Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:52, реферат

Краткое описание

Тарихи деректер. Бұл аурудың лептоспироздық этиологиясы алғашқы рет ірі қарада — В. И. Терских (1938—1939). қара түлкіде, поляр түлкісінде, ешкіде — С. Я. Любашенко (1938-1939), шошқа мен қойда - В. И. Терских (1940) жылқыда — С. Я. Лкюашенко және Л. С. Новикова (1946) дәлелденді. Осы аурудын коздырғышы — лептоспиралар, олар кейбір морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша спирохеталардын дербес Leptospira туысына, (lерtо - нәзік, sріга — ирелең) тұқымдасына жатқызылды.

Содержание

Ι. Кіріспе
ΙΙ. Негізгі бөлім:
2.1. Лептоспироздың індеттік ерекшеліктері;
2.2. Лептоспироз ауруның негізгі клиникалық белгілері;
2.3. Лептоспироз кезіндегі негізгі патология- анатомиялық өзгерістер;
2.4.Лабораториялық балауда қолданылатын классикалық және
заманауи зерттеу әдістері;
2.5.Дауалау және індет ошағынан арылу шаралары;
ΙΙΙ. Қорытынды
ΙV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
V. Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

лептоспироз реф.docx

— 165.32 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Негізгі паталогиялық-анатомиялық  өзгерістер.

Паталогоанатомиялық өзгерістер жануарлардың әрбір түліктерінде негізінен  ұқсас келеді де, дененің сарғаюы, анемия, геморрагиялық диатез, тері мен кілегейлі қабықтардың өліеттенуі, үлпершекті ағзалардың дегенеративті  қабынуы арқылы сипатталады. Бірақ  та, жануарлардың түрі мен жасына, инфекцияның  өту ерекшеліктеріне байланысты бұл белгілердің басымдығы

мен ара қатынаеы әр түрлі  болады. Ең бір айқын өзгерістер бауыр мен бүйректе ұшырасады.

Бауырдың негізінен көлемі ұлғайып, келбеті өзгеріп кетеді. Түсінің реңі бозғылт сарыдан  қызыл күреңге дейінгі аралықта болады, консистенциясы тығызданып немесе болбырап, тіпті үгітіліп тұруга дейін  жетеді. Кейде паренхимасында өліеттенген  немесе қанталаған ошақтар ұшырасады. Өт қабы ұлғайып, қоймалжың, желімше  созылған қара-қоңыр яки бозғылт  жасыл түсті өтке толы болады. Кейде  кілегейлі қабығының әр жері немесе түгелдей қанталайды.

Бүйректің көлемі ұлғайып, болбырап тұрады, қан толуына, дегенеративті  өзгерістер мен пигменттенуіне байланысты түсі бозғылтым қызыл, қызыл күрең, кейде аздап жасыл реңді болып  келеді. Бүйректің майы домбыққан, ал кабығы сұрғылт түсті, оңай сыдырылады, паренхимасында бірлі жарым немесе жиі орналасқан көлемі әр түрлі бозғылт  ошақтар кездеседі. Қыртысты және жұмсақ қабаттарының шекарасы білінбейді, түсі бозарып, кейде өте ұсақ қанталаған нүктелер байқалады. Түбекшесінде әлбетте  қызғылт түсті жалқақ болады.

Бүйректің Левадити әдісімен күміс сіңірілген гистологиялық  кесіндісінде жалпылама алтын сары фонда иір түтікшелердің өзектерінде, эпителидің беті мен цитоплазмасында  негізінен үйме-жүйме шоғырланып орналасқан қара қоңыр түсті ирек лептоспираларды көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Лабораториялық  балауда қолданылатын классикалық  және заманауи зерттеу әдістері.

Лептосирозды айқындау үшін жан-жақты індеттанулық (эпизоотологиялық және эпидемиологиялық), клиникалық, патанатомиялық талдау мен қатар мұқият бактерологиялық, серологиялық және гистологиялық тексерулер жүргізу қажет.

