Семей ядролық полигоны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 23:22, доклад

Краткое описание

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Семей Ядролық Полигоны. Баяндама.doc

— 1.45 Мб (Скачать документ)

 

Семей ядролық  полигоны

 

КСРО заманында Қазақстан  аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

1949 жылдан 1963 жылға дейін  жер бетінде жасалған сынақтардың  зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Басқа ядролық державалармен  салыстырғанда, Қазақстан аумағында  қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор  ядролық арсенал болды.

Қазақстандағы қарудың  жиынтық ядролық қуаты бұрынғы  Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының  аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға  жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану  миллиондаған халқы бар мыңнан астам  қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.

Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу  құралдары орналастырылған жай  ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан  сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.

КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде  Қазақстан толық әскери ядролық  циклды: ядролық қаруды сынау,  жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.

Сол ядролық сынақ  полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды.

Осынау полигонның кемел  инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей-21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды.

Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

Семей ядролық полигонындағы  сынақтардың жалпы саны 456 ядролық  және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.

Семей полигонында әуеде  және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

1949 жылғы 29 тамызда  тұп-тура таңғы сағат жетіде  көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып  бара жатқан отты доп кенеттен  Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.

Таяу жерлердегі сирек  ауылдарда тұратын адамдар дір  ете түскен жер мен жарты аспанды  алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен  қарап тұрған.

Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың  тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.

Жаңадан келгендер бұл  тозақты Семей ядролық сынақ  полигоны ретінде белгілі № 2 оқу  полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш  снаряды) плутоний зарядан жер бетінде  сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді.

Полигонда жаңа таталды  жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар  мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.

Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле  бастады. Онда адамдар мен малды  радиоактивті заттардың таралу аймағынан  уақытша көшіру, оларды қарабайыр  қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары  қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді.

Семей ядролық полигонындағы  сынақтардың әсері туралы алғашқы  шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б.Атшабаров басқарды.

Радиацияның адамға ықпалының  механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.

1949 жылғы алғашқы жер  бетіндегі жарылыстан бастап  Семей және Павлодар облыстарының  радиациялық сәулеленудің ықпалына  ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті.

Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, сонын бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды.

1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А  әскери бомбалағышы Семей полигонының  үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады.

Бомба бір жарым километрлік  биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының  дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді.

1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.

Осынау жарылыстың салдарынан бір  көздері жартастардан құралған Дегелең  тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.

Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда  болған жарықтар мен саңылаулардан  радиоактивті газ шығып кетіп  жатты.

1989 жылы 12 ақпанда кезекті  жоспарлы ядролық сынақ өткізді.  Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

 

 

 

Ядролық сынақ полигонын  құру туралы шешім КОКП Орталық Комитеті және КСРО Министрлер Кабинетімен қабылданды. 1947 жылғы 21 тамызда КОКП Орталық Комитеті және КСРО Министрлер Кабинетінің Қаулысымен Тау сейсмикалық станциясы (905 объект) құрылды, ол 1948 жылы КСРО Қарулы күштер министрлігінің оқу-жаттығу полигоны, кейіннен №2 Мемлекеттік орталық ғылыми-зерттеу сынақ полигоны (ГОСЦНИИП 2) деп аталды. Полигонның алғашқы бөлімшелері (52605 әскери бөлім) шоғырлану ауданына 1948 жылғы 1 маусымнан бастап көшіріле бастады.

Полигон Қазақстан Республикасының  бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс  Қазақстан), Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан. Жалпы ауданы - 18500 км2, периметрі - 600 км жуық. Жоғарыда аталған облыстардың әрқайсысы полигонның тиісінше 54 %, 39 % және 7 %  аумағын еншілейді.

1949 жылы объектілер мен құрылыстарды  ядролық сынаулар өткізуге дайындаумен қатар Ертіс өзенінің жағалауында қазіргі Курчатов қаласы салына бастады, кейіннен ол полигонның әкімшілік орталығына айналды.

Полигондағы сынауларға арналған дайындық жұмыстары 1949 жылдың шілде айында аяқталды. 1949 жылғы 29 тамызда Семей сынақ полигонында алғаш рет ядролық құрылғы сынаудан өткізілді. Сынауға ғылыми жетекшілік ету И.В. Курчатовтың өзімен тікелей жүзеге асырылды. 1953 жылғы 12 тамызда алғашқы термоядролық құрылғы, ал 1955 жылғы 22 қарашада сутегі бомбасы сыналды. 1949-1990 жылдар аралығында Семей полигонында барлығы 467 ядролық сынақ өткізілді.    

Үш ядролық зерттеу реакторы - ИВГ 1.М, РА, ИГР орналасқан Байкал және ИГР реактор кешендері, сондай-ақ түрлі эксперименттік стенділер  мен қондырғылар ғарышқа арналған ядролық энергетикалық және қозғалтқыш құралдарды жер бетінде пысықтау үшін, импульстік реакторлардың физикасын зерделеу үшін және қауіпсіз атом энергетикасы саласында зерттеулер жүргізу үшін қолданылды.  

