Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 23:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің осы түрінің тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.

Содержание

Кiрiспе

1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері


2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3


3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Сурет 3. «Казақтелеком» АҚ 2006-2008 ж.ж. таза пайданың өзгеру динамикасы

 

              Өнімді  өткізуден  түскен  жалпы  табыс  2006  жылы  жоспар  бойынша  17,409,700   теңге  болған,  ал  есептеме  бойынша  24,210,000  теңге  құраған. Бұл  жоспардан  6,800,300  теңгеге  немесе  39,1%-ға  көп. 2007 жылы  табыс мөлшері  28959800   теңгеге, ал  есептеме бойынша  36534700  млн   теңгеге  тең  болды. Яғни,  7574900  млн   теңгеге немесе  26,2%-ға  көп. 2008  жылы  табыс  мөлшері  жоспар  бойынша  12,324,700  теңге  құраған, ал  есептеме  бойынша  36,120,200   теңге  құрады. Демек, жоспарланған  деңгейден  3,474,800  теңгеге  немесе 9,6%-ға көп. Жылдан жылға табыстың өсуі  кеткен  шығындардың  өтелімділігімен  түсіндіріледі.  

         Таза  пайда  2006 жылы  жоспар  бойынша  6,945,000   теңгеге, ал  есептеме  бойынша  10,231,000  теңгеге  тең  болды. Яғни, жоспар  деңгейінен  3,286,000  теңгеге  немесе  47,3%-ға  көп. 2007  жылы таза  пайда 16,320,000 теңгеге  жоспарланған,  ал  есептеме бойынша  21,230,000   теңгеге  тең  болды. 2008  жылы  жоспар  бойынша  26,160,300   теңге  болды, есептеме  бойынша 28,310,200  теңге  құрады.

         Осы  көрсеткіштер  деңгейін  қорытындылай  отыра, қазіргі  уақытта  «Қазақтелеком» ААҚ-ы  техникалық  жағынан   қаруланған, кадрлық  бөлімі  жақсы  ұйымдастырылған,  бәсекеге   қабілетті   кәсіпорын  деп  айтуға  болады.

 

2.2  «Қазақтелеком»  акционерлік қоғамның қаржылық  жағдайының көрсеткіштерін талдау

 

Баланс активтерiнiң құрамы және олардың орналасуын талдау.

Қаржылық есептеменiң негiзгi элементi болып табылатын активтердi сипаттау үшiн олардың бар болуы, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерiстер зерттеледi.

Активтер құрылымын тұтас және олардың бөлек топтарының құрылымын талдау, олардың рационалды орналастырылуын талдау үшiн келесi аналитикалық кесте құрылады (Кесте 4).

Кесте мәлiметтерiнен көрiнiп тұрғандай, активтердiң нақты құнын бейнелейтiн, баланс валютасы жыл iшiнде 63525 млн тенгеге немесе 91,8%-ке өскен. Бұл кәсiпорынның қызметiн жақсы жағынан бейнелейдi, себебi ол оның әрi қарай дамуын көрсетедi.

Бiрақ активтердiң қалай орналасқандығына көп көңiл бөлу керек, есептiк жылда неге көп мән берiлгендiгiне, кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалының жағдайына, мүлiктiң мобильдiгi кандай екендiгiн анықтау керек. Бұл үшiн ең алдымен кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалының көлемiн анықтап алу қажет.

Оның анықтамасы бойынша әдебиеттерде әр түрлi көзқарастар кездеседi. Бiр әдістеме бойынша оның құнына негiзгi құралдар құны, өндiрiстiк запас, аз құнды және тез тозатын заттар, аяқталмаған өндiрiс құны кiредi. Осы әдістеме бойынша анықталған өндiрiстiк потенциалдың құны «Қазақтелеком» АҚ-да 2007 жылы 38779 млн тенге құраса, 2008 жылы 72527 млн теңге құрады, яғни 33748 млн теңгеге немесе 1,9 есе көбейдi. Баланс активтерiнiң жалпы құнында өндiрiстiк потенциалдың үлесi 2007 жылы 42,6 % құраса, 2008 жылы 41,6 % құрады.

