Канаданың жер кадастры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2014 в 16:30, реферат

Краткое описание

Жер кадастры жерді (топырақты) оның сапсына, өнімділігіне қарай бағалап, сипаттап, оны әртүрлі топтарға, категорияларға бөліп тіркеу мағынаны білдіреді. Жалпы кадастр сөзі француздың «cadastre» деген сөзінен шығып, орысша – реестр, ал қазақша – тіркеу деген мазмұнды береді. Әңгіме жай ғана тіркеу емес, сол тіркелетін жерлерімізді жан-жақты зерттеп, сапасына қарап, әртүрлі деңгейге топтастырып, бағалап тіркеу. Сонымен жер кадастрының негізгі міндеті – бағалауға қажетті жерлерімізді терең зерттеп, олардың көлемі мен сапасын анықтап, әр елдің, облыстың, ауданның және жеке шаруашылықтардың жер қорларының көлемі мен сапасын анықтау.

Содержание

Кіріспе 3
1 Кадастр туралы түсінік 4
2 Канада елітуралыжалпытүсінік 6
3 Канаданыңжер кадастры 8
Қорытынды 11
Пайдаланылғанәдебиеттертізімі 12

Прикрепленные файлы: 1 файл

кадастр канады.docx

— 42.18 Кб (Скачать документ)

Канадада мемлекеттік тіл ретінде ағылшын тілі мен француз тілі саналады. Мемлекеттік ұйымдар мен барлық мекемелерде екі тіл қатар жүреді. Азаматтардың қалаған тілде сөйлеуіне және қалаған тілде іс-қағаздарды толтыруына құқықтары бар. Статистикалық деректер бойынша канадалықтардың 59.7% халқының ана тілі – ағылшын тілі, 23.2% тиісінше француз тілі. 67,5% халық тек қана ағылшын тілінде сөйлей алады, 13,3% тек француз тілінде сөйлей алады, және 17,7% халық екі тілде қатар сөйлейді. Квебек провинциясындағы ресми тіл ретінде француз тілі саналады. Өйткені Канададағы француз тілді азаматтардың 85% Квебекте тұрады. Одан кейінгі француз тілділердің басым бөлігі Онтариода тұрады. Квебектен басқа провинцияларда ресми тіл ретінде бекітілген арнайы тіл жоқ. Екі тіл қатар қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         3 КАНАДАНЫҢ ЖЕР КАДАСТРЫ

 

Канадада жер кадастрын жүргізумен жерді инвентаризациялау қызметі айналысады. Ол жерді зерттеуді бүкіл ел бойынша бір бағдарлама бойынша жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Оның ең басты міндеті – федералды және аудандық мекемелерді дәл және толық мемлекеттің жер ресурстарының өнімділігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Канаданың жер кадастры әр түрлі есеп алу мен жерлерді тіркеуді аудандар бойынша жүргізеді. Федералды мекеме есеп алу мен тіркеуді тек қана Солтүстік-Батыс аймақтары мен Юкон ауданында жүргізеді. Шығыста тіркеу хабарландыру сипатта келеді. Қоғамды ол туралы хабарландырады, ал батыста тіркеу меншік иесінің құқығын растайтын құқық аттестатын беру кепілдігі бар (Торренс жүйесі).  Онтарио ауданында екі жүйе де қызмет етеді.

Канаданың кадастры парцеллалы болып келеді. Жер телімдерін кодтау процесінде қолданылады. Квебекте кодтау кадастрлық кодекс негізінде жүзеге асады. Француздыққа ұқсас болып келеді. Басқа аудандарда Ұлыбританиядағыдай. Және жеке меншік иесі екенін растайтын құжаттар арнайы кітаптар жіне реестрлар түрінде көрсетіледі. Ал Квебек провинциясында кадастрлық план түрінде беріледі.