Тексеру үшін тірі малдың несебі мен қаны, ал өлексенің жүрегі, бүйрегі, үлпершек ағзалардың кесінділері, көкірек, құрсақ және жүрек қабындағы сұйық, қуық ішіндегі несебімен алынады. Тастанды төл тұтастай немесе оның қарны ішіндегісімен  және үлпершек ағзалары зертханаға жіберіледі. Патматериал жазда 6 сағат, ал қыста 10-12 сағат ішінде тексерілуден өтуі керек. Сондықтан да әсіресе, несепті  микроскопия әдісімен тексеруді  ферманың өз басында жүргізген жөн.

Бактериологиялық зерттеу  патматериалдан даярланған препаратты қараңғы фонда, болмаса иммунофлуоресценция  әдісімен немесе боялған жағындыда  лептоспираларды көру, арнайы қоректік ортада олардың өсінін бөліп зертханалық  жануарларға жұқтырып, биосынама  қою арқылы іске асырылады. Бұның  ішіндегі ең бастысы - зардапсыз лептоспиралардың да болаты- нын ескеріп, алынған өсіндінің  нағыз ауру қоздырушысы екенін айқындау болып табылады.

Лептоспироздың серологиялық диагностикасы қан сарысуында телімді  антиденелерді микроагглютинация (МАР) немесе макроагглютинация (АР) реакциясында айқындауға негізделген. МАР аса  сезімтал әдіс, бірақ та, оны қою  үшін антиген ретінде үздіксз  қоректік ортада өсіріп ұстайтын тірі лептоспиралар пайдаланылатындықтан көп еңбек қажет етеді. Ал күн  бұрын биофабрикада даярланған өлтірілген микробпен қойылатын АР-ның қасиеті  төмен. Лептоспирозбен ауырмаған кейбір малда вакцинаның және иммундеуші субинфекцияның әсерінен МАР-да біршама жоғары титрде антидене болатындықтан, ондай жануарларды 7-10 күн аралатып қайтадан тексереді. Егерде екінші жолы антидененің титрі  жоғарыласа, немесе бұрын реакция  бермеген малда жоғары титр байқалса лептоспирозға түпкілікті диагноз  қояды. Ауруға экспресс диагноз мақсатымен ҚГАР ұсынылған         (Б. Ілиясов)

Лептоспиралар әдеттегі қоректік орталарда өспейді. Оларды өсіру үшін Терскихдің, Ферворт—Вольфтің, Любашенконың нашар сілтілі сұйық орталары (рН 7,2-7,4) пайдаланылады, бұлардың құрамында үй қоянының немесе қошқардың қанының сарысуы болады (5—10 %). Лептоспиралар қатты қоректік ортада (лептоспиралардың колонріяларын бірінші рет 1952ж. Цирони, Карлифанти, Воратц Картгофтың ортасына 1,5-2 % агар және 10 % көлемінде қоянның қанын қосып дайыңдайды) колониялар кұрады, олар күліңгір, мөлдір, күнгірт түсті гомогенді дискілер. Тыныс алуы жағынан олар аэробтар қатарына жатады. Олар | екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Клетканың ортасы жіңішкереді де, ол | екіге бөлініп кетеді. Белдіктің үзілуі екі жартыдағы ұрпақ клетка ларының өсуі себепті орын алады. Өсуі үшін ең қолайлы температу-ра 28-30 °С. Культуралардың көбі 7—20 күнде, кей кезде 3-5 күн I ішінде, сирегірек 1—2 айда тіпті одан да көп уақытта өсіп шыгады.

 

 

 

 

2.5.  Даулау және  күресу шаралары.

Лептоспирозды болдырмау  үшін басқа жақтан мал тұқымын  асылдандыру және малдану үшін жануарларды  тек қана сау шарушылықтардан  лептоспирозға МАР, АР арқылы тексеріліп, теріс нәтиже берген жағдайда ғана әкелуге болады. Барлық жаңадан келген малды 30 күн карантинде ұстап, лептоспирозға  тексереді. Асыл тұқымды мал өсіретін шауашылыққа лептоспироздан сау  емес шаруашылықтан мал немесе мал  өнімдерін әкелуте болмайды және қан сарысуы лептоспирозға МАР  немесе АР беретін аталық малдарды шағылысқа қосуға тиым салынады. Көрмеге  апарылатын иттер лептоспирозға  қарсы егілуі міндетті, ал терісі бағалы аңдар мен иттерге лептоспирозбен ауырған немесе лептоспира алып жүретін  жа- нуарлардың шикі қасаптық өнімдерін  жеткізуге болмайды.

