Канаданың жер кадастры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2014 в 16:30, реферат

Краткое описание

Жер кадастры жерді (топырақты) оның сапсына, өнімділігіне қарай бағалап, сипаттап, оны әртүрлі топтарға, категорияларға бөліп тіркеу мағынаны білдіреді. Жалпы кадастр сөзі француздың «cadastre» деген сөзінен шығып, орысша – реестр, ал қазақша – тіркеу деген мазмұнды береді. Әңгіме жай ғана тіркеу емес, сол тіркелетін жерлерімізді жан-жақты зерттеп, сапасына қарап, әртүрлі деңгейге топтастырып, бағалап тіркеу. Сонымен жер кадастрының негізгі міндеті – бағалауға қажетті жерлерімізді терең зерттеп, олардың көлемі мен сапасын анықтап, әр елдің, облыстың, ауданның және жеке шаруашылықтардың жер қорларының көлемі мен сапасын анықтау.

Содержание

Кіріспе 3
1 Кадастр туралы түсінік 4
2 Канада елітуралыжалпытүсінік 6
3 Канаданыңжер кадастры 8
Қорытынды 11
Пайдаланылғанәдебиеттертізімі 12

Прикрепленные файлы: 1 файл

кадастр канады.docx

— 42.18 Кб (Скачать документ)

             Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

               әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

География және табиғат пайдалану Факультеті

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

«Канаданың жер кадастры»

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                Орындаған:

                                                                                1ГК 01 студенті Алпысбай М.А.

                                                                                Тексерген: Утепбаева А.К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 
                                                                   Алматы

2014

                                                                   МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе                                                                                                           3

1 Кадастр туралы түсінік                                                                            4

2 Канада елі туралы жалпы түсінік                                                              6

3 Канаданың жер кадастры                                                                        8

Қорытынды                                                                                                   11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                            12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     КІРІСПЕ

 

Жер кадастры жерді (топырақты) оның сапсына, өнімділігіне қарай бағалап, сипаттап, оны әртүрлі топтарға, категорияларға бөліп тіркеу мағынаны білдіреді. Жалпы кадастр сөзі француздың «cadastre» деген сөзінен шығып, орысша – реестр, ал қазақша – тіркеу деген мазмұнды береді. Әңгіме жай ғана тіркеу емес, сол тіркелетін жерлерімізді жан-жақты зерттеп, сапасына қарап, әртүрлі деңгейге топтастырып, бағалап тіркеу. Сонымен жер кадастрының негізгі міндеті – бағалауға қажетті жерлерімізді терең зерттеп, олардың көлемі мен сапасын анықтап, әр елдің, облыстың, ауданның және жеке шаруашылықтардың жер қорларының көлемі мен сапасын анықтау.

Жер кадастры – екі бөлімнен тұрады: 1) Топырақ бонитировкасы, яғни топырақты бонититтеу, 2) Жерді экономикалық бағалау.

Топырақты бонититтеу топырақ зерттеушілерінің үлесіне тисе, жерді экономикалық бағалауды экономистер жасайды. Жер кадастрын жасап, оны практикалық өмірде қолдану қазір бүкіл өркениетті елдерде заңдастырылған негізгі өндіріс құралы – жерді тиімді пайдаланудың басты кепілі.

Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.

Канадада жер кадастрын жүргізумен жерді инвентаризациялау қызметі айналысады. Ол жерді зерттеуді бүкіл ел бойынша бір бағдарлама бойынша жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Оның ең басты міндеті – федералды және аудандық мекемелерді дәл және толық мемлекеттің жер ресурстарының өнімділігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Рефератты жазу барысында ұлттық және аймақтық ғылыми-зерттеу мекемелерінің мақалалары мен баспалары қолданылды.

Реферат кіріспе, үш тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімі, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі –12 бет. Қолданылған әдебиеттер тізімі 7 атаулардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

                1 КАДАСТР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

 

Кадастр (cadastre – парақ, тізілім) –

I. экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары  туралы негізгі мәліметтердің  дүркін-дүркін немесе үздіксіз  бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.

