Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялардың техникалық құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:33, реферат

Краткое описание

Сигнал команда болып табылады және темір жол көлігі қызметкерлерінің сөзсіз орындауына жатады.
Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыспен байланысты сигнализацияда мынадай негізгі сигналдық түстер қолданылады:
1) жасыл - белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беретін;
2) сары - қозғалуға рұқсат беретін және жылдамдықты төмендетуді талап ететін;
3) қызыл - тоқтауды талап ететін;
4) айдай ақ - маневрлерге рұқсат беретін;
5) көк - маневрлерге тыйым салатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

айгера.docx

— 50.55 Кб (Скачать документ)

Магистральдық темір жол желісінің барлық учаскелерінде поездық диспетчерлік, поездық станцияаралық, станциялық, желілік-жол, бағыттамалы байланыс бар.

Автобұғаттаумен, диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде және барлық электрлендірілген учаскелерде энергодиспетчерлік және аралықтық байланыс бар.

 Кәбілдік байланыс желілері бар учаскелерде автоматика, телемеханика және байланыс электр механиктерінің қызметтік байланысы болады.

Магистральдық темір жол желісінде байланыс үшін поездар қозғалысын, билет сатуды және желілік бөлімшелердің жұмысын басқару үшін магистральдық, жол, жолдық басқару, билеттік-диспетчерлік, вагондық-диспетчерлік, маневрлік диспетчерлік, ақпараттық-есептеу, жергілікті байланыс орнатылады.

Магистральдық темір жол желісінің барлық учаскелері поездық радиобайланыспен жабдықталады. Поездық радиобайланыс поезд локомотивтері, моторвагонды поездар, АЖҚ машинистерінің:

1) бүкіл диспетчерлік учаске шектерінде поезд диспетчерімен;

2) аралықты шектейтін станциялар бойынша кезекшілерімен;

3) бір аралықта жүрген қарсы бағытта және ізімен келе жатқан локомотивтердің, моторвагонды поездардың, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистерімен;

4) өтпелер және деполар бойынша кезекшілермен;

5) жөндеу жұмыстарының басшылары және сигналшылармен;

6) поездар мен объектілердегі әскерилендірілген күзет атқыштарымен;

7) кабинадан шыққан кезде машинистің көмекшісімен;

8) жолаушы поезының бастығымен (механик-бригадирімен);

9) вагондарды қарап тексеруші-жөндеушілермен екі жақты сенімді байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

Станциялардың жабылуы салдарынан немесе станциялар бойынша кезекшілерінің кезекшілікті тоқтатуы себебінен аралықтар ұзындығының 15 км-ден астам ұзаруы кезінде радиобайланыстың жаңа жүйелері енгізілгенге дейін поездық локомотивтердің, мотровагонды поездардың және өздігінен жүретін АЖҚ машинистерінің аралықпен жүруі кезінде поезд диспетчерімен тұрақты радиобайланысын қамтамасыз етуге рұқсат етіледі.

Магистральдық темір жол желісінің поездар қозғалысы қарқынды және диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерінде енгізілетін поездық радиобайланыстың жаңа жүйелері аралықтың ұзақтығына қарамастан, осы тармақта аталған қызметкерлердің сенімді екі жақтылық байланысын қамтамасыз етеді.

Станцияларда технологиялық қажеттілігіне байланысты станциялық радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс құрылғылары және жолаушыларға ақпарат беруге арналған байланыс қолданылады.

Станциялық радиобайланыс маневрлік және дөңестік радиобайланыс, станциялық технологиялық орталықтардың, вагондар мен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттері радиобайланысының, жүк аудандарының вагондарын коммерциялық қарап тексеру пункттері, контейнерлік алаңшалар, техникалық құралдарға (автоматика мен телемеханика, ақпараттандыру, байланыс, жол, түйіспе желісі) қызмет көрсету және жөндеу бойынша бригадалардың, әскерилендірілген ведомстволық күзет бөлімшелерінің радиобайланысы желілерінде екі жақты байланысты қамтамасыз етеді.

