Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялардың техникалық құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:33, реферат

Краткое описание

Сигнал команда болып табылады және темір жол көлігі қызметкерлерінің сөзсіз орындауына жатады.
Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыспен байланысты сигнализацияда мынадай негізгі сигналдық түстер қолданылады:
1) жасыл - белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беретін;
2) сары - қозғалуға рұқсат беретін және жылдамдықты төмендетуді талап ететін;
3) қызыл - тоқтауды талап ететін;
4) айдай ақ - маневрлерге рұқсат беретін;
5) көк - маневрлерге тыйым салатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

айгера.docx

— 50.55 Кб (Скачать документ)

Аталған нұсқаулықта баяндалған талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, өтпелер жаңа жобалар бойынша бөгегіш құрылғыларды орнатуды қоса алғандағы, жолаушылар поездарының жүрдек жылдамдығын енгізгенге дейін қайта құрылуы тиіс.

Жолаушылар поездарының жүрдек жылдамдығы жүзеге асырылатын барлық өтпелерге кезекші қызметкерлер қызмет көрсетуі тиіс. Бұрын кезекші персонал болмаған өтпелерде, оларды орналастыруға арналған үй-жайлар дайындалуы (күрделі жөнделген немесе үлгі жоба бойынша жаңадан салынған) тиіс.

Өтпе бойынша кезекші немесе оның міндеттерін орындайтын қызметкер жүрдек жолаушылар поезының өтуіне 5 минут қалғанда өтпе бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтатуы және тоспаны жабуы тиіс.

Темір жол өтпесі бойынша жүгі бар немесе жүксіз ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарын, баяу жүрісті машиналар мен автопоездарды жүрдек поездың өтуіне 1 сағат қалғанда өткізуге тыйым салынады.

Жүрдек жолаушылар поезының өтуіне кемінде 20 минут қалғанда малды айдап өтуге тыйым салынады.

Жүрдек жолаушылар поезын өтпе бойынша өткізген кезде өтпе бойынша кезекші шеткі рельстен кем дегенде 5 м арақашықтықта болуы тиіс.

Қажет болғанда, жекелеген өтпе жолдарда жүрдек жолаушылар пойызын өткізу кезінде қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде өтпе жолдар бойынша кезекші қосынына қарама-қарсы орналасқан көлденең бұрылатын қосалқы тоспалар жабылып, құлыпқа бекітілуі тиіс. Мұндай өтпе жолдардың тізбесін Ұлттық инфрақұрылым операторы белгілейді. 

 

 

 

  1. Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар құрылғыларына техникалық қызмет көрсету

 

 

Солардың көмегімен түрлі тәуелділіктер жүзеге асырылатын автоматика және телемеханика аппараттары, сондай-ақ поездық және станциялық радиобайланыс аппараттары жабық болуы және пломбылануы тиіс, оларды ашуды бұл құрылғыларды қарап тексеру журналына міндетті түрде алдын ала жаза отырып, сигнализация және байланыс дистанциясының соған өкілеттілігі бар қызметкерінің жүргізуіне ғана рұқсат етіледі. Автоматика және телемеханика және радиобайланыс аппараттарындағы пломбылардың тұтастығы үшін осы аппараттарды пайдаланатын кезекші қызметкерлер (станциялар бойынша кезекшілер, орталықтандыру қосыны операторлары, бағыттамалы қосын кезекшілері, локомотивтердің машинистері және т.б.) жауапты болады.

Сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарында бар автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар құрылғыларының және олар қызмет көрсететін басқа құрылғылардың сызбалары мен суреттемелері, тиісті стандарттар мен нормалар болуы тиіс. Бұл құжаттарға барлық өзгерістер уақтылы енгізілуі керек.

Автоматика және телемеханика құрылғылары бойынша үлгілік техникалық шешімдерді тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессия шарттары бойынша темір жол иесі бекітеді. Автоматика және телемеханика құрылғыларында үлгілік емес техникалық шешімдерді қолдануға рұқсат етілмейді.

 Белгіленген тәуелділіктердің бұзылуына немесе олардың жұмысын уақытша тоқтауына алып келетін автоматика және телемеханика құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, оның орнын ауыстыру, жөндеу, сынау және ауыстыру жөніндегі жоспарлық жұмыстар оларды орындаудың ең аз мерзімдерін көздейтін кестелерге сәйкес жүргізіледі. Станцияларда мұндай жұмыстарды станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және бұл туралы жұмыс басшысының жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, автоматика және телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазбастан жүргізуге рұқсат етілмейді. Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде осындай жұмыстар поезд диспетчерінің келісімімен ғана жүргізіледі.

Құрылғылар станция бойынша кезекшінің үй-жайынан айтарлықтай қашықтықта орналасқан жағдайда, бұл құрылғыларды іске қосу туралы жазба, сондай-ақ ақаулықтарды жою жөніндегі алдын ала көзделмеген жұмыстарды жүргізу үшін бұл құрылғыларды уақытша ажырату туралы жазба кейіннен жұмыс басшысы автоматика және телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына жеке қолын қоюы арқылы, сол журналда тіркелетін, станция бойынша кезекшіге берілетін телефонхатпен ауыстырылады.

