Табиғи материалдармен ойналатын ойындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2014 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттык қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған.

Содержание

Кіріспе_______________________________________________________2-4
I Табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі
1.1. Табиғи материалдармен жұмыс істеу әдістемесінің ерекшеліктері_________________________________________________4- 10
1.2.Табиғи материалдармен жұмыс істеу мазмұны__________________10-15
II Балалбақшадағы табиғи материалдармен жұмыс жасау ерекшеліктері
2.1 Әр жас топтарында балаларға табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі_________________________________________________ 15 -20
2.2. Әр жас топтарындағы балаларға табиғи материалдар үйрету методтары мен тәсілдері______________________________________________ 20-25
ІІІ. Тәжірибелік бөлім_______________________________________
Қытынды__________________________________________________
Пайдаланған әдебиетер______________________________________
Қосымша:_________________________________________________ _30-31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 245.00 Кб (Скачать документ)

Сабақтан соң балаларға құрылыс материалдарымен бірге құрылысты қалай бұзатындығын және материалдарды орнына қоюды әлсін-әлсін көрсету керек, өйткені бұл процесс мектепке дейінгі жастағы кішкентай балаға қызықты, кішкентай балаларға материалдардың жеңіл және қызықты  түрін қолданады.

Естиярлар тобында табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі.

 Бұл топтағы балалар  таныс детальдардың аттарын бекітумен  қатар (кубик, шағын кірпіш, пластина) жаңа детальдарды дұрыс қолдануға  және айтуға білуге, олардың негізгі  конструктивті қасиеттерін ескере  отырып (мөлшері, беріктігі, пішіні) үйренеді.

 Балалар құрылысты  өздігінен талдауға –оның негізгі  бөліктерін бөліп көрсетуге және  олардың мөлшері мен пішінін  айыруға, осы бөліктердің өзара  бір-бірінен түрлі қашықтықта  орналасуын және олардың атқаратын  жұмысын 

ұйренеді.  Егер кішкентайлар тобындағы балалар негізінен тәрбиешінің үлгісңмен, көрсетуімен «үй» тұрғызуды үйренсе, онда естиярлар тобындағы балалар аталған тақырып бойынша (оларға таныс), шарт бойынша және өзінің ойынша жасауды үйренеді.

Сонымен бірге  құрылыстың жүйелілігі жоспарлауды үйретуге, мазмұнына сәйкес формасы, көлемі және беріктігі бойынша детальдарын күні бұрын іріктеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Естиярлар тобында бәріне де бұрын информацияллық –рецептивтік әдіс пайдаланылады. Қандай да бір жаңа конструкцияны жасауды үйрете отырып (көпір, машйна, трамвай және т.б), тәрбиеші балаларды объектінің өзімен немесе оның бейнесімен таныстырады, негізгі бөліктерін бөлуге жәрдемдеседі және олардың практикалық қолдануын анықтайды. Осындай мақсатпен тәрбиеші айнала қоршаған объектіні, балалар құрылысын, иллюстрацияны балалармен бірге қарайды. Сабақта құрылыстардың үлгісін зерттеу кезінде педагог балалардың тәжірибесін пайдаланады және зат пен оның құрылыстағы бейнесі арасындағы сәйкестігін анықтауға көмектеседі. Сонымен бірге тәрбиеші балалардың өздерін талдауға қатыстырады, құрылыстың қандай бөліктерден тұратындығын (мысалы, көпір –жүретін, түсетін бөліктерден, тіректен және т.б ) және олардың практикалық мәнінің қандай екендігін, бұл бөліктер қандай детальдардан жасалғандығын   (кубиктен пластинадан, кірпіштерден) сұрайды. Табиғи материалдардан бұйымдар дайындау процесінде балаларда жалпы іскерлік пен дағды қалыптасады: заттарды талдау іскерлігі , жүйелі және жоспарлы жұмыс істеу іскерлігі, басталған істі аяғына жеткізу, сондай –ақ көз мөлшерлігі, қолдарының қозғалуының нақтылығы дамиды т.б.

Жазғы кезеңде балаларды табиғи материалдардан бұйымдар жасауға қатыстыра бастайды. Бәрінен бұрын тәрбиеші осы материалдарды таныстырады және бұрын дайындап қайған қарапайым бұйымдарды (жапырақтан жасалған бөрік, грек жаңғағының қабығынан жасалған кірпі мен қайық, бүрлерден жасалған шымшық және т.б) қалай пайдаланатындығын демонстрация жасап көрсетеді. Тәрбиеші балалрады жеке заттардың арасындағы ұқсастықты таба білуге үйретеді. Тәрбиеші бөліктерді бекіту үшін материалдың түсін сәйкес (қабық, бүршік және т.б) пластилиннің түсін таңдауды ұсынады.

Табиғи материалдан констуркциялау жөніндегі сабақ әдетте құрылыс материалдарынан констуркцияла жөніндегі сабақпен кезектесетіріледі.  
3. Үйрету методтары мен тәсілдері.

Үйретудің басында, табиғи материалдар мен жұмыс істеу дағдысы жоқ кезде, үлгі көрсетіп және түсіндіру –үйретудің негізгі тәсілі болып табылады,

балалардың іс –әрекеті егжей –тегжейлі (яғни бұйымдарды орындау процесінің барлығы көрсетіліп және түсіндіріледі) болады. Түсіндіру дәл және қысқа болуы керек, тәрбиеші анық және бейнелі түсіндірсе, онда балалар алдынғы тапсырманы жетістікпен орындап шығады.

Табиғи материалдардан констурукциялар үйрену тек жылдың аяғында болатындықтан және әлі балаларда ешқандай тәжірбие жоқ кезде басталатындықтан балалар программада берілген аздаған бұйымдарды, тек тәрбиешінің көрсетуі мен түсіндірүі бойынша жасайды. Мысалы,  балаларға грек жағңғағының қабығынан кірпіні жасауды үйрете отырып, тәрбиеші алдымен оларды не кірпімен немесе оның картинадағы бейнесімен

таныстырады және оның денесінің формасын, тікенек жамылғыларын, алға шығынқы тұмсығын бөліп көрсетуге жәрдемдеседі. Сонан соң сабақта дайын ойыншық –бұйымды көрсете отырып нағыз кірпімен ұқсастығын атап айтады және мұндай ойыншықты қалай жасау керектігі туралы тәптіштеп түсіндіреді: денесін грек жаңғағының жартысынан, тұмсығы мен тікенектерін қабықтың түсі сияқты пластилинмен және т.б. Тәрбиеші қабыққа пластилинді қалай жағу керектігін, тұмсығын қалай созып жасайтындығын, арқасына тікенекті қалай жапсыру керектігін және т.б көрсетеді, ал балалармен бұйымдарды жасау кезінде оларға ақыл –кеңесімен, тікелей көрсетуімен және т.б жәрдемдеседі. 

Балалар жасаған бұйымдар ойын үшін  қажет: кішкентай қайық, кішкентай жүк машиналары, үйшіктер –ойынға және т.б пайдаланылуы маңызды.

Үлкендердің балалар бұйымдарына мұндай көзқарасы балалардың өздерінің оларға деген қызығушылығын арттырады, кейінгі жұмыстарды орындауға аса ұқыптылығы мен творчестволығын дамытады. 

Табиғи материалдардан конструкциялау бойынша сабаққа алдын –ала материалды дайындау тәрбиешінің көптеген уақытын алады, ал ол бұл сәтті алдағы жұмысты талдауға балаларды тарта отырып тәрбиелік мақсатта пайдаланылады.

Табиғи материалдардан бұйымдар жасау үшін материалдарды біртәндеп дайындау кезде педагог балаларға табиғатқа деген жанашырлықты тәрбиелеу туралы қамқорлық жасайды, ағаштың бұтақтарын және бұталы сындыруға болмайтындығын, жапырақ түскен кезде оларды жинау керектігін, бұтақтарды жинауды ағаштарды кескен уақытта жасау керектігін атап көрсетеді және т.б. Ол сондай –ақ осы сәтті ұқсастықты анықтау үшін де   («Бұл неге ұқсас?»)  пайдаланады, ойдың шығармашылықтың, фантазияның қалыптасуына ықпал етеді.     

 

 

 

Ересектер тобында табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі.

Ересектер тобында заттарды талдау іскерлігін, оларға тән белгілерді бөліп көрсетуді, осы белгілері бойынша салыстыра білуді жалғастыра біледі. Жеке құбылыстар арасындағы әр түрлі байланыстықты анықтайтын қабілеті дамиды.   Осы топта оқу іс –әрекетінің қарапайым элементтерінің қалыптасуы –айрықша орын ала бастайды. Тәрбиеші қойған міндетерін түсіну, әрекеттің әдісін анықтайтын нұсқауды жеке орындау.Коллективтік құрылысты жасай отырып (зоопарк, коше, балабақша), балалар бір –бірімен кеңесе отырып жұмыс істеуді, өзінің құрылысын бәріне ортақ бір ойға сәйкес біріктіруді үйренеді.Материалдарды пайдалануды түрлендіру іскерлігін балаларға үйрету мақсатында кез –келген тақырыптар алуы мүмкін: үй, транспорт, көпір және т.б. Сонымен бірге тәрбиеші сабақтың тақырыбын қабылдап, құрылыстың дайын үлгісін көрсетеді және олардың қолдарындағы материалдарды пайдалана отырып дәл солай жасауды ұсынады. Балаларда ойша конструкция жасау іскерлігін дамыту мақсатымен тәрбиеші құрылыстың тақырыбын балалардың өздері таңдайтынын, қажетті материалды өзі әрәктеп және оны жүргізудің белгілейтін сабақты ұйымдастыру керек.

Бағдарламалық міндеттер.

Балаларға табиғи материалды (дәнектерді, шөпті, бүршіктерді, үйеңкінің тұқымы т.б ) мақсатқа сай пайдалануды әр түрлі бұйымдарды жасаған кезде одан әрі үйрете береді.  Балалар желімнің, сіріңке шйлерінің көмегімен жеке бөлшектерді жалғастыру дағдысын меңгереді. Балалар сондай –ақ өздерінің іс –әрекеттерін жоспарлауды, мақсатқа сай жұмыс істей білуді, өзіндік іс –әрекетті ұдайы жетілдіріп отырады. 

Мектепке даярлық тобында табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі.

Мектепке даярлық тобында балалардың заттарды қараған кезде жалпы белгілермен бірге олардың жеке бөліктерін де білуге үйретеді, заттардың негізгі бөліктерін ажырата білуге, ұқсастығын ажырата біледі.

Табиғи материалдардан (қабық, тақтайшалар, таяқшалар және т.б. ) конструкциялай отырып балалар әр түрлі ойыншықтар жасауға үйренеді.

Сонымен бірге тәрбиеші балаларды заттардың пішіндерді және оның атқаратын қызыметі арасындағы байланыстылықты анықтауға үйренеді.

Табиғи материалдардан бұйымдар жасау сабағын ұйымдастыра отырып, тәрбиеші емен жаңғағын, бүрлерді, бұтақтарды, талшын жемісін және т.б пайдалануды балаларға үйретеді, жеке бөліктерін әр түрлі әдістермен бекіте отырып (желіммен, сыммен, шимен және т.б) ойларға композицияға сәйкес кескінге мәнерлілікті бере білуге үйретеді.

 Балалр өз ойларымен  тәрбиешінің тапсырмасы бойынша  әр түрлі адам тұлғаларын (емен  жаңғағы қабығынан), және тағы  басқаларын (қарағай мен шырша  бүрлерінен) және тағы басқаларын  жасайды. Осылардың нәтижесінде  балаларда фантазия, ойлап табу, өнер тапқыштығы дамиды.

Табиғи материалдардан бұйым жасау сабақтары (емен жаңғағы, қарағай бүрлері, түұым бұтақ) негізінен материалдар өңдеуге жеңіл болатын уақыт жазбен күзде жүргізіледі. Сабаққа дейін бірнеше күн бұрын тәрбиеші балаларға сабақтың тақырыбын хабарлайды және тисті материалдарды жинау ұсынылады.

Балаларды емен жаңғағынан әр түрлі кескіндерді (хайуанаттарды, адамдардың) жасауға, ал сонан кейін оларды композицияға біріктікруге үйрете отырып ( түлкі мен тырна, Қызыл Телпек пен қасқыр, екі ит т.б.)

тәрбиеші желім мен сіріңкенің көмегғмен жеке детальдарды бекіту әдістерін балалардың игеруге, сондай –ақ кескіндерге мәнерлілік беруге көңіл бөледі.

Бір столдың барысында отырған балалар бірігіп істеген жұмысы туралы, жалпы композицияға сәйкес кім қандай кескінді жасайтындарын келісіп алады, ал сонан кейін барлығы осы композицияны жасайды.

Тәрбиеші сондай –ақ ашылмаған қарағай бүрлерінен көбелектер мен балықтарды дайындауға үйренеді. Мұнан кейін осы сабақтарда алған білімдері мен іскерліктерін балалар ойша конструкциялау сабақтарында, сондай –ақ сабақтан тыс әрекеттерінде нығайтады.

Үйрету методтары мен тәсілдері.

Мектепке даярлық тобындағы балалар үлкен техникалық іскерлікті қажет ететін аса күрделі кострукцияны игереді, сондықтан бұйымдарды дайындау жүйелілігін егжей –тегжейлі түсіндіру мен көрсетуді тәрбиеші жиі пайдаланады. 

Ойша жұмыс істеу үшін негізінен алдын –ала тыңғылықты дайындыққа байланысты:не жасайтындарын,  оларға  бұл үшін қандай материалдар керек болатындығын және т.б балалар неғұрлым ертерек ойланса, солғұрлым олардың бұйымдары қызықты және мазмұнды болады.

Мәселен, балалар тәрбиешімен бірге емен жаңғағынан әр түрлі кескін жасау үшін әр түрлі мөлшерлі  және формалы емен жаңғағын, мүкті, қайыңның жұқа қабығын, жүгері шашақпен жинайды және т.б. балалар күні бұрын өздерінің

композициясы (екіден )  ақылдасып алса (ертегінің сюжеті, өлең), онда олар бұл материалдарды мақстты, оны осы конструкциялық ойға сәйкес белсенді түрде талқылай отырып жинайды: ірі жаңғақ –денес үшін, әр түрлі іліңген бұтақтары –қолдары, алақан табандары үшін, оларды біріктіргенде жүгіретін, отыратын, секіретін кескін болатындай болуы керек. Тәрбиеші

балалардың олардың ойына сәйкес жасауды үйретеді. Ол балалардың зейінің табиғат тарту еткен пішіндердің мәнерлігіне көңіл аударуға,

өрнектеле иірілген ағаштардың ұқсастығын көре білуге, әр түрлі хайуандар кескініндегі бұтақтар (шауып бара жатқан бұғы,  және т.б) кейіп және осы бұтақтарды басқа материалдармен толықтыра отырып (пластилин, тұқым, жидектермен, гүл жапырақтарымен ) бейнелікті күшейтуге үйренеді.

Көбіне тәрбиеші бұйымдар жасауға тікелей қатысады. Өйткені, балалар дайын кескіндерді тұғырға орната бастаған кезде тәрбиеші бізбен тұрғанды және кескінің табанын тесіп немесе балалармен бірге балықтарды, көбелектерді ашылмаған қарағай бүрлерінен жасалған кезде өткір пышақпен қанаты мен желбезегі үшін тесік жасайды. Балалардың жұмыстарының көрмесін ұйымдастырудың үлкен тәрбиелік мәні бар.

Балаларда өзінің жұмысын жақсы жасауға ынтасын артады, оның орналасуына жауапкершілігі артады. Ал көрмені мұымдастыруға баланы тарту аның эстетикалық талғамының артуына ықпал тигізеді.

Тәбиғи материалмен жұмыс істеу қызық ( қайыңның қабығы, қабық, сабын, бүршік, емен жаңғағы. Майда тастар, жапырақ).Орманға серуендеу кезінде тірбиеші бұтақтардың көрнісінің неге ұқсас екенін сұрай отырып және формасына балалардың зейінін аударады.

Ол балаларға табиғи матиралды жинап, содан кейін одан қызықты ойыншықтарды қалай жасайтынын көрсетуді ұсынад.

 Қарағай бүрі мен  пластлинен кірпіні , балықты, көбелекті  жасауға болады, сабан мен балшықтан  әтешке немесе көжекке үйшік  жасайды, қарағай бүршігі, мүк және  бұтақтардан орманшы үйін салуға  болады.Тәрбиеші сабан будасы мен жіптен билеп тұратын құршақтың  қалай жеңіл жасалатынын көрсетеді. Ал балалар құршақа арнап қағаздан және мата қалдығынан киімдер жасайт.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.  Тәжірибелік бөлім

Білім беру саласы: «Шығармашылық» 
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру-жапсыру. 
Тақырыбы: “Жапырақтан балық жасау”. 
Тобы:Ересектер 
Мақсаты: балаларды өсімдік атаулымен таныстыру,ағаштар және олардың құрылысы 
туралы түсінік беру, желіммен, жапырақпен жұмыс істей білу іскерліктерін дамыту,қолдың ұсақ бөлшектерін дамыту.Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту . 
Балалардың табиғатқа сүйіспеншілігіне тәрбиелеу, табиғаттың әсемдігін тамашалай білуге үйрету. 
Көрінекілік: ағаш,  жапырақ 
Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңімелеу, түсіндіру, сурақ –жауап.

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Шаттық» шеңбері 
Қуан,шаттан алақай 
Қуанатын күн келді 
Қайырлы таң,қайырлы күн. 
Күліп шықты күн бүгін 
Арайланып таң атты 
Алтын сәуле таратты 
Қайырлы таң,қайырлы күн 
Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

Балалар ортаға шығып шаттық шеңберін айтады. 

 

 

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар жылдың қай мезгілі? 
Күз айларын ата? 
Балалар жапырақты білеміз бе? 
Жапырақ қайда болады? 
Өте жақсы,ендеше,мен сендерге «ағаштар» туралы айтып кетейін. 
Ағаштар – биік өсімдік.Ағаштардың жапырағы, бұтағы, діңі болады.Ал оның тамыры жер астында, тереңде жатады.Ағаштар тірі.Олар демалады, қоректенеді, өсіп-өнеді. 
Ағаштар ауаны тазартып тұрады. Күзде ағаштар дың жапырақтары сарғайып, түсіп қалады. 
Алтын, сары, қызыл, көк. 
Алуан-алуан жапырақ 
Күзгі бақта күлімдеп 
Көз тартады атырап. 
 
Енді балалар тыныш отырып, ғажайып сәтке назар аударайық. «Күз» келеді. 
Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
Мен сендерге қонаққа келдім.Менімен бірге ойын ойнайсыңдарма? 
«Кімде қанша жапырақ?»

Шарты: Музыка ойналады.Жерге жапырақтар шашып тастаймын,содан соң сендер музыка аяқталған соң жапырақты жинап аласыңдар. 
Жапырақты санайсыңдар, түсін, үлкен, кіші екенін айтуларын керек. Жарайма.!Күз ойын ойнатады. Жапырақтан не жасауға болады? 
Балық жасаймыз. 
Үлкен жапырақ денесі. 
Кішкентай жапырақ қанаты,құйрығы.  
Жарайсыңдар балалар, өте жақсы жапсырған екенсіңдер. 
Сергіту сәті. 
Тербеледі ағаштар 
Алдынан жел еседі 
Кіп-кішкентай ағаштар 
Үп-үлкен болып өседі. 
Балалар мына жерде көрнекіліктер ілулі тұр,осыған назар аударайық...»Дидактикалық ойын» «Жапырағын тап» 
Жапырақты өз ағаштарына орнату. 
Рахмет сендерге. 

Күз

Қыркүйек, Қазан, Қараша. 
Иә 
Ағашта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар

Балық жасайды,

Үлкен жапырақ денесі, 
Кішкентай жапырақ қанаты,құйрығы жасайды.

 

 

 

Рефлексивті- түзетушілік

Балалар сонымен біздер бүгін қандай оқу іс әрекетін өткіздік?  
Нені жапсырдық? 
Не заттан жасадық?  
Қоштасу шеңбері. 
Дөңгеленіп тұрайық. 
Үлкен шеңбер құрайық 
Көріскенше күн жақсы 
Сау саламат болайық. Күз. 
Қыркүйек, қазан, қараша. 
Ағашта,гүлде, шөпте,өсімдік 
атаулыда. 
Балалар енді сендер қайталап айтыңдар. 
Балалар кім келді? 
Күз! 
Гүл, тб. 
Өте жақсы.ойнай алады екесіңдер. 
балалардың жасаған жұмыстарына талдау жасау, мадақтау. 
Жарайсыңдар балалар! 

Жапсыру. 
Балық. 
Жапырақтан. 
балалар қайталап айтады:

Үлкен шеңбер құрайық 
Көріскенше күн жақсы 
Сау саламат болайық. Күз. 
Қыркүйек, қазан, қараша. 
Ағашта,гүлде, шөпте,өсімдік 
атаулыда.

 

Күз!

 

 

 

 

Информация о работе Табиғи материалдармен ойналатын ойындар