Екiншi әдістеме бойынша кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда келтiрiлген әдістемеге аяқталмаған күрделi салымдар және орнатылуға тиiстi құрал-жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме бойынша «Қазақтелеком» АҚ-да өндiрiстiк потенциал құны 2007 жылы- 45318 млн теңге, 2008 жылы 95511 млн теңге құрады, бұл алдыңғы әдістеме бойынша есептелген шамадан көп болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екiншi әдістеме бойынша анықталған кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалы 2,1 есеге өстi, ал активтердiң нақты құнының коэффициентi немесе екiншi әдістеме бойынша «өндiрiстiк қолдану мүлкiнiң коэффициентi» деп атайды, ол өндiрiстiк пайдалану мүлкiнiң құнының баланстың барлық активтерiнiң құнына катынасымен анықталады. Ол 2007 жылы 0,50 (45318:91000), 2008 жылы-0,55 (95511:174525) құрады. «Қазақтелеком» АҚ-да , екiншi әдістеме бойынша есептелген бұл көрсеткiш деңгейi бiрiншi әдістемеге қарағанда, арнайы әдебиеттерде көрсетiлген шектеуге сәйкес келедi: Кө.қ.п ≥ 0,5.

Бұл деңгейдiң 0,05 пунктке көтерiлгенi, алғашқы әдістеме бойынша есептелген 0,01 пунктке түскенiне қарағанда, кәсiпорынның және оның материалды-техникалық базасының даму процесiн нақты бейнелейдi.

Кесте 4 мәлiметтерi көрсетiп отырғандай, ұзақ мерзiмдi және ағымдық активтер арасында құралдарды бөлiстiру 2007  жылда да және 2008 жылда да екiншiсiнiң үлесiне тидi. Ағымдық активтер үлесi ұзақ мерзiмдi активтер үлесiнен 2007 жылы 16,74 пунктке (58,37-41,63), 2008 жылы 17,92 пунктке көп болды (58,96-41,04). Жыл iшiнде ағымдық активтердiң құны 49790 млн теңгеге немесе 93,7%-ке өстi, ал ұзақ мерзiмдi активтер құны 33735 млн теңгеге немесе 89,0%-ке өстi. Ағымдық активтердiң өсiмi ұзақ мерзiмдi активтер өсiмiнен 4,7 пунктке алда жүрдi (93,7-89,0).

Барлық активтер құрамында ағымдық активтердiң көбею тенденциясы сақталды. Ағымдық активтер құнының кәсiпорынның барлық мүлкiнiң құнына қатынасы ретiнде анықталатын, кәсiпорын активтерiнiң мобильдiгi коэффициентi, 2008 жылы 58,96 % құрады , ол 2007 жылмен салыстырғанда 0,59 пунктке көп. Каржылық көзқарас тұрғысынан бұл көрсеткiштiң көбеюi, құрылымдағы жағымды қозғалыс болып саналады, мүлiк мобильдi болады, оны пайдаланудың тиiмдiлiгiнiң өсуiн сипаттайды. Бұл туралы, ағымдық және ұзақ мерзiмдi активтердiң қатынас коэффициентi айтып тұр, ол былай анықталады:

                                                     Ағымдық ақтивтер

                      Км/а=

                                                   Ұзақ мерзiмдi ақтивтер                           (5)

 

«Қазақтелеком» АҚ-да оның деңгейi жыл 2007 жылы 1,40 (53118/37882)  құрап, 2008 жылы 1,44 (102908/71617) құрады.

Бұл коэффициенттiң деңгейiнiң сәл өсуi иммобилизацияланған құралдар өсiмi қаркынынан мобильдi құралдардың өсу қарқыны көбейгендiгiнiң нәтижесiнен болып отыр. Жыл iшiнде бiрiншiсi 1,94 есе өскен болса (102908/53118), ал екiншiсi 1,89 есе өстi (71617/37782) есе өстi.

