Жер құқығының түсінігі, әдістері, жүйесі, жер құқығының сабақтас құқық салаларымен ара қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 20:03, курсовая работа

Краткое описание

Егер бұрында жер қатынастарының мүліктік сипаты жерге айрықша мемлекеттік меншікпен шектелсе, бұл ереженің жойылуымен жер-мүліктік құқықтық қатынастарының ауқымы кеңейді. Және соған қарамастан, ол өзінің табиғатпен және табиғи ортамен байланысын жоғалтпады. Жер-мүліктік қатынастарының басқа мүліктік қатынастардан басты айырмашылығы осында.

Содержание

Кіріспе 2
1 -тарау. Жер құқығының түсінігі, әдістері, жүйесі, жер құқығының сабақтас құқық салаларымен ара қатынасы 4
1.1. Жер құқығының түсінігі 4
1.2. Жер құқығының пәні 5
1.3. Жер құқығының әдістері 7
1.4. Жер құқығының жүйесі 9
1.5. Жер құқығының сабақтас құқық салаларымен ара қатынасы 12
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер 18

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жер құқығы.doc

— 108.00 Кб (Скачать документ)

Жер құқығы аграрлық құқықтан мына жағдайлар бойынша ажыратылады: жер құқығы ауылшаруашылық өндіріс пен өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін тиісті алғышарттарды туындатады (жерді пайдалануға беру, ауыл шаруашылық жерлерін қорғау мен ұтымды пайдалану режимін орнықтыру, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің артықышылығы және т.б.), ал аграрлық құқық тауарлық ауыл шаруашылықтық өнімдер саласында туындайтын ауыл шаруашылық өндірістік қатынастарды ретейді. Сондықтан да, аграрлық құқықтың объектісі болып барлық жер емес, тек ауыл шаруашылығында еңбек және өндіріс құралы болып табылатын немесе осы мақсаттарға жарамды жер бөлігі ғана табылады.

Жер құқығы Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының нормаларымен де тығыз байланыста. Өйткені, жер тек меншік объектісі ғана емес, азаматтық айналымның да (жер учаскесін сату-сатып алу және сыйға тарту) объектісі болып табылады. Сондықтан да, мұндай жағдайларда жер қатынастарына азаматтық заңнаманың нормалары міндетті түрде қолданылады, яғни, бұл құқықтық қатынастар әрқашанда заңды фактімен тығыз байланысты болғандықтан азаматтық заңнамамен реттелетін өтпелі нормаларға айналады. Сол себепті де, біз кейбір авторлардың  «жер қатынастарына азаматтық заңнаманың нормалары кеңінен қолданыла бастағандықтан, бұл қатынастар біртіндеп өз ерекшеліктерін жоғалта бастады» деген пікірін қолдамаймыз. Бұл салалардың, соның ішінде, азаматтық заңнаманың, нормалары қазіргі кезде жаңа нарықтық жағдайларға байланысты тек жер құқығын қалыптастыруға қатыса алады.1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Қорытынды

 

Жер туралы заңнаманың нормаларына алғашқыда азаматтық заңнаманың кейбір нормалары енгізілген болатын, кейіннен олар біртіндеп алынып тасталды. Ал қазіргі кездегі жер туралы заңнаманың нормалары жер учаскелеріне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығымен байланысты нормалармен күшейтілген.

Жер құқығы саласының жүйесі жер құқығының ғылымы жүйесінен былай ажыратылады: жер құқығының ғылымы зерттейтін мәселелердің шеңбері жер құқығы саласын құрайтын нормалардың жиынтығына қарағанда кеңірек. Жер құқығы ғылымының жүйесіне жер құқығының нормалары мен институттарын, оның құрылымының негізгі қағидаларын зерттеу, жер құқығының даму тарихына талдау жасау, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жер құқығындағы біртектес құқықтық нормалармен институттарға салыстырмалы талдау жасау кіреді.

Бұл саладағы белгілі бір жетістіктер осы оқулықтың мазмұнынан көрініс тапты.  «Жер құқығы» оқулығының жүйесі жер құқығының құқық саласы ретіндегі құрылымын ғылыми-теориялық талдаудың, оның мазмұнына жүйелік тұрғыдан қараудың нәтижесінде қалыптасты; бұл оқулықтың жүйесі оны пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының жер заңдарының мақсаттарымен, міндеттерімен және мәнімен толығырақ танысуға мүмкіндік береді.

Жер құқығының оқу пәні ретіндегі ерекшеліктері оның заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарында қолданылатын білім беру әдістемесін ескере отырып, оқу бағдарламаларына негізделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Архипов И.Г.  Земельное право  Республики Казахстан. Алматы: «Борки», 1997.

2. Аксененок Г.А. Земельное право. М., 1972.

3. Ерофеев Б. В. Земельное право. М., 1998.

4. Хаджиев А.Х. Земельное право  Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. Алматы, Данекер, 2001.

 

 

1 Казахстанская правда, 7 декабря 1994 года

2 Вести Казахстана, 20 января 1996 года

3 Ведомости Парламента РК, 1997 г., № 12, ст. 185 

1 Земельное право. Учебник для вузов. Руководитель авторского коллектива и ответственный редактор д.ю.н., профессор С.А.Боголюбов. М., 1998. «Норма-Инфра». С. 10-11.    

2  Боголюбов С.А. Экологическое право. Учебник для вузов. М., Норма, 1998. С. 10-12

3 ҚР ӘҚБК. 251-256 баптар, Алматы. 2001 ж.

4 ҚР АК, Алматы. 1995. 154 бет.

1 Хаджиев А.Х. Земельное право  Республики Казахстан (Общая часть), 2001, С.5.

 


 



Информация о работе Жер құқығының түсінігі, әдістері, жүйесі, жер құқығының сабақтас құқық салаларымен ара қатынасы