Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:29, реферат
Адвокат – міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Заңымен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам — босатылған күнінен бастап бір жыл бойы адвокат бола алмайды.