Бір станция шегінде әр түрлі маневрлік аудандар үшін бірдей радиожиіліктерді қолдануға рұқсат етілмейді.

Станцияның әр маневрлік ауданы және оған қызмет көрсететін локомотивтер үшін жеке радиожиілік бөлінеді.

Екі жақты парктік байланыс құрылғылары парк шегінде жақсы естілуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл құрылғылар магистральдық темір жол желісі аумағының сыртындағы шуылды азайту үшін бағытты түрде істеуі тиіс.

Поездық және маневрлік жұмыс жөнінде нұсқауларды беруге, сондай-ақ жолаушыларға ақпарат беру үшін арналған екіжақты парктік байланыс құрылғылары үнемі іске қосулы күйінде болуы, байланыс арналарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі, іске қосылған күйінің бақылауы болуы тиіс.

Жүктасымалдылығы қарқынды желілердің учаскелері мен станцияларындағы жөндеу жұмыстарын басқару үшін жөндеуші бөлімшелерінің ішінде жұмыстарды басқарушымен, жұмыстарды басқарушының локомотивтер машинистерімен, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинистерімен және тиісті қызметтің кезекші аппаратымен сенімді екіжақты байланысты қамтамасыз етуге арналған жөндеу-жедел радиобайланысы қолданылуы тиіс.

Поездық диспетчерлік және бағыттамалы байланысты поездар қозғалысымен байланысты емес мәселелер бойынша сөйлесуге рұқсат етілмейді.

Бағыттамалы байланыс желісіне, орындаушы орталықтандыру қосындарын, бағыттамалы қосындарды және станция бойынша кезекшіні қоспағанда, басқа телефондарды қосуға рұқсат етілмейді.

Поездық диспетчерлік байланысқа тек станциялар бойынша кезекшілердің, маневрлік диспетчерлердің, операторлардың, локомотив деполары, ауыстыру пункттері бойынша кезекшілердің, энергодиспетчерлердің және локомотив диспетчерлерінің, сигнализация және байланыс дистанциялары кезекші инженерлерінің ғана телефондарын қосуға рұқсат етіледі. Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поездық диспетчерлік байланысқа өтпелер бойынша кезекшілердің телефондарын қосуға рұқсат етіледі.

 

Штатында тасымалдар қызметінің кезекші қызметкерлері жоқ немесе штатында болғанымен олардың тәулік бойына кезекшілігі көзделмеген станцияларда поездық диспетчерлік байланысқа станциялар бастықтарының, автоматика мен телемеханика электр механиктері мен электр монтерлерінің пәтерлерінде орнатылған телефондарды қосуға рұқсат беріледі.

Пәтерлерде орнатылған телефондарды қосуды поезд диспетчері арнайы аспаппен және сөйлесу кезіне ғана жүргізеді.

 Аралықтарда поездық диспетчерлік байланыс сымдарына дрезиналар жүргізушілерінің (амалсыз тоқтаған кезде), қалпына келтіру және өрт сөндіргіш поездары бастықтарының, автоматика мен телемеханика электр механиктерінің және қалпына келтіру, жол жұмыстарының және электрмен жабдықтау құрылғылары жөніндегі жұмыстар басшыларының алып жүретін телефондарын уақытша қосуға рұқсат етіледі.

Поездық станцияаралық байланысқа станциялар бойынша кезекшілердің телефондарын, ал автобұғаттауы бар учаскелерде, сонымен қоса аралықтық байланыстың және өтпелер бойынша кезекшілердің телефондарын қосуға рұқсат етіледі.

Ұлттық инфрақұрылым операторы белгілейтін тізбеге сәйкес станциялар мен диспетчерлік учаскелердегі пойыздық және станциялық радиобайланыс құрылғылары сөйлесуді құжатталған тіркеу жүйесімен жабдықталады.

Сөйлесуді құжатталған тіркеу жүйесін пайдалану тәртібін Ұлттық инфрақұрылым операторы белгілейді.

Аралықтардағы байланыс, автоматика мен телемеханиканың кәбілдік желілері жер төсемі шектерінен тыс магистральдық темір жол желісінің бөлінген алқабында салынуы тиіс. Жекелеген жағдайларда кәбілдік желілерді қолданыстағы ережелерді сақтай отырып, жер төсемінде салуға рұқсат етіледі. Талшықты-оптикалық кәбілдер негізіндегі байланыс желілері аспалық әдіспен түйіспелі тораптың немесе автобұғаттау желілерінің тіректерінде орналастырылады немесе қолданыстағы Қағидаларды сақтаумен бұру белдеуінде төселеді.

Аспалық әдіспен тартылған кәбілдік байланыс желілері иіліс жебесі барынша төмен түсіңкіреген жағдайда кем дегенде мынадай биіктікте болуы тиіс:

1) халық қоныстанбайтын жерлерде жер бетінен - 5,0 м;

2) халық қоныстанатын жерлерде жер бетінен - 6,0 м;

3) жолаушылар платформаларының бетінен - 4,5 м;

4) темір жол өтпелеріндегі автомобиль жолдарының бетінен - 7,0 м.

Автоматика мен телемеханика және байланыс әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен жерге дейінгі қашықтық иіліс жебесінің барынша түсіңкіреуі кем дегенде:

5) аралықтарда - 2,5 м;

6) станцияларда - 3,0 м;

7) автомобиль жолдарымен қиылыстарда- 5,5 м (қолданыстағы желілерде, олардың қайта құрылуына дейін 4,5 м қашықтықты сақтауға рұқсат етіледі).

Темір жол жолдарымен қиылыстарында автоматика мен телемеханика және байланыс әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен рельс бастиегінің үстіне дейінгі қашықтық кем дегенде 7,5 м болуы тиіс. Электрлендірілген темір жол жолдарының автоматика мен телемеханика және байланыс әуе желілерімен қиылысуына рұқсат етілмейді. Мұндай қиылыстар жерасты кәбілдік ендірмелермен орындалады.

Автоматика мен телемеханика және байланыс желілері бұзылған кезде оларды қалпына келтіру мынадай кезектілікпен жүргізіледі:

1) поездық диспетчерлік байланыс сымдары;

2) жолдық бұғаттамасы, энергодиспетчерлік байланыс сымдары;

3) электр асатаяқ жүйесінің, поездық станцияаралық және бағыттамалы байланыстың сымдары; электрмен жабдықтау құрылғыларын телебасқару сымдары; магистральдық байланыс сымдары;

4) автоматика мен телемеханиканың және байланыстың қалған сымдары.

Учаскеде қолданылатын екі және одан артық байланыс пен автоматика мен телемеханика желілері бір мезгілде бұзылған кезде қалпына келтіру басымдылығы желілердің қуатымен және төмендегі параметрлермен белгіленеді:

1) талшықты-оптикалық байланыс желілері;

2) металды кәбілдер негізіндегі байланыс желілері;

3) байланыс және автоматика мен телемеханиканың әуе желілері.

Автоматика мен телемеханика және байланыс құрылыстары мен құрылғылары тартымдық тогының, электрберілісі желілерінің және найзағай разрядтарының кедергі келтіретін және қауіпті ықпалынан қорғалған.

Ақпараттық-есептеу жүйесі:

1) деректердің енгізілуін, берілуін, өңделуін және сақталуын;

2) есептеу нәтижелерінің белгіленген мерзімде тұтынушыларға берілуін;

3) темір жол көлігінің ішкі салаларындағы жоспарлау, жедел басқару, есепке алу, статистика міндеттерінің шешілуі мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Техникалық және бағдарламалық құралдар жұмысқа қабілетті және белсенді күйде тұрақты ұсталуын, талап етілетін сенімділік пен нақтылықты қамтамасыз етуі тиіс. 

