Семей ядролық полигоны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 23:22, доклад

Краткое описание

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Семей Ядролық Полигоны. Баяндама.doc

— 1.45 Мб (Скачать документ)

Оларды ядролық қарудың  әкелері деп атайды. 1990 жылы қала халқы 200 мың адамда құрады. Курчатов сынаушылардың бас лабораториялық-эксперименттік базасы болып саналды. Қаланың тұрғын үй қоры 175056 кв.м, оның 69500 әскерилерге арналды. Қалада грунталған қону жолымен аэродром, 10 тонналық сүт зауыты, 143 тонналық нан зауыты, тәулік бойы өнімдер, 1150 орындық 8 мектепке дейінгі мекеме, 3000 орындық мектеп, 50 койкалы әскери госпиталь, дәрігерлік-санитарлық бөлім, «Болшевичка» тігін фабрикасының филиалы, ұсақ кәсіпорындар мен кооперативтердің бірқатары болды. Радиактивті газдардың сынақтан соң жер бетіне тастау 1989 жылғы 19 ақпандағы ядроға қарсы күшті қозғалыс «Невада- Семей» пайда болуына себеп болды. ҚР Президентінің 29.08.1991ж. № 409 Семей полигонын жабу туралы Жарлығынан кейін қалада күрделі жағдай пайда болды. Ресей әскери бөлімдерінің полигондардан тездетіп жиналуы және дислокациялануы барлық ғылыми-өндірістік құрылым мен қаланың әлеуметтік саласын толығымен бұзылу қатеріне әкелді. Ел басшылығының Курчатов қаласы аумағында орналасқан сәйкес ғылыми ұйымдар мен объектілері және бұрынғы Семей сынақ полигоны кешенінің базасында ҚР ұлттық ядролық орталығын ұйымдастыру туралы шешімі ғылыми потенциалды сақтап қалуға себеп болды. ҚР ҰЯО қалада маңызды шетел инвестициясын тартуға және қосымша жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізді. Полигон дамуының ғылыми-техникалық потенциалды конверсиялау және жаңа технологияларды пайдалану мақсатында 1995 жылы қазақстан-американдық «СЕМТЕХ» кәсіпорын құрылды. 1996 жылы – «КК Интерконнект» негізгі профилі электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру болып табылатын кәсіпорны құрылды. Геологиялық барлау жұмыстарымен қазақстан-американдық «ФМЛ Казахстан» кәсіпорны айналысады. ССП аумағына болашағы зор қазба байлықтары концентрациясы сипат алып келеді, бірінші кезекте, алтын мен мыс, сонымен қатар руда емес шикізаттары да байқалған. Қала аумағында «габбро» табиғи тасын қазу және өңдеу жұмыстарымен «Дегелен» кәсіпорны айналысады.

Курчатов қаласы - бұрынғы  Семей сынақ полигонының орталығы. Шығыс Қазақстан облысының батысында  орналасқан. Қаланың геофизикалық координаттары  СШ 50 44.3-5046,2 және ВД 7830,5-7833,7 құрайды. 11 мың  гектар ауданды құрайды. Курчатов қаласының  құрамына Курчатов қаласының өзі, Дегелен бекеті (2 км) және Молдары селосы (3-4км) кіреді. Көрсетілген тұрғын пункттері ерікті емес және есепке кірмейді.

Курчатов қаласы Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол  жағалауында құрғақ агроклиматты зонада ГТК 0,3-0,5 – ке тең (жазық бозалы-бетегелі дала кіші зонасына жатады) орналасқан. Мұнда климат күрт континентті. Оған тән : көктем-жазғы мерзімде құрғақшылық, жыл бойына атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жеткіліксіз әрі тұрақсыз, жыл бойына әсіресе көктем мезгілінде желді болады, жазда жоғары, қыста төмен ауа температурасы тән. Орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін, мұнымен қоса интенсивті вегетациялану кезінде (мамыр-шілде) 90 мм-ге дейін ғана жетеді. Қар жамылғысының биіктігі көп емес, қыста ашық алаңдарда 13 см-ді құрайды. Жылдық орташа температура қалыпты және +2,4 градус. Өзге жылдарда максималды температура +40-42 градус, минимальды -48-49. Ең жылы ай – шілде, ең суық айлар – қаңтар және ақпан. Басым желдер оңтүстік-батыс және батыс бағыттағы желдер, олардың күшеюі сәуір, мамыр, маусым айлары болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

Әлем назарында  қарусыз Қазақстан

 

 

 АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Бейбіт Тоқтарбай/

- Өркениет көші өрге тартып, ғылым саласы алға қарай құлаш ұрып дамыған сайын адамзат баласының өміріне де кері әсер беретін мәселенің қатары көбейе түсуде. Өткен ғасырда басталған жаппай қарулану  әлем халқының санасында ұзақ сақталатын қасіретті күндерді де тарих парағына дүркін-дүркін тастап келді.