Лептоспироздың дауалау  шараларының ішінде сонымен бірге  жоспарлы түрде | лептоспирозға малды  серологияльщ тексеру, кемірушілерді  аулап тексеру, ашық су қоймаларын бактериологиялық тексеру маңызды роль атқарады. Малдың іш тастауы, төлді шала тууы, ауруға шалдығуы мен өлімге ұшырауы үнемі  қатаң есепке алынады, себебі анықталып  отыруы керек. Лептоспирозға күдік  туғанда патматериал алынып, лабораторияға  жіберіледі.

Лептоспироздың табиғи ошағы  болып есептелінетін территорияда бұл ауруға қарсы егілмеген малды  жаюға тиым салынады. Аурудың табиғи ошағын жоюға бағытталған шұғыл  шаралар жүргізіледі. Ол аймақта  жүйелі түрде кемірушілер құртылып, батпақты және шалшықты жерлер қүрғатылады. Малды суару үшін артезиан құдықтары  мен құбыр жүйесінің сулары пайдаланылады. Жаздық мал лагерлерін құрғақ, дөңес  жерлерге орналасырады.

Лептоспироз байқалған жағдайда шаруашылыққа шектеу қойылып, жануарларды  малдану мақсатымен әкетуге, лептоспирозға  қарсы егілмеген малды әкелуте, мал дәрігерінің келісімінсіз малды араластыруға, лажсыз сойылған малдың қасаптық өнімдерін сатуға, ашық су көздерінен малды суаруға, лептоспирозға қарсы егілмеген сау малды лептоспирозбен ауырған мал жайылған жайылымға жаюға болмайды. Егер ондай жайылымның топырағы құрғақ болса, күннің көзі ашық кезінде 7 күн өткізіп барып жаюға болады. Ал топырақ дымқыл болса ондай жерге тек егілген мал ғана жайылады. Малдың қора-жайын, оның төңірегіндегі ауланы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай жағдайға келтіреді.

Ауру шыққан шаруашылықта ағымдағы шектеу дезинфекцияны әрдайым  ауырған мал бөлініп алынған  соң жасап отырады да, аурудың  шығуы тоқталғаннан кейін әрбір 10 күн сайын шектеу алынғанға  дейін жүргізеді. Дезинфекция үшін 2% белсенді хлоры бар әк тұнбасы, 2% күкірт-карбол қоспасының ыстық ерітіндісі, 5% фенолды креолин эмульсиясы және т.б. қолданылады.

Ауру сиырдың сүтін  қайнатып малға береді, ал клиникалық белгісі жоқ МАР мен АР беретін  бірақ, титрі жоғарыламайтын сиырдың  сүтіне ешқандай шектеу қойылмайды.

Лептоспироздан сау емес шаруашылықта жануарларды түгел қарап шығып, ішінара ыстығын өлшейді, ауру және малдарды оқшаулап, диагнозын анықтап, емдейді, клиникалық белгілері жоқтарын вакцинамен егеді.

Шектеу бордақылау кешендері  мен торай алатын шаруашылықтарда  барлық жануарларды етке өткізіп, мұқият тазалап, санитариялық жөндеу және Қорытынды  дезинфекция жүргізген соң, ал асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда  олардың сауықтырылғандығы зертханалық  тексерумен дәлелденген соң екі  ай өткенде, ал малды қолдан ұрықтандыратын пункттерде тиісті лептоспироздан сауықтыру  шаралары түгелдей іске асқан соң  үш ай өткенде алынады.

Лептоспироз шыққан шаруашылықта мал бағатын барлық адамдар лептоспирозға  қарсы егілуі және барлық еңбекті  қорғау шаралары іске асырылуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды.

