Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 16:46, курсовая работа
Мен осы курстық жұмысымның тақырыбын «Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу мәселелері » - деп алғандағы негізгі мақсатым: азаматтық процестегі дәлелдеу сатылары, түрлері, азаматтық процестегі дәлелдеулердің алатын орны, дәлелдеу мен дәлелдеу құралдарының арасындағы негізгі айырмашылықтарды ажырата білу және тағы сол сияқты басқа да сұрақтардың негізгі мәнін ашып, түп-тамырын айқындауға тырысу. Қылмыстық істерден азаматтық істердің айырмашылығы және тағы сан алуан сұрақтар.
Осы курстық жұмысымды жазу барысында сан алуан сұрақтардың жауабының куәсі болдым мысалы: Соттық дәлелдеу – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойынша процеске қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар болсақ – бұл тараптардың және өзге де қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зерттеуге әрекеті.