200-ге жуық ЗИС жұмыс  істейді. Бірақ комплексті ЗИС-тар  жоқ. Алайда Канадада 1990 жылдардың  басында оқуға, сақтауға, ресурстардың  карталарын салыстыру мен анализ  жасауға және жерлерді, қоғамдық және экономикалық ақпаратты пайдалануға, аудандарды таңдау мен есептеуге, мақсатты карталарды ұйымдастыруға арналған ең комплексті ЗИС жасалған болатын.

1963 жылға дейін Канадада жерлерді ауылшаруашылыққа пайдалануға болатын дәрежесіне қарай бөлуді аудандық ауыл шаруашылық департаменттері жүзеге асыратын. Осыған орай әр түрлі провинцияларда өзіндік жер классификациясы жасалатын. Ал ең толығы осылардың ішіндегі Британ Колумбиясы провинциясында.

1963 жылы жерлерді инвентаризациялау  қызметінің орман шаруашылығы  департаменті мен ауылдық аймақтарды  дамыту департаменті жанынан  пайда болуымен  жерлерді классификациялаудың  бірыңғай жүйесін ойлап шығару  мақсатында зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл қызмет Канаданың адамдар мекендейтін аймағында, яғни 2,5 млн км2 ауданда систематикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған орай аймақтарды ауыл шаруашылықта пайдалану басқа пайдаланушылық түрлерімен тығыз байланысты. Жерлерді бағалау мақсатына қарай 4 типті бөліп көрсетеді. Нақтырақ айта кетер болсақ, ауыл шаруашылығына арналған, орман шаруашылығына арналған, халықтың демалуына арналған, жануарларға арналған (тұяқтылар мен суда жүзетіндер) болып бөлінеді.

Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді классификациялағанда жерлерді пайдаланған кезде өнімділігі жоғары болу дәрежесіне қарай 7 классқа бөледі. Жерлерді классификациялау схемасы олардың ауыл шаруашылығында пайдалану мүмкіндігіне қарай факторлардың біліну дәрежесін анықтау негізінде жүргізіледі. Аталған факторлар жерлерді пайдалану мүмкіндігін шектейтін факторлар болып табылады. Және американдықпен өте ұқсас болып келеді. Алайда класс тармақтары айтарлықтай көп. Класс тармақтары шектеуші фактордың табиғатын сипаттайды. Класс тармақтары мынандай болып келеді: С класс тармағы климаттық факторға негізделген; D – топырақтың  гранулометриялық құрамымен; Е – эрозиямен; F – топырақтың төмен өнімділігімен; I – су басуымен; М – ылғалдылықтың жетіспеушілігімен, бұл су өткізігіштігі мен топырақтың су жинауыш қасиетінің төмен болуы нәтижесінде болады; N – тұздылығымен; Р – тастылығымен; R – аналық жыныстың қаттылғымен; S – зиянды топырақ факторлар тізбегінің комплексті әсерінен; Т – топографиялық фактормен; W – артық ылғалдылықпен; Х – факторлардың аккумулятивті әрекетінің нәтижесі. Аталған факторлардың әрқайсысын жекелей алғанда олар жердің класстық дәрежесін түсіру мүмкіндігі аз болып келеді. Бірақ барлығы бірге аймақтың ең төменгі классқа жатуына мүмкіндік береді. Топырақты классқа және класс тармағына жатқызу шектелген факторлар арқылы және олардың көрсетілу дәрежесіне қарай жүзеге асады. Алдымен класс тармағын анықтайды. Яғни шектеуші факторды. Осыдан кейін классты анықтайды. Класс – шектеу дәрежесі, берілген фактор негізінде көрсетіледі.

Жерлерді инвентаризациялау жұмыстары , классификациялау жұмыстарын да қосатын, бүкіл халықтық бірыңғай бағдарлама шегінде жекелей алынған провинцияларда жүзеге асады. Қолдануға болатын жерлердің тақырыптық карталары 1: 50 000 масштабта жасалады және 1: 250 000 масштабта басып шығарады. Аталған карталар пландау жұмыстарына да қолдануға болады. Жерлерді пайдалану карталарын тек қана 1: 50 000 масштабта жасайды және оны басып шығармайды.