Емі. Емдік шараларды іске асырғанда лептоспироздың жіті, жітіден төмен және симптомсыз өтіп, оның барлығы да лептосира алып жүрумен аяқталатынын ескеру қажет. Жіті және жітіден төмен өткен кезде иктерогемоглобинурия және гематурия байқалады да, ең нәтижелі шара - гипер- иммунды қан сарысуын қолдану болып табылады. Мұндай симптом байқалғанда антибиотиктер айтарлықтай нәтиже бермейді. Қан сарысуы мен антибиотиктерді бірге қолданудың емдік әсері жоғары болады. Симптоматикалық ем, әсіресе, лептоспироздан болған мастит кезінде, міндетті шараға жатады. Лептоспира алып жүруші жануарды емдеу қиынға соғады да, әлі де шешімін таппаған мәселе болып саналады.

Лептоспирозға қарсы поливалентті гипериммунды қан сарысуы өгіздерден лептоспиралардың Pomana, Grippotyphosa, Tarassovi, Canicola серогруппаларымен иммундеу арқылы алынады. Жақын антиденелердің нәтижесінде бұл препарат басқа лептоспираларға да әсер етеді. Сарысуды жіберген соң енжар иммунитет 3 сағат өткенде қальптасып, 10-14 күнге дейін созылады, 1-2 күн өткен соң сарысуды қайта жіберуге болады.

Антибиотиктерден лептоспирозды емдеуге пенициллин, бициллин-3, стрептомицин, биомицин, окситетрациклин кең қолданылады. Қалыптасқан пікір бойынша зардапты лептоспиралардың әр түрлі сероварларының антибиотиктерге сезімталдығы біркелкі болып келеді. Әсіресе, синтомицин, хлортетрациклин, гентамицин, канамицин, тилозин және оның туындылары тилан, фармазин, фразидин жақсы нәтиже береді.

Иммунитет. Лептоспирозбен ауырып жазылған жануарда өзіне тән иммунитет қалыптасады. Ол бастапқыда стерильсіз кейіннен стерильді түрінде байқалады да, ұзақ мерзімге сақталады. Әр түрлі әсермен, мысалы қыздырып немесе тиомерсол, фенол, формалин сияқгы заттар қосу арқылы өлтірілген лептоспираларды енгізгенде де денеде белсенді иммунитет пайда болады. Оның қалыптасуында гуморальдік факторлар басым роль атқарады

деп есептейді. Иммунды жануардың қан сарысуы лептоспираларды бір-біріне жабыстырады, ыдыратады (лизис), өсуін тоқтатады және аурудан қорғайды. Агглютинацияланған лептоспиралар фагоцитозға өте тез шалдығады.

Лептоспираның бір сероварынан ауырып жазылған жануар сол серовардан қайталап ауырмайды. Мәселенің күрделілігі бірнеше серовардың қабаттаса жүруінде. Мысалы шошқада Pomana, мен Tarassovi, ал сиырда Pomana мен Sejroe қоздыратын аралас инфекциялар жиі байқалады.

Жануарлардың лептоспирозына қарсы тірі, өлтірілген және қоздырушының торшаларының әр түрлі компоненттерінен даярланған (компоненттііс) вакциналар ұсынылды. Зерттеулер вакцинаның дауалық әсері оның құрамына кіретін сероварларға байланысты екенін көрсетті. Қазіргі қолданылып жүрген ВГНКИ-дің поливалентгі деполандырылған вакцинасы әр түрлі сероварлардан екі вариантта шығарылады. Сонымен қатар, енжар иммундеу және емдеу үшін лептоспирозға қарсы поливалентті қан сарысуы пайдаланылады.

 

  

  

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

        

  

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ΙV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары Алматы 2009, 191-199б.,
  2. Толысбаев Б.Т.,Бияшев К.Б. Микробиология және иммунология Алматы 2008, 399- 406б

   

  1. Ахметсадықов Н.Н. Омарбеков У.Ж. Хусаинов Д.М.

Алматы 2007,161- 164б

 

  1. Н. Д. Ящук, Ю. Я. Венгеров Инфекционные болезни. — Медицина,  2003,226—232б

 

  1. http://ru.wikipedia.org/wiki\ Ботулизм

 

  1. adiletgazeti.kz/ob/1097-botulizm.html

 

  1. http://www.google.ru/.botulism.ru

 

 


Информация о работе Туберкулез