Мәселен атом деген аждаһаны ғалымдарымыз ойлап тапқанымен, адам баласының мәңгілік ұйқысын қашыратынын ескермеген сияқты.  

1991 жылы Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың «Семей ядролық  сынақ полигонын жабу туралы»  №409 Жарлығымен қазақ даласын  талқандап, талайдың жанына жазылмас  жара салып келген Семей ядролық полигоны жабылды. Халыққа қаншама қасірет әкелген ядролық сынақ алаңын жабу арқылы қазақ елі әлем назарын өзіне аударды. Сөйтіп ядролық қарусыздануды қолдаған Қазақстан бейбітшілік жолын таңдауымен жаһанға таныла бастады. 1993 жылы Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа қол қойды.

Елбасы «Алып ауқымды  әлем және әлемдік қауіпсіздік» атты мақаласында: «Семей полигонында 40 жылда 450 сынақ жасалса, одан 1,5 миллион  адам зардап шекті. Сондықтан мен 1991 жылдың 29 тамызында еш қобалжымастан Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлық шығардым. Арада уақыт өте келе дәл осы күннің Қазақстан бастамасымен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні болып жариялануында терең нышандық мән бар. Қазақстан бейбітшілік сүйгіш сыртқы саяси бағыт ұстана отырып, МАГАТЭ-мен, Ядролық материалдармен қамтамасыз ету тобымен, Краков бастамасымен, Цангер комитетімен және Ядролық терроризм актілерімен күрес жөніндегі жаһандық бастамашылармен табысты ынтымақтасып келеді. Қазақстан ядролық материалдардың ықтимал сыртқа шығуын толық болдырмау мақсатында ОМУ-ды таратпау жөніндегі ұлттық комиссия құрды. Оның құзыретіне ядролық циклге қатысты барлық мәселелер кіреді» деп атап көрсетті. Ядролық полигон қаншама адамның денсаулығына зардабын тигізді. Соның салдарынан мүгедектердің саны артып, құбыжық ұрпақ дүниеге келді, түрлі тұқым қуалайтын аурулар пайда болды. Cөзін ақын Ұлықбек Есдәулет, әнін сазгер Төлеген Мұқамеджанов жазған, әнші Роза Рымбаеваның орындауындағы «Заман-ай» әні қазақ көгінде шырқалып, талайларға ой салды. 1989 жылы қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен «Семей-Невада» қозғалысы құрылып, ел арасында бейбіт шерулер ұйымдастырылып, Елбасының қолдауымен орасан зор зардабын «сыйлаған» сынақ алаңы жабылып тынды. Бүгінгі күні 29-тамыз Қазақстанның бастамасымен және БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған қарар негізінде ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні болып жарияланды.

40 жылдан астам уақыт  сынақ алаңына айналған қазақ  даласында ең алғашқы ядролық қару 1949 жылы 29 тамызда сыналған еді. Көп ұзамай 1953 жылдың 12 тамызында термоядролық қару жарылады. Сөйтіп мұндай сынақтың саны еліміз тәуелсіздік алған күнге дейін 500-ге жуықтаған болатын. Жарты ғасырға жуық сынақ алаңына айналған Семей полигонының зардабы әлі күнге дейін жойылған жоқ. Ғалымдар сынақтың зардабынан құлан таза айығу үшін бірнеше ғасыр өтуі керектігін айтады.    

