Жер құқығының түсінігі, әдістері, жүйесі, жер құқығының сабақтас құқық салаларымен ара қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 20:03, курсовая работа

Краткое описание

Егер бұрында жер қатынастарының мүліктік сипаты жерге айрықша мемлекеттік меншікпен шектелсе, бұл ереженің жойылуымен жер-мүліктік құқықтық қатынастарының ауқымы кеңейді. Және соған қарамастан, ол өзінің табиғатпен және табиғи ортамен байланысын жоғалтпады. Жер-мүліктік қатынастарының басқа мүліктік қатынастардан басты айырмашылығы осында.

Содержание

Кіріспе 2
1 -тарау. Жер құқығының түсінігі, әдістері, жүйесі, жер құқығының сабақтас құқық салаларымен ара қатынасы 4
1.1. Жер құқығының түсінігі 4
1.2. Жер құқығының пәні 5
1.3. Жер құқығының әдістері 7
1.4. Жер құқығының жүйесі 9
1.5. Жер құқығының сабақтас құқық салаларымен ара қатынасы 12
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер 18

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жер құқығы.doc

— 108.00 Кб (Скачать документ)

Жер құқығы әдістерінің түрлері:

1) диспозитивтік;

2) императивтік.

Диспозитивтік әдістің түрлері:

1) ұсынушы;

2) санкциялаушы;

3) құқық беруші.

Императивтік әдістің түрлері:

1) құқықтық қатынастар субъектілерінің  құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы;

2) тыйым салушы (шекараларды, жер  құқығы қатынастары қатысушыларының  тиісті жүріс-тұрысын анықтау);

3) экологиялық әдіс.

Құқықтық реттеудің ұсынушы әдісі — бұл жер құқығы қатынастары субъектілеріне баламалы жүріс-тұрыс мүмкіндіктерін беру, бұл кезде субъектіге өз мақсаттарына жету үшін жүріс-тұрыс тәсілін таңдауға мүмкіндік беріледі.

Санкциялаушы әдіс жер құқығы қатынастарының субъектісіне өзінің жерге қатысты әрекеттерін уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асыру құқығын беруден көрініс табады. Мысалы, өзіндік қосалқы шаруашылық, жеке тұрғын үй құрылысын, бау-бақша және саяжай құрылысын жүргізу үшін жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шектік мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері мен атқарушы және өкілдік органдардың бірлескен шешімдерімен анықталады (ҚР ЖК, 50-б. 3-т.).

Құқықтық реттеудің құқық беруші әдісі жер құқығы қатынастарының субъектілеріне белгілі бір жағдайлар бойынша құқықтар мен бостандықтар беруден көрініс табады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 64-бабына сәйкес жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушы өз шаруашылығының қажеттіктері үшін ешқандай мәміле жасаспай сол жер учаскесіндегі құмды, балшықты, тастарды және басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды, торфты, өсімдіктерді, жер үсті және жер асты суларын пайдалануға және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қолдануға құқылы.

Экологиялық әдістің түрлері:

1) жер-құқықтық;

2) жер-экологиялық.

Жер-құқықтық әдісі ретіндегі жер қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 64-бабында қарастырылған, мысалы, аталған баптың 1-тармағы жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға жерді осы учаскенің нысанасынан туындайтын мақсатта пайдаланып, сол жерде дербес шаруашылық жүргізу құқығын береді.

Жер-экологиялық әдіс Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 140-бабында қарастырылған, оған сәйкес жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға жерді қорғауға, жерді қалпына келтіруге және т.б. бағытталған міндетті шараларды жүзеге асыру міндетін жүктейді. Экологиялық әдістің құрамына бюджет және салық заңнамаларына сәйкес жерді қорғау мен пайдалануды экологиялық ынталандыру кіреді (ҚР ЖК 140-б., 3-т.).

 

1.4. Жер құқығының  жүйесі

 

Әдебиетте жер құқығының жүйесі ретінде әрқайсысы біртектес, өзіндік ерекшеліктерге ие жер қатынастарын реттейтін жер-құқықтық нормалардың топтарынан құралған жер-құқықтық институттардан құқықтық реттеу пәнінің түрлері мен жүйесі түсіндіріледі.

