Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2015 в 17:40, реферат
Жүрек-қан тамырларына әсер ететін гликозидтер химиялық табиғаты жөнінен стероидарға( стериндерге), өт қышқылына, кейбір гормондар (овариогормон) мен витаминдерге (холекальцеферрол), сондай-ақ буфатолинге (көмекейдің тері безінің улы секретіне) жақын. Бұл жүректің қызметі қатты бұзылғанда, оның қызметін қалпына келтіретін және тіпті жүрек бұлшық етінің компенсаторлық дамуына жағымды әсер ететін активті фармакологиялық заттар болып табылады.
а) Жүрек-қан тамырларына әсер ететін гликозидтер
б) Жүрек препараттары.
в) Ауыр металдардың препараттары
Аллюминий препараттары. Алюминий еритін де және ерімейтін де қосылыстар түзе алады. Ерімейтіндеріне ақ саз жатады. Алюминидің еритін қосылыстары белоктарды тұндыртып тұтқырлық және құрғатып әсер етеді, сонымен бірге бактериостатикалық әсеріде бар. Жоғарғы концентрацияларында рецепторларды тітіркендіріп, қабыну тудырады.
Алюминидің тұздары ас қорыту жүйесі арқылы баяу сіңеді және резорбтивті әсер етпейді; күре тамырына немесе тері астына еккенде, ауыр металл тұздарына тән улану пайда болады. Улану баяу дамиды, соңы орталық жүйке жүйесі мен жүректің салдануына ұласады. Алюминий тұздары негізінен бүйректер арқылы, ал аздаған бөлігі ішектер арқылы бөлінеді.
Ашудас-Alumen. Калий сульфаты мен алюминий сульфатының қосарлы тұзы-АІК (504)2 - 12Н.О. Тәттілеу келген тұтқыр дәмі бар, түссіз жылтыр кристалдар немесе ақ түсті ұнтақ зат. Судың 10 бөлігінде ериді, ал спритте ерімейді. Судағы ерітінділерінің реакциясы қышқылды келеді Ашудастың төменгі концентрациялары (0,2-1 %) тұгкырлық және қан тоқтатып әсер етеді. Екі және оданда жоғарғы концентрациядағы ерітінділері рецепторларды тітіркендірін әсер етеді. Егер оның 5 % ерітіндісін ішке қолданса гастроэнгерит пайда болады, ал улану дәрежесі жоғары болса некроз дамиды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Жүрек-қан тамырларына әсер ететін гликозиттер