Кадастрда ресурстар мен нысандардың орналасуы, олардың шамасы, нысандардың құндық бағасы мен кірісін құрайтын сапалық сипаттамалары туралы деректер беріледі. Кадастрдың белгілі түрлері:

Жер кадастры – ауыл мен орман саласында өндірістің басты құралы жер туралы егжей-тегжейлі мәліметтердің жиынтығы;

су кадастры – жер бетіндегі және жер астындағы су нысандары туралы гидрологиялық мәліметтердің жиынтығы;

сондай-ақ, жекелеген кәсіпшіліктер мен ұсақ нысандардың да кадастрлары болады. Кадастр деректері салықтарды, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер белгілеу кезінде, нысандарды жалға беру, кепілге салу, сату кезінде олардың құнын бағалау үшін пайдаланылады;

II. биологияда – жүйеленген  биологиялық мәліметтер жиынтығы. Кадастр белгілі бір нысанның үстінен үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл жүргізген бақылау мәліметтерін тіркеу арқылы жасалады. Бұл мәліметтерді тіркеу үшін, алдымен, оның сапасы дұрыс бағаланып, категорияға, топтарға бөліп жіктелінеді. кадастрдың түрлері көп. Мысалы, орман кадастры – орман алқаптарының көлемі, сапасы туралы мәліметтер жиынтығы; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастры – қорық, қорықша, ұлттық саябақтардағы тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтер жиынтығы; жануарлар Кадастры – белгілі бір аумақтағы жануарлар саны, таралуы, шаруашылық маңызы және оларды пайдалану туралы мәліметтер; өсімдіктер Кадастрды – жануарлар Кадастры сияқты өсімдіктер туралы жиналған деректер. Кадастры жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Жер кадастры — мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық  жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі. Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға  ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

               2 КАНАДА ЕЛІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

 

Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.

Ертеректе канада жерінде өмір сүрген аборигендердің ирокездік әулие Лауренция тілінде ”KANATA” деген сөз болады. Бұл сөздің мағынасы ”қоныс”,”мекен” деген мағынаны білдіреді. Француз саяхатшысы Ж. Картье өзінің еңбегінде Каната деген атауды тек қана бір қалашықты атау үшін емес, сол аймақтағы адамдар мекендеген қоныстарды атау үшін қолданады. Солкезден бастап Канада жері бір атаумен аталды. 1545 жылдан бастап еуропалық кітаптар мен карталарда Канаданы ”Канада” деп атау бастау алады. XVII ғасырдың басында әулие Лавренция өзенінің бойы мен Ұлы Көлдердің солтүстік жағалауындағы жерлер ”Canada” деп аталған. Британдық отаршылдар келіп, ол жерді Жоғарғы және Төменгі Канада етіп екіге бөліп алады. 1841 жылы екі Канада қайта қосылып, ”Канада провинциясы” болып аталады. 1867 жылы Канадажерінде жаңа мемлекет құрылып, бүкіл елді КАНАДА деген ресми атаумен атау жайлы шешім қабылданады. Канада деген сөзбен бірге Доминион деген сөз де қосылып айтылды. 1950 жылға дейін ”Канада Доминионы” қолданыста болды. Кейіннен Канада үкіметі Ұлы Британиядан өзінің саяси тәуелсіздігін алғаннан соң ғана Канада сөзі қазіргі Канада елінің ресми атауы болып қабылданды. Сол кезден бастап Канада атауы барлық құжаттар мен мемлекетаралық келісім-шарттарда ресми түрде қолданылуда.

Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км2. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км2, сулы жері 891 163 шаршы км2. Канаданың территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып табылады. Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Олжерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Жалпы ұзындығы 202 080 км.-ге тең жағалаулық шекарасы бар. Канаданың таулы аймақтары мен жазық жерлері геологикалық жағынан сезімтал келеді. Жер сілкінісі мен вулкандардың атқылауы қалыпты жағдай. Мигер тауларында және Эдзиза тауларында үлкен жанартаулар (вулкандар) орналасқан.

Канаданың жері үлкен болғандықтан бірнеше климаттық белдеулер бар. Мысалы, ең солтүстік аймағы Арктикалық белдеуде орналасса, одан төменгі жерлері Субарктикалық белдеуде орналасқан. Солтүстіктегі аралдарда үнемі қармен мұз жатады. Ол аймақта тундра бар. Ең суық аймақтар да осында. Ал Британдық Колумбия жерінде жаймашуақ жаз (25 to 30 °C), жауынды маусымдар болады. Бұдан бөлек, солтүстікке жақын орналасқан жерлерде алты ай бойы қар жата береді. Ең төменгі температура ретінде тіркелген көрсеткіш -63˚С (Юкон).