Баланс активiнiң III-шi бөлiмiнде айналым құралдарының иммобилизациясы болған жағдайда (мақсатты қаржыландыру және қор құралдарымен жабылмаған шығындар, сонымен бiрге, жұмысшыларға берiлетiн банк несиелерiнен, жұмысшылардың алған ссудаларымен есептесудiң өсуi ) оның нәтижесi оның шамасына азаяды, ал бұл көрсеткiш бөлiмi (иммобилизацияланған құралдар) көбейедi, себебi айналымнан мобильдi құралдарды жұмсау кәсiпорынның жеке айналым құралдарының нақты бар болуын төмендетедi. «Қазақтелеком» АҚ-да иммобилизацияланған айналым құралдары жоқ.

Мобильдi және иммобилизацияланған құралдардың қатынас коэффициентiнiң мәнi негiзiнен, талданып отырған кәсiпорынның құралдарының айналымының салалық ерекшелiктерiмен негiзделедi. Одан соң, кәсiпорынның мүлiктiк жағдайында қандай салалық өзгерiстер болғанын талдау қажет.

Ол үшiн өндiрiстiк потенциалдың негiзгi элементi, оның материалды- техникалық базасын құрайтын негiзгi қорлар жағдайын талдау керек. Оларды сипаттау үшiн негiзгi құралдардың бар болуы, құрылымы және қозғалысымен байланысты есептемелер жүргiзiледi. Негiзгi құралдардың жағдайын қарастыру үшiн келесi кестенi құрамыз (Кесте 5).

Негiзгi құралдар алғашқы құны бойынша жыл iшiнде 2,2 есеге көбейдi және 90519 мың теңге құрады.

              Мұнда кәсiпорынның мүлкiнiң жалпы құнындағы негiзгi құралдардың нақты (қалдық) құнының үлес салмағының өзгерiсiне көп көңiл бөлiнедi, себебi бұл көрсеткiш оның кәсiпкерлiк қызметiнiң масштабын анықтауда бағыттаушы болып табылады.

Негiзгi құралдардың нақты құнының коэффициентiнiң көлемi кәсiпорынның мүлкiнiң жалпы нәтижесiнде баланс активтерiнiң барлық суммасының 50 %-нен кем болмауы керек. Бiздiң зерттеп отырған кәсiпорынымызда баланс валютасында негiзгi құралдардың қалдықтарының үлесi 2007 жылы- 29,7 %, 2008 жылы 25,4 % құрады, бұл осы көрсеткiштiң теориялық мәнiне жартылай сәйкес келмейдi.

Кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалының өсуiнiң жағымды тенденциялары жөнiнде негiзгi құралдарды жаңарту коэффициентi де көрсетiп тұр (iске қосылған жаңа негiзгi құралдар құнының жыл соңына олардың алғашқы құнына қатынасы). Ол есептiк жылда 60,8 % құрады.

Осымен бiрге, айта кететiн бiр мәселе, есептiк жылда негiзгi құралдардың пайдалылық коэффициентiнiң деңгейi айтарлықтай төмендеген. Ол негiзгi құралдардың қалдық құнының олардың алғашқы құнына қатынасымен анықталады. 2007 жылы оның көлемi 64,6 % болса, 2008 жылы 49,0 % құрады, яғни 15,6 пунктке азайды.

Бұл есептiк жылда негiзгi құралдардың тозуына байланысты, олардың iстен шығуы жалғасқанын көрсетедi.Шығу коэффициентi, шығып қалған негiзгi құралдардың құнының жыл басына барлық негiзгi құралдардың алғашқы құнына қатынасымен анықталады. Ол есептiк жылда 15,4 % құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,2 пунктке көп. Негiзгi құралдардың техникалық жағдайын бейнелейтiн негiзгi көрсеткiш тозу коэффициентi болып табылады. Ол белгiлi бiр кезеңге негiзгi құралдардың тозу суммасының олардың алғашқы құнына қатынасымен анықталады. «Қазақтелеком» АҚ-да негiзгi құралдардың тозу коэффициентi 2007 жылы 35,4 % құраса, 2008 жылы 1,5 есе өсiп, 51,0 %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

құрады. Бұл негiзгi құралдардың жартысынан көбi тозғанын және ескiргенiн көрсетедi.

Кейбiр экономисттердiң бағалауы бойынша 50 %-тен көп тозу коэффициентi жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсiпорын басшылығына алдағы уақытта негiзгi құралдарды жаңартуға және кәсiпорынның материалды-техникалық базасын күшейтуге көп көңiл бөлу керек.Амортизацияның жинақталу коэффициентi сияқты негiзгi көрсеткiшке  көнiл аудару керек. Ол негiзгi құралдар және материалды емес активтердiң  тозу суммасының олардың алғашқы құнына қатынасымен анықталады.

Оны есептеу формуласы келесi түрде көрсетiледi:

 

 

          негiзгi кұралдаржәне материалдық емес ақтивтердiң тозу суммасы

Км.е/а=                                                                                                                      (6)         

         негiзгi кұралдаржәне материалдық емес ақтивтердiң алғашқы суммасы

 

Ол негiзгi құралдардың және материалды емес активтердiң босау қарқындылығын сипаттайды. Бiздiң кәсiпорынымыза оның көлемi келесi түрде көрiнедi:

 

                  2007 жылы:    

                  2008 жылы:

 

Амортизацияның жинақталу коэффициентi көрсетiп отырғандай, негiзгi құралдардың және материалды емес активтердiң 51 % жыл соңына тозумен жабылған. Есептiк жылда бұл көрсеткiштiң 0,155 пунктке өсуi (0,510-0,355) негiзгi құралдардың тозған бөлiгiн шығарып тастаумен, оларды ауыстырумен және iске жаңа негiзгi құралдарды қосумен сипатталады.

Аяқталмаған күрделi салымдар мен аванстар және ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдардың қатынастарын зерттеу арқылы кәсiпорынның өндiрiстiк және қаржылық саясаты туралы анық қорытындыға келуге болады.

Берiлген жағдайда ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар өсiмiнiң қарқынымен салыстырғанда, күрделi салымдар өсiмi қарқынының алда жүруi жағымды болып табылады, себебi керi қатынас кәсiпорынның өндiрiстiк мүмкiндiктерiнiң төмендеуiне әкеледi.

Кесте 4 мәлiметтерiнен көрiнгендей, жиынтық активтер құрылымында ағымдық активтердiң үлесi ұзақ мерзiмдi активтердiң үлесiнен көп. Ол кәсiпорынның ағымдық активтерiнiң құрамын және құрылымын терең талдауды қажет етедi. Осы мақсатпен баланс мәлiметтерi бойынша келесi 6 кестенi құрамыз (Кесте 6).

Келтiрiлген мәлiметтер, кәсiпорын жалпы жағымды динамикаға ие екендiгiн көрсетедi. Ал олардың бөлек элементтерiн қарастыру келесi қорытындыға әкеледi. Ең мобильдi активтер- ақша құралдары және қысқа

 

Кесте  6

Кәсiпорынның ағымдық активтерiнiң құрамы және құрылымы

 

 

Көрсеткiштер

2007 жыл

2008 жыл

Өсiм қарқыны

(есе)

Сумма, млн теңге

Үлес салмағы, %

Сумма, млн теңге

Үлес салмағы, %

А

Б

1

2

3

4

5

 

Ағымдық активтер, барлығы

Олардың iшiнде:

53118

100

102908

100

1,9

 

1.1 Запастар және шығындар

33202

62,5

55718

54,1

1,7

 

1.2 Дебиторлармен есептесу

8515

16,0

38636

37,5

4,5

 

1.3 Ақша құралдары және қысқа мерзiмдi қаржылық салымдар

11401

21,5

8554

8,1

 

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары