Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 23:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің осы түрінің тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.

Содержание

Кiрiспе

1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері


2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3


3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

      алқалы орган  немесе  басқарма;

      тексеру  комиссиясы (алқалы  немесе  жеке-дара).

                      Жабық   қоғамды   директорлар   кеңесін   құрмай   басқаруға болады.   Бұл  жағдайда  директорлар   кеңесі     шешетін    мәселелер    акционерлердің  жалпы  жиналысының құзіретіне беріледі. Қоғам жыл сайын  акционерлердің   жалпы  жиналысын өткізуге  міндетті.  Жиналыс  қаржы  жылы  аяқталғаннан  кейін 5 ай ішінде өткізілуі тиіс. Акционерлердің  жылдық  жиналыстан    басқа  жалпы  жиналыстары  кезектен   тыс  болып  тұрады.  Әрбір   акционердің  жалпы  жиналыста  дауыс  беру   кезінде    оған   тиесілі   дауыс   беретін   акциялар   санына    тең   келетін  дауыс  саны  болады.

                       Акционерлердің жалпы жиналысында  мынадай мәселелер шешіледі:

      қоғамның  жарғысына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу;

      қоғамның  үлгісін  өзгерту;

      қоғамды  қайта  құру  және  тарату;

      қоғамның  директорлар  кеңесін  сайлау,  оның  сандық  құрылымын  белгілеу;

      қоғамның  жариялаған  жарғылық  капиталының  мөлшері өзгерту;

      қоғамның  тексеру  комиссиясының  мүшелерін  сайлау;

      қоғамның жылдық қаржылық есебін, қоғамның тексеру  комиссиясының  қорытындысын  бекіту;

      қоғамның  таза  табысын  бөлу  тәртібі;

      дивидендтер  мөлшерін  бекіту;

лауазымды  тұлғаларға,  оның  ішінде  директорлар  кеңесінің .

      мүшелеріне  төленетін  сыйақының  мөлшерін  бекіту;

қоғамның  аудиторын  бекіту.

                      Акционер   жалпы   жиналысқа   өзі  немесе  өкілі  арқылы   қатысып   дауыс береді. Қоғамның лауазымды адамдары жалпы жиналыста  акционерлердің  өкілдері  ретінде  қатыса  алмайды.  Акционердің  өкілі  сенімхат негізінде іс-әрекет жасайды. Акционерлердің  жалпы  жиналысында   дауыс беру, қоғамның   директорлар   кеңесінің,  атқарушы   органның   және   тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау бойынша өткізілетін   кумулятивті   дауыс   беруді  қоспағанда,   «қоғамның  1 акциясы — 1 дауыс»   принципі  бойынша  жүзеге   асырылады. Жалпы   дауыс  беру  ашық   тәсілмен   немесе  бюллетень  бойынша  жабық   дауыс  беру  арқылы  өткізілуі  мүмкін.

                      Акция. Акция   бұл — акционерлік   қоғам   капиталына  үлесін  қосқаны  туралы  куәландыратын  және  қоғамдағы  пайданың  бір  бөлігінен  дивиденд  алуға   құқығы   бар,   акционерлік    қоғамды   басқаруға   және   мүлігінің   бір  бөлігін   акционерлік   қоғам   тараған   кезде   алуға  құқығы  бар  құнды  қағаз.Олардың  2  түрі  болады:

              Жай  акция — бұл   акционерлік   қоғамды   басқаруға    құқық   беретін   және    акционерлер    қоғамның    шаруашылық   қызметінің  нәтижесі   бойынша  сол  кезеңдегі  шыққан  табысқа  байланысты   акциялар   бойынша   дивиденд   алуға   құқығы   бар  акция  түрі. Дивидендтер   алдын-ала  кепілденбеген.

              Артықшылықты  акция   иелері   акционерлік  табысқа  шыққан  немесе    шықпаған   жағдайда   да    бірінші   кезекте   дивидендті  алуға   құқылы  құнды  қағаз  түрі.  Бірақ  бұл  акция  иесі  қоғамды  басқаруға   құқылы   емес.

              Сонымен қатар, кумулятивті1 артықшылықты акциялар болады, яғни жай акцияға конверсияланатын немесе басқа типтегі артықшылықты акциялар, дауыс беретін және дауыс бере алмайтын артықшылықты акциялар т.б. 