Сонымен, жер құқығының жүйесі дегеніміз жер-құқықтық институттарының жер қатынастарын реттеудегі рөліне сәйкес ғылыми негізделген түрде орналасуы (Н.Б. Мұхитдинов).

Жер құқығы өзінің жүйесі бар құқық саласы ретінде жалпы және ерекше бөлімдерден құралады.

Жалпы ережелерден тұратын, әрекеті реттелетін жер қатынастарының барлығына немесе басым көпшілігіне таралатын институттардың жиынтығы жер құқығының жалпы бөлімін құрайды.

Барлық субъектілердің жерге қатысты тиісті және мүмкін жүріс-тұрысын анықтай отырып, жер құқығының бұл бөлімі барлық жерлердің санатына, олардағы меншік нысанына және мақсаттарына қарамастан құқықтық реттеуіне ортақ белгіні білдіреді.

Сол себепті де, жер қорын басқару органдарының құзыретін оқулықтың жалпы бөлімінде, ал олардың құзыретіне жататын жерге орналастыру, жер процесі, жер кадастры, мониторингі мәселелерін ерекше бөлімде қарастыру қате әрі түсініксіз болар еді. Себебі, бұл кезде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық органның функциялары екіге бөлініп, екі тарауда қарастырылады. Мұндай жағдай 1971 жылғы Жер кодексінде, 2001 жылғы «Жер туралы» заңда орын алған болатын.

Сонымен қатар, барлық жерлерді қамтитын жер қорғау институтының Қазақстан Республикасы Жер кодексінің ерекше бөлімінде орналасуы дұрыс емес.

Сонымен, Қазақстан Республикасы жер заңдарының құрылымы жер құқығының дербес институттарын құрайтын құқықтық нормалардың логикалық құрылымына сәйкес келмейді. Сол себепті де, бұл заңнама жүйелі-біртұтас, аяқталған болып табылмайды. Жер туралы заңнаманың құрылымын одан әрі жетілдіру қажет.

Жер құқығының ерекше бөлімі жалпы бөлімге қарағанда шартты түрде бағыныңқы сипатқа ие, және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер қоры институттарынан құралған. Бұл институттар жерлердің жекелеген санаттарының құқықтық режимін олардың пайдалану мақсаттарына сәйкес анықтайды.

Қазақстан Республикасының жер қорын құрудың құқықтық негізі болып біздің мемлекетіміздің аумағының конституциялық жағдайы табылады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағына тарайды. Жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және табиғат объектісі, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен тіршілігінің негізі ретінде сақтау еліміздегі жер туралы заңнаманың басты қағидалары болып табылады.

Жекелеген құқықтық нормалар құқықтық институттар деп аталатын нормалар тобын құрайды.

Жер құқығының жалпы бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады:

1) Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. Жер құқығының сабақтас құқық салаларымен арақатынасы;

2) Қазақстан Республикасы жер  заңдарының міндеттері, мақсаттары  және қағидалары;

3) Жер құқығының тарихы;

4) Жер құқығының қайнар көздері;

5) Жер құқығы қатынастары;

6) Жерге меншік құқығы;

7) Жер пайдалану құқығы;

8) Жеке меншік құқығы мен жер  пайдалану құқығындағы жер учаскелерінің  құқықтық режимі;

9) Жерге жеке меншік құқығы  мен жер пайдалану құқығын  қорғау және зияндарды өтеу;

10) Жер үшін төленетін төлем;

11) Сервитуттар;

12) Жер құқығы қатынастары саласындағы басқару органдарының құзыреті және мемлекеттік басқарудың жалпы мәселелері;

13) Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және  жер кадастры;

14) Жер заңдарын бұзғаны үшін  заңды жауаптылық;

15) Жер даулары.

 

Жер құқығының ерекше бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады:

1) Ауыл шаруашылық мақсатындағы  жерлердің құқықтық режимі;

2) Елді мекен жерлерінің құқықтық  режимі;

3) Өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс  және ауыл шаруашылығынан өзге  мақсатқа арналған жерлердің  құқықтық режимі;

4) Ерекше қорғалатын аумақтар  жерлерінің құқықтық режимі;

5) Су қоры жерлерінің құқықтық  режимі;

6) Орман қоры жерлерінің құқықтық  режимі;

7) Босалқы және пайдалануға жарамсыз  жерлердің құқықтық режимі.