Канадада орман шаруашылығын жүргізу мүмкін болатын мақсатта пайдалануына қарай жерлерді классификациялайды. 7 класс пен 18 класс тармағы ерекше аталып көрсетіледі. Және де дәл осындай халықтың демалуына да арналған жерлерді классификациялау жүргізіледі. Бұл жерде 7 класс пен 24 класс тармағы бар. Сонымен қатар жабайы табиғатты сақтауға арналған жерлерді классификациялайды. Жабайы жануарларды өсіріп, көбейтуге арналған 7 класс пен 11 класс тармағы, және суда жүзетін құстарды өсіріп, көбейтуге арналған 7 класс пен 4 класс тармағы бар.

Канадада жерлерді бағалаудың бірыңғай тәсілі жоқ. Кейбір провинцияларда әдістер ойлап табылды. Олардың негізіне Стори индексі қойылған. Сонымен қатар бидайдың өнімділігін жерлерді бағалау көрсеткіші ретінде қолданады. Және барлық жерлер 5 өнімділік класына жіктеледі. Басқа дәнді-дақылдар мен өнімдерді бидайдың түсімділігінің сәйкес коэффициенттеріне аударады. Жерлерді экономикалық бағалау бағалық санға ауыстырылмайды.

Канадада жерлерді бағалау 1899 жылдан 1952 жылға дейін жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылық Министрлігінің қызметінің арқасында. XX ғасырдың екінші жартысынан қазіргі кезге дейін топырақты қорғау арнайы мекемесінің қызметімен жасалып жатыр. Топырақты қорғау мекемесі топырақтық зерттеулер жүргізеді және жерлерді дұрыс пайдалану жөніндегі сәйкес ұсыныстар береді. Топырақтанушылар фермерлермен бірге жерлерді дұрыс пайдалану жөніндегі жобаларды құрастырады. Бұл жобалар негізінде екі жақты келісім жасалады: жерлерді пайдалану жөніндегі пландар. Осы келісімге сәйкес фермер топырақты қорғау мекемесінен топырақты қайта өңдеуге, тыңайтуға, егіншілікке т.б. Жағдайларға қажетті құралдарды ала алады. Ал фермер барлық жағынан топырақ қорғау мекемесінің толық ұсыныстарын орындауы тиіс.

Канадада топырақты бонитеттеудің екі әдісі қолданылады:

1) комплексті – табиғи  аумақтарды комплексті ерекшелеу  және оларды көпжылдық өнімділігіне  қарай бағалау ( > 10 жыл)

2) факторлық – табиғи  факторларды есептеу. Осының нәтижесінде  топырақтың қасиеттері мен оларды  мелиорациялау жолдарын анықтайды.

Жерлердің класстарын анықтау табиғи қасиеттерді есептеуге, топырақтың тұздың мөлшеріне, рельефке, климаттық жағдайларға байланысты негізделіп, жүргізіледі. Салық салу мақсатында жерді бағалау тек қана өнімділікке негізделмейді, сонымен қатар топырақты өңдеу мен тыңайтуға, таза пайда мен өндіру нарықтан алшақтығы да ескеріледі.

Ең үлкен пайда 100 баллдық жүйемен есептеледі. Және онымен басқа топырақтардың пайдалылығы салыстырылады. ХХ ғасырдың 60-жылдардан бастап Канадада топырақты қорғау мекемесімен арнайы топырақты ауыл шаруашылығында практикалық тұрғыда қолдануға байланысты  классификациялау ойлап табылған. Сайып келгенде ол топырақтың агро өнімділігіне қарай классификациялау болып табылады. Аталған классификациялау 8 классқа бөлінеді. Бұл класстарға бөлу жерлердің ауыл шаруашылығына жарамдығына байланысты бөлінген болатын. Бұл классификацяилауға сәйкес барлық Канада жерін 2 группаға бөлген: I -  өңдеуге оңай жерлер; II – өңдеуге жарамсыз жерлер. I группа  5 классқа группаланған болып келеді:

бірінші класс – рельефке байланысты топырақ сапасының нашарлығы, жер өңдеуге жарамсыз топырақтар;

екінші класс – топырақ сапасы төменгіден кішкене жоғарырақ. Жер өңдеуге барлық территорияның 30-50℅ жарамды;

үшінші класс – топырақтың сапасы орташа, 50 ℅ топырақ территориясы бұл класста өңдеуге жарамды;

төртінші класс – топырақ сапасы орташадан жоғары, 50-75 ℅территория өңдеуге жарамды;

бесінші класс – топырақ сапасы жоғары, бұл класстың барлық территориясы өңдеуге жарамды болып келеді.

II группа  - жер өңдеуге жарамсыз жерлер:

бірінші класс – орман алқаптары мен мал бағуға арналған жайылым жерлер;

екінші класс – бірінші класс тәрізді орман алқаптары мен мал бағуға арналған жайылым жерлер болып келеді, алайда аздаған шектеулері бар.

үшінші класс – ол да орман алқаптары мен мал бағуға арналған жайылым жерлер болып табылады, бірақ өте үлкен шектеулерімен;

төртінші класс – орман алқаптарына да (аңшылық алқаптары, жайылым), өріс пен жайылымға да, орманды орналастыруға да жарамсыз жерлер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         ҚОРЫТЫНДЫ

 

Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды.

Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттігі туындайды.

«Кадастр» сөзі латынның «capitastrum» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты «реестр» айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастры деп бөлінеді. Сонымен біржақты түсінікте жер кадастры – жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте – жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрлардың басқа түрлерінен жер кадастры өзінің объектісімен (жер – өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастры әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі.

Канаданың жер кадастры әр түрлі есеп алу мен жерлерді тіркеуді аудандар бойынша жүргізеді. Федералды мекеме есеп алу мен тіркеуді тек қана Солтүстік-Батыс аймақтары мен Юкон ауданында жүргізеді. Шығыста тіркеу хабарландыру сипатта келеді. Қоғамды ол туралы хабарландырады, ал батыста тіркеу меншік иесінің құқығын растайтын құқық аттестатын беру кепілдігі бар (Торренс жүйесі).  Онтарио ауданында екі жүйе де қызмет етеді.

Канадада жер кадастрын жүргізумен жерді инвентаризациялау қызметі айналысады. Ол жерді зерттеуді бүкіл ел бойынша бір бағдарлама бойынша жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Оның ең басты міндеті – федералды және аудандық мекемелерді дәл және толық мемлекеттің жер ресурстарының өнімділігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Е.У.Жамалбеков, А.Т.Темирбеков «Основы земельного кадастра» Алматы, «Қазақ университеті», 2004, с. 24-25
  2. Е.У.Жамалбеков «Жер кадастры» Алматы, «Қазақ университеті», 2001, с. 30-31
  3. Дегтерев И.В. «Земельный кадастр» М.: Колос, 1979, с. 302-303
  4. Сейфуллин С. «Земельный кадастр: управление земельными ресурсами в рыночных условиях» Алматы, 2001, с. 57-59
  5. Сейфуллин Ж.Т., Нюсупова Г.Н., Сейтхамзина Г.Ж. «Қазақстанның жер кадастры» Алматы, «Қазақ университеті», 2013, 121-122 бб.
  6. Сейфуллин Ж.Т. «Жер кадастры» Алматы, КазНАУ, 2001,88-89 бб.
  7. Сейфуллин Ж.Т., Калиев Г.А.,Нюсупова Г.Н. «Государственный земельный кадастр Республики Казахстан» Алматы, «Қазақ университеті», 2012, с. 68-69

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Канаданың жер кадастры