Биылғы жылдың сәуір  айында АҚШ Президенті Барак Обаманың бастамасымен көптеген мемлекеттердің басшылары, өкілдері бас қосқан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өтті. Сол келелі кеңеске жиналғандар әлемдік қауіпсіздік, ядролық полигондардың бүгінгі жай-күйі, сынақ жасауға толық тыйым салу керектігі жайында өз ой-пікірлерін айтып, талқыға салып, қажетті құжаттарға қол қойылды. Сонда Қазақстан Президенті де қуаттылығы жөнінен әлемде төртінші орында тұрған ракеталық-ядролық арсенал қару-жарақтан өз еркімен бас тартқан тұңғыш мемлекетттің басшысы ретінде өзінің ұтымды ойларын айтып, бірқатар қағидаттық маңызды шараларды ұсынды. Нақтырақ тоқталсам, Елбасы: «Біріншіден, біздің еліміз уранның ірі өндірушісі ретінде әрі жоғары байытылған уранды төмен байытылған формасына қайта өңдеу мүмкіндігіне ие бола отырып, бейбіт ядролық энергетиканы дамытуға өз үлесін қосу ниетінде. Осы мақсатта Қазақстан өз аумағында Халықаралық ядролық отын банкін орналастыруға әзір. Екіншіден, біз ядролық қарусыз аймақтар үшін, қатысушы елдердің қауіпсіздігіне теріс кепілдіктерді қоса алғанда, халықаралық-құқықтық нормалар қабылдау қажет деп санаймыз. Біз жаңа ядролық қарусыз аймақтар қалыптастыруды, соның ішінде Таяу Шығыста қалыптастыруды жақтаймыз. Орталық Азия аймағы аясында Қазақстан ядролық қауіпсіздікті нығайту, ядролық материалдардың таралуына жол бермеу және ядролық лаңкестікпен күрес жөнінде өңірлік іс-қимыл жоспарын әзірлеуге бастамашы болды. Үшіншіден, біз Әскери мақсатта бөлшектенетін материалдарды өндіруге тыйым салу туралы шартты жедел қабылдау қажеттігіне сенімдіміз. Төртіншіден, біз ядролық сынақтарға баршаны қамтитын тыйым салу туралы шарттың іс-әрекетке кірісуі тәуелді болатын барлық мемлекеттерді оны ратификациялауға шақырамыз және Президент Барак Обаманың аталған шартты Сенаттың бекітуіне ұсыну шешімін құптаймыз», деп атап өтті.

Қазақстанның жер қойнауынан Менделеевтің таблицасында бар барлық элементтерді кездестіруге болатындығын ғалымдар үнемі айтып келеді. Соның бірі - табиғи уран байлығы. Қазақстан уранды шикізат ретінде шетелге шығарып келсе, енді оны өзі өндіруді қолға алды. Отын ретінде елдің дамуына уранды  пайдаланудың тиімділігін сезіне отырып, Қазақстан тек бейбіт жағдайда атомды қолдануға әлем елдерін үндеп отыр.  

Ядролық қару таратпау мәселесі бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі соңғы уақытта  ядролық қару жасауға деген кейбір мемлекеттердің құлшынысы артып, қолда бар қаруымен әлем елдеріне қауіп төндіруде. Әсіресе осы ядролық қарудың лаңкестердің қолына түсіп кетпеу қаупі - кез-келген мемлекетті де алаңдатып отырғаны белгілі. Бұл туралы Елбасы: «Әлемде бүгінде тұтандырушы материалдар екі мың тонна төңірегінде артық жинақталғанын қаперге сала кеткеннің артықтығы жоқ. Олар әскер жүйесінде пайдаланылып отырған жоқ, бірақ ядролық жарылғыш құрылғылар дайындауға әбден жарайды. Лаңкестер өздерінің қолдарына тіпті қарабайыр ядролық арсенал тиген жағдайда салмақты мемлекетаралық жанжалдарға арандатуды жүзеге асыра алатынын сезіне алып отырмыз ба?» деген ойын «Алып ауқымды әлем және әлемдік қауіпсіздік» атты мақаласында ашық айтты. Қарап отырсақ, лаңкес-террористердің қолына мұндай жарылғыш дүние жасайтын материалдардың түсіп кетпеуіне ешкім де сенімді емес. Өйткені қазіргі күні ядролық қару жасау тоқтатылудың орнына жаңа түрлерін ойлап табу жағы да жүріп жатқаны жасырын емес.

Аузын айға білеген мемлекеттер  өзге елдерді ядролық қаруды таратпауға үндегенімен, өздері полигондарын жабуға құлықты емес. Президент Н.Назарбаевтың: «Біз кейбір айтарлықтай ықпалды елдердің күні бүгінге дейін ЯСЖТС-ға қол қоюдан және ратификациялаудан қашқақтап отырғанына өкініштіміз. Мұндай жағдай ресми ядролық мемлекеттерге ядролық қаруды сынақтан өткізуді жалғастыруға, ал соның табалдырығында тұрған елдерге өздерінің зымырандық-ядролық бағдарламалары бойынша жұмыстарды ешбір жазасыз жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Осындай жағдайда ресми ядролық мемлекеттерге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Олар қарапайым шындықты түсінулері тиіс, әрі ядролық қаруды модернизациялау, әрі сонымен бір мезгілде, дамушы мемлекеттерді жаппай қырып-жоятын қару жасау бағдарламасынан бас тартуға сендіру қиын. Осы тұрғыдан алғанда, әлемдік державалардың ядролық сынақтар өткізуге өз еріктерімен мораторий жариялауды сақтаулары - өте маңызды фактор, бірақ оның ұзақ мерзімді перспективада жеткіліксіз екені анық», деуі көп жайттан хабар береді. Ал мұндай жағдайдан кейін әлемді қалай үрей билемесін? Әр мемлекет өзінің тәуелсіздігі мен қауіпсізідіге нұқсан келмеуі үшін барынша қамдануға тырысары анық. Соның салдарынан қазіргі күні атом бомбысы бар елдер саны артты. Жалпы ХХ ғасырдың орта шенінен бастау алған әлемді түгелдей жойып жібере алатын қаруға деген құлшыныс ХХІ ғасыр таңы атса да толастар емес. Кейбір мемлекеттер қолда бар жойқын қаруымен біреулерге сес көрсетсе, кейбірі осы қаруының салдарынан халықаралық қарым-қатынастан шетқақпай көруде. Кезінде АҚШ пен КСРО ядролық қаруға мемлекет табысының мол мөлшерін бөліп, өзара зымырандарымен бақталастыққа түскені тарихтан белгілі. Сол үрдіс бүгінгі таңда да кейбір мемлекеттердің жаңа зымырандар ойлап табуымен жалғасып жатқандай. Оның дәлелі ретінде Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі дауды немесе Солтүстік Кореяның ядролық қару-жарақты жеткізетін ракеталарды жасап жатқанын айтуға болады. 