Негізгі институттар жай және күрделі болып бөлінеді. Олар, өз кезегінде, субинституттарға бөлінеді. Мысалы, жерге меншік құқығы институты екі субинститутқа бөлінеді — «жерге мемлекеттік меншік құқығы» және  «жерге жеке меншік құқығы». Жерді ұтымды пайдалануды бақылау институты мемлекеттік, өндірістік, ведомстволық және қоғамдық бақылауға қатысты субинституттарға бөлінеді.

 

1.5. Жер құқығының  сабақтас құқық салаларымен ара  қатынасы

 

Қазақстан Республикасы ұлттық құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі бола тұрып жер құқығы басқа құқық салаларымен, соның ішінде, конституциялық, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтармен тығыз байланыста болады (кестені қараңыз).

 

Жер құқығының сабақтас құқық салаларымен арақатынасының кестесі

 

Жер құқығы

Сабақтас құқық салалары

 

1. Қазақстан Республикасының  жер құқығы жерге меншіктің құқықтық режимін, жер учаскелеріне жеке меншіктің негіздерін, шарттарын және шектерін, жерді қорғаудың негіздері мен тәртібін, жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

1. Конституциялық құқық

Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында халық билігі,егемендік қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағының біртұтастығы,қол

сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі қағидаларын бекітеді.

Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің барлық құқық салалары үшін басты ережелерді анықтайтын нормалардан тұрады. Жер құқығы саласында мұндай нормалар болып жер меншігі нысандары, соның ішінде, жерге жеке меншік құқығы шарттары туралы ережелер, табиғатты,  соның ішінде, жер ресурстарын қорғау туралы ережелер, жер учаскелері иелері мен жер пайдаланушылардың тең құқықтары туралы ережелер жатады.  

2. Жер құқығы Үкіметтің, орталық  уәкілетті органның, жергілікті  өкілдік және атқарушы мемлекеттік  органдардың және өзін-өзі басқару органдарының жер қатынастары саласындағы құзыретін реттейді; олар құқықтың ерекше саласын — жер құқығын құрайды. Бұл құқық саласына жерлер, орман мен жер қойнауы бағынады. Мұндай жағдайда жерді пайдалану мен қорғау тәртібі Қазақстан Республика-сының жер заңдарымен реттеледі. 

2. Әкімшілік құқық

Жер құқығының әкімшілік құқықпен байланысы жер қорын әкімшілік-аумақтық басқару саласында және жер туралы заңнаманы бұзған тұлғаларды жауаптылыққа тарту саласынан көрініс табады.

Жер қатынастарын реттеу әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады.

3. Жер туралы заңнама жер қорын  мақсатына сәйкес пайдалану қағидаларын  және әрбір жер учаскесінің  мақсатты пайдалануын, жеке меншікке  және жер пайдалануға берілетін  жер учаскелерінің шектерін анықтауды; оларды пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимін, жер сервитуттарын құқықтық реттеуді анықтайды; жеке меншікке немесе жер пайдалануға берілетін жер учаскелері  үшін төленетін төлемдерді орнықтырады.    

3. Азаматтық құқық (отбасы құқығы)

Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы жер учаскесін сату-сатып алу шарты, жер учаскесін сатушының, сатып алушының таңдауы, оның құнын анықтау; учаскені жалға беру, жалға берудің мерзімдері, жалға берудің төлемі; жер учаскесінің мұрагерін анықтау азаматтық құқықтың нормаларымен реттеледі. Және бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, реттеудің бұл азаматтық-құқықтық әдістері жер-мүліктік қатынастардың барлық түріне таралады. Жер учаскесін сату-сатып алу шарты тараптардың теңдігі негізінде бекітіледі, және ол жер учаскесіне құқықтың пайда болуының негізі болып табылады. ҚР ЖК 25-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскесіне меншік құқығы сатып алушыға мәміле жасасқан кездегі барлық ауыртпалықтарымен бірге беріледі. Бұл дегеніміз, жер учаскесін сатып алушы жер учаскесін иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын ғана емес, сонымен қатар, оны пайдалану мен қорғауға байланысты ҚР ЖК 64 және 140-баптарында көзделген міндеттерді де иеленеді. Алайда, бұл қатынастар азаматтық-құқықтық емес, жер-құқықтық болып табылады.

