Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 21:09, реферат
Конституциялық құқық Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Конституциялық құқық қазақстан қоғамы мен мемлекеті құрылысының негізін құрайтын қатынастарды, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сонымен бірге адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды бекітуші және реттеуші құқық нормаларының жиынтығынан құралады, оларда Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері, адам және азаматтың құқықтық мәртебесі, мемлекеттік билік және басқарудың жүйесі көрініс тапқан.
КІРІСПЕ
1. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері
2. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
3. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
4. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
Қылмыстың субъектісі арнаулы — мемлекеттік аппараттың, лауазымды адамы. Лауазымды адамның түсінігі ҚК-тің 307-бабының ескертуінде берілген.
3. адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
Еңбек туралы зандарды бұзу (148-бап)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес Республика азаматының еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар, сол әрбір адамның дербес өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша өз қалауына, қабілетіне және арнаулы даярлығына сәйкес еркін еңбек етуге мүмкіндік алу құқығын қамтиды. Еңбек шартының еркіндігіне кепілдік беріледі. Сондай-ақ осы бапта көрсетілгеніндей Республика азаматының қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай келетін еңбек жағдайына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқы бар. Конституцияда бекітілген осы кепілдіктерді жүзеге асыруға қылмыстық заңның атқаратын маңызы бар. Қылмыстық заң еңбек жөніндегі занды және еңбек қорғау ережелерін бұзғандық үшін арнаулы баптар бойынша жауаптылық белгілеген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату, соттың жұмысты қайта қалпына келтіру туралы шешімін орындамау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен занды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соққан еңбек туралы заңдарды өзге де бұзу үшін жауаптылық көзделген (148-баптың 1-тармағы).
Қылмыстың объектісі болып азаматтардың еңбек құқығын бұзу болып табылады. Объективтік жағынан алғанда еңбек жөніндегі заңды бұзу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалады. Қылмыстық кодекстің осы 148-бабында еңбек туралы заңдарды елеулі бұзудың мынадай үлгі тізбегін көрсетіп отыр:
1. Қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату. Занда көрсетілген негіздерден тысқары жағдайда қызметкерді жұмыстан шығару заңсыз болып табылады. Егер лауазымды адам заңсыз, жұмыстан шығаруға негіз болмаса да өз жеке басының мүддесін көздеу ниетімен өзін сынағаны үшін кекшілдікпен, өзара ұрыс-керістің салдарынан, босаған жұмыс орнына өз танысын немесе туысын орналастыру мақсатын көздеп, адамды жұмыстан шығарса қылмысты жауаптылыққа тартылады.
2. Жұмысты қайта қалпына келтіру туралы соттың шешімін орындамауы. Яғни кінәлі адам қылмысты түрде әрекетсіздік жасап, соттың қайтадан жұмысқа алу туралы заңды күшіне енген шешімін орындамайды. Бұл жерде қылмыс екі бірдей объектіге: еңбек құқына және әділ соттылық мүддесіне қол сұғады.
3. Еңбек туралы занды өзге де бұзу деп еңбекке дұрыс ақы төлемеуді, жұмыс уақытының ұзақтығын дұрыс сақтамау, демалыс беруден бас тарту, жұмысқа алудан негізсіз бас тарту, жекелеген қызметкерге заңды белгіленген жеңілдіктерді қолданудан бас тарту, тағы осы сияқты әрекеттер жатады.
Жоғарыда көрсетілген еңбек туралы зандарды бұзу — қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату; жұмысты қалпына келтіру туралы соттың шешімін орындамау; еңбек туралы занды өзге де бұзу әрекеттері мен әрекетсіздігінен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі қажет. Елеулі зиян болғанда ғана іс-әрекет қылмыс қатарына жатады. Елеулі зиянның мөлшерін сот-тергеу органдары нақты жағдайларға қарап отырып анықтайды. Әдетте елеулі зиянға — адамның елеулі мөлшерде материалдық, моральдық зардап шегуі, ұзақ уақыт, негізсіз жұмыссыз қалуы, денсаулығына зиян келтірілуі т.с.с. жатады.
Қылмыс құрамы материалдық. Еңбек туралы заңдарды бұзу нәтижесінен занда белгіленген зардап орын алғанда ғана қылмыс аяқталған деп табылады. Субъективтік жағынан бұл қылмыс қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам өзінің әрекетімен еңбек жөніндегі занды өрескел бұзғанын сезеді және осыны тілеп істейді. Бұл жерде қылмыстық ниет әртүрлі (мысалы, сынағаны үшін кектену, осы орынға өзіне қажетті адамды орналастыру т.б.) болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі болып тек кана мемлекеттік немесе мемлекеттік емес аппаратқа жұмысқа алу немесе жұмыстан шығару құқы бар лауазымды адамдар танылады.
