiн жоюға әкеп соқтырады.
Қоғам мен мемлекет бiрде – бiр азаматтың жеткiлiктi дәлелдерсiз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмауына және сотталмауына мүдделi. Мемлекет, қорғану құқығын қамтамасыз етудiң конституциялық кепiлдiгiн атқара отыра, оның iшiнде адвокаттық қызмет кепiлдiктерiн бередi, олардың арасында анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттар адвокат қылмыстық iске жiберiлген сәттен бастап кешiктiрмей, оған қорғауындағы адамның қамауда ұсталуының бүкiл мерзiмi үшiн iске қатысуға жiберiлетiндiгi туралы жазбаша айғақтама беруге мiндеттi; анықтау, алдын ала тергеу органдары, iс жүргiзу заңында көзделген жағдайларда, адвокатқа оның тергеуге және адвокатпен келiсiлген мерзiмдегi басқа да iс жүргiзу әрекеттерiне қатысу қажеттiгi туралы хабарлауға мiндеттi және тағы басқа.
Адвокат өз қызметiн адвокаттар алқасының мүшесi бола отырып, жүзеге асырады. Жоғарыда адвокат заң көмегiн көрсететiн негiзгi тұлға екендiгi айтылғанмен, ол бiрден-бiр тұлға болып табылмайды. Алайда нақ кәсiби тәжiрибе мен құқықтық бiлiм адвокаттың айыпталушыға (сезiктiге) аса бiлiктi көмек көрсетуiне мүмкiндiк бередi. Заң көмегiн көрсету жөнiндегi адвокаттық мiндеттердiң орындалуы мемлекет өкiлеттiгiн адвокат-қорғаушының кәсiби парызы болып табылады. Адвокаттың қорғау жөнiнде өзiне қабылдаған мiндеттемелерiнен бас тартуға құқығы жоқ. Адвокат үшiн қорғауды жүзеге асыру, кәсiби қызмет болып табылады.
Алайда, заңнамаға сәйкес қылмыстық процеске қатысуға қорғаушының өзге де санаты жiберiледi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтiк 2002 жылдың 6 желтоқсандағы №26 “Қорғану құқығы реттейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңнамасын қолдану тәжiрибесi туралы“ қаулысымен қорғану құқығының кәсiпқой адвокаттық немесе тек арнайы заң бiлiмi және қорғаушыға нақтылы бiлiктi заң көмегiн көрсетуге қабiлеттi болған жағдайларда, қорғаушы ретiнде жiберiлген өзге де адамдардың-сезiктiнiң, айыпкердiң, сотталушының жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылатыны туралы қағиданы алғаш рет бекiтiп бердi. Анықтау, тергеу органдары мен соттар осы мәселенi анықтап, егер сезiктi, айыпкер, сотталушы, сотталған таңдап алған қорғаушы қорғалушының мүдделерiн бiлдiруге қабiлеттi болмаса, онда iске кәсiпқой адвокатты тарту туралы мәселенi талқылауға тиiс. Мұндай жағдайда сезiктiнiң, айыпкердiң, сотталушының жұбайы, жақын туыстары, немесе туыстары, немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi iске адвокатпен бiрге қатыса алады. Бұл қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған адамға қатысты толық, жан-жақты және объективтi тергеуге, iстi қарау мен шешуге жәрдемдеседi.
Адвокат — тек қорғаушы ғана емес, сондай-ақ сот iсi саласына тартылған кез келген тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ететiн тәуелсiз кепiл, сондықтан да адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы барлық уақытта Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының құқығын тиiмдi қорғауға ықпал ететiн болады.
Айыпталушыға заң көмегiн
Қылмыстық iстiң барлық сатысында айыпталушыға (сезiктiге) қорғану үшiн заңмен құқықтардың ауқымды жиыны берiледi, олардың маңызды шарты iс жүргiзу нормалары мен қылмыстық сот iсi ережелерiн, атап айтқанда, айыптау және қорғану тараптарының бәсекелестiгi мен тең құқықтығы принциптерiн қатаң сақтау, iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу болып табылады.