 Белгіленген тәуелділіктерді бұзбай жекелеген автоматика және телемеханика құрылғылары мен аспаптарын ауыстыру және ажырату станция бойынша кезекшінің (диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поезд диспетчерінің) келісімі бойынша ғана автоматика және телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына жазбастан жүргізіледі.

Қолданыстағы автоматика және телемеханика құрылғыларын сынау барлық жағдайларда станция бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде - поезд диспетчерінің келісімі бойынша және соның қадағалуымен жүргізіледі.

Сигналдық аспаптарды жарықтандыру сигналдар көрсетулерінің айқын көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

Уақтылы және толассыз жарықтандыруды қамтамасыз ету:

1) бағдаршамдарды және маршруттық нұсқағыштарды - сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарының бірінші басшыларына;

2) бағыттамалы нұсқағыштарды, жол қоршауларын түсіру құрылғыларының және гидравликалық бағандардың станциялардағы нұсқағыштарын - станциялар басшыларына;

3) локомотив, вагон, жол және басқа шаруашылықтардың жолдарындағы сигнал аспаптарын - тиісті бөлімшелердің бастықтарына жүктеледі.

Станциялық жолдардағы сигналдық аспаптарды жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтауды электрмен жабдықтау шаруашылық кәсіпорындары қамтамасыз етеді.

Сигнализация және байланыс құрылғыларына қызмет көрсететін қызметкерлер бағдаршамдардың және маршруттық нұсқағыштардың сигналдық көрсетулерінің тұрақты қалыпты көрінуін қамтамасыз етеді.

Бағдаршамдар көрсетулерінің көрінуін электр механик бағдаршамдық шамдарды ауыстырған сайын жолдан тексереді.

Аралықтар мен станциялардың басты жолдары бойынша сигналдардың көрінуін аға электр механик локомотивтен айына кемінде бір рет және сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарының басшылары тоқсанына кемінде бір рет тексереді.

Сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарының және локомотив шаруашылықтарының бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары тоқсанына кемінде бір рет автоматты локомотив сигнализациясын, радиобайланыстың және қауіпсіздік құрылғыларының жұмысын локомотивтен тексереді.

Жол, автоматика және телемеханика, электрмен жабдықтау құрылғылары және жылжымалы құрам, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам электрлік рельстік тізбектерінің тұрақты сенімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматика және телемеханика және байланыс құрылғыларын қолданатын қызметкерлер оларды қолдану тәртібіне үйретілуі және олардың білімі тексерілуі тиіс.

 

 

  1. Темір жол көлігінің электрмен жабдықтау техникалық құралдарын пайдалану

 

 

Электрмен жабдықтау құрылғылары тасымалдау процесінің қажеттіліктеріне сәйкес келуі, поездар қозғалысының талап етілетін мөлшерлерін (белгіленген салмақ нормалары, жылдамдығы және жиілігі) қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматика, телемеханика, телекоммуникация және есептеу техникасының құрылғылары электрмен жабдықтау сенімділігінің 1-санатты электр қабылдағыштарына жатады.

Автоматты және жартылай автоматты бұғаттау электрмен жабдықтауы көзінің аккумуляторлық резерві болған кезде оның тұрақты әзірлігі және оның алдындағы автоматика мен телемеханика құрылғыларының және өтпе сигнализациясы кемінде 36 сағатта ток көзін беру өшірілмеуі шартымен 8 сағат ішінде толассыз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Автоматты және жартылай автоматты бұғаттауды электрмен жабдықтаудың негізгі жүйесінен резервті жүйесіне немесе керісінше ауысу уақыты 1,3 с-тан аспауы тиіс.

Электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электрмен жабдықтау құрылыстары мен құрылғыларының күйіне мерзімді бақылау, олардың параметрлерін зертхана-вагондармен, диагностика аспаптарымен өлшеу жүргізілуі және жоспарлы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылады.

Электрлі жылжымалы құрамның токқабылдағышындағы кернеудің деңгейі кем дегенде 21 кВ, тұрақты ток кезінде 2,7 кВ және ауыспалы ток кезінде 29 кВ-тан артық болмайтын және тұрақты ток кезінде 4 кВ болуы тиіс.

Жекелеген учаскелерде уәкілетті органның келісімі бойынша кернеу деңгейінің ауыспалы ток кезінде кем дегенде 19 кВ және тұрақты ток кезінде 2,4 кВ болуына рұқсат етіледі.

Автоматика мен телемеханика құрылғыларындағы айнымалы токтың номиналдық кернеуі 115, 230 немесе 380 Вольт болуы тиіс. Номиналдық кернеудің көрсетілген шамаларынан ауытқу азаю жағына қарай 10%-дан артық болмайтындай, ұлғаю жағына қарай 5%-дан артық болмайтындай рұқсат етіледі.

Электрмен жабдықтау құрылғылары қысқа тұйықталу токтарынан, белгіленген нормалардан артық асқан кернеулер мен асқын жүктемеден қорғалады.