 

 

 

  1. Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялардың техникалық құрылымы

 

 

 Темір жолдың жүрдек жолаушылар поездарының айналымы учаскелерде орналасқан аралықтар мен станциялар автоматты автобұғаттаумен немесе радиобұғаттаумен, автоматты локомотивті сигнализацияның автотоқтағышы бар автоматты локомотивтік сигнализациясымен (бұдан әрі - АЛСН), көпмәнді АЛСН немесе борттық қауіпсіздік жүйесімен, сигналдар мен бағыттамалардың электрлік орталықтандыруымен, диспетчерлік орталықтандырудың немесе диспетчерлік бақылаудың микропроцессорлық құрылғыларымен, ақаулы вагондарды автоматты анықтау құрылғыларымен, осы Қағидаларға сәйкес байланыс және радиобайланыс түрлерімен жабдықталады, бұл ретте поездық радиобайланыс дуплексті болуы тиіс.

Поездар қозғалысын автоматты басқару, автоматтандырылған жұмыс орындары жүйелері жоспарлы тәртіппен енгізіледі.

Электрлік орталықтандыру құрылғыларында маршруттарды бекіту жақындаудың екі немесе үш блок-учаскесі алдында жүзеге асырылады, олардың жиынтық ұзындығы сағатына 200 км жылдамдық кезінде шұғыл жылдамдығының тежеу жолынан кем болмауы тиіс.

Бағыттамалы бұрмалар ауыспалы ток электржетектерімен жабдықталады.

 Жүрдек поездарды өткізу жолдарына жанасатын бағыттамалы бұрмалар сыртқы бекітулермен жабдықталады.

Сырғанаудың үздіксіз беті бар бағыттамалық бұрмаларды қолдану ауыспалардың ажырауын талап етеді.

Үш таңбалы АЛСН-мен жабдықталған учаскелерде жылдамдығы сағатына 160 км-ге дейінгі жүрдек жолаушылар поездарының қозғалысы локомотив бағдаршамының жасыл жарығы сарыға ауысқаннан кейін қызметтік тежеуді қолдану кезінде жабық бағдаршам алдында тоқтау арқылы жол және локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылады. Сағатына 160 км-ден артық жылдамдық көп таңбалы АЛСН-ның жол және локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылады.

Жылдамдығы сағатына 140 км-ден артық поездар қозғалысы маршруттары бойынша аралықтар мен станцияларда бөгеттен қорғалған тоннельдік жиіліктегі қосарлы түйісу жалғамалары бар электрлік рельс тізбектері қолданылады.

Жылдамдығы сағатына 140 км-ден артық поездар қозғалысының маршруттарының басты жолдарының бағыттамалық учаскелерінің тармақталулары (ауыспалардың жұпталған бағыттамаларын қоспағанда) қосымша жол релелерімен және қосарлы түйісу жалғамаларымен жабдықталады.

Автоматты локомотив сигнализациясы мен поездық радиобайланыс әрекеттерінің жырамдылығын тоқсанына кем дегенде бір рет вагон-зертхана тексеруі тиіс.

Жоспарлы тәртіппен жаяу жүргінші өтпелері темір жолдармен бір деңгейде жаяу жүргінші тоннельдері немесе жаяу жүргінші көпірлерімен алмастырылады не болмаса, жақын жердегі жасанды құрылыстың (құбырдың, кіші көпірдің) астына жіберіледі, бұл ретте осы құрылыстардың көлемдері «1520 мм жолтабан темір жолдары» құрылыс-техникалық нормаларының талаптарына жауап беруі тиіс. Құрылыс кезеңіне қолданыстағы жолдар арқылы өтетін жаяу жүргінші жолдарының, оларды, поездың жақындауы туралы ескертетін сигнализациямен, сақтандырғыш тосқауылдармен, ескерту қалқандарымен жабдықтай отырып, сақталуына рұқсат етіледі.

Қажет болғанда, қызмет көрсететін персоналға қоршауда жапқыш қақпа жасалады.

Темір жолдардың автомобиль жолдарымен бір деңгейде қиылысуының жүрдек учаскелерінде (өтпелер) жоспарлы тәртіппен түрлі деңгейдегі қиылысулармен алмастырылады.

Жүрдек қозғалыстың басталуына дейін алмастырылмаған өтпелердің құрылғысы мен жабдықтары уәкілетті орган бекіткен Темір жол өтпелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Информация о работе Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялардың техникалық құрылымы