2006 жылы жүргізілген санақтың  нәтижесі бойынша Канаданың халқының  саны 31 612 897 адамды құраған. Негізінен, халықтың басым бөлігі иммигранттардың есебінен артып отырған. Канадалық халықтың этникалық құрамы жағынан ағылшындар алғашқы орында (21%), одан кейінгі орындарда француздар (15,8), шотландықтар (15,2%), ирландиялықтар (13,9%), немістер (10,2%), итальяндар (5%), қытайлар (3,9%) және украиндар (3,6%). Бұлардан бөлек канадалық Аборигендер де бар. Олардың үлес салмағы 3,6% болады. Қазіргі кездегі деректер бойынша Канада халқының саны 34 миллионға жеткен. Канаданың жері ұлан-байтақ болғанымен, халықтың орналасу тығыздығы бойынша ең төменгі көрсеткішке ие елдердің қатарына кіреді. Халықтың орналасу тығыздығының орташа көрсеткіші: бір шаршы км.-ге 3,3 адамнан ғана келеді. Халық көп орналасқан аймақ ретінде Оңтүстік Квебек Сити қаласында және Виндсор қаласында көптеп шоғырланған. Оның себептерінің бірі ретінде бұл аймақтағы түрліше индустрия салаларының дамуын айтуға болады. Осынау аймақ Квебек Сити – Виндсор дәлізі деп аталады. Ол Әулие Лавренция өзенінің бойы мен Ұлы Көлдерді жағалай орналасқан аймақ. Әрбір бесінші канадалық азаматтың туылған жері Канададан тыс аймақтар екен. Елге келуші шет елдік қоныстанушылардың арасында азиялықтардың саны басым. Канадалықтардың басым бөлігі Христиан дінінің өкілдері. Сонымен бірге ешқандай діни топқа жатпайтын адамдардың да саны аз емс екен. Ал мұсылмандардың үлесі елдегі халықтың небары екі пайызын құрайды.

Канада халқының әл-ауқаты жағдайы жағынан әлемдегі еңалдыңғы қатарлы елдердің бірі. Канада әлемнің дамыған ”Үлкен сегіздік” елдерінің қатарына кіреді, ”Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымы”-ның мүшесі болып табылады. АҚШ-қа қарағанда Канаданың экономикалық ‘күші’ аздап төмендеу. Есесіне, көптеген Батыс Еуропа елдерініңкінен жоғары. Канады әлемдік сауда айналымы жағынан алғашқы ондыққа кіреді. Елдің басты импорттайтын тауарлары АҚШ, Ұлы Британия және Жапония елдеріне тасымалданады. 2008 жылғы Канаданың импорттаған тауарларынан түскен ақшасы $442.9 млрд. Болады.оның ішінде $280.8 млрд. АҚШ-тан, $11.7 млрд. Жапониядан және $11.3 млрд. Қаржы Ұлы Британиядан түскен. 2009 жылғы казан айындағы деректерге сай, елдегі орташ жұмыссыздық көрсеткіші 8,6% болған. 2008 жылы Канаданың мемлекеттік қарызы Үлкен сегіздік елдерінің арасындағы ең төмен көрсеткішті көрсеткен. Канаданың экономикалық секторын үлкен жетістікке жеткізіп отырған тау-кен өндірісі, мұнай-газ саласы, ауылшаруашық шаласы және қызмет көрсету салалары болып саналады. Жұмысшылардың ¾ бөлігі осы қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылған. Бидай мен астық тұқымдас дақылдарды үнемі шет елдерге сатып отырады. Елдің солтүстік аймақтарында ауалшаруашылығы климаттық жағдайларға байланысты дамымаған. Мырыш пен уран, сондай-ақ, алтын, никель сынды бағалы металлдар Канадада көптеп өндіріледі. Алмаз өндіруден әлемде екінші орын алады. Оңтүстік Онтарио мен Квебек провинцияларында автокөлік жасау мен әуе және ғарыштық техникалар индустриясы дамыған. Канаданың төл валютасы – канадалық доллар (CAD). 5, 10, 20, 50 және 100 долларлық купюралар бар. Монеталары 1, 5, 10, 25 центтік және 1-2 долларлық болып шығарылады.

Информация о работе Канаданың жер кадастры