Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 21:09, реферат

Краткое описание

Конституциялық құқық Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Конституциялық құқық қазақстан қоғамы мен мемлекеті құрылысының негізін құрайтын қатынастарды, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сонымен бірге адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды бекітуші және реттеуші құқық нормаларының жиынтығынан құралады, оларда Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері, адам және азаматтың құқықтық мәртебесі, мемлекеттік билік және басқарудың жүйесі көрініс тапқан.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері
2. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
3. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
4. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_ref_4.doc

— 139.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіру әрекеттерін жасаған уақыттан бастап, өзінің оларға қойған мақсатының жүзеге асқанына немесе аспағанына қарамастан аяқталған деп табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасқаналықпен істеледі.

Қылмыстық ниет сан алуан болуы мүмкін, оның осы қылмысты саралауға әсері болмайды.

Қылмыстық кодекстің 146-бабының 1-тармағындағы әрекеттер:

а) сатып алумен, алдаумен, күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен сабақтасса;

б) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;

в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалса — онда ол осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (146-баптың 2-тармағы).

Сайлаушыға сайлауға немесе референдумға қатыспауға, сайлау немесе референдум комиссиясы мүшесіне немесе өзге де адамдарға сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіруге байланысты мүліктік немесе басқадай сыйақы беру немесе соны беремін деп уәде беру сатып алу деп танылады.

Депутаттыққа кандидаттар жөнінде жалған мәлімдеме тарату, сайлау немесе референдум өтетін жерді басқаша хабарлау, сайлау немесе референдум комиссиясы орналасқан жерге шабуыл жасалуы мүмкін деген сөз тарату, алдау арқылы сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі жасау деп танылады. Күш қолдану деп жәбірленушіге қол тигізіп, ұрып-соғып, денесіне жарақат салып, өз айтқанына еріксіз көндіріп сайлауға қатысудан бас тартқызу немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтірулерді айтамыз.

Күш қолданамын деп қорқытуға, жәбірленушіні немесе оның жақынын өлтіремін, үйіне өрт қоямын, денесіне жарақат келтіремін, өзге де жамандық істеймін деп қорқытып сайлау құқығының еркін болуына немесе сайлау, референдум комиссиялары жұмысына кедергі жасауларды айтамыз. Сатып алу, алдау, күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту осы қылмысты жасаудың тәсілі болып табылады. Осы белгілердің біреуін жасаудың өзі осы баптың "а" тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеткілікті болып табылады.

Адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттерінің түсінігі ҚК-тің 141-бабының 2-тармағындағы осындай ұғыммен бірдей. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстың түсінігі ҚК-тің 31-бабының 2,3-тармақтарында берілген.

ҚК-тің 146-бабының 2-тармағындағы қылмыстық субъектісі жай адамдар немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін.

Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі — сайлау құқығы, референдумға қатысу құқығы.

Қылмыстың заты — сайлау құжаттары, сайлаушылар тізімі, дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетені және басқадай сайлау құжаттары.

Объективтік жағынан қылмыс сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгізу, дауыстарды көпе-көрінеу қате есептеу, не сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттерді Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі, сол сияқты бастамашы топтың немесе сайлау комиссиясының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасауы арқылы жүзеге асырылады.

Сайлау немесе референдум құжаттарына жалғандық жасау: сайлау бюллетендеріне, дауыс беру куәлігіне, сайлаушылардың тізімдеріне, сайлау хаттамаларына және басқа да құжаттарға теріс өзгерістер енгізу немесе оларды басқаша жазу, оларға түзетулер енгізіп, қайта жасау, қолдарды жалған түрде қою, оларға басқа мерзімдерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Сайлау және референдум туралы заңдарға сәйкес сайлау құжатгарына дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетендері, дауыс берудің қорытындысы туралы хаттама, сайлаушылардың тізімдері, сайланғаны туралы куәлік, әрбір кандидатқа арналған іс қағаздары саналады. Дауысты көпе-көрінеу қате есептеу деп дауысқа түскен кандидаттар үшін берілген сайлаушылардың дауыс беру санын қасақана көбейту немесе азайту әрекеттері саналады.

Сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау шындыққа сай келмейтін жағдайда кандидатты сайланды немесе сайланбады, сайлау немесе референдум өткізілді немесе өткізілмей қалды деп ресми түрде жариялаулар жатады.

Дауыс беру құпиялығын бұзуға: сайлаушының дауыс беру бюллетенін арнаулы бөлмеде толтыруына кедергі жасау; сайлауды, референдумды арнаулы жабдықталмаған кабиналарда өткізу; дауыс берушіні анықтау үшін сайлау бюллетеніне белгі қою; тағы сол сияқты сайлауды өткізу заңына қайшы әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы формальдық. Осы жоғарыда көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың аяқталғанын білдіреді.

Аталған қылмыс субъективтік жағынан алғанда тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам, қылмыстық кодекстің 147-бабының 1-бөлігінде көрсетілген заңсыз әрекеттердің кез келгенін заңсыз жасайтынын сезеді және соларды жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстың субъектісі арнаулы — Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі, бастамашы топтың, сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу комиссиясының жасы 16-ға толған мүшелері.

Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру (155-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі — сөз бен шығармашылық еркіндігі, қосымша тікелей объект — журналистің заңды құқықтары мен мүдделері. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар делінген. Баспасөз және бұқаралық ақпарат туралы заңға сәйкес журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтірулер үшін заңдылық, оның ішінде қылмыстық жауаптылық көзделгені көрсетілген.

Осы қылмыстың заты болып — ақпарат мәліметтері жатады. Қылмыстың жәбірленушісі заңды кәсіби қызмет атқаратын кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істейтін журналист.

Объективтік жағынан қылмыс журналистің заңды кәсіптік қызметіне оны ақпарат таратуға не оны таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қылмыстың мәжбүрлеу тәсілін қолдану арқылы іске асырылатындығы көрсетіліп отыр. Мәжбүрлеуге журналистке немесе оның жақындарына мүліктік зиян келтіремін, олар жөнінде қолайсыз мәліметтер таратамын деген бопсалау әрекеттері жатады. Кінәлі адам осындай мәжбүрлеу амалдарын қолдана отырып журналистің шындыққа сай ақпаратгы таратуына кедергі келтіреді. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол осы мәжбүрлеу әрекеті істелген сәттен бастап, одан нәтиже болғанына немесе болмағанына қарамастан аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам журналисті ақпаратты таратуға немесе таратпауға мәжбүрлеп отырғанын сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді. Мәжбүрлеу мақсаты — заңның өзінде ақпаратты таратуға немесе таратудан бас тартуға мәжбүрлеу деп көрсетілген.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сондай-ақ күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыта отырып жасаған әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (155-баптың 2-тармағы).

Қызмет бабын пайдаланудың түсінігі ҚК-тің 141-бабының 2-тармағында көрсетілген ұғыммен бірдей. Яғни бұған журналистің бағынышты лауазым адамы оны ақпарат таратуға немесе таратпауға, қызметін пайдаланып мәжбүр етулері жатады. Күш қолдануға немесе оны қолданамын деп қорқытуға өлтіремін, денеге әртүрлі жарақат саламын, ұрып-сабаймын, басқа зорлық әрекетгерін жасаймын, балаңды ұрлаймын, көлігіңді айдап әкетемін деген шындығында жүзеге асатын мәжбүрлеу тәсілдері жатады.

Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау (151-бап).

Қылмыстың тікелей объектісі Қазақстан Республикасының, Конституциясының, 32-бабында көрсетілген азаматтардың бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы. Қылмыстың факультативтік тікелей объектісі жәбірленушілердің өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті.

Қылмыс объективтік жағынан жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу, егер бұл әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытумен жасауы арқылы сипатталады.

Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға заңсыз кедергіні лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалану арқылы жүзеге асырады. Мысалы, заңды рұқсат алынған митингіні, шеруді, пикетті өткізуге тыйым салу.

Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға мәжбүрлеуге күш қолданып немесе күш қолданбақшы болып әртүрлі тәсілдерді пайдаланған әрекеттер жатады. Жеке адамдар тарапынан да осындай қорқытулар орын алуы мүмкін.

Қылмыс құрамы формальдық және ол баптың диспозициясында көрсетілген кез келген әрекеттердің біреуін істеген сәттен бастап аяқталған деп танылады. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасалса ғана қылмыс құрамы орын алады. Мүндай әрекеттерді заңсыз жүзеге асырғанда оларға кедергі келтіру заңға сыйымды, қоғамға пайдалы іс-әрекет деп саналады.

Жиналыс, митинг, шеру өткізу, пикет жасаудың тәртібі арнаулы құқықтық-нормативтік актімен реттеледі.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың мақсаты — жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуді, пикет жасауды заңсыз тоқтату, болдырмау немесе осындай әрекеттерге заңсыз қатысуға мәжбүрлеу болып табылады.

Қылмыстың субъектісі қылмыстың істелу тәсіліне қарай — жай немесе лауазымды адам болады.

Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу (153-бап)

Қылмыстық кодекстегі бұл бап мүлдем жаңа норма болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі заңмен белгілентен азаматтардың ереуілге қатысу немесе қатысудан бас тарту құқығы.

Қылмыстың қосымша тікелей объектісі азаматтардың өмірі, денсаулығы, адамгершілігі.

Қылмыстың жәбірленушісі — ереуілге мәжбүрлеу арқылы қатысқан немесе соған қатысудан бас тартқан адам.

Қылмыс объективтік жағынан адамның өз қызмет бабын пайдаланып не күш көрсету немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыстың істелу тәсілі — күш көрсету немесе оны қолданамын деп қорқыту аркылы ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартқызуға мәжбүрлеу болып табылады. Мәжбүрлеудің түсінігі ҚК-тің 151-бабында толық беріледі. Мұндай мәжбүрлеу лауазым адамы немесе жай адамдардың тарапынан орын алуы мүмкін. Ереуіл өткізу арнаулы нормативтік-құқықтық актімен реттеледі. Яғни ҚК-тің 153-бабы бланкеттік диспозицияға негізделген. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңның диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың мақсаты — заңсыз ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған жай немесе арнаулы субъект (лауазымды адам).

Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау (150-бап)

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді (5-баптың 2-тармағы). Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктердің қызметі арнаулы заң — қоғамдық бірлестіктер туралы заңмен реттеледі. Қоғамдық бірлестіктердің қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар осы қылмыстың тікелей объектісі болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда қоғамдық бірлестіктердің занды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдаланып кедергі жасауы, сондай-ақ осы бірлестіктердің заңды қызметіне олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып араласуы арқылы жүзеге асырылады. Яғни көрсетілген қылмыс екі түрлі тәсілмен:

1) лауазымды адамның өзінің қызмет  бабын пайдаланып осы бірлестіктердің  қызметіне кедергі жасауы (олардың  жарғысын бекітпеу, заңды қызметіне  шек қою, қоғамдық бірлестіктердің қызметін заңсыз тоқтатып қою); 2) лауазымды адамның осы бірлестіктердің заңды қызметіне заңсыз араласуы (қоғамдық бірлестіктерге заңсыз нұсқаулар беру, олардың қызметін бақылауға алу т.б.) арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрамы материалдық. Лауазымды адамдардың осындай заңсыз әрекеттерінен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзу орын алады. Елеулі түрде бұзудың түсінігін КК-тің 307-бабына талдау жасағанда толық береміз.

ҚК-тің 150-бабындағы құрам лауазым адамының өкілеттілігін теріс пайдаланудың (307-бап) арнаулы түрі болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және әртүрлі ниеттермен (пайдакүнемдік, қараниеттік, кек алу, қызғаныш т.с.с) істеледі.

Информация о работе Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері