Табиғи материалдармен ойналатын ойындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2014 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттык қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған.

Содержание

Кіріспе_______________________________________________________2-4
I Табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі
1.1. Табиғи материалдармен жұмыс істеу әдістемесінің ерекшеліктері_________________________________________________4- 10
1.2.Табиғи материалдармен жұмыс істеу мазмұны__________________10-15
II Балалбақшадағы табиғи материалдармен жұмыс жасау ерекшеліктері
2.1 Әр жас топтарында балаларға табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі_________________________________________________ 15 -20
2.2. Әр жас топтарындағы балаларға табиғи материалдар үйрету методтары мен тәсілдері______________________________________________ 20-25
ІІІ. Тәжірибелік бөлім_______________________________________
Қытынды__________________________________________________
Пайдаланған әдебиетер______________________________________
Қосымша:_________________________________________________ _30-31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 245.00 Кб (Скачать документ)

                                    

                                         

                                         

                                            Мазмұны  
                                Кіріспе_______________________________________________________2-4

I   Табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі 
1.1. Табиғи материалдармен жұмыс істеу әдістемесінің ерекшеліктері_________________________________________________4- 10

1.2.Табиғи материалдармен жұмыс істеу мазмұны__________________10-15

II Балалбақшадағы  табиғи материалдармен жұмыс  жасау ерекшеліктері

2.1 Әр жас топтарында балаларға табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі_________________________________________________    15 -20

2.2. Әр жас топтарындағы балаларға табиғи материалдар үйрету методтары мен тәсілдері______________________________________________       20-25

ІІІ.  Тәжірибелік бөлім_______________________________________ 
Қытынды__________________________________________________ 
Пайдаланған әдебиетер______________________________________ 
Қосымша:_________________________________________________ _30-31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Кіріспе

Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттык қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған.  Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, рухани сән-салтанатымызды, ырым-наным, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері кайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады. Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика – бұл кезде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық педагогика кешегі ойшылдар мен сал-серілерден, шешен-билерден, ақын-жыраулардан мирас болып қалған құнды тәрбие құралы. Ұлттық педагогика жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс шәкірттердің ой-өрісін дамытуға, әсемдікке дене бітімінің сымбатты болып өсуіне психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді. Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді. Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ұлттық педагогиканы насихаттауга қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Сонымен технология сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу — тәрбие процесіне арқау ету қажеттігін күн тәртібі туындатты. Сәндік қоленерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, окушылардың қызығушылығы мен ой-өрісін ояту кажет деп санаймыз.     Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық енерді сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қазақ колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің кұралы.    Ою-өрнекке мән беруге үйрену арқылы астарлы ойлау қабілетіміз қалыптасады.    Қолөнерді игеру арқылы кез келген істі төзіммен аяктауға жаттығамыз және еңбек етуге үйренеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I   Табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі

1.Табиғи және  құнсыз материалдар.  Бұл материалдар балабақшада жеке, бір-бірімен үйлесімді түрде де, әр түрлі ойыншықтар және бұйымдар жасау үшін кең қолданылады, бұл балдырғандарға пайдалы ғана емес, сонымен бірге олар үшін кең қолданылады, бұл балдырғандарға пайдалы ғана емес, сонымен бірге олар үшін қызықты сабақ болып та табылады.Табиғи материалдың әр түрлілігі (емен жаңғағы, бүршік, бұршақ, дән, шөп, және т.б) және өңдеудің жеңілдігі мектепке дейінгілермен жұмыс істеуде оны кең пайдалануға көп мүмкіндік береді.Тәрбиеші балалармен бірге табиғи материалды дер кезінде дайындайды және оның қорын бүкіл жыл бойына толықтыра түседі. Мысалы жазда шалғыға оратылып қалатын ұзындығы оратылып қалатын ұзындығы бірдей өлең шөпті, тең болып буылған сабанды жинайды, қарағай, шырша, қандыағаш, саз қарағай, самырсын, балқарағайларды да жинайды да, соңынан  ағаш желімімен өңдейді (олар қыста  кеуіп  жарылып кетпес үшін). Жаңғақтар мен талшындар ағаштан үзіліп түсісімен дайындалады (кеуіп қурап кеткен жаңғақ пен талшын сынып, майдаланып жұмысты қиындатады). Жемістардің  дәнектерін (өрік, алхоры, шабдалы) жақсылап жуып және кептіріп кез келген уақытта,  ал шаған  мен уйеңкінің тұқымы тек қыста ғана жиналады.   Материалдың әр түрі жеке қорапта немесе пакетте сақталады.