Тәжірибе алаңы Семей полигонының  алғашқы сынақ алаңы болды  және 1949-1962 жылдар аралығында жерүсті және атмосфералық сынаулар жүргізуге арналды. Тәжірибе алаңы 300 км2 жуық ауданды алып жатыр, периметрі - 64км.

Ядролық құрылғы алғаш рет Тәжірибе алаңында 1949 жылғы 29 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де сыналды. Тәжірибе алаңы сынаулар жүргізуге және ядролық жарылыс параметрлерін нақты эксперимент жағдайында тіркеуге арналған инженерлік-құрылыс ғимараттарының ірі ауқымды кешені болып табылды. Аспаптық және фортификациялық құрылыстардың ядролық жарылыстың әсерінен іздер қалған жекелеген бөліктері қазіргі уақытқа дейін сақталған. Тәжірибе алаңының ортасында сынаулар жүргізуге арналған, соның ішінде ең алғашқы сынақ жасалған орын - эпицентр орналасқан. Тәжірибе алаңында жарылыстан кейін түзілген радиоактивті бұлттардан қалған жауын-шашын іздері алаңдық иондаушы сәуле көздері болып табылады. Осындай іздер байқалған жерде Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде қоршаған ортаны қорғау саласында зерттеулер жүргізу үшін қолданылатын радиометрлік аспаптарды дәлдеуге арналған алаңдар жасақталған.    

КСРО мен АҚШ арасындағы Шартқа сәйкес (1974 жылғы 3 шілдедегі Ядролық  қарудың жерасты сынауларын шектеу туралы) КСРО мен АҚШ арасындағы Шарттың орындалуын бақылаудың тиімді шараларын дайындау мақсатында 1988 жылы АҚШ-тағы Невада полигонында (17 тамызда) және Семей полигонында (14 қыркүйекте, Балапан алаңында) жерасты ядролық жарылыстары жүргізілді және алғаш рет жерасты ядролық жарылыс параметрлерінің өзара бақыланатын эталондық мәндеріне қол жеткізілді.

Семей полигонында соңғы ядролық жерасты жарылысы 1989 жылғы 19 қазанда Балапан алаңындағы ұңғымалардың бірінде жасалды. Балапан алаңында 1968-1989 жылдар аралығында барлығы 131 жерасты ядролық жарылыс жасалды.

«Г» алаңында, яғни Дегелең таулы  алқабында жерасты сынаулары көлбеу орналасқан штольняларда жүргізілді. Дегелең таулы алқабында 1991 жылға қарсы көлденең қимасы 9м2 – ден 25м2-ге дейін болатын, тереңдігі бір шақырымнан асатын 181 штольня салынды. Бұлардың 163-інде ядролық жарылыс жасалды. Дегелең таулы алқабындағы штольняларда 1961-1989 жылдар аралығында барлығы 209 жерасты ядролық жарылыс жасалды.       

1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің №409 Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.

1992 жылғы 15 мамырда  бұрынғы Семей сынақ полигоны  кешенінің және Қазақстан Республикасының  аумағында орналасқан тиісті  ғылыми ұйымдар мен объектілердің  негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің №779 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылды. ҚР ҰЯО құрамына Алатау кентінде орналасқан (Алматы маңындағы) Ядролық физика институты және Курчатов қаласында орналасқан Атом энергиясы институты, Радиациялық қауіпсіздік және экология институты, Геофизикалық зерттеулер институты және Өңірлік емдеу-диагностикалау орталығы кіреді.  

ҚР Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 қаңтардағы №37 қаулысымен ҚР ҰЯО директоры болып техника  ғылымдарының докторы, профессор Ғ.А. Батырбеков тағайындалды (1993-1995жж.). ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 қарашадағы №1505 қаулысымен ҚР ҰЯО бас директоры болып техника ғылымдарының докторы, профессор Ю.С.Черепнин тағайындалды (1995-2000жж.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдық мерейтойлық конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Қазақстандағы ядролық полигонның жабылуына «Невада-Семей» антиядролық халықтық бірлестік пен оның лидері Олжас Сүлейменовтың қосқан үлесі зор екенін атап өтті.

«Менің қаулыммен Семей  ядролық сынақ полигоны біржола  жабылды. Бұл дата – ғаламдық және әлемдік масштабта тұрақтылық пен келісімді достық пен жемісті түрде нығайтудың рәмізі іспеттес. Бұл шешім қазақстан жерінде сансыз қасырет пен шығынға әкелген жүздеген ядролық жарылыстарға тоқтау қойды. Әлемдегі төртінші ядролық арсеналды иеленіп отырып, одан ерікті түрде бас тартудың одан маңыздылығы кем емес. Семей ядролық полигонның жабылуына танымал қоғамдық қайраткер Олжас Сулейменов басшылығындағы  «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы үлкен үлес қосты», - деп президент атынан жазылған құттықтау хатты конференцияға қатысушыларға Алматы әкімі Ахметжан Есімов оқып берді.

Информация о работе Семей ядролық полигоны