Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялардың техникалық құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:33, реферат

Краткое описание

Сигнал команда болып табылады және темір жол көлігі қызметкерлерінің сөзсіз орындауына жатады.
Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыспен байланысты сигнализацияда мынадай негізгі сигналдық түстер қолданылады:
1) жасыл - белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беретін;
2) сары - қозғалуға рұқсат беретін және жылдамдықты төмендетуді талап ететін;
3) қызыл - тоқтауды талап ететін;
4) айдай ақ - маневрлерге рұқсат беретін;
5) көк - маневрлерге тыйым салатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

айгера.docx

— 50.55 Кб (Скачать документ)

Әуелік аралықтардың шекарасында орнатылған түйіспелі желісі тіректерінің немесе қалқандардың өзгеше бояуы болуы тиіс. Бұл тіректердің немесе қалқандардың арасында токқабылдағыштары көтеріліп тұрған электр жылжымалы құрамның тоқтауына рұқсат етілмейді.

Жылжымалы құрамның төбесіндегі жабдықтар қарап тексерілетін жолдардағы түйіспелік желісінің және жарақтау құрылғыларының ажыратқыштарын ауыстырып қосуды техникалық байқау пунктінің жауапты қызметкерлері жүргізеді.

Магистральдық және станциялық жолдарда айырғыштарды, ажыратқыштарды ауыстырып қосу тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының (энергодиспетчердің) немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесінің жауапты қызметкерінің бұйрығы негізінде ғана жүргізіледі.

Кернеуі 1000 Вольттан астам электр берілісі әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен жер бетіне дейінгі қашықтық барынша ұзын асу жебесі болғанда кем дегенде:

6,0 м - аралықтарда;

5,0 м - соның ішінде жетуі қиын жерлерде;

7,0 м - автомобиль жолдарымен қиылысқанда, станцияларда және елді мекендерде болуы тиіс темір жол жолдары қиылысқан кезде кернеуі 1000 В-тан астам электр берілісі әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен электрлендірілмеген жолдардың рельс бастиегінің жоғарғы жағының деңгейіне дейін кем дегенде 7,5 м болуы тиіс.

Түйіспелі тораптың, автобұғаттау және бойлық электрмен жабдықтаудың электр қоректену және секциялау схемасын тиісінше Ұлттық инфрақұрылымдық операторы немесе концессия бойынша теміржол иесі бекітеді. 

 

 

 


Информация о работе Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялардың техникалық құрылымы