Әйелді оның жүктілік себебі бойынша жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе жұмыстан негізсіз босату немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді нақ сол себеппен жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе жұмыстан босату, сондай-ақ кәмелетке толмағанды оның кәмелетке толмағандығы себепті жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе негізсіз жұмыстан босату — осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (148-баптың 2-тармағы). Бұл жерде қылмыстың жәбірленушісі — жүкті әйел немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйел немесе кәмелетке толмағандар болады.
Объективтік жағынан қылмыс заңда көрсетілген адамдарды: 1) жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту; 2) немесе негізсіз жұмыстан босату арқылы көрініс табады. Қылмыс осы әрекеттердің біреуін жасаған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс құрамы формальдық. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасаналықпен істеледі. Кінәлі адам екіқабат немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді, кәмелетке толмағандарды негізсіз жұмысқа алудан бас тартады немесе осы адамдарды негізсіз жұмыстан босататынын сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстық ниет — мұндай адамдарға заңда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды бергісі келмеу т.б. жатады.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — жұмысқа алу немесе одан босатуға құқығы бар лауазымды адамдар (меншік нысанына қарамастан).
Қылмыстық кодекстің 148-бабының 3-тармағында басқару қызметін атқарушы адамның ақша қаражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толық көлемінде және белгіленген мерзімде төленуін бірнеше рет кідіртуі үшін жауаптылық белгіленген. Ақша қаражатын өз мақсатына пайдалануына байланысты заңда белгіленген мерзімнен екі немесе одан көп рет жалақыны беруді себепсіз кідіртуді бірнеше кідірту деп айтамыз. Қылмыстың субъектісі басқару қызметін атқаратын лауазымды адамдар (меншік нысанына қарамастан).
Еңбекті қорғау ережелерін бұзу (152-бап)
Қылмыстық кодекстің 152-бабында еңбекті қорғау ережелерін бұзғандық үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі еңбектің қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі жәбірленушінің өмірі, денсаулығы.
Қылмыстық кодекстің 152-бабындағы норма бланкеттік диспозицияға негізделген.
Еңбекті қорғау Ережесі сан қилы және әртүрлі. Сондықтан Қылмыстың кодекстің бір бабында еңбекті қорғауға байланысты қолданылып жүрген барлық Ережелерді тізбектеп жату қиын. Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау туралы арнаулы заңы 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған, осы заң қызметкерлердің еңбегін қорғау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған; өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында бұл саладағы ұлттық саясаттың негізгі қағидаларын белгілейді жөне меншік түріне қарамастан еңбекті қорғау жөнінде шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың барлық түрін қамтиды.
Объективтік жағынан алғанда сөз болып отырған қылмыс қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудың өзге де ережелерін, осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыртпалықтағы зиян келтіруге әкеп соғу арқылы көрініс табады.
Көрсетілген қылмыс әрекет күйінде, яғни еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерін бұзу арқылы немесе әрекетсіздік күйде, яғни еңбекті қорғаудың өзінде де ережелерінің талаптарын орындамау жағдайында жасалуы мүмкін.
Қылмыстың бұл құрамы материалдық құрамдағы қылмыс болып табылады. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 152-бабы бойынша жауаптылыққа тарту үшін еңбекті қорғау ережелерін анықтаумен бірге орын алған ережені бұзудың себепті және кінәлі байланысынан болған зардапты анықтау өте қажет.
Еңбекті қорғау ережелерін бұзудың тәсілдері әртүрлі, ол заңда (152-баптың, 1-тармағында) нақты көрсетілген.
Қылмыстың зардабы — денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Олардың түсінігі ҚК-тің 103, 104-баптарында берілген. Субъективтік жағынан қылмыс кінәнің абайсыздық нысаны (менмендік немесе немқұрайдылық) арқылы істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы — еңбекті қорғау ережелерін сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген 16-ға толған адам. Осы баптың 2-тармағында (152-бап) осы қылмыстың ауырлататын түрі — еңбекті қорғау ережелерін бұзудан абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Абайсызда адам өлімінің түсінігі ҚК-тің 101-бабында көрсетілген.
4. жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап)
Қазақстан Республикасынын Конституциясының 18-бабының 1-тармағында "Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар",— делінген. Жеке өмірге қол сұғушылықты бұзу қылмыс болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі жеке өмірге қол сұғылмаушылықты реттейтін қоғамдық қатынастар, қылмыстың жәбірленушісі — жеке өміріне қол сұғылған адамдар.
Қылмыстың заты — жеке адамдар туралы немесе оның отбасы туралы әртүрлі мәліметтері (адамның денсаулығы, өмір сүру салты, дінге көзкарасы, жеке творчестволық жоспары, баска адамдармен қарым-қатынасы т.с.с.).
Қылмыс объективтік жағынан адамның жеке өмірі туралы, оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Адамның жеке өмірі, оның отбасы туралы құпиясын құрайтын мағлұматтарды жинауды заңсыз мәліметтер жинау деп айтамыз. Осы жиналған мәліметтерді үшінші жаққа хабарлауды оны тарату деп бағалаймыз. Мұндай хабарлау басқа жолдармен де жүзеге асырылуы мүмкін. Осы әрекеттерден жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілуі қажет. Келтірілген зиян мөлшері мүліктік немесе моральдық немесе басқа тұрғыда (отбасындағы келеңсіз жағдайлардың пайда болуы, жұмысқа орналаса алмау, т.с.с.) болуы мүмкін. Зиян мөлшерін нақты жағдайға байланысты тергеу, сот органдары анықтайды. Қылмыс заңда көрсетілген зардап — жәбірленушінің құқықтары мен занды мүдделеріне зиян келтірілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан бұл қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет — пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделік.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған нақ сол әрекеттер, сондай-ақ сондай зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші тармағында аталған мәліметтерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілген шығармаларда немесе бұкаралык ақпарат құралдарында тарату — осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (142-баптың 2-тармағы).
Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жеке өміріне байланысты құпияларды таратуы немесе пайдакүнемдікпен басқаға өткізуі мүмкін. Аталған мәліметтерді көпшілік алдында (жиылыстарда, жиындарда) сөйлеген сөздер, көпшілікке көрсетілетін шығармаларда (сурет, бейне фильм, жазба шығарма) немесе бұқаралық акпарат құралдарында (газет, журнал, радио, теледидар т.б.) арқылы таратылса кінәлі адам 142-баптың осы тармағы бойынша жауапқа тартылады.
Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап)
Конституцияның 18-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайды. Азаматтардың хат-хабар жазуы, телефонмен сөйлесуі, телеграф арқылы хабарлауы олардың жеке өмірлік құқықтары болып табылады және мұндай хабарлаудын құпиялылығы сакталады (18-баптың 2-тармағы). Байланыс мекемелері азаматтардың осындай құқықтарын мүлтіксіз қорғауға міндетті. Азаматтардың хат-хабар жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф арқылы хабарласу құпиясын бұзған адамдар тәртіпке, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Тек қана бір жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 235-237-баптарында көрсетілген негіздер бойынша ғана хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта-телеграф жөнелтілімдерін немесе өзге хабарларды тұтқындау, оларды тексеру мен алу, жол жөнекей ұстау, тындау мен жазу әрекеттері жүзеге асырылады. Бұл әрекеттерді жүзеге асыру тергеуші мен прокурордың құзыретіне жатады. Баска негіздермен мұндай әрекеттерді жүзеге асыруға ешкім де құқылы емес, мұндай ретте кінәлі адам ҚК-тің 143-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Қылмыстың тікелей объектісі хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан азаматтардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге хабарларының құпиясын заңсыз бұзу арқылы көрініс табады.
Құпиялылықты бұзуға заңсыз телефонмен сөйлесуді тыңдау, почта-телеграф мәліметтерімен жәбірленушінің келісімінсіз танысу, біреудің хат-хабарын ашып оқып, соның мазмұнын жұртқа жария ету әрекеттері жатады. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол осы көрсетілген әрекеттердің біреуі орын алғанда аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзатынын сезеді және осыны істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған есі дұрыс, кез келген адам.
Осы баптың (143-бап) екінші тармағында осы қылмыс құрамының екі түрлі ауырлататын түрі көрсетілген:
1) Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жоғарыда көрсетілген әрекеттерді істеуі. Бұл ретте қылмыстың субъектісі арнаулы — почта, телеграф, басқадай байланыс мекемелерінің лауазымды адамдары болады. Лауазымдық жағдайы олардың осы қылмысты істеуін анағұрлым жеңілдетеді.
2) Ақпаратты жасырын алуға