Тұрақты токпен электрлендірілген желілер аумағында орналасқан металды жерасты құрылыстары (құбыржолдар, кәбілдер және т.б.), сондай-ақ металл және темірбетон көпірлер, жолөткелдер, түйіспе желісінің тіректері, бағдаршамдар, гидробағандар және т.б. электрлік коррозиядан қорғалған.

Тұрақты токтағы электрлендірілген желілердің тартымдық қосалқы станциялары, сондай-ақ электрлі жылжымалы құрамның автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысын бұзатын түйіспе желісі токтарының өтуінен қорғалған.

Түйіспелік сым аспасының рельс бастиегінің биіктігі үстіңгі бетінің деңгейінен аралықтарда және станцияларда 5750 мм-ден төмен болмауы, ал өтпелерде 6000 мм-ден төмен болмайды.

Қолданыстағы желілерде бұл қашықтық жылжымалы құрамның тұруы көзделмеген станцияларда орналасқан жолдардағы, сондай-ақ аралықтардағы жасанды құрылыстар шектерінде, ауыспалы токтағы электрлендірілген желілерде 5675 мм-ге дейін және тұрақты токтағы электрлендірілген желілерде 5550 мм-ге дейін кемітуге рұқсат етіледі.

Түйіспелік сым аспасының биіктігі 6800 мм-ден аспауы тиіс.

Жасанды құрылыстар шегінде кернеуде тұрған токқабылдағыштың токтасымалдауыш элементтерін және түйіспелік торап бөліктерінен құрылыстардың және жылжымалы құрамның жерге тұйықталған бөліктеріне дейінгі қашықтық тұрақты токпен электрлендірілген желілерде кемінде 200 мм және айнымалы токпен электрлендірілген желілерде кемінде 350 м болады.

Қолданыстағы жасанды құрылыстарда көрсетілген қашықтықтарды азайтуға тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесінің техникалық шешімдерінің негізінде уәкілетті органның келісімі бойынша рұқсат етіледі.

Аралықтарда және станцияларда шеткі жолдың осінен түйіспе желісі тірегінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде 3100 мм болуы тиіс.

Ойықтардағы тіректер кюветтердің шегінен тыс жерлерде орнатылуы тиіс.

Қар тым қатты басатын ойықтарда (жартастысынан басқа) және олардан шыға берістерде (100 м ұзындықта) шеткі жолдың осінен түйіспе желісі тірегінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде 5700 мм болуы тиіс.

Мұндай жерлердің тізбесін тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесі белгілейді.

Қолданыстағы желілерде олар жаңартылғанға дейін, сондай-ақ жаңадан электрлендіріліп жатқан желілерде аса қиын жағдайларда шеткі жолдың осінен түйіспе желісі тірегінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде станцияларда 2450 мм және аралықтарда 2750 мм болуына рұқсат етіледі.

Барлық белгіленген мөлшерлер жолдың түзу учаскелері үшін белгіленген. Поездардың жылдамдығы сағатына 140 км астам айналу жол учаскелерінде, сондай-ақ жолдың қисық учаскелерінде бұл қашықтықтар түйіспе желісі тіректері үшін белгіленген габариттік кеңеюге сәйкес ұлғайтылуы тиіс.

Түйіспелі торабы, әуе желілері мен бағдаршамдар, сондай-ақ сигналдық белгілер тіректерінің өзара орналасуы сигналдар мен белгілердің жақсы көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

Түйіспелі торабының элементтері, темірбетон тіректердегі, темірбетон және металл емес жасанды құрылыстардағы түйіспелі тораптың бекіту бөлшектері бекітілетін барлық металлды құрылыстар (көпірлер, жолөтпелер, тіректер), сондай-ақ кернеуде тұрған түйіспе желісінің бөліктерінен кем дегенде 5 м қашықтықта орналасқан, жеке тұрған металды конструкциялар (гидробағандар, бағдаршамдар, көпірлер мен жолөтпелердің элементтері және басқалары) жерге тұйықталуы немесе құрылыстар мен конструкцияларға жоғары кернеу түскенде қорғанышты ажыратылу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Түйіспелі тораптың және айнымалы ток әуе желілерінің әсері аймағында орналасқан, қауіпті кернеулер пайда болатын барлық металды құрылыстар да жерге тұйықталуға жатады.

Электрлендірілген жолдардың үстінде орналасқан жолөтпелер мен жаяу жүргіншілер көпірлерінде сақтандырғыш қалқандар және кернеуде тұрған түйіспе желісінің бөліктерінен сақтау үшін адамдар өтетін жерлерде жаппай төсем орнатылады.

 Кернеуі 1000 Вольттан астам түйіспе желісі, автобұғаттау және бойлық электрмен жабдықтау желілері әуелік аралықтардың (оқшаулағыш түйіндесулердің), бейтарап ендірмелердің, секциялық және ойылып салынатын оқшаулағыштардың, ажыратқыштардың көмегімен жекелеген учаскелерге (секцияларға) бөлінеді.

Информация о работе Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялардың техникалық құрылымы