Қрахмалды (немесе бидай ұнынан жасалған ) желім таңертен  қайнатылады және шамалы суыған кезде сабақтың алдында құйылады.

Сазбалшықты, әдетте жылына бір рет, жазда дайындалған дұрыс және олар полиэтиленді бактарда, шелектерде, пленкадасақталады. Сабақ қарсаңында тәрбиеші әрбір бала үшін сазбалшықтың шағын кескіндерін дайындайды, тақтаны тексереді. Саз балшықтан мүсін жасау үшін ылғал шүберек беріледі. Балалар оны бұйымның бетін жасау үшін пайдаланады, онымен қолын, столды, тақтаны сүртеді: сабақтан соң шүберекті кезекші сумен шаяды.

Педагог балалардың ойлауын, ынта –ықыласын дамытады, сан түрлі материалдан не жасау керектігін олардың өздерінің ойлауын ұсынады.

Егер топта жағдай жағдай жасалған болса балалар өздерінің ынта –ықыласын ескере отырып, бейнелеу іс –әрекетінің өздері жақсы көретін түрін таңдап алатындай орын, қажеті құрал –жабдық болса, онда оларда біртіндеп бейімділік қалыптасады, шығармашылық қабілеті дамиды.                                    Әр түрлі бұйым жасауға арналған ағаштарды дұрыс таңдау үшін алдымен олардың мүкістерін біліп алып, оны жою жолдарын қарастыру керек. 
Алақан арасына салып түзу және домалақтап ширату іскерліктерін жетілдіру. 
Саз балшықтың, қамырдың, ермексаздың, қардың кесегінен мүсіндеуге және мүсіндеудің түрлі ширату, жалпайту, пішіннің шетін шымшып жалғастыру тәсілдерін қолдана отырып бейнелер жасауға үйрету.  
Сазбалшықтан пішіннің негізгі бөлігін созуға (құстың тұмсығы, қоянның құлағы), пішіннің үстін тегістеуге, бөліктерді біріктіруге, оларды қысу және жағуға (шыны аяқтың тұтқасы), толық пішінді беру үшін ішіне қарай басуға (табақ, кружка) үйрету. 
Балаларды бейнелік ойыншықтарға, бейнелеу өнері заттары мен сәндік-қолданбалы өнерге талпындыру. 
Заттардың бірнеше бөліктерін тепе-теңдік қалпын сақтап, бөліктерді бір-біріне біріктіру арқылы мүсіндеудің тәсілдерін көрсету. 
Балаларға түрлі материалдарды қосып (ермексаз, саз балшық, табиғи және қалдық материал) мүсіндеуге үйрету, шығармашылық қиялын дамыту. 
Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композиция мүсіндеуге қызықтыру. 
Адамдар мен жануарларды мүсіндеудің түрлі тәсілдерін көрсету. 
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияға біріктіру жолдарын үйрету. 
Стектерді қолданып жұмыс істеуге үйрету.

 Ағаш мүкісі деп – оның пішінінің, сыртқы түрінің, ортасының бұзылуын немесе ауытқуын айтамыз. Ол ағаштың ескіруінен немесе оған әсер ететін климаттың әсер ететін климаттың әсерінен болуы мүмкін. Ағаштың мүкістері оның сапасын, өңдеу қасиетін төмендетеді.  Ағаш мүкістеріне мыналар жатады: көз, қиғаш қабат, қос өзек, сызат, шайыр қалталар, қуыс, шірік, құрттану т. б.    Аталған мүкістердің кейбіреулеріне сипаттама бере кетейік. Қиғаш қабат деп ағаш талшығының бұрама түрде орналасуын айтады. Ондай ағаштарды кептіргенде олар ісініп кетеді, қисайып майысады. Мұндай ағаштарды аралап кесу де, оны өңдеу де қиынға соғады.    Ағаш қуысы әр түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады, олар

жара секілді ағаш діңінің бас жағында кездеседі.    Қылқан жапырақты ағаштардың мүкістері шайырланып кетеді. Мұндай ағаштар морт сынғыш келеді. Шірік те саңырауқұлақтың әсерінен пайда болады 
Құрттану әр түрлі құрт құмырсқалар мен қоңыздардың ағашты жеуінен туындайды. Әсіресе ағаш тамырлары құрттанады. Ол ағаштың діңінде, оның қабығы астында немесе ішкі қабатында да кездеседі.

 Құм терапиясы:  «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын бейнелеу өнері арқы-лы дамытып, әр түрлі техникалық тәсілдерді қолдана отырып, сурет салуға үйрету, бейнелі сурет салуға қызығушылығын арттыру» тақырыбында баяндама оқып, сурет сабағында «Алтын балық» тақырыбы бойынша ашық оқу іс – әрекетін өткізіп, іс-тәжірибе тараттым.

Бұл сабақтың ерекше-лігі жаңа технологияны пайда-ланып балаларға қылқалам, қарандашпен емес, құммен бейнелі сурет салуға үйрету.

Балалар асқан қызығушылық танытып, әрбір этаптың әрекетін ретімен орындап, құм бетінде балықтың бейнесін салып шықты. Қараңғыланған бөлмеде, астынан жарық түскен шыны бетінде 4 – жастан асқан балалардың бейнелеген балығының суретін көргенде семинарға қатысушы педагогтар тамсанғандарын жасыра алмады.

Тәрбиелену-шілердің еңбегін жоғары деңгей-де бағалады. Балалар құммен сурет салғанда, құм баланың әрекетіне әсер етіп, қызығу-шылық тудырады, қиялын өрбітуге жетелейді.  Құммен сурет салуды қазір көп жерде қолданып жатыр. Қазіргі заманда білім беру парадигмасы өзгерді.

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қаты-нас пайда болды. Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне жаңа міндет-тер жүктеп отыр. Құмның адам ағзасына тигізер әсері мол деседі. Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытып, балалар-дың психикасын реттейді. Саусақ-қа тиген құм түйіршіктері әрбір ұйықтап жатқан клеткаларды оятады, жүйкесін тыныштан-дырады. Құмның психиканың жағымсыз қуатын жоқ қылатын сезімталдық жай күйді реттейтін қасиеті бар. Құм балаларға магнит сияқты әсер етеді. Құм суды сіңіру қасиетіне ие. Осыған орай мамандар құм барлық ауыр психологиялық энергияны сіңіріп, адамның энергетикасын тазалап, эмоционалдық күйді орнықтыра-ды дейді. Бақылаулар мен тәжіри-бе құммен ойнау балалар мен ересек адамдардың эмоциялық сезімдеріне жақсы әсер етіп, жанды бағудың тамаша әдісі екенін дәлелдеді. Негізгі «психо-терапия» терминінің мағынасы да осылай.   Құм терапиясының негізгі мақсаты – баланың ішкі сезім бағыттарының өздігімен жүзеге асуы. Осы мақсатта құм тера-пиясы балаға: Өз іс-әрекет-тері мен жасағандарына жауапты болуға;Сезімдерін басқару-ға;Ауыр жағдайларды бастан өткеруге;Өзіне деген сенімін арттырып, өз құндылығын түсінуге әсерін тигізе

Ағашпен жұмыс жасау: Бұрын қолөнер шеберлігіне қажетті ағаштың барлығын ұсталар тікелей өз қолдарымен жасаған. Мыс: киіз үй сүйегі, ұлттық бұйымдар: сандық, кебеже, асадал, жүкаяқ, жастық ағаш, т. б. 
Олар ағашты уақытында кесіп, кептіріп отырған. Ағашпен жұмыс жасау кезінде шабу, кесу, тегістеу, өңдеу жұмыстары құрал - саймансыз жүзеге аспайды. Енді ағаш өңдейтін құралдармен толық танысайық. 
1. Кескіш құралдар. Бір жағы біркелкі жақталған, ұшы өткір құралдарды кескіш құралдар дейміз.

Оларға қос қолды пышақ, бір жақты пышақ, ауыспалы жүзді әшекей пышақ жатады. 
2. Шабуға қажетті саймандар: шаппашот, ағаш балға, балта, ыңғыру құралдары. 
3. Кесуге арналған құралдар: қол ара, жақ ара, екі кісілік ара. 
4. Тегістеу құралдары: сүргі, шерхебель, фуганок. 
Кесу әдістері: Ағашты кесетін ең басты құрал – ара. Араның қалыңдығы әр түрлі болаттардан жасалады, оны төсем деп атайды. Төсем өте қатты, иілгіш, тегіс болуы тиіс. Ара тістері үшбұрышталып қиғаш қайралады. Ара тісі екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден ол ағаш талшығын кеседі, екіншіден кескенде пайда болған ағаштың ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып отырады. 
Ағаш кесу кезінде жасалатын бұйымға ағаш түріне қарай әр түрлі араны пайдалануға болады.

 Ағашты арамен кесу  кезінде денеңді, араны дұрыс  ұстау керек. Ара оң қолыңда, сол  қолыңмен кесетін ағашты тіреп  тұрасың. Оң аяғың сол аяқтан  сәл алшақтау болсын. Араны күшпен  кесуге болмайды. Бірқалыпты жұмыс  жасау керек. Ағашты көлденең  кескенде кесу бағыты ағаш  талшығына перпендикуляр, ал ұзын  бойы кескенде параллель болады. Көлденең кесу үшін ара тісінің  кескіні үшбұрыш, ал ұзына бойы  кесу үшін қиғаш болады. Арамен  жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін  мұқият сақтаған жөн.

Ою-өрнектер 
Бұйымдардың көпшілігі ою-өрнектермен әсемделініп жасалынады. Жасаушылардан ерекше талғампаздықты, нәзіктікті, эстетикалык талғамды талап етеді. Қолөнер окушылардың өзіндік шеберлігін, әсемдікті сезіну қабілетін арттырып, ұлттық санасының қалыптасуына негіз калайды. Халық педагогикасы - оқушыларды колөнерге баули отырып, адамгершілікке, өнерді сүюге тәрбиелейді. Қазак халкының қолөнері оның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. 
Ою-өрнектердің өзіндік шығу тарихы бар. Мысалы, «Белін таянған қыз» өрнегі әйел адамның белін таянып тұрган сәтін көз алдыңа елестетеді.

Бұл өрнек көбінесе кілем, шұлык пен қолғап тоқымасында қолданылған. 
Қазактардың оюын сипатына қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп топқа бөлуге болады. Әр түрлі бұйымдардан кестелеу, зерлеу, сыру, шым кестелеу, өру, бедерлеп салу, кұю секілді бедерліктің үлгісі сезіліп тұрады. Жалпы қазақ колөнер шеберлері өлшеп-пішпей-ак екі заттың тең пропорциясын жасай білген. Әрбір қолөнерші жасап шығарған бұйымының ою-өрнегіне атау таба білген және оны халық түсінігіне лайыктай алған. 
Көненің көзі мен тарихының сөзіне айналған қүлпытастардың өзі ою-өрнексіз болмаған. Ескіден калған күмбез, мешіттердегі көркемдік те ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Бұл ою-өрнектер тек қана көркемдік үшін алына салмаған. Оның астарында бүтіндей бір халықтың тұрмыс тіршілігі « жасырынып » жатыр. Аңшылық өнер, көшіп-қону көріністерінің бәрі нақышқа айналған халықпыз деп осы тұста түйін де жасауға болады. 
Қазак халкьның ою-өрнегіндегі ең негізгісі - «Қошқармүйіз» немесе «Мүйіз». Осы «Мүйіз» өрнегінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. «Сыңармүйіз», « Сынықмүйіз», «Қырықмүйіз» т.б. Бір сөзбен айтканда «Мүйіз» өрнегінің ел тұрмысында араласпайтын саласы жоқ. 
Өнертанушы ғалым В. Чепелев: «Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп текке айтпаса керек.

Өйткені халық мұрасындағы ұлттық өрнектерінің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың тұрмыс - салт-дәстүрін бейнелеген ғой. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектен өзге құдіретті өнер жоқтың қасы.

Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің

тарихи дәуіріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, бакылай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.

II Балалбақшадағы  табиғи материалдармен жұмыс  жасау ерекшеліктері Әр жас топтарында табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі. 
Бірінші кішкентайлар балалары алдымен  құрылыс материаларымен (кірпіш, кубик), оларды стол үстінде қалай тұрғандығымен (тікесінен бе, алде ұзынынан ба) және әр түрлі жағдайға байланысты орнықтылығымен таныстыру керек. Кірпіштерді (поезд, жол) көлденеңінен орналастыруды үйрету керек, бірінің үстіне бірін қойып, қарапайым құрылысты (қақпа, үй) немесе одан гөрі күрделірек құрылысты бейнелей отырып, олардың орналасуын түрліше комбинациялау керек. Тәрбиеші балдырғандарға айнала қоршаған өмірдегі таныс құбылыстар мен  құрылыстар арасындағы ұқсастықты табуды үйретеді.

Екінші кішкентайлар тобындағы балаларды тек қана негізгі құрылыс детальдарын айыра білуге (кубик, кірпіш, пластина) ғана емес, сонымен бірге оларды атауға, сондай-ақ үлкен –кіші, ұзын-қысқа, жоғары-төмен сияқты сөздерді дұрыс түсінуге және қолдануға үйретеді; кірпіштерді шеңбер бойынша, төртбұрыш бойынша кішкентай жазықтыққа бірдей қашықтықта орналастыруды үйрету қажет.

Бағдарламадан өту. Бірінші кікентайлар тобындағы балалар 8-9 аралығында қарапайым құрылыстарды салуды үйренеді; мебель (стол,орындық, диван, керует),мұнара, саты, көпір, үйшік трамвай. Бірінші сабақта  сәбилер алдыңғы топта жасаған құрылыстарды қайталайды, сонан кейін балалар мебель жасауға кіріседі. Әуелі әрбір зат жеке әр түрлі вариантта жасалады, сонан соң балаларға бірден 2-3 құрылыстар (стол мен орындық, стол мен диван және т.б) жасау ұсынылады. Осы құрылыстардың ойына арнап балдырғандарға қуыршақтар, ыдыс- аяқтар, кескінді-қиқымдар беріледі.                                      Екінші кішкентайлар тобының алғашқы үш-төрт сабағында жазықтыққа кірпіштерді қатарлап орналастыру арқылы жол жасатықыза отырып іскерлігін бекітеді. Балалар үйшікке қарай жіңішке қысқа жол, майшиналарға –кең жол салады. Одан әрі трамвай жолын жасауды ұсынылады: әр бір баланың қысқа жасаған жолдарын бір ұзын жолға біріктіреді. Осы сбақтың негізгі мақсаты –балаларды кірпіштерді құыпты біріктіріп айыра білуге үйрету: қысқа –ұзын, тар –кеңді үйренеді.Келесі екі –үш балаларды кірпішті тігінен қою іскерлігіне үйретуге арналуы керек: бір –біріне жақын, бір –бірінен бірдей қашықтықта.   Мұнымен кірпіштерді жіңішке ұзын жазықтыққа және жіңішке қысқа жазықтыққа орналастыруға болады.  Балаларды сондай мақсатпен хайуанаттарға арнап қаша –қоршау (тәрбиеші алымен қаша-қоршау соғуға, ал содан кейін оған кішкентай үйрек пен күшікті қоятынына өте көңіл бледі), үйдің алдына шарбақ және т.б соғуға үйретеді. Келесі сабақтарда балалар қақпаның әр түрлі варианттарын меңгереді кірпіштен, детальдарды тігінен орналастыруды, құрылысты белгілі бір жүйелілікпен орындауды үйренеді.    Балалардың тар және кең, аласа және биік деген түсініктерін анықтау мақсатымен тәрбиеші қақпа тқрғызуды ұсынады: жүк машинасына –кең, ал жеңіл машинаға –тар, содан кейін биік қақпа үлкен матрешка үшін, ал кішкентайлары аласа қақпа. Міндеттердің осындай түрде қойылуы балалардың ақыл –ойының артуына әкеліп соғады.Балалардың құрылысты орындау процесінде тәрбиеші олардың үлгінің дәл ізімен жүруін, табиғи материалдарды дұрыс таңдап алғандығын және оны дұрыс қолданғандығын бақылып отырады. Кейбір балаларға (басқаларға кедғргң жасамай) ақыл –кеңесімен, сұрақпен (« Мына қақпадан сенің машинаң өте алама?») , ал кейде практикалық әрекетпен көмектеседі. 
Егер тәрбиеші  көптеген балалардың тапсырманы орындай алмай отырғанын немесе бірнеше балаларға тән жалпы қателер байқаса, оларда қиыншылық тудыратын кей тұстарға көңіл аударып, бұндайда қайталап түсіндіруді және көрсетуді пайдаланады.  Тәрбиеші балалардың іс-әрекетін  талдау кезінде тек оның нәтижесін ғана емес (балалардың құрастыруының дурыстығын және ұқыптылығын), сонымен бірге процестің өзін: балалар үлгіні қалай талдайды, табиғи материалы қалай таңдайды, жеке әрекетті қалай орындады және т.б талдайды. Тәрбиеші құрылыс материалдарын детальдары атауын балалардың меңгеруі мақсатымен сабақтың өзінде емес, сонымен бірге материалдарды сабақтан соң жинауда да және ойын өткізгенде де (әуелі материалдарды шашып тастамай және столдың үстіне топтпйды: кубиктер, кірпіштер және т.б, ал сонан соң оларды столдан ретімен жинастырады), сондай-ақ дидактикалық ойындарда: «Не жоқ?» «Ғажайып кішкентай қалта» және т.б пайдаланады.

Информация о работе Табиғи материалдармен ойналатын ойындар