              Шартты  консигнациядағы  акциялар – «физикалық» шығарылымы әлі жүргізілмеген, биржадағы  акцияларды  анықтайтын  түсінік.

              Винкулирленген акциялар - өзі шығарған акционерлік қоғамның келісімімен үшінші тұлғаға берілетін атаулы акциялар. Олар мынадай мақсатта шығарылады: кім акционер болып  табылады  және  қажет жағдайда

оны  акционер  қатарынан  алып  тастау.

                     Премиялы акциялар – бірдей номиналды  құнындағы  жай  акциялармен   салыстырғанда,   бұл   акциялар   капиталдың   және  пайданың  белгілі-бір  бөлігіне  құқық  беретін  акция  түрі.

                     Акцияның міндетті реквизиттері: бағалы  қағаздың  атауы – «Акция», номиналды құны, түрі; эмитенттің  толық  атауы  және  заңды  мекені; шыққан  жері, уақыты,  мемлекеттік  тіркеу  номері, сериясы  және  акцияның  тәртіптік  номері; эмитент  қолы  және  акция  иесіне  берілетін  құқықтар  тізімі. Аталған реквизиттер акционерлер реестрінде көрсетіледі,  акционерлердің  реестрін  жүргізу  тәртібі  бағалы  қағаздар  нарығына  бақылау  жасайтын  орталық  органмен  анықталады. Акционерлік  қоғаммен  шығарылатын  барлық  акциялар  оның  мүлігімен  қамтамасыз  етіледі.

Акцияны  бағалау. Акцияны  бағалау  кезінде  келесі  көрсеткіштер  негізге  алынады:

              Номиналды  құны – бағалы  қағаздың  бетінде  көрсетілетін  сумма.  Номиналды  құны  бойынша  барлық  акциялардың  суммалық  құны  ұйымның  жарғылық  капиталының  көлемін  көрсетеді.

              Эмиссиялық  құны – акцияның  алғашқы  шығарылымындағы  сату  бағасы              , ол номиналды  құнмен  сәйкес келмеуі мүмкін. Акцияны  бағалаудың  көрсетілген  түрлерінің  айырмасы олардың  санына  көбейтілгенде ұйымның  эмиссиялық  табысы  шығады.

              Акцияның курстық (нарықтық) бағасы - акцияның  екінші  нарықтағы  айналыс  нәтижесі  ретінде  анықталатын  бағасы.

              Акциялар  мен  облигациялардың  ликвидациялық  құны – бір  акцияға немесе облигацияға төленетін ликвидацияланған ұйымның  өткізілетін  мүлігінің  нақты  бағадағы  құны.

              Акциялардың  баланстық  құны – баланс мәліметтері  бойынша  мүліктің  меншік көздерінің шығарылған акциялар санына  бөлу  арқылы  анықталатын  құны.

                      Акцияларды   сатып   алуға   кететін   нақты  шығындар  мыналар  болуы мүмкін: келісім бойынша сатушыға төленетін сумма; маманданған  ұйымдарға  және  басқа  да  тұлғаларға  бағалы  қағаздарды  сатып  алумен  байланысты  көрсетілген  ақпараттық  және  консультациялық  қызметтер  үшін   төленетін   төлемдер;  делдалдық   ұйымдарға   төленетін    сыйақылар;

акцияларды  сатып  алумен  байланысты  басқа  да  шығындар.

                      Акцияларды  бағалау  келесі  тәсіл  бойынша  жүргізіледі. Акциялар  олардың  нарықтық  бағасы  бойынша  бағаланады. Акцияның  нарықтық  бағасы декларацияны  тапсырған  уақытына  дейін  1 ай  ішінде  сатып  алынған  орташа  есептелген  бағасы.

                       Акцияның  нарықтық  құнын  анықтайтын  мәліметтер  болмаған  жағдайда  бағалау төленген дивидендтер мөлшеріне байланысты  жүргізіледі:

 

          Ц = Д суммасы / (ҚС суммасы x К / К суммасы) x 100,                     (1)

 

мұндағы: Ц – бағалау  уақытына  акцияның  құны; 

                Д – теңге  бойынша  бір  акцияға бағалаудан  кейінгі бір  жыл  ішіндегі төленген дивидендтер дәне  оларға  теңестірілген  табыс  суммасы;  

 

               ҚС – қайта  қаржыландыру  ставкасы; К – бағалаудан  кейінгі бір жыл  ішіндегі  қайта  қаржыландыру  ставкасының  іске  асу  күндерінің  саны.

