Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 21:09, реферат

Краткое описание

Конституциялық құқық Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Конституциялық құқық қазақстан қоғамы мен мемлекеті құрылысының негізін құрайтын қатынастарды, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сонымен бірге адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды бекітуші және реттеуші құқық нормаларының жиынтығынан құралады, оларда Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері, адам және азаматтың құқықтық мәртебесі, мемлекеттік билік және басқарудың жүйесі көрініс тапқан.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері
2. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
3. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
4. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_ref_4.doc

— 139.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ 

1. Адамның және азаматтың конституциялық  құқықтары мен бостандықтарына  қарсы қылмыстардың түсінігі  және түрлері 

2. Саяси құқықтар мен бостандықтарға  қарсы қылмыстар 

3. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық  құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар 

4. Жеке құқықтар мен бостандықтарға  қарсы қылмыстар 

ҚОРЫТЫНДЫ 

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Конституциялық құқық Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Конституциялық құқық қазақстан қоғамы мен мемлекеті құрылысының негізін құрайтын қатынастарды, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сонымен бірге адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді.

Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды бекітуші және реттеуші құқық нормаларының жиынтығынан құралады, оларда Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері, адам және азаматтың құқықтық мәртебесі, мемлекеттік билік және басқарудың жүйесі көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы деп Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін, қоғамның құрылысы негіздерін және мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұғынылады.

Конституциялық қүқықтың бастауы, ең алдымен, Конституция, конституциялық заңдар, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер, құқықтық әдет-ғұрыптар, нормативтік келісімшарттар болып табылады.

Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негізгі бастауы Конституция болып табылады. Бұл Конституцияның сыртқы заң күші барлығы және республиканың барлық аумағында тікелей әрекет ететіндігімен негізделеді. Барлық басқа бастаулар конституция нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуге тиіс.

"Конституция" сөзі негізінде  латын тілінен шыққан, "constitutio" латын тілінен аударғанда "мекеме", "бекітілім" дегенді білдіреді.

Конституция қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттің құқықтық жүйесінде айрықша орын алады және құқықтық мемлекеттің қажетті белгілерінің бірі болып табылады. Конституцияның болуы — заңдылықтың, құқық тәртібінің және билік институтының тұрақтылығының міндетті шарты.

Конституция өзіндік заңдық ерекшеліктерге: жоғарғы заң күшіне, тікелей әрекет етуге, құрылтайшылық сипатқа, түзетулер қабылдау мен енгізудің ерекше тәртібіне ие.

Конституция — құрылтайшылық сипаттағы нормативтік құқықтық акт. Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық дауыс беру жолымен қабылданды, демек конституция нормаларында халықтың ерік-жігері жүзеге асырылады және Конституция нормалары құрылтайшылық, бастапқы сипатқа ие деген сөз. Конституция қоғамда пайда болатын күрделі қатынастарды реттейді, ол барлық салаларды қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани.

«Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтар мен бостандықтары», - делінген Конституциямыздың 1 бабында.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері

 

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық, жан-жақты көрініс табуы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тармағында. Яғни "Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады".1 Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ).

Конституцияның ІІ-бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі. Конституцияда адам және азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық құқық пен бостандыққа; саяси құқықтар мен бостандықтарға; экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды.

Азаматтардың саяси, әлеуметгік және басқа да құқықтарына қарсы қылмыстық жауаптылық нормалары Қылмыстық кодекстің төртінші тарауында көрсетілген. Бұл қылмыстық заң нормалары азаматтардың конституциялық осы құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды роль атқарады.

Айтылып отырған қылмыстың топтық объектісі болып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары саналады.

Қылмыстардың осы тобы қылмыстың тікелей объектісіне сәйкес және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мәніне қарай, мынадай негізгі үш топқа бөлінеді:

І. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап); сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап); сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап); журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру (155-бап); жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау (151-бап); ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу (153-бап); қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау (150-бап).

ІІ. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар: еңбек туралы заңдарды бұзу (148-бап); еңбекті қорғау ережелерін бұзу (152-бап),

ІІІ. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап); хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап); дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап); тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (145-бап); азаматқа ақпарат беруден бас тарту (154-бап); ар-ұждан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау (149-бап).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар

біз саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмысқа арналған баптың толық мәтініне келейік. 

«141-бап Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу.     

1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен  бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге көзқарасына сенiмi, тұрғылықты жерi, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына себептерiмен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу - екi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.      

2. Адам өзiнiң қызмет бабын  пайдалана отырып не қоғамдық  бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған дәл сол әрекет - бес жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппөл салуға не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады».

Қылмыстың тікелей объектісі Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 1-тармағында көрсетілген тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деген қағида болып табылады.

Қылмыстың қосымша тікелей объектісі адамдардың денсаулығы немесе бостандығы болуы мүмкін. Қылмыстың жәбірленушісі конституциялық тең құқықтылығы заңсыз бұзылған Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Конституцияда, Заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.

Қылмыс объективтік жағынан адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегі, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығы себептермен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген құқықтар мен бостандықтарды тікелей шектеу деп азаматтың (адамның) конституциялық құқықтары мен бостандықтарын ашық түрде оның белгілі бір ұлтқа, дінге, нәсілге жататындығына немесе басқадай белгілеріне байланысты бұзу (жұмысқа алуға кедергі қою, қоғамдық көлікті ұлтына, тіліне байланысты пайдалануға кедергі жасау, тұрғын үй беруден шектеу, белгілі бір аумақта көрсетілген белгілерге байланысты тұруға тыйым салу т.б. әрекеттер жатады). Көрсетілген белгілер бойынша жанама түрде шектеуге азаматтардың жалақысын кеміту, мамандығы немесе тиісті кәсібі бойынша еңбек етуіне жол бермеу, көрсетілген белгілер бойынша оларды үнемі мінеу, сынау, олардың өз ойларын, пікірлерін айтуына жол бермеу немесе басқадай түрдегі әртүрлі кемсітулер жатады.

Қылмыс құрамы формальдық. Ол осы заңда белгіленген тең құқықтылыктар мен бостандықтарды тікелей немесе жанама шектеу орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан алғанда аталған қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам азаматтық (адамның) конституциялық тең құқықтарын бұзатынын сезеді және де заңда (141-баптың 1-тармағы) көрсетілген белгілер бойынша оны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық ниет адамның құқығын ұлтына, тіліне, дініне немесе басқадай белгілеріне байланысты олардың конституциялық тең құқықтылығын бұзу болып табылады.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам бола алады. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе қоғамдық бірлестіктің жетекшісі осы әрекеттерді жасаса, онда олар осы қылмыстың ауырлататын түрі бойынша жауаптылыққа тартылады (ҚК-тің 141-бабының 2-тармағы). Көрсетілген ауырлататын қылмыс құрамының субъектісі — арнаулы (лауазымды адам немесе қоғамдық бірлестіктің жетекшісі).

Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап).

Азаматтардың ең маңызды саяси құқықтарының бірі олардың сайлау құқығын жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламенттің мәжіліс депутаттарын, Президентгі, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Сайлауға, сайлануға, республикалық референдумға тек қана сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар ғана қатыспайды. Сайлауда дауыс жасырын беріледі. Республика Конституциясы бойынша сайлаушылардың өз еркін білдіруіне бақылау жасауға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер заң бойынша, оның ішінде қылмыстық құқықтық нормалар арқылы да жазаланады.

Қылмыстың тікелей объектісі азаматтардың сайлау құқығын дұрыс жүзеге асыруын немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергісіз қатысуын реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда сайлаушының өзінің сайлау құқығын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидаттарды тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін анықтауға байланысты міндеттерін атқаруына кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: сайлаушыларды сайлауға, референдумға қатысуға жібермеу, сайлау өтетін орынды жасыру, тұрғындарға сайлау немесе референдум туралы ойдан шығарылған мәліметтер таратып, оларды өткізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне түрлі кедергілер жасау, депутаттыққа кандидаттарды ұсынуға жол бермеу, дауыс беруге, оның нәтижелерін анықтауға әртүрлі кедергі келтіріп, ақпарат құралдарына ол жөнінде жалған мәліметтер беруге тырысу.

Информация о работе Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері