Түйе жоңышқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 14:30, реферат

Краткое описание

Азаматтық құқық – құқықтың бір саласы.Оның атауы ежелгі уақыттан белгілі.Оны Римдік заңгерлер Римдік азаматтарының құқығы- «Цивильді құқық»деп атады.Азаматтық құқық ҚР-ның құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс тіршілікпен, сондай ақ азаматтардың заңды тұлғалармен мемлекеттің өзімен оның әкімшілік аумақты бөліністерімен тығыз байланысты.ҚР азаматтық құқығының мәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген.Өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатнастар құрайды.

Содержание

Кіріспе
І. Азаматтық құқық теориясы
1.1.Азаматтық құқықтың жүйесі,қайнар көздері.
1.2.Құқық қаблеттілігінің және әрекет қаблеттілігінің түсінігі.
1.3.Мәміленің жалпы сипаттамасы.
ІІ. Азаматтық құқықтың жасалу тәртібі
2.1.Өкілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі
2.2.Сенімхат түсінігі және жасалу тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

азаматтык кукык.docx

— 43.75 Кб (Скачать документ)

Өкілетсіз екінші бір тұлғаныңмүддесі  үшін әрекет еткен тұлға өкіл болып  табылмайды. Өкілетсіз әрекетке АК 165-бабы өкілеттікті асыра пайдаланушыларды да жатқызады.  Өкілеттікті асыра пайдалануға сенімхатта көрсетілмеген мәмілелерді жүзеге асыру жатқызылады. Мысалы, пәтерді мәміле бойынша жалға алу керек болса, өкіл оны сатып-алуға келісімге отырады. Өкіл асара пайдаланған өкілеттіктің салдарын өкілдік беруші қолдаса, онда әрекет негізінде туындаған құқықтар мен міндеттер осы әрекет жасалған уақыттан бастап өкіл берушіге тиісті болады. Егер өкіл беруші әрекетті қолдамаса, оның ішінде өкілеттікті асыра пайдалану негізінде жасалған мәмілелерді дұрыс деп таппаса, онда үшінші жақ алдында жауапкершілікті өкіл ретінде қатынасқа түскен адам алады.

Рыноктық қатынасқа өту  және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл – бұл шарт жасасу кезінде  кәсіпкер атаныан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға. 

Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде  олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындай (АК-тің 166-бабының 1- тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген  жағдайда- сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі  түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен  тұлғаның алдында болатын өкілдік.

Өз атынан болу – заңды  тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін  орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай өкілетте бір субъект болады, сырттан  бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1- тармағы).  Мысалы, жұмыс беруші атынан басқа субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік міндетін атқаратын жұмысшы, кәсіпорыннң ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін жасаушы кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен сатушысы, кәсіпорынның заңды кеңесшісі, т.б.).

Өз атынан өкіл болу сонымен  қатар басқа да тәсілмен жасалуы  мүмкін. Әсіресе, олар заңды тұлға  өз қаржысы есебінен  қосымша құрылымдық бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін  жатқызуға болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана атқара алады. 

Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі-басқалардың мүдделері  үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған  адамдар және т.б.). Өкілдіктің бұл  түрі бизнес сферасында қызмет көрсетудің өзіндік түрі ретінде сипатталды. Мүліктік айналымда бұл өкілдік  арнайы делдалдық түрі ретінде қолданылады.

Рыноктың қажеттілігіне  сәйкес делдалдық қызметтің дамуын өкілдікті жүзеге асыру жолы  нормативтік актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауарлық биржа туралы” Жарлығында биржалық сауда қатысушыларының  арасында брокерлік ұйымдар мен  тұтынушы атынан және оның есебінен биржалық мәміле жасай алатын брокерлер аталған.  

Коммерциялық өкілдің  өкілеттігі жазбаша шартта тікелей  көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін  сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шартың түрлі тараптарын мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттығымен орындауға міндетті.(АК-тің 166-бабының 4-тармағы).

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген  салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.

Коммерциялық өкілдіктедің ерекше сипаты төмендегі ережелерден  көрінеді:

1) коммерциялық өкілдердің  өкілеттігі сенімхаттарда жазбаша  көрсетілуі тиіс;

2) коммерциялық өкілге өкілдік беруші атынан өз мүддесі үшін немесе басқа тұлғаға қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді, сонымен қатар бір уақытта өкілге оның қатысуымен жасалған шарттың әртүрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады (мысалы, сатушы мен сатып алушының, жалға беруші мен жалға алушының және т.б.).

3) комерциялық өкіл өзара жасасқан шартта көрсетілген болса, шарт тараптарынан сыйлық ақы алуға құқылы;

4) коммерциялық өкілге  сауда мәмілелерін жаса кезінде  мәлім болған құпияларды сақтау  міндеті жүктеледі.

Коммерциялық өкілдіктің бір сферасы сақтандыру құқықтық қатынасы  болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сақтандыру туралы” Жарлаығы бойынша сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген, заңды тұлғалардың атынан әрекет ететін сақтандыру брокерларының қызметіне жол берілген. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сақтандыру брокері ретінде лицензияланған қызмет қажет емес. Шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының территориясында сақтандыру брокерлік қызметтерін өздерінің филиалдары немесе өкілдіктері арқылы белгіленген тәртіпте жүзеге асыра алады.   

 

 

 

 

2.2 Сенімхат түсінігі және жасалу тәртібі

 

Сенімхаттың нысаны мен мерзімі  сенімхат берілген елдің құқығы бойынша  анықталады.

Азаматтық сотта азаматтар  өз істерін не өзі не өкілдік арқылы жүзеге асыра алады. Сотта өкіл болып  сотта іс жіргүзуге өкілеттігі сенімхат, заң, әкімшілі акті, немесе сот шешімі негізінде ресми түрде анықталған кез келген әрекет қабілеті бар тұлға  бола алады.

Сотта тапсырма (кепіл) бойынша  төмендегі тұлғалар өкіл бола алады:

1) Қорғаушы;

2)  Заңды тұлға қызметкерлері;

3) Уәкілдігі бар кәсіби  одақ – осы кәсіптік одақ  құқықтары мен мүдделерін қорғауды  жүзеге асыратын тұлғалардың,  жұмысшылардың қызметкерлердің  істері бойынша;

4) Сол ұйым мүшелерінің  құқықтары мен мүдделерін қорғауға  заңмен, ережемен құқық берілген  уәкілетті ұйымдар;

5) Тұлғалардың құқықтары  мен мүдделерін қорғауға құқық  берілген уәкілетті органдар;

6) Басқа қатысушылардың  уәкілеттігі бойынша қатысушы.

Судьялар, тергеушілер, прокурорлар  және депутаттар өкіл бола алмайды. Сотта іс жүргізу уәкілеттігі өкілге уәкілеттік беруші атынан барлық істерді жүргізуге құқық береді. Бірақ, оның талап арызға қол қоюға, талап арыздан толық немесе жартылай бас тартуға, талап мазмұнын өзгертуге, сот шешіміне шағымдануына, уәкілдікті басқа тұлғаға беруіне, сот шешімінің орындалуын талап етуіне құқығы жоқ.

Осы аталған әрекеттерді  жүзеге асыру үшін оның құқығы өкілеттік  берушінің сенімхатында көрсетілуі керек. Өкілдің уәкілеттігі заңға  сәйкес рәсімделген сенімхатпен жасалады.

Әрекет қабілеттігі жоқ  азаматтардың құқықтар, бостандықтары  және заңмен қорғалатын мүдделері сотта  олардың ата-аналарымен, асырап алушыларымен, қамқоршысылары немесе қорғаншыларымен сотта уәкілеттік құжаттарын көрсете отырып жүзеге асырылады. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған азаматтың ісі бойынша өкілеттікті оның мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асырып отырған адам ала алады.

Заңды өкілдер уәкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін, уәкілдік берушіге тиесілі құқықтарды заңда көрсетілген шектеулермен жүзеге асыра алады. Заңды өкілдер сотта іс жүргізуді басқа өкілге бере алады. 

Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады. Сенімхатты пайдалану кезінде уәкілдік және өкілетті деген терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдік өкілдік беруші атынан іс-әрекетуке қатынасуы, ал өкілеттік - өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әреукеттерінің шеңбері болып табылады.

Заң жағынан қарағанда  сенімхат беру – біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді. Сенімхат бір жақты мәміле болғандықтан, онда мәтінде көрсетілген тұлғаның басқа біреудің атынан құқықтық қатынасқа түсетін құқығы көрсетіледі.

Өкілеттіктің сипатына қарай  сенімхаттар бір рет қолдануға  жарамды, яғни бір ғана мәміле жасасуға немесе бір ғана әрекет жасауға арналған (мысалы, бір ғана айдың айлық ақысын алу); біртекті мәмілелер жасауға арналған арнайы (мысалы, шикізат сатып алу); немесе ұзақ уақыт бойы бір ғана әрекетті жасауға арналған (мысалы, заңды тұлға атынан шарт жасау); негізгі – белгілі бір аумақта барлық заңды әрекеттерді жасау немесе заңды тұлғаның филиалындағы мүлікті басқару үшін арналған; әмбе-бап (универсалды) – сенім берушінің барлық құқықтарын жүзеге асыру үшін арналған деп бөлінеді. Сенімхат үшінші жақпен құқықтық қатынасқа түспей-ақ сенім берушінің мүлкін пайжалануға және билік етуге берілуі мүмкін (мысалы, автомобильді басқаруға сенімхат беру).

Сенімхаттарды заңды тұлғалар мемлекеттік органдар жүргізген коммерциялық, инвестициалық тентерлері, аукциондар және мемлекеттік меншіктегі объектілерді және мемлекеттік акция пакетін сату кезінде кеңінен қолданады. Заңды тұлғалардың өкілдері осы мәмілелердің қатысушылары ретінде тіркелу үшін құрамында өкілеттігін растайтын сенімхат бар құжаттар тізімін көрсетулері қажет.

Коммерциялық сферада  сенімхатты қолдану үшін екі жағдайға көңіл бөлу қажет.

Біріншіден, сенімхатта сенім беруші мен өкілдікті алушы туралы мәліметтер толық көрсетілуі қажет (азаматтардың толық аты-жөні немесе заңды тұлғалардық толық атауы), берілген уақыты, тұлғалардың қолы, екіншіден, сенімхатта өкілдің өкілеттігі анық көрсетілуі тиіс.

Заң сенімхаттың жазбаша  түрін міндетті түрде сақтауды талап  етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады.

Нотариалды куәландырылған сенімхаттарға төмендегі сенімхаттар  теңестіріледі:

1) Госпитальда, санаторияларда  және тағы басқа әскери емделу  орындарында жатқан әскери қызметкерлер  мен басқа да тұлғалардың, осы  госпитальдағы, санаторидегі және  басқа да әскери емделу орындарының  басшылары, медицина бөлімі бойынша орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлер куәландырған сенімхаттары;

2) Нотариалды қызмет жасайтын  мемлекеттік нотариалды кеңселердің  немесе басқа да органдары жоқ әскери бөлімдердің, мекемелердің және әскери оқыту бөлімдерінің әскери қызметкерлерінің және олардың жанұя мүшелерінің  осы бөлім, мекеме басшылары немесе начальниктері куәландырған сенімхаттары;

3) Бас бостандығынан айрылғандардың  мекеме басшысы куәландырған  сенімхаттары;

4) Осы мекеме басшылары  куәландырған тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі кәмлетке толған әрекет қабілеттігі бар азаматтардың сенімхаттары.

Корреспонденция, соның ішінде ақшалай және сәлемдеме, еңбек ақы және тағы басқа төлемдерді алуға берілген сенімхат сенімхат беруші тұлға тұратын  жергілті басқару орагымен, ол жұмыс істейтін немесе оқитын ұйыммен куәландырылуы мүмкін. Телеграфпен немесе байланыс құралының басқа да түрімен жіберілген, құжатты жіберуді байланыс қызметкері жүзеге асырғанда сенімхат сол байланыс органымен куәландырылады. 

Үшінші тұлға ресмим байланыс органының қатысуынсыз, факсмальді немесе басқа байланыс құралымен жіберілген сенімхаттарды әрекетті жүзеге асыру үшін жарамсыз деп тануына құқығы бар.

Мемлекеттік органдардың, комерциялық  және коммерциялық емес ұйымдардың ақша және басқа да бағалы заттарды алуға  немесе беруге арналған сенімхаттарына сол ұйымның  бас есепшісі қол қоюы қажет.  

Сенімхат – ол жазбаша  құжат. Сенімхаттың қарапайым жазбаша  түрі және нотариалды куәландырған нұсқасы болады.

Нотариалды куәландырылған сенімхатты берудің Азаматтық Кодексте екі жағдайы қарастырылған:

1) мүлікті басқаруға арналған  сенімхат; 2) мәміле жасауға арналған сенімхат (мысалы, сатып алу-сату мәмілесін жасауға арналған).

Нотариалды және оған теңестірілген сенімхаттардан басқа  өкілетті орган растайтын сенімхаттарда болады. Олар сенім берушінің атынан жалақы алу, т.б. сол сияқты әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі.

Қарапайым сенімхат заңды  тұлғаның мөрі қойылып, сенім берушінің қол қоя отыруымен заңды түрде беріледі.

Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі кәуландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.

Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат - әр кезде де мерзімді құжат. ҚР АК 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта ең ұзақ мерзім көрсетілсе,  Ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе – берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.

Өзіне арнап өкілеттік  құқық берілген әрекеттерді сенім  алушының өзі атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат бойынша осылай етуге  өзіне өкілеттік құқық берілген немесе сенім берушінің мүдделерін қорғауға жағдайлардың салдарынан осылай етуге мәжбүр болған ретте ғана ол сенімхат бойынша әрекет етуді басқа біреуге сенім ауысуы арқылы бере алады.

Информация о работе Түйе жоңышқа