Әлемде негізінен ірі  деп саналатын АҚШ-та «Невада», Ресейде  «Капустин Яр», Қытайда «Лобнор», Францияда «Мороруа» сынды полигондар бар. Алайда ірілі-ұсақты ядролық қару жасайтын сынақ алаңдары КХДР «Янгандо», Ұлыбританияда, Үндістанда, Иракта да т.б. мемлекеттерде орналасқан. Мәселен, 2005 жылы алғаш ядролық қару жасағаны туралы Корей халық-демократиялық республикасы ашық мәлімдеме жасап, 2006 жылы 9 қазанда оны сынап, жарылыс жасаған екен. Сонда Қазақстан Семей полигонын жауып, дамыған мемлекеттер ядролық жарылыс жасауға мораторий жариялап жатқанымен, кейбір мемлекеттердің осы жойқын қаруға деген қызығушылығы бір мысқалда кеміген жоқ. Дәл осы Корея ядролық қаруды бейбіт мақсатта қолданамыз дегенімен МАГАТЭ инспекциясы зерттеу барысында кейбір күмәнді жайттарды анықтаған болатын. Соның салдарынан 1994 жылы КХДР МАГАТЭ құрамынан шығып кеткен-ді. Ал мұндай жайт әлі де толастамай отыр. Мұны Елбасының: «Менің көзқарасымша, таратпау саласындағы бүгінгі ахуал көңілдегіден көп төмен жатыр. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім (ЯҚТК) өзіне артқан сенімді ақтай алмай отыр. Өйткені, ол асимметриялы болып табылады және ядролық қаруы жоқ елдерге қатысты санкцияларды ғана қарастырады. Ол МАГАТЭ мен БҰҰ-ның мемлекеттердің ядролық нысандарға халықаралық инспекторлардың жіберілуінен ауытқу фактілеріне нақты да түсінікті ықпал ету тетіктеріне ие емес. Ақыр аяғында ЯҚТК өзінің қатысушыларына қол қоюшылар қатарынан ешқандай салдарсыз шығып кетуіне мүмкіндік береді. Осы жағдайлардың барлығы келісімнің тиімділігі мен нақтылығын әлсіретіп отыр», деген сөзінен анық аңғаруға болады. ЯҚТК қауқарсыз болса, мемлекеттер өздерінің қауіпсізідіге нұқсан келмейтініне қалай сенуі керек. Сол үшін бұл келісімнің әлемде қалыптасып отырған жаңа жағдайға орай күшін арттырып, қайтадан қарау қажеттігі - күн тәртібіндегі мәселе. Қазақстан кейбір мемлекеттер қол жеткізе алмай жүрген жойқын күштен өз еркімен бас тарта отырып, бүгінде ядролық қарусыз әлем қалыптастыруға өзгелерді үндеп келеді. Дегенмен бұл игі мақсат бір күнде жүзеге аса қоймағанымен, оны қалыптастыру кез-келген мемлекеттің басты бағдары болуы керектігі айтпаса да түсінікті.

Қазақстан қаруды таратпау, қарусыздану, атом энергиясын бейбіт түрде  қолдану секілді үлгілі істерімен - әлем назарында. Сондай-ақ ядролық қауіпсіздік мәселесін талқылайтын халықаралық оқу орталығын ашуға да белсене атсалыспақ. Әрі ол орталықты ашуға үміткер болуға толыққанды қақысы да бар. Бұл орталықты ашу арқылы ядролық қаруға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, нақты мәліметтер алып, дәрістер тыңдауға, түрлі семинарлар өткізуге мүмкіндік туады.  

 

 

 

 

 

Информация о работе Семей ядролық полигоны