Жер учаскесін кепілге беру де осындай тәртіппен реттеледі.   

4. Жер құқығы жерге меншіктің, жерді пайдалану мен қорғаудың  құқықтық режимін орнықтырады, оларды  бұзу кінәлі тұлғаларды жауаптылық  шараларына тартудың негіздері  болып табылады.

        4. Қылмыстық құқық.

Қылмыстық құқық кінәлі тұлғалардың жер туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілігін анықтайды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 277-279, 285, 293, 294 баптары). Бұл баптардың диспозициялары экологиялық және жер қылмыстарының құрамдарын, ал санкциялары — олар үшін жазалардың түрлерін қарастырады.


 

 

Біз жоғарыда атап өткеніміздей, жер — бұл аса маңызды табиғи ресурс, онымен байланысты барлық табиғи объектілердің орналасқан жері; біз оны басқа барлық табиғи байлықтар — жер қойнауы, орман, су, жануарлар және ормандық емес өсімдіктер әлемі үшін кеңістіктік базис деп атадық. Және де жер қойнауын, ормандар мен өсімдіктер әлемін пайдалану үшін жер учаскесі керек. Жоғарыда аталған байлықтарды қорғау үшін жердің табиғи қасиеттерін сақтау қажет. Жердің жағдайын кішігірім бұзудың өзі (жерді құрту, тұздану, ластау, құрғату, топырақ эрозиясы және басқа да зиянды процестер) қоршаған ортаға зиян әкеледі және табиғи ресурстардың жағдайының нашарлауына әкеліп соғады. Сондықтан да, жерді ұқыпты пайдалану және оны қорғаудың тек жер үшін ғана емес, сонымен қатар, су, орман, табиғат қорғау заңнамаларының тиімділігін жетілдіру үшін, ал жалпы алғанда, қоршаған ортаны қорғау мен халық денсаулығын қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Бұл жер құқығының экологиялық құқықтың бір бөлігі екендігін білдірмейді. Ол экологиялық құқық саласының бір бөлігі: жер құқығы су, орман, тау, аграрлық және экологиялық құқықтың нормаларымен тығыз байланысты. Жер құқығы, бір жағынан, өз құрамында экологиялық нормаларға ие; екінші жағынан, оның нормалары аталған құқық салаларының нормаларына ауысады. Сол себепті, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 129-бабы мынадай ережені бекітеді: орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттігі үшін пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық алқаптары жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық мақсаттарында берілуі мүмкін. Осыған ұқсас ереже Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 134-бабында да су қорғау аймақтары мен белдеулеріне енгізілген жер учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасының су заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады деп көрсетілген.

Жер құқығының тау құқығымен тығыз байланысын «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Жарлықтың 13-бабы 4-тармақшасының мазмұнынан айқындауға болады. Бұл бапқа сәйкес, жеке қажеттіктері үшін кең таралған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру астында кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бар  жер учаскесін меншік құқығына немесе жер пайдалануға берумен бір мезетте жүзеге асырылады; жер учаскесін уақытша жер пайдалануға беруде жалпыға таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын жеке қажеттіліктерге пайдаланудың тәртібі уақытша жер пайдалану шартымен көзделіп кетуі мүмкін.

Жер құқығы экологиялық құқықпен де тығыз байланысты, себебі, ол, жоғарыда атап өткеніміздей, бұл құқықтың құрамының саласы ретінде белгілі. Жер құқығының нормаларында жерді қорғаудың экологиялық нормалары толығымен көрініс табады — жер-құқықтық нормалар экологиялық талаптарға сәйкестендірілген. Бұл жер қатынастарын құқықтық реттеудің мынадай бағыттарынан байқалады: жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлауды реттеуден, жер қорын пайдалануды болжау мен аймақтарға бөлуден, жерге орналастыру процесінен, жерлерді жеке меншікке және жер пайдалануға беруден және олардан алып қоюдан, жерді басқару, бақылау және қорғауды жүзеге асырудан.

Информация о работе Жер құқығының түсінігі, әдістері, жүйесі, жер құқығының сабақтас құқық салаларымен ара қатынасы