              Акцияның  нарықтық  құнын  есептелген  табысқа  байланысты  бағасын  анықтауға  мәліметтер  болмаған  жағдайда  оның  құны  былай  анықталады:

 

                                              Ц = МҚ / АС,                                                     (2)

 

              мұндағы: Ц – бағалау  уақытына  акция  құны; МҚ – бағалау  уақытына  эмитент  мүлігінің  нарықтық  бағасы; АС – эмитенттің  барлық   шығарылымының  акциялар  саны.

                       Акциялардың  және   басқа  да   бағалы    қағаздардың   жылдық   табыстылығы  келесі  формула  бойынша  анықталады:

 

                                   П = (( Н-Ц) x 365 x 100) / (Ц x Т),                                   (3)

 

              Мұндағы, Н – акцияның номиналды  құны; Т – осы  шығарылымдағы  акцияның  айналым  уақыты.

              Бағалы қағаздардың тиімділігі мыналармен анықталады: 1) дивидендтен түскен табыспен; 2)дивидендтік жабумен; 3) табыс мөлшерімен; 4) акцияға  есептелетін табыс бойынша; 5) табысқа шаққандағы  акцияның  бағасымен.

                      «Акционерлік қоғам туралы» заңға сәйкес дивиденд бұл – акционерлердің жалпы  жиналысының  шешімі  бойынша  акционерлік  қоғамның  өз  акционерлеріне  оларға  тиесілі  акциялар  бойынша  жүзеге  асыратын  төлемдері. Артықшылықты  акциялар  бойынша  дивидендтер  көлемі  мен  төлеу  мерзімдері  акцияларды  шығару  кезінде  анықталады.  Бірінші  эмиссия  кезінде  бұл  шешімді  құрылтай  жиналысы, ал  келесі  эмиссия кездерінде – қоғам  акционерлерінің   жалпы   жиналысы   бекітеді. 

Дивидендтен түсетін табыс былай анықталады:

 

Тд = (Айқындалған дивиденд нормасы (проценттік ставка) x Акцияның                                   номиналды бағасы) / 100%;                                                                            (4)

 

              Артықшылықты   акциялар   бойынша   дивидендтер  олардың иелеріне  алдын-ала  анықталған  мерзімде  төленуі  тиіс.  Егер  дауыс  беруге  хұқығы  жоқ  артықшылықты  акциялар  бойынша  дивидендтер  эмиссиядан  кейінгі  3 айдың  ішінде  төленбесе,  осы  мерзім  өткеннен  кейін  осы  акцияға  ие  акционерге мерзімі  өткен  дивидендтерді төлегенге дейін жалпы  жиналыста, барлық  сұрақтар  бойынша  дауыс беруге  мүмкіндігі  болады.  

              Артықшылықты  акция  иегерлерінің  жай  акция  иегерлерінің   алдында  дивидендтерді  алу  бойынша  артықшылықтары  бар. Біріншіден,  дивидендтердің  минималды  мөлшері  кепілденеді,  яғни  жылына  20%  белгіленсе, эмитенттің қаржы-шаруашылық қызметінің  нәтижесіне  қарамай,  артықшылықты акция иелеріне 20% мөлшерінде міндетті түрде  дивидендтер  төленеді.  Екіншіден,  дивидендтерді  төлеу  уақытына  алдын-ала   кепіл  беріледі, мысалы, жылына  бір  рет, демек,  шаруашылық  қызметтің  нәтижесіне  тәуелсіз   жыл  сайын  дивиденд  төленеді.

              Қоғамның   акциялары   мынадай   тәсілдермен   орналастырылады:

              -жабық, яғни қоғамның құрылтайшылары және алдын-ала белгіленген  тұлғалар  тобы  арасында;

              -жекеше,  яғни  білікті   инвесторлар   арасында;

              -ашық, яғни  бағалы  қағаздар  туралы   заңдарға  сәйкес   аукцион  өткізу немесе еркін сату жолымен тұлғалар шектеусіз тобы  арасында.

              Жабық   қоғам   акциялары   тек  жабық  тәсілмен,  мемлекеттік  тіркеусіз  жүзеге   асырылады.  Жабық   қоғамды   ашық   қоғам  етіп  қайта  құрған  кезде  қоғам   қайта   құрылған   кезден   бастап   3  ай  ішінде  уәкілетті  органға  бұрын  шығарылған   акциялар  орналастыру  жөнінде  есеп  береді.

                       Қоғамда  жарғылық  капиталдан  15%-дан кем болмайтын  мөлшерде  резервтік  қор  құрылады.  Бұл  қор  жыл  сайынғы  аударымдар  негізінде  және  қоғам  жарғысында  белгіленген мөлшерге  жеткенге  дейін   құрылады.  Жыл  сайынғы   аударымның   мөлшері    жарғы    негізінде    анықталады,   бірақ   ол  қоғамның   таза   пайдасының   мөлшерінен   5%-дан   кем   болмауы  керек. Резервтік қор шығындарды  жабуға, облигацияларды  төлеуге  және акцияларды  шығаруға   жұмсалады.  Егер  қандай  да  болсын  төлемдердің  нәтижесінде қоғамның  резервтік  капиталы  оның  жарияланған  жарғылық  капиталының  15%-нан  кем  болып  қалса,   қоғам   резервтік   капиталды  көрсетілген  шамаға  дейін  толтыру  үшін  қаржы  бөлуді  қайтадан  бастауға міндетті. Резервтік капитал  қоғам  мемлекеттік  тіркеуден  өткізілген   кезден  бастап   2  жылдың   ішінде   қалыптасуы   тиіс. Жыл   сайын   бөлінетін   қаржының   мөлшерін  қоғам  акционерлерінің  жалпы  жиналысы  белгілейді.

              Акционерлік  қоғамның  капиталы. Акционерлік  қоғамдар  3  топтың  мүддесінің   байланысына   негізделеді: өз    қаражаттарын    қоғамға   сеніп   салған  акционерлер,  басқару  органдары  және  сол  қоғамда  жұмыс  істейтін  тұлғалар (жалдамалы  жұмысшылар).  Осы  құрылымдық  құрамға  қарағанда  көрсетілген  топтардың ешқайсысы қоғамда белгілі-бір  әсер  ете  алмайтыны  көрінеді. Керісінше,  әр  топқа  өз  ролі  беріліп,  олардың  мүдделерінің  бірігуін  қамтамасыз  ету  қажет.  АҚ-ның  капиталы  акция  түріндегі  бөліктерге  бөлінген.  АҚ  құрылтайшыларының  бөліктері  бірдей  болуы  мүмкін,  ал  кейде  олай  болмауы  мүмкін — бұл  алдын-ала  құрылтай  құжаттарымен  анықталады.  Акция  жарғы  капиталының  бірлігі  ретінде  айқындалады.  АҚ  мүшелері  акцияның  түрлі  санына  ие,  демек  әр  мүшенің  жалпы  бөлігі  өзгермелі.  Акция  эмиссиясы  кезінде  олардың  номиналды  бағасын  немесе  міндеттемелерін  төлейтін  адам  АҚ-ның  мүшесі  болу  құқығына  ие. Акционердің  кәсіпорын  мүлігіне  бірігіп  кеткен  өз  салымдарымен  байланысы  енді  АҚ-ға  тиесілі  және  ол  АҚ өз  қызметін  тоқтатпағанша  қайтарылмайды.

                      Қатысушылардың  салымдары  ақша  түрінде  болуы  мүмкін,  кейін  ол  сәйкес  акция  санын  алуға  құқық  береді. Салымдар  зат  түрінде  де  болады, мұндай жағдайда  да  акция  алуға  құқық  беріледі.  Интеллектуалды  салымдар акциямен қамсыздандырылмайды. Тек өз интеллектуалды  капиталын  салған  тұлға  АҚ-ң  мүшесі  болып  саналмайды.   Бұл  тұлға  АҚ-ң  қызметкері  (жалдамалы  жұмысшы)  болып  саналады  және  еңбек  шарты  бойынша  сыйақылар  (жалақы)  алуға  мүмкіндігі  бар.

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары